Опасыз дүние. Жетпiс жылдан кейiн Ленинград аты өшiп,
бұрынғы
есiмi қайта оралды.
Сталинград Волгоград болды.
Қаланың, елдi мекендердiң əуелгi атын өзгерте берген жақсы емес.
Ақмола едi... Целиноград болды... Астана болды...Əлдекiмдер
шошаңдап, тағы да өзгертемiз деп жүр.
Кешегi Кеңес өкiметi тұсында жер-су аттары қопарыла өзгерiп:
Андреевка, Алексеевка, т.б. толып жатқан колонизаторлар атымен
тоғытылды.
Содан не береке шықты? Қайтадан Күреңбел, Қызтоған,
Қошқар-Ата,
Түктiбай, Сұрым, Кəрi-Қорған болып, баяғы қалпына келдi.
Бiрақ, əсiресе, бiр кезде Хрущев пен оның губернаторлары Соколов,
Бородин, Демиденко дегендер "Целинный край" деп өзгерткен Солтүстiк
Қазақстан тарапы сол патша заманынан, Хрущев дəуiрiнен
қалған аттарға
тұнып тұр: Киевка, Малиновка, Александровка, т.т.
Киевка дегенi Нұра өзенi бойындағы елдi мекен. Əйгiлi ғалым,
халқының ардагер азаматы Кəрiм Мыңбаев туған жер.
Киевканы қойып,
Кəрiм Мыңбаев қояйық десең көнбейдi. Баяғы отаршылдық қамшысы
қарғыс таңбасындай басылып қалған байғұстар, "Киевка"
атынан айрылса,
арам өлетiндей өзеурейдi.
Мiне, бұл бүкiр дүние.
Достарыңызбен бөлісу: