Дұрыс кӛрсеткіштерді қамтамасыз ету үшін қозғалтқышты қалыпты жылулық жағдайына дейін қыздыру қажет, содан кейін шамдардың затяжкасын босатып, қозғалтқышты қайтадан 10-15секундқа қосу керек. Кейін карбюраторлы қозғалтқыштағы шамдарды бұрайды. Карбюраторлы
қозғалтқышта бӛлгіш үзгіштің қақпағын және токоразносчик шешеді.
Тез түсірілетін муфтаның кӛмегімен ауа магистралының шлангысын құрылғының кіру штуцерімен байланыстыру қажет. Редуктордың қолұстағышын(рукоятка) айналдыра отырып, ӛлшеуіш құрылғының тілшесін нольдік кӛрсеткішке қоямыз, ол 0,16 МПа қысымына тең. Кешенді қажеттіліктер арсынан тезтусірілетін муфтаға тарировтық штуцерды салып, манометр кӛрсеткіштерін паспортта кӛрсетілген кӛрсеткіштірімен салыстыру керек.
Манометр кӛрсеткіштері паспорттағы кӛрсеткіштермен сәйкес келсе , онда құрылғы жұмысқа дайын(±1℅ ға шейін) . Ал кӛрсеткіштер сәйкес келмесе онда тарировтық штуцерды муфтадан шығару керек. Оны қалпағына басу арқылы жүзеге асырамыз және манометр тілшесі нольдік кӛрсеткіште тұруын тексереміз. Қажет болса манометр тілшесін редуктор арқылы түзеп, қайтадан тарировтық штуцерды муфтаға салып қараймыз.
Ақпа кӛрсеткішінің керекті кӛлемімен сәйкес келмеуі құрылғының ақауы бар екенін кӛрсетеді.
Бірінші цилиндр шамының тесігіне штуцерды қайтарып, оған сигнализатор кигізу;
үзгіш бӛлгіштің корпусына қойғышы(подставка) бар шкаланы, ал бӛлгіштің валигына тілшені орнату, 5 сурет;
5 сурет. Үзгіш –бӛлгішке шкала мен тілшені орнату: 1-қойғышы бар шкала; 2-тілше; 3-үзгіш-бӛлгіштің корпусы.
шкаласы бар қойғышты айналдыра отырып, бірінші цилиндрдың ВМТ кӛрсеткішінде тұрған шкала кӛрсеткішін тілшенің соңымен сәйкестендіру;
сақтандырғышты штуцердан шешіп алу. Ең тӛменгі беріліс қорабын қосып және алдын-ала дӛңгелектер астына дӛңгелеп кетуден сақтайтын колодкалар қойып, қолтежегішпен тежеу;
біріктіру шлангасының тез түсірілетін муфтасын қозғалтқыштағы штуцермен байланыстыру;
ӛлшеу нәтижелері протоколға еңгізіледі . Оның формасы бірінші қосымшада кӛрсетілген;
ауа ақпасының шекті мәндері екінші қосымшада кӛрсетілген;
ақпалар шекті кӛрсеткіштен кӛп болса, онда қысылу тактысның басындағы поршеньнің ақпасын ӛлшеп, цилиндрлі-поршеннің жағдайын анықтау қажет. Екі жағдайдағы поршень ақпаларының айырмасы екінші қосымшаның мәндеріне сәйкес келу керек.
поршенді қысылу тактысының басына орнату үшін құрылғыны қозғалтқышқа тығылған штуцерден айыру қажет және қозғалтқышты тежеп, берілісті айыру керек. Иінді білікті қолұстағышпен айналдыра отырып , валикте орналасқан тілшенің соңын шкаладағы кӛрсеткішке қарама –қарсы қою керек (7 суретте кӛрсетілгендей) және қозғалтқышты қайта тежеу. Содан соң штуцерды құрылғымен қайта қосу.
Бұл поршень жағдайының қысылу тактысының басы мен соңындағы ауа ақпасы цилиндрдың жағдайын мінездемелейді. Егер бұл кӛрсеткіш екінші қосымшадағы мәннен жоғары болса, онда цилиндрла капиталды жӛндеуді қажет етеді. Поршеньнің қысылу тактысының басындағы ауа ақпа кӛлемінен поршеньдік сақиналар мен клапандардың жағдайы туралы білуге болады.
ақпа жерлерін нақты анықтау үшін қозғалтқыш цилиндрына жоғары қысымды ауа жіберу керек. Бұл мақсатта құрылғыны қозғалтқыш пен ауа магистралынан айыру керек. Ауа магистралында 0,45 МПа –дан жоғары болмайтын қысымды запорлы винтелмен орнату керек. Және құрылғыға тимей ауамагистралының шлангасын қозғалтқыш штуцерымен байланыстыру қажет(6 сурет) .
Бірінші цилиндрдың клапандарын тексергенде үшінші қосымшада кӛрсетілгендей, шам тесіктеріне сигнализаторды орнатады .
егер де кӛрсеткіштер тұрақты болмаса, ол қозғалтқыштың мынадай жӛнсіздіктерін кӛрсетеді:
Сақиналардың сынуы немесе жанып кетуі; онда май құйылатын мойынша (головина) арқылы қатты шу естіледі ;
Клапандардың тұрып қалуы;онда цилиндрдың сәйкес шам тесігінен қатты шу естіледі;
Блок басша жаймасының жанып кетуі; онда басша мен блок арасында немесе радиатордың құймалы мойыншасында кӛпіршіктердің молынан пайда болады ,сонымен қатар цилиндр арқылы ӛтіп жатқан ауаның шуы қатты естіледі.
қалған цилиндрлардында жағдайы осылай анықталады
Достарыңызбен бөлісу: |