Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Форсункаға тексеру жүргізу тәртібі



бет27/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74
Лаб.жұмыс

Форсункаға тексеру жүргізу тәртібі


Тексерілетін форсунка секциясының жоғарғы қысымды түтікшесі жанармай сорапының штуцерінен ажыратылып құрылғыға жалғанады. Қол сорабымен жанармайды айдай отырьға, манометр шкаласы бойынша форсунканың жанармайды бүрке бастау қысымының шамасы анықталады. Ӛлшеу және бақылау нәтижелері сынақ хаттамасына енгізіледі. Әр түрлі маркалы дизелдер үшін форсун каның жанармайды бүрке бастау қысым шамасы 1-кестеде келтірілген.

Сурет 1.Форсункалар мен жанармай сорабының прецизион жұптарын тексеруге арналған кұрылғы.


Кесте 1.


Форсунканың жанар майды бүрке бастау кезіндегі қысым шамасы



Дизель

Бүрке бастау кезіндегі
кысым, МПа

номиналды

шекті

СМД-14, Д-50, Д-40 және баска жанукамералары бӛлек
дизелдер үшін

12,6......13,0

12

ЯМЗ-238 НЕ, ЯМЗ-240 Б, СМД-60, СМД-62, Д-240

10.......17

15,5

Д-240 Л, Д-240 ЛГ

17,5......18

17

Д-65М, Д-65Н, Д-37,Д-21,Д-21А

17,0….17,5

16,5

Д-108,Д-160

20,5.....21,0

20

Д-440

20.....20,5

18

КИ-13671 газ сарпы индикаторы мен цилиндр-поршень тобына


диагностика жасау
Мотор картеріне ӛтіпкеткен газ мӛлшері КИ-13671 газ сарпын ӛлшеу индикаторымен анықталады. Индикатор шаруашылық ше- берханалары мен дала жағдайында және тракторларға техникалық қызмет кӛрсету станцияларында моторға диагностика жасауға арналған.
Индикатордың негізі техникалық сипаттамалары: негізгі шкала бойынша газ сарпын ӛлшеу шегі - 20...160 л/мин; жоғарғы қосымша тесіктің бірі арқылы ӛтетін газ сарпының мӛлшері - 100 + 5 л/мин; ӛлшеу ағаттығы - 5 %.
Газ сарпын ӛлшеу индикаторы (2-сурет) корпустан 1, белгі бер- гіштен б, ӛңештен 2, қақпақтан 8 және ӛткермелерден 12 тұрады.
Корпус белгі бергіш 3 мен ӛңешті 2 жалғау үшін жоғары жағында екі бұрандалы тесігі бар «Г» тәрізді құбырдан жасалған. Мотор картерінің құярлығына ӛткерме 12 арқылы индикаторды жалғау үшін, оның тӛменгі жағында тесік жасалынған.
Белгі бергіш, ішінде орта шеңбер бойымен белгі сызығы 5 жүргізілген эбонитті қалтқысы 6 бар, шыныдан жасалған қуыс цилиндр түрінде жасалған. Қалтқы 6, ӛз бойындағы белгі сызығы 5 мен белгі бергіш белгісі ӛзара келген кезі, газ сарпын ӛлшеу сәтін анықтауға арналған.
Ӛңеш 2 индикатордың ӛтпелі қимасын үлғайтуға арналған металдан жасалған қуыс цилиндр.

Сурет 2.КИ-13671-ГОСНИТИ газ сарпын ӛлшеу индикаторы: 1 - корпус; 2


- ӛңеш; 3 - белгі бергіш; 4 - қалқанша; 5 - белгі сызық; 6 - калтқы; 7 - кӛрсеткіш; 8 - какпак; 9 - саңылау; 10 - серіппелі бекіткіш; 11 - шкала; 12 - ӛткерме.
Қақпақ 8, бүйір бетінде ені 4 мм саңылауы бар күпшек тәрізді түрде жасалған. Қақпақта газ сарпын ӛлшеуге арналған шкала 11 бар.
Ӛткермелер 12 жиынтығы индикаторды түрлі маркалы моторлардың картер кұярлықтарымен жалғауға арналған. Газ сарпын ӛлшеу үшін, индикаторды ӛткерме арқылы мотор картерінің құярлығына жалғап, вертикаль жағдайына қояды. Картерге ӛткен газ, индикатор корпусы арқылы отіп белгі бергіш қалтқысын жоғары кӛтереді (қалтқы қалқып шығады).
Қақпақты 8 ақырын бұрай оғырып, қалтқы мен белгі бергішгің белгі сызықтары бір-біріне тура келтіріледі. Бұл жағдай, индикатор мен картердегі газ қысымдарының теңескендігін білдіреді. Осы кезде қақпақтағы 8 шкала 11 бойынша газ сарпы анықталады. Қақпақты соңына дейін бұрған кезде белгі бергіш қалтқысы жоғарғы қалпында қалып қойса (газ сарпы 160 л/мин-тан кӛп), онда ӛңеш 2 тесігіндегі тығынды ашып, белгілі сызықтарды бір-біріне тура келтіру керек. Бұл жағдайда жалпы газ сарпы ӛңештің жоғарғы тесігінен шыққан газ бен қақпақ саңылауы арқылы шыққан газ мӛлшерінің қосындысына тең. Қосымша тесікті қосу, газ сарпын 260 л/мин дейін ӛлшеуге мүмкіндік береді.
Мотор картеріне етіп кеткен газдың нақты сарпы, ӛлшеу кезінде алынған газ сарпы мӛлшерін түзету коэффициентіне (мотор маркасына байланысты) бӛлу арқылы анықталады. Түзету коэффициенттерінің мәндері 2-кестеде келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет