Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет10/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
Бір кем дүние

Бір тал шаш
Шіркін, қазақтың қара өлеңі! Неге бірақ «қара өлең»? «Қара» деген
сөздің əртүрлі мағынасы бар. Мысалы, қара мал – ірі мал, Қаратау – ұлы
тау, Қара хан – атақты хан, қара жер, т.б.
Қара өлең де сондай шығар. Ірі шығар.
Сонау соғыс жылдарында азынаған аштықта, күннің шуағы тым сирек
кезде, қақаған қыста, анда-санда адамдар бір бас қосқанда, майданға ондап
кеткен азаматтардан ілуде біреу жараланып қайтқанда жетім ауылда бір
азғантай той-мереке болар еді.


Сол тойда екеу-екеу əн салып, сағынышты əуендер айтатын. Əсіресе
есімде қалғаны, көкірегімде өшпестей жатталғаны, əрдайым қырау шалған
жүрегімді жылытатыны екі-ақ ауыз мына шумақтар:
Ауылыңнан ары да өттім,
Бері де өттім-оу,
Үкіңді шекеңдегі бермей кеттің-оу.
Сол үкің, көп болғанда,
Жүз теңгелік-оу,
Қалдырдың көңілімді
Мың теңгелік ай...
Қара көз қарай берді дүркін-дүркін-ай,
Көзімді қарықтырды сенің көркің-ай.
Шашыңнан бір-бір талдап сүйер едім-ау,
Қайтейін, жетпейді ғой өмір шіркін-ай...
Қазір бір-бір талдап сүйетін шаш қайда? Ондай сүюдің қадірін білетін
бас қайда?
Əттең, бір кем дүние!..
Има Сумак
Сонау жиырмасыншы ғасырдағы алпысыншы жылдардың басы еді.
Мен «Социалистік Қазақстан» газетіндегі əдеби қызметкермін. Бөлім
бастығы айтулы əңгімеші, шешен Жекен Жұмақанов.
Жаздың бір айында Алматыға Има Сумак келді. Оның отаны – жердің
арғы бетінде жатқан Перу деген ел. Има Сумак – көне «қызыл терілі» кечуа
тілінде «Сұлу келді» дегенді білдіреді.


Он жасында керемет əнші атанған осы ғажайып қыз той-томалақта
жиналған көпшіліктің арасында келе жатқанда жұрттың бəрі:
– Има Сумак! Има Сумак! – деп аса зор құрметпен қарсы алады екен.
Американы бұдан бес жүз жыл бұрын жаулап алған еуропалық
басқыншылардан аман қалған инктер тұқымынан тараған тұяқ.
Оның дауысы əлемде сирек кездесетін ерекше дауыс екен. Яғни ол төрт
дауыспен əн сала алады: колоратура, меццо-сопрано, сопрано, тенор.
Ал «Күнге табын» атты кереметті орындағанда Има Сумак көмейінен
«бас» дейтін дауыс та шығады-ау деп қалдым.
Алматыда Има Сумакка жолығып, сұхбаттасқан жалғыз мен болды
десем, мақтаншақ демеңдер.
Есікті оның күйеуі, продюссер Мойзес Биванко ашты.
– Сіз біздің кечуа-индеецтерге ұқсайды екенсіз, – деді сонда маған
ғажайып Има Сумак, – басқа ешкімді қабылдамаймын.
Сөйтіп, Има Сумак концерті туралы «Социалистік Қазақстан» менің
айқара қос бет очеркімді басты. Содан кейін Има Сумак туралы хабар зым-
зия. Арғы тағдыры, өмірі не болды – ары-бері сұрастырып, іздестіріп,
ешқандай дерек таппадым.
Кім біледі, «Күнге табыну» əнін айтқанда ол қос қолын көк аспанға
қарай созып жіберіп, шырқау биікке самғап ұшқандай көрінуші еді, Күн
көзіне қарай ұшып кетті ме... Əлде колонизаторлардан көп қорлық, зорлық-
зомбылық көрген өз нəсілінің, қырылған-жойылған өз ұлтының
əруақтарына барып қосылды ма...
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет