Түзету коэффициенттерінің мәндері
Мотор маркасы
|
Түзету
коэффициенті
|
Мотор
маркасы
|
Түзету
коэффициенті
|
ЯМЗ-238НБ және ЯМЗ-240Б
|
1,0
|
А-41
|
1,36
|
СМД-62
|
2,26
|
Д-64Н
|
1,80
|
Д-240
|
1,73
|
Д-21А
|
2,10
|
Цилиндр-поршень тобына диагностика жасау реті
Моторды оталдырып, салқындату сұйығының температурасы Т=338...363°К жеткізіледі.
Моторды тоқтатып, сапун мен май ӛлшеу сүңгісінің тесіктері тығындалып жабылады.
Индикатор қақпағы газ сарпынын. максималды жағдайына қойылады.
Индикатор ӛткерме арқылы мотор картерінің құярлығына жалғанады. Моторды оталдырып, иінді біліктің айналу жиілігі номинал шамаға келтіріледі.
Белгі бергіштің тік жағдайында қақпақты сағат тілі бағытында бұрай отырып, поршень мен белгі бергіш сызықтары бір-біріне тура келтіріледі
Қалтқыны осы жағдайда ұстап тұрып, аспап шкаласы бойынша газ сарпы мӛлшері анықталады.
Үш қайтара ӛлшеп, газ сарпының орташа мәні есептеліп шығарылады.
Газ сарпының орташа мәнін түзету коэффициентіне (2-кесте) бӛліп, газдың нақты сарпы анықталады.
Тәжірибе бойынша газ сарпы мәнін оның мүмкіндік мәнімен ( 2- кесте) салыстырып, мотордың цилиндр-поршень тобының техникалық күйіне қорытынды жасалынады.
Егер газ сарпы мүмкіндік мәнінен жоғары болса, онда моторға жӛндеу жүргізу қажет. Картердегі газ сарпының мӛлшерден тыс кӛбеюі, цилиндр- поршень тобы бӛлшектерінің тозуынан немесе кейбір цилиндр сақиналарының сыну салдарынан болуы мүмкін.
Егер жалпы газ сарпының мӛлшері шекті шамасынан 70 %- ға асып кетсе, онда әрбір цилиндрдің цилиндр-поршень тобы ақаусыздығын жеке- жеке тексеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |