5
КІРІСПЕ
Қазақстанның басты стратегиялық мақсаты –
экономиканың шикізат
өндіру бағытын бəсекеге қабілетті тауар жəне қызмет өндіруге
ауыстыру болып табылады. Сонымен қатар тауар жəне қызмет өндіруде
жаңа технологияларға сай интеграциялық үрдістерді енгізу.
Еліміздің өнеркəсіптік салалары əлемдік рынокта беделді орынға ие
екенін білеміз. Соның ішінде мұнай-газ жəне көмір өндірісі үздік
ондықтың қатарында, ал ТМД елдері арасында мұнай жəне газ қоры
бірінші орынды иеленсе, көмір қоры жəне оны өндіру жағынан үшінші,
адам басына шаққанда қолдану жағынан бірінші орын алады.
Қазақстанның мұнай-газ
өнеркəсібінің потенциалы
мұнай
мен газдың барланған қорлармен, сол сияқты олардың келелі
(перспективалық) жəне болжамдық ресурстарымен анықталады. Бұлардың
алдыңғылары бұрынырақ табылған, сөйтіп қазір игеріліп немесе барланып
жатқан, əйтпесе уақытша сақталып қойылған кен орындармен байланысты.
Келелі жəне болжамдық ресурстар əзір табыла қоймаған, бірақ анықталған
əртүрлі типтегі жергілікті тұтқыштар тұрғысынан (келелі жəне
шоғырландырылған болжамдық ресурстар), немесе алаптың ірі-ірі
құрылымдық элементтері мен литологиялық-стратиграфиялық кешендері
тұрғысынан жеткілікті дəрежеде ғылыми тұрғыдан негізделген ресурстар
болып табылады.
Бүгінгі күні де ел экономикасының аршындап алға басуын
қамтамасыз етіп отырған басым бағыттардың
бірегейі мұнай-газ саласы
болып табылады. Табиғи ресурстар қайтарымын арттырып, қазақстандық
қамтудың көлемін арттыру, қосылған құны жоғары өнім шығару жəне ІЖӨ
құрамындағы
көмірсутегі
шикізаты
үлесін
кеміту
өндірістік-
технологиялық базаны белсенді дамытуды талап етіп отыр. Осы орайда
елімізде əлемдік деңгейдегі мұнай-газ өндірістерін құру жөнінде ауыз
толтырып айтарлық іс тындырылғанын атап өтуіміз керек.
Мұнайдың дəлелденген қорларының мөлшері жағынан, яғни
республикада қабылданған қорлар жіктемесінің А+ В+С1
категориялары
бойынша, Қазақстан дүниежүзіндегі мұнайдың дəледенген қорларының
90 %-ын иеленген 16 елдің қатарына кіре отырып, осы тізбекте 14-нші
орынды иеленеді. Ал шындыққа сəйкесу деңгейі өте жоғары бағаланатын
Қашаған жəне Теңіз кенорындары бойынша есептеліп шығарылған
шамамен бағаланған қорларды (С2 категориясы) есепке алар болсақ,
Қазақстан дүниежүзі елдерінің алғашқы ондығына кіре отырып, осы
тізбектегі, Ресей Федарациясынан кейінгі, 8-нші орынды иеленеді. Сұйық
кемірсутектердің, яғни мұнай мен газды конденсаттың
жиынтық мөлшері
тұрғысынан да Қазақстан осы тізбектің 8-нші орнында. Сұйық
кемірсутектердің дəлелденген жəне шамамен бағаланған қорлары жағынан
6
республиканың жиынтық потенциалы əлемдік дəлелденген қорлардың
3,5 %-н құрайды.
2013
жылдың
мамыр
айында
«Шелл»
концернінің
координациясымен, жəне де «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚМГИ», «ҚБТУ»
жəне «ҚазҰТУ» қатысуымен, сонымен қатар мұнай-газ өкілдерінің
қатысуымен «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы өндіру секторының
ғылыми-техникалық дамуы жол картасын» əзірлеу аяқталды. Аталған жоба
Қазақстанның 300-ден аса мұнай-газ қоғамдастығын
біріктіріп сектор
дамуының ұжымдық пікірін көруге жол ашты. Аталған бастаманың
қорытындылары Шетел инвесторлары кеңесінің 26 - Бірлескен мəжілісінде
таныстырылды. Алға қойылған технологиялық міндеттердің іске
асырылуы Қазақстанға жəне жалпы салаға экономикалық тиімді əсер
көрсетіп, бірнеше миллиардтаған долларға пайда əкеледі. «Жол
картасының» маңыздылығын Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев атап өтіп, Үкіметке оның іске асырылуын тапсырды,
жəне шет ел инвесторларын қойылған технологиялық міндеттердің іске
асырылуына қатысуға шақырды.
Ал 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, Ресей, Беларусь жəне
Қазақстан елдері арасында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС)құру
жөнінде келісім шартқа қол қойылғаны белгілі.
Бұл келісімдер, аталған
елдер арасында экономикалық еркін байланыстың, яғни арадағы
тауарлардың қозғалысы, қызмет көрсету, қаржы салу жəне
жұмыс
күштерін еркін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақыттағы мұанай жəне газ өнеркəсібінде, оңай мұнай
өндірудің логикалық аяқталғанын көрсетіп отыр. Себебі, қазіргі мұнай
өнімінің көлемін сақтап қана қоймай оны көбейту үшін геолог мамандар,
үлкен тереңдіктегі ұңғымалар бұрғылау қажеттігін айтып отыр. Еліміздегі
қоры жағынан ең үлкен деп саналатын Қашаған, Теңіз жəне Қарашығанақ
кен орындары 5000 м дейінгі тереңдікте жатыр.
Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек
Қуандықовтың есебі бойынша, Қазақстандағы
мұнай өндіру көлемін
сақтап қалу үшін жаңа кен орындарын ашу қажет. Геологтар мен ғылыми
қызметкерлердің жобасы негізінде, мұнай қабаттары үлкен тереңдікте
орналасқан жəне бірінші ретте- мұнай өндіруге сапалы жаңа көзқарастар
керек.
Жоғарыда аталған мəселелердің барлығы мұнай жəне газ өнімдерін,
ұңғымамен өндіру технологиясының жаңа бағыттарын ашу жəне жаңа
техникалар қолдану барысында, көптеген жұмыстар жүргізілуі қажет
екендігін
айқындап қана қоймай, перспективалық жаңа жобалардыда
ұйымдастыруды жəне жүзеге асыруды мұнайгаз кəсіпшілігінің мамандар
алдында міндет етіп қояды.