Жеңешемнің жауабы


Қайдан... Кедейді бай, азды көп қылған патша данышпан. Бір кем дүние. Қалтай айтқан



Pdf көрінісі
бет2/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Бір кем дүние

Қайдан...
Кедейді бай, азды көп қылған патша данышпан.
Бір кем дүние.
Қалтай айтқан
Журналист – это Қаранар,
Но мизерный гонорар.
Бір кем дүние.
Асқанға – тосқан
Толдым деген төгіледі,
Жеттім деген жығылады.
Бір кем дүние.
Құнықпа


Алтын өзі тотықпайды,
Адамдардың жанын тотықтырады.
Бір кем дүние.
Тым... тым...
Патшаға тым жақындама,
Тым алыстап та кетпе.
Ол да от сияқты:
Тым жақындасаң – күйіп өлесің,
Тым алыстасаң – үсіп өлесің.
Бір кем дүние.
Маймыл құрлы жоқсың ба?
Жазушы Дидахмет Қалтайға:
Машина сатып алайын десем, айдай білмеймін. Правам жоқ, – дейді.
Сонда Қалтай:
– Ей, циркте маймыл да велосипед теуіп жүр ғой. Маймыл құрлы
жоқсың ба?! – деген ғой.
Дəнек
Кейбір бастар ішінде дəнегі жоқ жаңғаққа ұқсайды.
Ондайлар көп қой.
Бір кем дүние.
Өгей шеше


Краткость – сестра таланта, мачеха гонорара.
Ойшыл қарға
Түнімен – жаңбыр.
Таңертең – қар.
Жалаңаш ағаш мүлгіп тұр.
Төбесінде – қарға. Ойланып отыр. Не ойлайды?
Қарғаның тілін білмеймін. Əйтпесе сұрар едім:
– Оу, Қареке, ертең не болады? – деп.
Ол көп біледі. Жүз жасаған ғой. Ол Мұсаның оқыстан өлетінін білген.
Көп шуылдап, көп қарқылдаған.
Оны біз түсінбедік.
Бір кем дүние.
Өлтіру оңай, тірілту қиын
Соттар қателесіп, кінəсіздерді өлімге бұйырады. Кінəсіз екені
анықталғанда қайтадан тірілте алмайды. Не істеу керек?
Бір кем дүние.
«Халық жаулары» дегендердің көбі солай өлтірілді.
Əңгі есек
Алтын артқан есектің шықпайтын шыңы жоқ.
Кейбір əкімдер, байлар сондай.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет