«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша


IV компетенция «Денсаулық адвокаты» (науқасты қызығушылықтарын қорғау



бет5/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#124693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

IV компетенция «Денсаулық адвокаты» (науқасты қызығушылықтарын қорғау.

Нормативті-заңдық базалардан білімі – максимальды 100 балл



Критерилер

50-74 балла

75-89 баллов

90-100 баллов

Медициналық қызметкердің құқықтарын және міндеттерін, науқастың нормативті-заңды базаларын білу

Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін білмейді, науқастың заңдық базасына мән бермейді және науқастарға қатысты өзінің білімін қолдана алмайды

Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін , науқастың нормативті-заңды базаларын біледі, бірақ науқасқа өзінің денсаулығына жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыс жүргізген жоқ

Медициналық қызметкерлердің , науқастың құқықтарын және міндеттерін біледі және науқасқа өзінің денсаулығына жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыс жүргізді

V компетенция «Өзін-өзі жетілдіру және дамыту.» (өмір арқылы оқыту).



Студенттің дамуын бағалау – максимальды 100 балл

Критерилер

3 балл

4 балл

5 балл

Студенттің кітапханалар, интернет желісі көмегімен білімін жоғарлатуы және кәсіптік жетістікке жетуі

Кітапханаларды және интернет желісін сирек қолданады, өзінің кәсіби біліктілігін жетілдірмейді, университет өміріне және СҒЗЖ қатыспайды.

Интернет желісін қолданады, бірақ кітапханаға қажеттілік туған жағдайда ғана барады. Университет өміріне белсене қатысады, бірақ СҒЗЖ қатыспайды.

Кітапханаларды және интернет желісін жиі қолданады, өзінің кәсіптілігін арттыру мақсатында жұмыс жасайды, СҒЗЖ және университет өміріне белсене қатысады


Студенттің өзіндік жұмысын бағалау критерилері максимальды - 100 балл

Рефератты бағалау критерилері

Сапа критерилері

60-74

75-89

90-100

Реферат мазмұнының тақырыбына және қойылған тапсырмаларына сәйкес келуі

Реферат мазмұны тақырыбына толығымен сәйкес келмейді

Реферат мазмұны тақырыбына және қойылған тапсырмаларына жартылай сәйкес келеді

Реферат мазмұны тақырыбына және қойылған тапсырмаларына толығымен сәйкес келеді

Тақырыптың толығымен ашылуы және көздерді қолдануы

Тақырып жеткіліксіз ашылған, көздер аз қолданған

Тақырып жеткіліксіз ашылған, негізгі әдебиет көздерінің барлығы қолданылмаған

Тақырып толығымен ашылған, замануи негізгі әдебиет көздері жеткілікті мөлшерде қолданған

Реферативті материалды және қорытындыларын түйіндеу

Материал түйінделді, бірақ қорытындылары жоқ

Материал түйінделді, бірақ қорытындылары айқын емес

Материал түйінделді, қорытындылары айқын және нақты

Реферат рәсімделуінің қойылған талаптарға сәйкестігі

Рефератты рәсімдеуде негізгі талаптар сақталмаған

Рефератты рәсімдеуі қойылған негізгі талаптарға жартылай сәйкес келеді

Рефератты рәсімдеуі қойылған негізгі талаптарға толығымен сәйкес келеді



Реферат жазған кезде алғашқы бетін рәсімдеу

Алғашқы беті

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


КАФЕДРА _______________________________________

Реферат


ТАҚЫРЫБЫ: ______________________________________________

Студенттің аты-жөні __________________________________

Факультет _______________________________________

Курс ____________________________________________

Тобы__________________________________________

Оқытушы ____________________________________

Алматы, 200__-200__оқу жылы


Презентацияны бағалаудың критерилері

Бағалау түрі - рубрика



Материалды баяндау

60-74

75-89

90-100

Слайдты көркемдеу

Көптүсті, материалды қабылдауды қиындатады

Бір-бірімен үйлеспейтін түстер алынған

Бір слайдта 3 түстен артық түс қолданбаған.

Слайдтар саны

Слайд саны көп, бірақ оның кейбіреулері аз мәліметті

Мәліметке толған слайдтар саны аз

7-10 слайд, мәліметті

Слайдтардың мазмұны және көркемділігі

Материал оқытушы көмегімен баяндалды, тақырып толығымен ашылмаған

Материал оқытушы кеңесімен баяндалды, тақырып толығымен ашылмаған

Материалды студенттің өзі баяндап, тақырыпты толығымен аша алды

СӨЖ бағалау критерилері (амал есептерін құрастыру).



Критерилер

60-74

75-89

90-100

1.

Тапсырманы құрастыру

Тапсырма толығымен құрастырылмаған, тапсырмалар реті сақталмаған

Тапсырмалар толығымен құрастырылған, бірақ тапсырмада белгілі-бір реттілік сақталмаған

Тапсырмалар толығымен, реттілікпен құрастырылған

2.

Есептің мазмұны

Есептің мазмұнынан тапсырманың аяқталғандығы байқалмайды

Есептің мазмұны бойынша диагноз қою үшін айқындылық жоқ

Тапсырмаға сәйкес келеді, есептің барлық пунктері көрсетілген

3

Есептің мәні

Есептің мәні көрсетілмеген

Диагноз қоюда логикалық ойлау жоқ

Берілген тапсырма бойынша диагноз қоюға және қорытынды шығаруға болады


Білім деңгейін бағалау критерийлері мен ережелері: білім алушының рейтингін бағалау ағымды және аралық бақылаудың бағаларын біріктіру арқылы қойылады.

  • Әр рейтингтің бағасы мына формула бойынша есептеледі:


полотно 13

  • t – ағымды бақылау = тәжірибелік сабақтың орташа балы мен СӨЖ орташа балының қосындысынан алған орташа балл

  • r - аралық бақылау

  • Рұқсатнама рейтингі студенттің қорытынды рейтінгісінің 60 % құрайды, сондықтан білім алушының пән бойынша семестрлік бағасы мына формуламен анықталады:




  • Білім алушы емтиханға семестрлік бағасы 30% тең немесе одан жоғары болса ғана рұқсатнама алады.



  • Қорытынды баға

  • I = R х 0,6 + E х 0,4, мұнда

  • I – қорытынды баға

  • R– жіберген рейтинг бағасы

  • E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан.

  • Рейтинг 60% құрайды I-ден, емтихан -40% I-ден



  • Пән бойынша студент білімінің қосынды бағасы

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

Баллдар

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

үздік


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық


С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағттанарлы емес



  • Білімді бағалау критерийлері ҚР МЖБС 5.03.06-2006 «Қазақстан республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында білімді бақылау» 26.08.2006ж.негізделеді

  • Білім алушының білімі мен дағдылары және компетенциясы барлық бақылау түрлері бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаланады.



«Жедел медициналық жәрдем беру» пәні бойынша компетенцияларды бағалау





Сабақтың тақырыбы




Бағаланатын компетенциялар

Білімі

Тәжірибелік дағды

Коммуникативті дағды

Құқықтық компетенция

СӨЖ

1

Жіті жүрек-қантамыр жетіспеушілігі. Кардиогенді шок.

Ауызша сұрау. Тест







Техника қауіпсіздігі бойынша инструктаж




2

Жүрек ырғығы мен өткізгіштігінің бұзылыстары

Ауызша сұрау. Тест




Кіші топтармен жұмыс







3

Кненеттен өлім

Ауызша сұрау. Тест

Муляждарда дағдыларды машықтыру










4

Жіті коронарлы синдром

Ауызша сұрау. Тест










Презентациялар, рефераттар және т.б дйындау

5

Гипертониялық криздер.

Ауызша сұрау. Тест













6

Жіті тыныс жетіспеушілігі

Ауызша сұрау. Тест







ЖМЖБ ұйымдастырлуы бойынша бұйрықтар




7

Ларингоспазм. Бронхоспазм

Ауызша сұрау. Тест




Кіші топтармен жұмыс







8

Өкпеден қан кетулер

Ауызша сұрау. Тест

Муляждарда дағдыларды машықтыру










8

ЖРВИ

Ауызша сұрау. Тест










Презентациялар, рефераттар және т.б дйындау

9

Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы

Ауызша сұрау. Тест













10

Демікпе статусы.

Ауызша сұрау. Тест













11

Дәрілік аллергия Анафилаксия.

Ауызша сұрау. Тест







Эпид ошақта ЖМЖБ атқаратын жұмысы




12

Ангионевротикалық ісіну ( Квинке ісінуі)

Ауызша сұрау. Тест




Кіші топтармен жұмыс







13

Есекжем

Ауызша сұрау. Тест

Муляждарда дағдыларды машықтыру










14

Гипертермия

Ауызша сұрау. Тест










Презентациялар, рефераттар және т.б дйындау

14

Аса қауіпті инфекциялар

Ауызша сұрау. Тест













14

Тағамдық токсикоинфекциялар

Ауызша сұрау. Тест













15

Жұқпалы- токсикалық шок.

Ауызша сұрау. Тест













16

Суға бату. Тұншығу.

Ауызша сұрау. Тест







Дәрігердің құқығы мен міндеттері




17

Электр жарақаттары.

Ауызша сұрау. Тест




Кіші топтармен жұмыс







18

Үсіктер. Күн және ыстық өту

Ауызша сұрау. Тест

Муляждарда дағдыларды машықтыру










19

Уланулар.

Ауызша сұрау. Тест










Презентациялар, рефераттар және т.б дйындау

20

Шағулар.

Ауызша сұрау. Тест














БІЛІМДІ БАҒАЛАУДЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІНЕ ҚОСЫМША
Тәжірибелік сабақтарды бағалау критерийлері - білім компетенциясы


Критерийлер

Балл

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

Сабақтың тақырыбын толық меңгерген, ауызша сұрастыру барысында қателіксіз, сәйкессіздіксіз толық жауап қайтарды, сонымен қатар клиникалық ойлау қабілетінің жоғары екендігін көрсетті, бағдарламалық материалды өз бетінше жүйелей алады, сабаққа дайындалу барысында қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданады, тестілеу кезінде нәтижесі 95 % төмен емес

95-100


А


Үздік


Сабақтың тақырыбын толық меңгерген, ауызша сұрастыру барысында толық жауап қайтарды, аздаған сәйкессіздіктер жіберді, бағдарламалық материалды өз бетінше жүйелей алады, сабаққа дайындалу барысында қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданады, тестілеу кезінде нәтижесі 90% төмен емес

90-94


А-


Үздік


Сабақтың тақырыбын меңгерген, ауызша сұрастыру барысында толық жауап қайтарды, бірақ кейіннен студенттің өзі жөндеген аздаған қателіктер және сәйкессіздіктер жіберді, бағдарламалық материалды өз бетінше жүйелей алады, сабаққа дайындалу барысында қосымша ғылыми әдебиеттерді оқытушының нұсқауымен қолданады, тестілеу кезінде нәтижесі 85% төмен емес

85-89

В+

Жақсы


Сабақтың тақырыбын меңгерген, ауызша сұрастыру барысында толық жауап қайтарды, бірақ кейіннен студенттің өзімен жөнделген қателіктер және сәйкессіздіктер жіберді, бағдарламалық материалды оқытушының көмегімен жүйелей алады, сабаққа дайындалу барысында қосымша ғылыми әдебиеттерді оқытушының нұсқауымен қолданады, тестілеу кезінде нәтижесі 80% төмен емес

80-84


В


Жақсы


Сабақтың тақырыбын меңгерген, ауызша сұрастыру барысында толық жауап қайтарды, бірақ студент кейіннен оқытушының көмегімен жөнделген қателіктер және сәйкессіздіктер жіберді, бағдарламалық материалды оқытушының көмегімен жүйелей алады, сабаққа дайындалу барысында қосымша ғылыми әдебиеттерді оқытушының нұсқауымен қолданады, тестілеу кезінде нәтижесі 75% төмен емес

75-79

В-

Жақсы


Сабақтың тақырыбын меңгерген, ауызша сұрастыру барысында толық жауап қайтарды, бірақ студент кейіннен оқытушының көмегімен жөнделген принципті емес қателіктер және сәйкессіздіктер жіберді, бағдарламалық материалды қиындықпен жүйеледі, сабаққа дайындалу барысында оқулық әдебиеттерді қолданды, тестілеу кезінде нәтижесі 70% төмен емес

70-74


С+


Қанағаттанарлық



Сабақтың тақырыбын толық меңгермеген, ауызша сұрастыру барысында толық жауап қайтара алмады, бірақ студент кейіннен оқытушының көмегімен жөнделген принципті қателіктер және сәйкессіздіктер жіберді, бағдарламалық материалды үлкен қиындықпен жүйеледі, сабаққа дайындалу барысында оқулық әдебиеттерді оқытушының нұсқауымен қолданды, тестілеу кезінде нәтижесі 65% төмен емес

65-69

С


Қанағаттанарлық



Сабақтың тақырыбын толық меңгермеген, ауызша сұрастыру барысында толық жауап қайтара алмады, бірақ студент кейіннен оқытушының көмегімен жөнделген принципті қателіктер және сәйкессіздіктер жіберді, бағдарламалық материалды үлкен қиындықпен жүйеледі, сабаққа дайындалу барысында оқулық әдебиеттерді оқытушының нұсқауымен қолданды, тестілеу кезінде нәтижесі 60% төмен емес

60-64

С-


Қанағаттанарлық

Сабақтың тақырыбын толық меңгермеген, ауызша сұрастыру барысында толық жауап қайтара алмады, бірақ студент кейіннен оқытушының көмегімен жөнделген принципті қателіктер және сәйкессіздіктер жіберді,қателіктерді қиындықпен жөндеді, бағдарламалық материалды жүйелей алмады, сабаққа дайындалу барысында бағдарламада қарастырылған оқулық әдебиеттердің барлығын қолданбады, тестілеу кезінде нәтижесі 55% төмен емес

55-59

D+


Қанағаттанарлық



Сабақтың тақырыбын меңгермеген, ауызша сұрастыру барысында толық жауап қайтара алмады, бірақ студент кейіннен оқытушының көмегімен де жөндей алмаған принципті қателіктер және сәйкессіздіктер жіберді, бағдарламалық материалды жүйелей алмады, сабаққа дайындалу барысында бағдарламада қарастырылған оқулық әдебиеттердің барлығын қолданбады, тестілеу кезінде нәтижесі 50% төмен емес

50-54

D


Қанағаттанарлық



Ауызша сұрастыру кезінде сабақтың тақырыбына қатысты материалды білмейді,, тестілеу кезінде нәтижесі 50% төмен

0-49

F


Қанағаттанарлық емес



Себепсіз сабақта болмау

0








Тәжірибелік дағдыны бағалау критерийлері (тәжірибелік дағды компетенциясы)

Критерийлер

Балл

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдыларды өз бетінше игерген. Сабақтан тыс уақытта муляждарда тәжірибелік дағдыларды үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмін қадағалады.

95-100


А


Үздік


Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдыларды өз бетінше игерген. Сабақтан тыс уақытта муляждарда тәжірибелік дағдыларды үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмін қадағалады, бірақ аздаған техникалық қателіктер жіберді.

90-94


А-


Үздік


Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдыларды өз бетінше игерген. Сабақтан тыс уақытта муляждарда тәжірибелік дағдыларды үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмінде және техникасында кейіннен студенттің өзімен жөнделген аздаған қателіктер болды.

85-89

В+

Жақсы


Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдыларды өз бетінше игерген. Сабақтан тыс уақытта муляждарда тәжірибелік дағдыларды үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмінде және техникасында кейіннен студенттің өзімен жөнделген аздаған қателіктер болды.

80-84


В


Жақсы


Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдыларды өз бетінше игерген. Сабақ уақытында муляждарда тәжірибелік дағдыларды үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмінде және техникасында кейіннен оқытушының нұсқауымен жөнделген аздаған қателіктер болды.

75-79

В-

Жақсы


Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдыларды игерген. Сабақтан тыс уақытта муляждарда тәжірибелік дағдыларды үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмінде және техникасында кейіннен оқытушыдан жөнделген аздаған қателіктер болды

70-74


С+


Қанағаттанарлық



Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдыларды игерген. Сабақ уақытында муляждарда тәжірибелік дағдыларды оқытушының нұсқауымен үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмінде және техникасында кейіннен оқытушының нұсқауымен жөнделген қателіктер болды

65-69

С


Қанағаттанарлық



Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдыларды оқытушының көмегімен игерген. Сабақ уақытында муляждарда тәжірибелік дағдыларды оқытушының нұсқауымен үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмінде және техникасында кейіннен оқытушының нұсқауымен жөнделген қателіктер болды

60-64


С-


Қанағаттанарлық

Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдылардың барлығын игермеген. Сабақ уақытында муляждарда тәжірибелік дағдыларды оқытушының нұсқауымен үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмінде және техникасында біршама қателіктер болды

55-59


D+


Қанағаттанарлық



Бағдарламада қарастырылған тәжірибелік дағдылардың барлығын игермеген. Сабақ уақытында муляждарда тәжірибелік дағдыларды оқытушының нұсқауымен үйрену. Тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында орындау алгоритмінде және техникасында үлкен қателіктер болды

50-54


D


Қанағаттанарлық



Тәжірибелік дағдыларды көрсете алмады

0-49

F

Қанағаттанарлық емес




Студенттің өзіндік жұмысын бағалау критерийлері ( өзін-өзі дамыту компетенциясы)

Критерийлер

Балл

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келеді, материал кең көлемді, анық және айқын қорытынды жасалған, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа толығымен сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша ғылыми әдебиеттер қолданған. Өзінің кәсіптік деңгейін СҒЗЖ арқылы жоғарлатады, кітапханаға, интернет сайттарына тұрақты барып тұрады

95-100


А


Үздік


СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келеді, материал кең көлемді, анық және айқын қорытынды жасалған, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа толығымен сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша әдебиеттер қолданған. Өзінің кәсіптік деңгейін СҒЗЖ арқылы жоғарлатады, кітапханаға, интернет сайттарына тұрақты барып тұрады.

90-94

А-


Үздік


СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келеді, материал кең көлемді, айқын қорытынды жасалған, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа толығымен сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша әдебиеттер қолданған. Өзінің кәсіптік деңгейін СҒЗЖ арқылы жоғарлатады, кітапханаға, интернет сайттарына тұрақты барып тұрады.

85-89

В+

Жақсы


СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келеді, материал кең көлемді, қорытынды жасалған, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа толығымен сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша әдебиеттер қолданған. СҒЗЖ эпизодты қатысады, кітапханаға, интернет сайттарына қажеттілік туындағанда барып тұрады.

80-84


В


Жақсы


СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға сәйкес келеді, материал кең көлемді, қорытынды жасалған, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес. Тапсырманы орындау барысында қосымша әдебиеттер қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына қажеттілік туындағанда барып тұрады.

75-79

В-

Жақсы


СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді, материал кең көлемді, қорытынды айқын емес, мәліметті емес, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында тек оқулық әдебиеттер қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек барып тұрады

70-74


С+


Қанағаттанарлық



СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді, ол толығымен ашылмаған, материал кең көлемді, қорытынды айқын емес, мәліметті емес, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында тек оқулық әдебиеттер қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек барып тұрады

65-69

С


Қанағаттанарлық



СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді, ол толығымен ашылмаған, материал кең көлемді емес, қорытынды жоқ , жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында аз материал көздерін қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек барып тұрады

60-64

С-


Қанағаттанарлық

СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді, тақырып ашылмаған, , материал кең көлемді емес, қорытынды жоқ , жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында аз негізгі материал көздерін қолданбаған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек барып тұрады

55-59

D+


Қанағаттанарлық



СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға толығымен сәйкес келмейді,тақырып жеткіліксіз ашылғанматериал кең көлемді емес, қорытынды жоқ , жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында бір материал көздерін қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек бармайды

50-54

D


Қанағаттанарлық



СӨЖ мазмұны тақырыпқа және қойылған тапсырмаларға сәйкес келмейді,тақырып ашылмаған, материал кең көлемді емес, қорытынды жоқ, жасалған жұмысты рәсімдеу қойылған талапқа сәйкес емес. Тапсырманы орындау барысында бір материал көздерін қолданған, кітапханаға, интернет сайттарына сирек бармайды

0-49

F

Қанағаттанарлық емес


Сабақта жоқ

0








Коммуникативті дағдыларды бағалау критерийлері

Критерийлер

Балл

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

Науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде медициналық этика және деонтология принциптерін сақтайды. Науқастармен, оның туыстарымен және медперсоналармен қарым-қатынас жасауда дұрыс қадам таңдады. Жанашырлық, шыдамдылық көрсетті және науқасты өзіне сендіре алды. Шұғыл жағдайда өзіне сенімді әрі сабырлы болды және жағдайды игеруде бағыт-бағдары жақсы. ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде белсенді қатысты

95-100


А


Үздік


Науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде медициналық этика және деонтология принциптерін сақтайды. Науқастармен, оның туыстарымен және медперсоналармен қарым-қатынас жасауда дұрыс қадам таңдады. Жанашырлық, шыдамдылық көрсетті және науқасты өзіне сендіре алды. Шұғыл жағдайда өзіне сенімді әрі сабырлы болды және жағдайды игеруде бағыт-бағдары жақсы. ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде белсенді қатысты

90-94

А-


Үздік


Науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде медициналық этика және деонтология принциптерін сақтайды. Науқастармен дұрыс қарым-қатынас жасады және оның туыстарына қатыссыздық танытты. Жанашырлық, шыдамдылық көрсетті және науқасты өзіне сендіре алды. Шұғыл жағдайда мазасыз, өзіне сенімсіз, жағдайды игеруде бағыт-бағдары болды ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде белсенді қатысты

85-89

В+

Жақсы


Науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде медициналық этика және деонтология принциптерін сақтайды. Науқастармен дұрыс қарым-қатынас жасады және оның туыстарына қатыссыздық танытты. Шыдамдылық көрсетті және науқасты өзіне сендіре алды. Шұғыл жағдайда мазасыз, өзіне сенімсіз болды, жағдайды игеруде бағыт-бағдары барлық жағдайда болған жоқ. ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде қатысты

80-84


В


Жақсы


Науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде медициналық этика және деонтология принциптерін сақтайды. Науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасауда қызуғышылық көрсетпей, қатыссыздық танытты. Науқасты өзіне сендіре алды. Шұғыл жағдайда мазасыз, өзіне сенімсіз болды, жағдайды игеруде бағыт-бағдары барлық жағдайда болған жоқ. ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде тек дәрігердің нұсқауымен орындады

75-79

В-

Жақсы


Науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде негізгі медициналық этика және деонтология принциптерін сақтайды. Науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасауда қызуғышылық көрсетпей, қатыссыздық танытты. Науқасты өзіне сендіре алды. Шұғыл жағдайда мазасыз, өзіне сенімсіз болды, жағдайды игеруде бағыт-бағдары қиындықпен болды. ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде тек дәрігердің нұсқауымен орындады

70-74


С+


Қанағаттанарлық



Науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде жекелеген медициналық этика және деонтология принциптерін сақтайды. Науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасауда қызуғышылық көрсетпей, қатыссыздық танытты. Науқасты өзіне қиындықпен сендіре алды. Шұғыл жағдайда мазасыз, өзіне сенімсіз болды, жағдайды игеруде бағыт-бағдары нашар. ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде мед персоналдың барлық нұсқауларын орындай алмады

65-69

С


Қанағаттанарлық



Науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде жекелеген медициналық этика және деонтология принциптерін сақтайды. Науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасауда қызуғышылық көрсетпей, қатыссыздық танытты. Науқасты өзіне қиындықпен сендіре алды. Шұғыл жағдайда өзіне сенімсіз болды, жағдайды игере алмады . ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде мед персоналдың барлық нұсқауларын орындай алмады

60-64

С-


Қанағаттанарлық

Негізгі медициналық этика және деонтология принциптерін біледі, бірақ науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде оларды барлық жағдайда сақтамайды. Науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасауда жанашырлық көрсетпей, қатыссыздық танытты. Шұғыл жағдайдады игере алмады, қоршаған адамдардың айтуымен іс-әрекет жасады. ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде мед персоналдың барлық нұсқауларын орындай алмады

55-59

D+


Қанағаттанарлық



Негізгі медициналық этика және деонтология принциптерін біледі, бірақ науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде оларды барлық жағдайда сақтамайды. Науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасауда жанашырлық көрсетпей, қатыссыздық танытты Шұғыл жағдайдады игере алмады, қоршаған адамдардың айтуымен іс-әрекет жасады. ЖМЖБ бригадасының құрамында шұғыл көмек көрсетуде өзінің қалауымен шеттетілді

50-54

D


Қанағаттанарлық



Негізгі медициналық этика және деонтология принциптерін біледі, бірақ науқастармен, мұғалімдермен және әріптестерімен қарым-қатынас жасау кезінде қиналады, конфликт жағдайларын шешу дағдыларын машықтанбаған, топта жұмыс жасауды білмейді

0-49

F

Қанағаттанарлық емес



Заңдық компетенцияны бағалау критерийлері

Критерийлер

Балл

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, және оларды дұрыс интерпретация бере алады. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды жиі тұрақты жүргізеді. Салауатты өмір салтын белсенді насихаттайды.

95-100


А


Үздік


Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, және оларды дұрыс интерпретация бере алады. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстар тұрақты жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.

90-94

А-


Үздік


Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстар тұрақты жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.

85-89

В+

Жақсы


Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстар кезеңді жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.

80-84


В


Жақсы


Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі және сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстар тұрақты жүргізбейді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.

75-79

В-

Жақсы


Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін жартылай біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі, бірақ жартылай сақтайды. Науқастың құқығын сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды сирек жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттайды.

70-74


С+


Қанағаттанарлық



Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін жартылай біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі, бірақ жартылай сақтайды. Науқастың құқығын жартылай сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін нашар біледі, бірақ мәселенің мазмұнын еркін баяндай алмайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды сирек жүргізеді. Салауатты өмір салтын насихаттамайды.

65-69

С


Қанағаттанарлық



Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін нашар біледі, қауіпсіздік техникасының ережелерін білмейді және сақтамайды. Науқастың құқығын жартылай сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін нашар біледі, науқасқа қатысты өзінің білімін қолданбайды.. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды жүргізбейді. Салауатты өмір салтын насихаттамайды.

60-64

С-


Қанағаттанарлық

Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін білмейді, қауіпсіздік техникасының ережелерін білмейді және сақтамайды. Науқастың құқығын жартылай сақтайды. Дәрігердің әкімшілік және қылмыстық негізгі нормативті заңдық аспектілерін нашар біледі, заңдық базаға мән бермейді және науқасқа қатысты өзінің білімін қолданбайды.. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды жүргізбейді. Салауатты өмір салтын насихаттамайды.

55-59

D+


Қанағаттанарлық



Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін білмейді, қауіпсіздік техникасының ережелерін білмейді және сақтамайды. Науқастың құқығын жартылай сақтайды. Дәрігердің негізгі нормативті заңдық аспектілерін білемейді, заңдық базаға мән бермейді және науқасқа қатысты өзінің білімін қолданбайды. Науқастың өзінің денсаулығы өз жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыстарды жүргізбейді. Салауатты өмір салтын насихаттамайды.

50-54

D


Қанағаттанарлық



Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін білмейді, қауіпсіздік техникасының ережелерін білмейді және сақтамайды. Науқастың құқығын сақтамайды. Дәрігердің негізгі нормативті заңдық аспектілерін білемейді, заңдық базаға мән бермейді және науқасқа қатысты өзінің білімін қолданбайды.

0-49


F

Қанағаттанарлық емес


Сабақта жоқ

0




















"ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ"

ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: кафедраның профессор оқытушылар құрамы


мамандық - «051301- «Жалпы медицина»

Курс - бесінші

Семестр – тоғызыншы, оныншы

Дәріс 16 сағат
Тәжірибелік

(семинарлық. сабақ 60 сағат

Барлық аудиториялық 76 сағат (кредит).
Аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

68 (сағат).

Тексеру формасы: мемлекеттік емтихан



1 тақырып: Жедел медициналық жәрдем беру қызметінің ұйымдастырылуы
Мақсаты: Студенттерді ҚР жедел медициналық жәрдем беру қызметінің даму тарихыен, тапсырмалары және ұйымдастыру принциптерімен таныстыру. Студенттерді ЖМЖ қызметкерлерінің міндеттері мен қызметтерімен, ЖМЖ негізгі принциптерімен таныстыру. Студенттерді ЖМЖ негізгі құжаттарымен таныстыру.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

  1. Жедел медициналық жәрдем – адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде- сәтсіз оқиғалар мен кенеттен болған жедел ауруларда көрсетілетін медициналық көмек жүйесі ретінде пайда болды.

  2. Алғашқы көмектің дамуының басталуы ертедегі орта ғасыр - IV ғасыр дәуіріне жатады. Бұл кезде көптеген кезбелерге көмек көрсету үшін Иерусалимге апаратын жолдарда кезбелерді қабылдайтын үйлер ұқйымдастырылды. 1092 жылы Англияда иоанниттер ордені құрылды, оның мақсаты Иерусалим госпиталіндегі науқастарды күту және жолдағы кезбелерге алғашқы көмек көрсету болып табылды. Жедел жәрдемнің алғашқы станциясы 1881 жылы вена қаласында құрылды. 1898 жылы ғана Мәскеуде жедел жәрдемнің алғашқы үш бекеті ашылды. 1928жылы Н.В.Склифосовскии атындағы Мәскеулік жедел жәрдем ҒЗИ , ал 1932 жылы — И. И. Джанелидзе атындағы Ленинградтық жедел жәрдем ҒЗИ құрылды.

  3. Алматы қаласында алғаш рет 1926 жылы Орталық клиникалық амбулатория құрылды. 1928 жылдың 5-ші ақпанында Жетісу губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің Үкімі бойынша жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған Республикадағы алғашқы мекеме – қалалық аурухана құрамында 2 «жедел жәрдем күймесі» бар жедел көмек пункты ұйымдастырылады. 1951-1974 жылдар аралығында 9 қосалқы бекеттер ұйымдастырылды.

  4. Жедел медициналық жәрдем бекеті мамандандырылған- кардиологиялық, невралогиялық, шокқа қарсы, токсикологиялық және т.б. бригадалар құру 60-шы жылдардың ортасында басталды. 1990 жылдан бастап станцияда мамандандырылған ЖМЖның жаңа жүйесі – қарқанды терапия бригадалары (ҚТБ. пайда болды.

  5. ЖМЖ қызметі бүгінгі қоғамның дамуында әлеуметті маңызды медициналық көмектің бірі болып табылады, Қазақстан Республикасының азаматтарына бұл көмек Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес тегін көрсетіледі.

  6. Шақыртуға баратын бригадалардың жұмысының ұымдастырылуы- екі дәрежелі дәрігерлік модель, екі дәрежелі аралас модель, бір дәрежелі фельдшерлік модель.

  7. ЖМЖ ұйымының модельі: ЖМЖ орналасу аймағына, тұрғындар санына, жергілікті ауданның немесе қаланың атқаратын жұмыс көлемі мен дәрежесі бойынша анықталады.

  8. ЖМЖ дәрігірінің қызмет ерекшелігі: уақыт тапшылығына, диагностикалық аппапраттардың жетіспеушілігіне байланысты экстремальды жағдай, жедел көмек көрсету жиі кездеседі; науқастар сирек жедел реанимациялық көмек көрсетуді талап ететін, критикалық жағдайда болады; науқас пен дәрігер арасындағы психологиялық байланыс науқастың жағдайының ауырлығына байланысты болады; медициналық көмек кейде ғана науқастың туыстары немесе көршілерінің қатысуымен жүреді. Көмек көрсету жағдайы примитивті болуы мүмкін.

  9. ЖМЖ дәрігерінің міндеті: дисциплиналық жауапкершілік — қызметтік дисциплинаны бұзушыларға сөгіс жариялау; әкімшілік жауапкершілік — әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды түрде жауап беру; азаматтық, немесе азаматтық құқықтық жауапкершілік— бұл заңды немесе шартты түрде құқық бұзушыға қолданылатын заңды іс әрекет; қылмыстық жауапкершілік— бұл қылмыстық кодекспен бақыланатын жауапкершілік;

  10. ЖМЖ құжаттары –шақырту картасы, ілеспе парағы, учаскелік дәрігерге дабыл парғы.




  1. Көрсетілетін материалдар- шақырту картасының схемасы - № 36,37слайдтар, ілеспе парағы – № 38,39 слайдтар, учаскелік дәрігерге дабыл парғының формасы –№40слайд. Мультимедиялық презентация.


Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича,2004. =704.



Бақылау сұрақтары:

  1. ЖМЖ беру қызметінің ұйымдастырылуы принциптері

  2. ЖМЖ дәрігерінің міндеттері

  3. ЖМЖБ дәрігерінің жауапкершіліктері.


2 тақырып. Кездейсоқ және апат кезіндегі жедел медициналық жәрдем беруді ұйымдастыру.

2. Мақсаты: студенттерді техногенді және табиғи апаттардағы ЖМЖ қызметінің принциптерімен таныстыру. Техногенді және табиғи апаттарда ауруханаға дейінгі кезеңде жедел көмек көрсетудің көлемі мен алгоритміне үйрету.
3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Кездейсоқ жағдайдағы ЖМЖ әрекеті ҚР заңы бойынша қарастырылады:



  • 5 Статья. 07.05.1997г.№100-1 ҚР заңы

  • «азаматтық қорғаудың, тұрғындарды, шаруашылық және тұрғылықты мекемелерді техногенді және табиғи апаттық жағдайлардан қорғау шаралары»

  • «техногенді және табиғи апаттық жағдайлар» 05.07.1996г.

  • «апаттық-құтқарушы қызметі және құтқарушы статусы туралы» 27.03.1997г.

  • Министрлер Кабинетінің бұйрығы бойынша РК №275 «ҚР азаматтық қорғау шараларын ұйымдастыру»,

  • №50 «білім жетілдіру, апаттық жағдайларға тұрғындар мен жергілікті қызметкерлерді машықтандыру және хабарландыру ережелері» ҚР басқармасының бұйрығы бойынша 17.11.2003г.

  • Қазақстан Республикасының басқармасының бұйрығы 17.06.2010 №608

  • «апаттық жағдайдағы жедел көмек көрсету көлемі мен түрлерін көрсету ережелері.».

Кездейсоқ жағдай анықтамасы: -адам өлімі болуы мүмкін немесе өлім болған, денсаулыққа немесе қоршаған ортаға зиян келтіретін табиғи қауіпті апат нәтижесінде пайда болған белгілі аймақтағы жағдай.

Табиғи апаттық жағдай

1. Геологиялық (жер сілкінісі, топан су басу, көшкі.;

2. Метеорологиялық (боран, сель.;

3. Гидрологиялық(су басу.;

4. Өрттер (ормандық.;

5. Жаппай ауыру (инфекциялық аурулар..

Техногенді апаттық жағдайлар:



  1. Ғимараттардың және құрылыс орындарының құлауы:

  2. Өндірістік және көліктік апаттар;

  3. Энергетикалық орталықтарда болған өртке қауіпті заттардың өртенуінен болған жарылыстар және көлемді өрттер;

  4. Химиялық уландырғыш заттармен зақымдану ошағының түзлуі;

5. Құлаулар;

6. Бөгеттердің бұзылуынан болған су басулар. Апаттық жағдайдағы медициналық жәрдем: көмектің бірыңғайлығы, кездейсоқ техногенді апаттағы жағдайдағы медико-санитарлық ескерту;

Апаттык медицина қызметінің принциптері – уақытылы, үздіксіз және нәтижелі жедел, медициналық сұрыптау, тұрғындарды кездейсоқ жағдайда зардап шегушілегре алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау

Медициналық сұрыптау –қоршаған ортаға зиян келтіретін, медициналық көмекті аса қажет ететін,5 сұрыпталу тобын анықтау.

Медициналық көмектің түрі мен көлемі: алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейінгі көмек, алғашқы дәрігерлік көмек, мамандандырылған медициналық көмек; қан ағуды тоқтату, шокқа қарсы күрес, жүрек өкпелік реанимация, транспорттық иммобилизация және жарақатты таңу.

Медициналық эвакуация- медициналық көмекті қажет ететін, зардап шегушілерді апат орнынан аластату шарасы.

Кенет жағдайдағы шақырту бригадасының әрекеті - бригаданың тоқтау орнын анықтау, зардап шегушілердің санын анықтау, көмек көрсетуді ұйымдастыру және зардап шегушілерді сұрыптау, әр 30 минут сайын ИОДО бас дәрігеріне хабарлау, РУВД немесе апаттық-құтқару қызметкерлерімен байланысу.


  1. Көрнекті материал:

«Табиғи апаттың жіктелуі» схема - слайд№ 6, кесте «Табиғи апаттың критериі» - слайд № 7, схема «Техногенді апаттың жіктелуі» слайд№ 8, схема «КЖ кезіндегі ЖМЖ қызметінің ұйымдастырылуы» слайд №14.

5. Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007.-816с. Под редакцией Багненко С.Ф., Верткин А.Л., Мирошниченко А.Г., М.Ш.Хубутия.

2. Руководство для врачей скорой медицинской помощи.//Под редакцией В.А. Михайловича, А.Г. Мирошниченко.-4-еизд., перераб. и доп.- СПб.: Издательский дом СПбМАПО, 2007.-808с.

3. Неотложные состояния. -5-ое издание переработанное и дополненное. - Москва.:000. Сумин С.А. «Медицинское информационное агентство»2005г.-752с.



6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс.:

1. Табиғи және техногенді КЖ критериилерін атап беріңіз?

2. Апаттық медицина қызметінің принциптері

3. Медициналық көмектің түрі мен көлемі

4. ЖМЖ бригадасы КЖ кезінде қандай көмек көрсетеді?


Тақырып 4: «Тыныс алу жүйесі ауруларында диагностикалық және жедел жәрдем алгоритмі».
2.Мақсаты: Студенттерді өмірге қауіпті тыныс алу аурулары кезінде диагностикалық және жедел медициналық көмек алгоритмімен таныстыру: бронхообструктивті синдром, бронх демікпесі ұстамасы, демікпелік cтaтyc. Студенттерге ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем алгоритмін үйрету
3. Дәрістік тезистер: Маңыздылығы

Бронх ұстамасы. Анықтамасы. Этиологиясы. Патогенезі. Классификациясы. Диагностикасы. Дифференциальды диагностикасы.

Ұстамалы бронх демікпесінің ауырлық дәрежесін бағалау критерилері.

Ұстамалы бронх демікпесі кезіндегі жедел жәрдем.

Демікпелік ұстама.

Демікпелік ұстама сатылары..

Демікпелік ұстама кезіндегі жедел жәрдем алгоритімі.

Демікпелік ұстаманы басатын препараттар.


4. Материалдың көрсетілімі: Презентация.
5. Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007.-816с. Под редакцией Багненко С.Ф., Верткин А.Л., Мирошниченко А.Г., М.Ш.Хубутия.

2. Руководство для врачей скорой медицинской помощи.//Под редакцией В.А. Михайловича, А.Г. Мирошниченко.-4-еизд., перераб. и доп.- СПб.: Издательский дом СПбМАПО, 2007.-808с.

3. Неотложные состояния. -5-ое издание переработанное и дополненное. - Москва.:000. Сумин С.А. «Медицинское информационное агентство»2005г.-752с.


6. Бақылау сұрақтары :

1. Бронх демікпесінің жіктелуі?

2. Бронх демікпесінің орташа ауырлықтағы жедел жәрдемі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет