жұмыртқаны туып, құмға көміп кетеді екен.
Кетерінде
көз жасы көл болып, іштен шыққан тұқымды қия алмай,
құрлықта ұзақ уақыт қала алмай, амалсыз теңізге оралады. Міне,
сұмдық
сол сəттен басталады. Тасбақа жұмыртқасына алдымен адамдар əуес, тіпті
жерік десе де болады.
Адам сондай болғанда, басқа жыртқыштарға не жорық? Олар да
жұмыртқа жегіш.
Ал енді жегіштерден аман қалған жұмыртқалар құмның қызуымен ай-
күніне жетіп,
балақай болып, жарық дүниеге шығады ғой. Əне, содар
сойқан сонда басталады. Енді оларды аулауға аспандағы жыртқыш құстар
да шүйлігеді.
Тумай жатып, жарық дүниеге келмей жатып, ажал аранына түсетінін
Жаратқанның берген түйсігі арқылы сезетін
балақайлар сол сезім жетектеп,
дереу теңізге жетуге асығады.
Теңізге жеткені – жетті, жетпегені желкесі үзіліп, қорқаулардың
құлқынына түседі.
Бұл да бір кем дүние, арпалыс əлемі.
Достарыңызбен бөлісу: