Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет7/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
BURXANOVUH

н
, q
ж
шамаларының өзгеруі. 
 
1,2 – сəкесінше мұнай өндіру 
м
q
 жəне сұйық өндіру 
с
q
 
Бұл кезеңде мұнайгаз өндіруші өнеркəсібінің дамуы тұтынудың 
шектелуіне байланысты болады, себебі мұнайды игеру қиын емес кен 
орындардың (мұнай коллекторлар аз тереңдікте, кейбір жағдайларда 
бірнеше он метрді құрайды, ал өндірілген мұнай аз тұтқырлығымен, 
агрессивті орта жəне су болмауымен ерекшеленген) аз болғандығы. 
Мұнайды жер бетіне көтерудің негізгі ең қарапайым əдісі – фонтанды əдіс 
болып саналады. Мұнайды жинау, сақтау жəне тасымалдау технологиясы 
да өте қарапайым болды. Сəйкесінше мұнай өндіруге арналған 
жабдықтары да қарапайым.
Игерудің екінші кезеңі (сурет 1.1, II) көп көлемде (максимал) мұнай 
өндірумен сипатталады. Кен орынды жобалау үшін берілетін тапсырмада 
көбінесе максималды мұнай өндірісін, өндіру жылдарын жəне екінші 
кезеңнің ұзақтылығын көрсетеді. Бұл кезеңде мұнайды тұтыну едəуір 
өседі, ал өндіру шарты қиындайды, үлкен тереңдікте орналасқан 
коллекторлардан жəне қиын геологиялық шарттағы кен орындардан мұнай 
өндіру қажет болады. Фонтандау аяқталғаннан кейін ұңғымадан мұнай 
шығарудың тиімді əдісін қолдану пайда болады, сонымен қатар басқа да 
бірнеше мəселелерді (кəсіпшілік ішінде тасымалдауды, айдауды, айыруды, 
тазалауды, сақтауды жəне тасымалдауды) қамтамасыз ету қажет болады. 
Осыған байланысты ұңғымадан газлифті жəне сорапты əдістермен 
сұйықты көтерудің технологиясы, мұнайды жинау жəне айырудың 
технологиясы ойлап табылады, ал бұл технологияларды жүзеге асыру үшін 
мұнай кен орындарын игеру жəне мұнайды өндіру техникасының жаңа 
түрлері ойлап табылып, өндіріске енгізіледі. Осы кезеңде мұнайдағы газды 
пайдалану басталады. Ұңғыманы фонтанды əдіспен пайдалануға арналған 
жабдықтар, күшті ұңғыманы газлифті əдіспен пайдалануға арналған 
жабдықтар (компрессорлы станциялар арқылы), штангалы жəне штангасыз 
сорапты қондырғылар, ұңғыма өнімдерін жинау, дайындау, газдан немесе 



судан айыру жабдықтары пайда болды. Мұнайгаз өндіруші өнеркəсіптің 
жəне оны машина жабдықтарымен қамтамасыз ететін мұнайгаз кəсіпшілік 
машина жасаудың пайда болуымен бірге мұнай жəне газ орналасқан 
аймақтарда ғылымда қарқынды дами бастады [1]. 
Үшінші кезең (сурет 1.1, III) мұнай өндірісінің тез төмендеуі жəне 
өндірілген өнімнің сулану көрсеткішінің өсуімен (егер мұнай қабаты 
суландырылса) сипатталады.
Ал төртінші кезеңде (сурет 1.1, IV) мұнай өндірісінің жəй төмендеуі 
мен ұңғыма өнімінің сулануы жоғары болып (80÷95% болады), оның өсуі 
байқалады. Бұл кезеңді игерудің соңғы кезеңі деп те атайды. 
Мұнай-газ өндіруші өнеркəсібінің əрі қарай дамуы жаңа кезеңмен 
байланысты, яғни барлық кішігірім кен орындарды игеру, едəуір терең 
ұңғымаларды пайдалану, жоғары тұтқырлы жəне құрамында агрессивті 
заттар бар мұнайды өндіру, сонымен қатар теңізде орналасқан мұнай 
ұңғымаларын жəне ұңғымаларды көлденең бұрғылау жəне пайдалану 
қажеттілігі болып табылады. 
Осы жұмыстардың барлығы мұнайгаз өндіруші өнеркəсібін машина 
мен жабдықтардың жеткілікті түрінде, қажетті параметрлерімен
сипаттамаларында, жоғары сенімді жəне жеткілікті санымен қамтамасыз 
етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет