Жылжымалы диагностикалық қондырғылар тексеру аралығында машиналардың әртүрлі ақауларын анықтау, 2-ТҚК, 3-ТҚК кезінде тракторларға диагностика жасау, сондай-ақ техникалық байқау барысында машиналардың күйін тексеруге және жиын-терім жұмыстарынан соң
комбайндарға диагностика жасауға арналған. Оған УАЗ-452 автомобилі шассиіндегі КИ-13905 МКА ГОСНИТИ қондырғысы жатады.
Тасымалы диагностикалық жиынтығы техникалық қызмет кӛрсету орындарында немесе дала жағдайында астық жинайтын комбайндар мен тракторларға 1-ТҚК, 2-ТҚК барысында және бақылауаралық кезеңде сұраныс бойынша диагностика жасау үшін
қолданылады. Жиынтық диагностикалық приборлар мен құрылғы- лар және аспаптардан тұратын тасымалды контейнер түрінде орындалған. Жиынтықтың екі тұрі бар, олар: КИ-13901Ф ГОСНИТИ және КИ-13924 ГОСНИТИ.
Тұрақты диагностикалық құралдары тікелей шаруашылық- тарда немесе тракторларға техникалық қызмет кӛрсету станциялары мен диагностика жасау орындарына орналастырылады.
Диагностика жасау және техникалық байқау барысында, сондай-ақ астық жинау комбайндарына 2-ТҚК, ал тракторларға 3-ТҚК кезінде диагностика жасау үшінКИ-13919А-01 ГОСНИТИ диагностикалық құралдар жиынтығы пайдаланылады.
Жұмыстың орындау тәртібі
КИ-13905 МКА ГОСНИТИ жылжымалы диагностикалык қондырғысының, КИ-13901Ф ГОСНИТИ тасымалы диагностикалык жиынтығының, КИ-13910А-01 ГОСНИТИ тұрақты диагностикалык жиынтығының және басқа да аспаптар мен құрылғы, құрал-жабдықтардыц құрылысын оқып үйрену.
КИ-16301А құрылғысының кӛмегімен жанармайды бүрке бастау кезіндегі қысым бойынша форсункаға диагностика жасау.
КИ-13671 газ сарпы индикаторының кӛмегімен цилиндр- поршень тобына диагностика жасау.
Дизелдің қоректендіру жүйесі элементтеріне диагностика жасау және реттеу
Жанармайды бүрке бастау кезіндегі қысым бойынша форсункаға диагностика жасау.
Жалпы мағлұматтар. Форсунка ақаулығы - дизель қуатының және оның экономикалық кӛрсеткіштерінің тӛмендеуінің бірден-бір себебі болып табылады. Форсункада ақау болған кезде мотор тұраксыз шалыс және кӛп түтін шығарып жұмыс істейді, от алуы қиындайды.
Форсункаларға жанармайды бүрке бастау қысымы бойынша тікелей дизелде диагностика жасау КИ-16301А құрылғысының кӛмегімен іске асырылады. КИ-16301А құрылғысы тракторлардың жанармай аппаратураларының элементтеріне кезеңділік қызметкӛрсету кезінде диагностика жасау үшін арналған. Техникалық сипаттамалары: иіндегі максимал күш, Н - 117,6; жанармай ыдысының сыйымдылығы, л - 0,12; қысым ӛлшеу шегі, МПа - 0..39,2; массасы, кг - 2,3.
Құрылғы (1-сурет) құйма корпустан 16, жанармай құятын ыдыстан 2,
қосу тұтқасынан 1, манометрден 3 және ӛткермеден 5 іүрады. Корпус 16 ішінде плунжерлік жүп 7, айдау клапаны 15 жоне серіппе 17 орналасқан. Жанармай ыдысының 2 ішінде май і артқыш түтігі 13 бекітілген. Сынақ жүргізуге жегкілікті қысымды туғызу үшін, қосу тұтқасы мен плунжердің ерсілі-қарсылы қозғалыс жиілігін минутына 30-40-қа жеткізу қажет. Осы кезде жанармай ыдыстағы 2 түтікше 13 арқылы сорылып алынады да, плунжер жұбының 7 қуысына жеткізіледі, содан соң айдау клапаны 15 арқылы ӛткермеге 5 беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |