Қанатты адам
Соғыс жылдарының бірі. Жазғы шілде еді. Жұмыстан келе сала Айша
қатты құлады. Тек үрейлене қорыққан маған қарлыққан дауыспен:
– Аққыз... Аққыз апаңа жет... – деді.
Түсіне қойдым. Біздің үйден кейін екі сайдың ар жағында əскерге
кеткен Поштақұлдың үйінде...
егер басқа жаққа кетіп қалмаса, Аққыз
əпкеміз сол үйде. Есіктен кіре бере:
– Айша... апам, – деп демім жетпей, əйтеуір, ишара беруім сол екен...
Аққыз əпкем көз алдымда лезде жоқ болды. Сірə,
терезеден ұшып
шығып кетті ме, білмеймін.
Мен үйге
қайтып келсем, Айшаны айнала зікір салып жүр екен.
Аққыз əпкеміз мүлде өзгеріп кеткен,
нағыз бақсы, баяғы шамандықтан
қалған шын сарқыт осы болар. Аққыз дүниеден
өткен соң біздің
Мыңбұлақта бақсы болған емес. Аққыздың орны ойсырап қалды.
Бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: