Жарымжан жалған дүние
Міне, сарыала күз келіп, кəрі құдаң қыс та таяп қалды.
Əскери мекемелер күзгі маусымда жасы жеткендерді əскер
қатарына
шақырып жатыр. Біздің тұқымның таразыға тартылар шағы бұл. Оған дейін
ірілі-уақты аралас дүниеде сезіле бермейтін кем-кетік осы жерде
əшкереленеді.
Əскерге шақырылған жастардың 80 пайызы жарамсыз.
Көбісі
жарымжан, бойы аласа, ергежейлі ұрпақ өсіп келе жатыр. Салмағы бір
тоқтының салмағына да жетпейді.
Кешегі өткен Махамбет батыр-ақын:
–
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа қонғанда,
Жер қайысқан қол едік… –
демеп пе еді?!. Қайда қазір “адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, атқан
оғы Еділ-Жайықтан тең өткен” ерен ерлер?!
Біздің Айша бибі ауылында кешегі ер
Байзақ датқаның ұрпағы, ерен
көкпаршы Нəби бауыр жергілікті көкпаршылар командасын құрып, талай
жерде жарыстар ұйымдастырып,
сайдың тасындай батыр, балуан жастарды
тəрбиелеп жүр. Дүниежүзілік олимпиада ойындарының жеңімпазы
Мұхтархан Ділдəбек батыр
көкпаршылар жарысын бастап, жақсы үлгі
көрсетіп, тағы бір ерлік жасап жүр.
Үміттің оты осыларда. Олар аз.
Жақында
баспасөз
сонау
Канададан
таза
тұқымды
бұқалар
жеткізілгенін хабарлады. Малдың тұқымын тазартқан жақсы.
Ал азыңқырап бара жатқан адам тұқымын, ұлт генофонын қалай
жақсартуға болады? Денсаулық сақтау деген сала осыны ойлай ма?
Ойлайтынын
білмеймін, айтады. Бірақ дəрменсіз.
Қалай болғанда да мемлекет тұғыры мызғымастай бекем болуы үшін
өкімет те, үкімет те, жалпы əлеумет қазіргісін, болашағын ойлап, ұрпақ
тазалығын ерекше қолға алғаны абзал болар еді.
Оны ойлап, отан сүйер əрекет қылатын қайраткерлер қайда?!
Бір кем дүние.