Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері


ІІІ . Белсенділік орталықтарға бөлініп алайық



бет9/15
Дата19.02.2024
өлшемі369.5 Kb.
#492438
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Халық ауыз диплом

ІІІ . Белсенділік орталықтарға бөлініп алайық .

Қоржыннан асық алу арқылы орталықтарға бөлемін .


  • Балалар біздің сабағымызға ата-аналарымыз қатысып отыр . Әр топқа бір ата-анадан бөліп отырғызамын , оның міндеті топтағы оқушыларға бағыт – бағдар беру .




1 – топ : Әдебиет орталығы :

Тапсырма : Осы ертегідегі кейіпкерлерге байланысты тақпақтар айту .

(Қарлығаш , түлкі , маса , айдаһар) .

2 –топ : Стол – үсті орталығы :

Тапсырма : Түрлі - түсті қағаздармен орындалатың аппликация . 

Қарлығаштың суретін қағаз бетіне жабыстыру , қарлығаш 

деген сөзге сөйлем құрату . 

3 – топ : Мүсіндеу орталығы : 

Тапсырма : Қарлығаштың суретін қағазға салып беремін , оны балалар 

ермексазбен мүсіндейді .

Сергіту сәті : (Әр түрлі қимылдар жасай отырып орындау) .


Шиқ – шиқ еткен қарлығашты . 

Қорғамасаң болмайды .

Кіп – кішкентай қарлығаштар .

Адамдарды қорғайды .


Таспен атып қарлығашты . 

Ұя бұзған оңбайды .

Құс өкпелеп кетеді .

Ауламызға қонбайды .

ІҮ . Екінші айналымда орталықтың тапсырмалары ауыстырылып беріледі 

1 – топ : Әдебиет орталығы : 

Тапсырма : “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” ертегісі бейнеленген 

суреттер беріледі , сол сурет бойынша әңгіме құрастырады .

2 – топ : Стол – үсті орталығы : 

Тапсырма : Қарлығаштың , түлкінің үзік нүктелер арқылы салып беремін

оларды қосып , суретті түрлі – түсті қаламмен бояп шығады .

3 – топ : Драма орталығы :

Тапсырма : Балалар осы ертегідегі кейіпкерлердің бейнесінде сахналық көрініс жасайды .

Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонаққа келген Қожанасырдың қоржынындағы түрлі тапсырмаларға жақсы жауап бердік.Қожанасыр біздің жауабымызға дән риза. Қожанасыр келесі мектептегі балаларға көптеген тапсырмалары бар екен. Балаларға жеткенше асығып отыр деп шығарып саламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет