Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері



бет2/15
Дата19.02.2024
өлшемі369.5 Kb.
#492438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Халық ауыз диплом

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің оқу процесінде қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы оқушылар бойынан адамгершілік тәрбиені қалыптастыру. 
Зерттеудің міндеттері: 1) Педагогикалық, психологиялық және әдебиет 
тұрғысында жазылған ғылыми еңбектерге теориялық тұрғыдан талдаулар жасау. 
2) Бастауыш мектептің оқу процесінде халық ертегілерін қолданудың ролі мен мәнін анықтау.
3) Ана тілі сабақтарында халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Оқу – тәрбие процесіндегі халық ертегілерінің орны.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектептегі Ана тілі пәні. (1 – 4 сынып).
Зерттеу әдісі: Ғылыми тұрғыда жазылған мақалалар мен еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, озат педагогикалық тәжірибелерді іріктеу, бастауыш мектеп оқушыларымен әңгімелесу, сұрақ-жауап, байқау т.б. 
Дипломдық жұмысым құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 


І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесіндегі ролі.
1. 1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері.

Мұғалімнің кәсібіне жарамдылығы өз пәнін жақсы біліп, тығыз байланысты жан – тәнімен ұнатуынан, балалармен тығыз қарым-қатынас жасауынан және өз бетінше ізденіс жасап, шығармашылық еңбек етуінен көрінеді Болашақ ұстаздарға жоғары педагогикалық оқу орындарына түскеннен бастап аталған қасиеттерді қалыптастыруда “Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі” пәні айрықша орын алады. Өмірдің талабына байланысты бұл пәннің басты мақсаты – студенттерге өздері қалаған мұғалімдік мамандықтың қыры мен сырын тануға, оқу тәрбие процесінің субъектісі, әрі объектісі болып саналатын оқушының дамуы, қалыптасуы, денсаулығы жайлы біліп, оқушыны білімге, іскерлікке, дағдыға үйрету. Сондай-ақ баланың дене, ақыл-ой жағынан дамығандығын, балалар өмірінде кездесетін келеңсіз құбылыстардың орын алу себебін түсінуге және баланың жас, дара, денсаулығын оқу-тәрбие жұмыстарында есепке алудың қажеттігін ұғындыруға көмектеседі.
“Оқушы оның дамуы және тәрбиесі” пәнінің методологиялық негізі философия ғылымдары.Ол дүние мен адамның тұтастығы немесе өмірдің мәні туралы адамның әлемдегі орны, оның парасаты мен биік қасиеті туралы ілім болғандықтан, зерттеу мәселесі мұғалімнің кәсіптік әрекеті, оқушының дамуы мен тәрбиесі, яғни жеке адамның іс-әрекетін қарастыратын пәнге арқау болады. Егер оқушының іс-қимылына талдау жасасаң, оның қоршаған дүниенің парасатсыз, қозғалыссыз, төменгі сатыда дамыған объектісі емес, керісінше, дүниенің терең тануға ұмтылыс жасайтын, үздіксіз жаңаруға бейім белсенді объектісі екенін аңғаруға болады.
Оқушының белсенді әрекеті өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын қабылдап, санада бейнелеуіне байланысты. Ол ойын, оқу, еңбек іс-әрекеті арқылы сыртқы дүние шындығын санада бейнелейді. Әсіресе өздеріне лайықталып жасалған оқу пәндері арқылы дүниені кеңірек таниды.
“Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі” пәні философияның диалектикалық әдістерін басшылыққа алып, оқушыны іс-әрекет кезінде зерттейді, оған сай дамуға, тәрбиелеуге ықпал ететін себептерді, оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдістері мен формаларын анықтайды.
“Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі” пәні педагогика ғылымдары жүйесіне ене тұрып анатомия, физиология, психология, мектеп гигиенасы, дефектология және медицина ғылымдарымен тығыз байланысқан. Сөйте тұрып, бұл пән мынадай міндеттерді шешуді көздейді.
- Мұғалімнің негізгі міндеттері, оларға тән сапалық белгілерді белгілеп, педагогтік шеберлікке үйрету;
- Болашақ ұстаздарды баланың биологиялық, әлеуметтік ортаның және тәрбиенің әсерінен дамып қалыптасатындығы және баланы зерттеу әдістері жайлы білім беру;
- Мұғалімдерге баланы ата-баба дәстүрі мен салтына сәйкес тәрбиелеу мазмұнын белгілеу, оған сай баланы имандылыққа тәрбиелеудің кейбір жолдарын үйрету;
- Тәрбиелеу мен оқытудың физиологиялық, психологиялық, негіздерін ашу;
- Оқушы тәрбиенің объектісі әрі субъектісі ретінде студенттер оларға кәсіптік қарым-қатынас жасауын қалыптастыру;
- Баланың дамуында болатын ауытқушылар мен кідірістерді және келеңсіз құбылыстарды біліп, оған сай оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізе білуге үйрету.
Пәннің басты ұғымының бірі – даму. Оқушы дамуы дегеніміз, оның сыртқы, ішкі, басқарылатын, басқаруға болмайтын табиғи және әлеуметтік фактордың әсерінен жеке басының қалыптасуы. Даму - күрделі ұғым. Даму кезінде сандық өзгерістердің жинақталуынан сапалық өзгерістер пайда болып, әдепкіге қарағанда организм күрделене түседі. Бұл ескінің жаңамен алмасуына, қарама-қайшылықтың орын алуына байланысты.
Дамуға ықпал ететін сыртқы әсерлерге баланы қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасы, өзгелермен қарым-қатынасы, оларды тәрбиелеу мақсатында ересектердің жасаған қызметі жатады. Бала сыртқы әсерлерді бірден қабылдай бермейді, оған өзінің бейімділігін, болмаса қарсылығын білдіреді яғни жүйке жүйесінің көмегімен сыртқы әсерлерге іштей елең етіп, қажетіне қарай жауап береді. Міне, сондықтан тәрбиенің біртекті жағдайының өзінде де, мектеп қабырғасында сапалық қасиеті әр түрлі балалар дамиды.
Даму процесін психикалық денелік және жалпы деп бөледі. Баланың интелектісінде бейімділігі мен қабілетінде, еркі мен сезімінде, танымалда және мінез-құлқында болатын өзгерістер психикалық дамуға, ал дененің қимыл-қозғалыссыз, күші мен қызметінің өсуі денелік дамуға байланысты. Жалпы дамуға психикалық, денелік дамуымен қатар ақыл-ой, адамгершіліктік жағынан болатын өзгерістерін жатқызады. Ақыл-ойдағы өзгеріс баланың өз бетінше іс-әрекетке, ұғымдар мен түсініктерге, түрлі оқиғалармен жағдайларға талдау жасауына сәйкес салыстыруынан, нақтылауынан, жалпылауынан және қорытуынан көрінеді. Адамгершілік жағынан болатын өзгеріс – баланың жақсы мен жаманды ажыратып, оған лайықты жауап беруі, бойындағы имандылық белгілерін дамытуы. 
Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі процесс. Оның өзіне тән заңдылығы, қағидасы, ұйымдастыру формалары мен әдістері бар. Тәрбие заңдылығы деп отырғанымыз педагогикалық құбылыстар мен процестердің объективті байланысы. Мысалы, тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің баланыстығы, тәрбиеленушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру.
Өмірде баланың тәрбиелеудің мазмұнын белгілеу жетекші орын алады. Соңғы кезде білім мазмұнының тұжырымдамасында тәлім-тәрбие мазмұнының негізгі алты жағы: ақыл-ой тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, тілдік қатынас тәрбиесі, дене тәрбиесі көрсетілген. Аталған тәрбие түрлерінің мақсаты дүниенің шындығын өз мәнінде танитын, эстетикалық сезімі, талғамы жоғары, іс-әрекетке жарамды, өзгелермен қарым-қатынас жасауға бейім, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасайтын жастарды тәрбиелеу. Қазіргі кезде баланың бойында ұлттық намыс қайырымдылық сезімін қалыптастыру айрықша орын алады. Өйткені әрбір адам ана тілінде өз халқының тәлім-тәрбиесін алуы арқылы өзге ұлттың өкілі алдында өзінің дамығандығын көрсете алады. Бұл тәрбие саласындағы өзін-өзі дәріптеу емес, терезесі тең ұлт ретінде өзінің әдет-ғұрпын, салт –дәстүрін өзгелерге таныту. Оның ықпалынан болған қасиеттерін мақтаныш ету. 
Тәрбие процесінің қажетті буыны - өзін-өзі тәрбиелеу. Ол адамның өз мінез-құлқына баға беруінен, өз ісіне бақылау жасап, алға мақсат қоюынан көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу ісі арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарын жүргізгенде тиімді нәтиже береді.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу тек өзін дамытуға ғана емес, сондай-ақ оны түзетуге де бағытталған. Тәрбие қоғам белгілеген және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің оқу сабақтары мен сыныптан, мектептен тыс жұмыстары кезінде арнайы мақсат көздеп, баланы қалыптастыруға ықпал ететін күрделі процесс.
Оқыту-мұғалімнің мақсатқа сай оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыруға және өз бетінше еңбек ету ізденісіне үйретуге бағытталған іс-әрекеті. Оқушының білуге, тануға, үйренуге және бейімділігі мен қабілетін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған іс-әрекетін оқу деп атайды. Ал мұғаліммен оқушының мақсатқа сай, тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған іс-әрекетін оқыту процесі деп атайды. Оқыту процесінде білім беру, тәрбиелеу, дамыту ісі шешіледі, яғни оқыту процесінде алдымен оқушыға оқу пәндеріне сай білім беріліп, іскерлік пен дағдыға үйретіледі. Екіншіден, берілген білім оқушының ой-өрісінің, қабілеті мен бейімділігінің дамуына әсер етсе, үшіншіден оқушыда көзқарас, сенім, мұрат, тәртіптілік, жүйелі еңбек ету, мінез-құлық қалыптастырады. 
Оқыту мен тәрбиелеу кезінде білім беру іске асады. Білім беру дегеніміз – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуальдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Оқушылар білімді тек оқыту кезінде емес, өз бетінше оқуы және бұқаралық құралдар радио, теледидар арқылы да алады.
Жас ұрпақтың дамуы мен қалыптасуы мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстарға ғана, орталық әсеріне де байланысты. Орта деп отырғанымыз кездей соқ, кейде жүйелі әсер ететін, түрлі сыртқы құбылыстардың жиынтығы. Ортаға әлеуметтік, мәдени, экономикалық факторлар және адамның табиғи өмір сүру жағдайлары жатады.
Көп жылдық бастауыш сыныптың мұғалімі ретінде байқағаным – бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабілеті жақсы болады. Егер балаға қызығушылығына қарай жүйелі мәлімдемелер түсіп отырса, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Біз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негізге алдық. Ол баланы қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарымен еркін араластыру керек, әр түрлі баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып,жүргізу қажет деген ұсынысын зерттеуімізге басшылыққа алдық. Әр түрлі жүргізілген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетілдіре түседі. Бұл туралы психолог Л.С. Выготский. “Дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуальды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі...”,- дейді.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенгенін байқадық. 
Мәселен, С. Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері” атты ғылыми – зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда білім мен тәрбие негізгі орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды.
Психикалық дамуға – оқушының мінез-құлқының, ерік-жігерінің қабілеттігінің дамуы;
Дененің дамуға – дене бітімінің өз жасына сай болуы,
Рухани дамуға – оқушының ішкі жан дүниесінің сырттан әсер ететін күшпен өзара бірлігі;
Жалпы дамуға – оқушының жан-жақты үйлесімді дамуы; деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудық ғылыми теориялық негізін айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардыңь тиімділігін арттыруға, үйірме жұмыстарымен мектептегі қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың тиімділігін нақтылайды.
Көп ұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесі В.А. Кимнің еңбегінде негіз болады. Әрбір этникалық топтың бір ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшеліктеріне, салт –дәстүріне, әдет-ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда әр ұлт өкілдерінің ықпалын жан-жақты ашып көрсетеді.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р.К. Төлеубаева адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге таңдау жасай келе, адамгершілік адамның тұлғаның құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олар мен адамгершілік қарым-қатынасы адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, оның жанды саласы – мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне тоқталады. Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі.
- Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттерді тәрбиелеу;
- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
- Оқушының санасына және мінезіне ұстаздың ықпал жасауы;
- Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты жасалады.
Адамгершілік тәрбиесі оқу-тәрбие үрдісінің барлық саналарына, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады.баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарда көзге түседі, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Үлкенді сөйлеудің, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу -әрекетіне өзінің қатынасын, жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым-қатынасы байқалады.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйірме жұмыстарында адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түріне сынып жетекшінің этикалық жарыстар, пікір сайыстар жатады.
Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін көптеген жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесі ескеруіне тиіс. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.
Адамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.
“Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды”,- дей отырып, “егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады”,- деген болатын В.А. Сухомлинский.
А.Бейсенбаева “Қазіргі кезде адамгершілік қасиеттер азайған, тұрақсыздық жағдай қалыптасқан қоғамда өсіп келе жатқан жасөспірімдердің бойына жоғары азаматтық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ғаламдастары, интеграция және гуманизация сияқты алдын-ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет”,- деп көрсетеді.
Адамгершілік тәрбиесі – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберлерінде қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізі орын алмақ.
Қандай халық болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені ілікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болшақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзінен бірге жасасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан ерекшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді педагогикалық әдебиеттерге сүйенген дұрыс.
Қайырымдылық – адам баласындағы тәрбие мен тәлім арқылы қалыптасатын мінез-құлықтардың ішінде, әсіресе қайырымдылық пен зұлымдық өз алдына ерекше орын алады. Естеріңізде болар, Адам ата мен Хауа – ананы жұмақта ұстаған сәтінде, әуелі оларды Алла – тағала осы жоғарыда айтылған екі түсініктен сақтандырады. Оларға “жеуге болмайды” деп тиым салған алма жемісінің мәні де осында. Төбесінен төнген қып-қызыл алмаға қызығып, есі кетіп тұрған Хауа-анаға данышпан Жылан сыбырлап: “Жо-жоқ, қорықпа... тіпті де өлмейсің. Қайта, көзің ашылып, құдайдың өзіне ұқсап мынау тіршіліктегі қайырымдылықпен зұлымдылықтың сырын ұғынасыңдар”- деген еді ғой. Міне, осылай дүние сырын түсінуге ынтыққан Адам - ата мен Хауа – ана жұмақпен қоштасқан болатын. Содан бері қарай жылан “бауырымен жер сызып” жүрсе, әйел атаулы - “ұрпағын қиналып тууға”мәжбүр болған, ал еркектер – тіршілікке қажет қоректі “маңдай терімен” табуды әдетіне айналдырады. Осылайша, адамзат шын мәнінде, ақылдан азап шегеді.
Қанша азап шексе де адам баласының түпкі мақсаты, қайырымды қоғам орнатып, өзінің тіршіліктегі бақытын табу.Сондықтан , шамасы жетсе, қайырымды іс істеуден артық ешнәрсе жоқ екенін әркім біледі. Бірақ адамдар айналасындағы жайсыз жағдайлардың әсерімен және ұрпақ тәрбиесіндегі келеңсіз тәлімдердің салдарынан қайырымдылық атаулыға қас, қарама-қарсы мінез-құлықтарды бойына сіңіреді. Сонан келіп, өмір тіршілігінде жиі кезедесетін жақсы мен жаман адамдардың пайда болатынын білеміз. Міне адамдардың осындай бейнелерін суреттейтін “Жақсылық пен Жамандық” сияқты қиял-ғажайып ертегілерден мысал келтіруге болады.
Міне, осылай ұзақ жылдарда адам баласы тіршіліктің ащысы мен тұщысын татумен келеді. Бірақ, жай ғана келе жатқан жоқ, ғасырдан ғасырды артына салып есейіп ер жетіп келеді. Түптеп келгенде адам баласы өз құдіретін өзі тауып бүкіл табиғат анасының қамқоршысы болары хақ дейміз.
Міне, мұндай ойға дәлел болатын Шындық пен Әділет адам баласының мінез-құлығына білгенде ғана сіңетін, аса құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі. Иә, қайырымсыз қоғамда шындық пен әділеттің жолы тым алыс болмақ. Әйтсе де, ол екеуінің арқалаған абыройлары да аз емес. Өмірдің шындығы болса, тіршіліктегі әділет атаулы сөзсіз содан туындап жатады. Ендеше шыңыраудың түбінде шындық қана сақталмақ. Бірақ оны танудың өз қиыншылығы бар. Бір адам шындықтың бір қырын, екіншісі – қырын көріп, әрқайсысы өзінің ғана көре білген шындығын айтып, бір-бірімен келісе алмай, дау-дамайға ұшырады. Кейде қатты кеткен даудың аяғы аса үлкен соқтығыстарға да апарады. Сайып келгенде, бір қарағанда – екеуі де кінәлі болып шығады.
Мінеки, мұның бәрі ақыл мен білімнің шолақтығынан туындайтындығынан барынша жылдамырақ ұғынып, тезірек түсінгеніміз жөн. Халқымыздың даналығына сүйенсек: “Көзі соқырдан гөрі, көкірегі соқыр жаман”- деген ғой. Бұл тіршілікте әртүрлі жағдайлармен дұрыс тәрбие ала алмаған. “Көкірек соқырлар’’ тым көп. Сондықтан да өмір шындығын асқар таудай ұлы көріністері, олар үшін күнделікті ішіп-жегендерінен артық емес сияқтанып көрінеді. Егер шындық адам бейнесіне еніп, көкіректері көр тобырдың ортасына түссе, оны топастықтың қара күйесі қымтап алып, ыстандырып жіберері хақ.
Шындық пен әділетті суреттейтін көркем шығармалардың ішінде аңызды айтсақ - “Аяз биді’’ еске алып, ғұламалыққа бой ұрсақ ,- “құтты біліктегі’’ шындық пен әділетті сипаттайтын баптарға жүгінер едік. 19-шы қара сөзден бастап оқу керек – сөздің турашылығы, қадір-қасиеті, шыншылдығы жайлы.
Әділет пен шындыққа сүйенбеген сөзден қауіпті нәрсе жоқ екенін айтады. Бұл еңбек шын мәнінде де бүкіл түркі тілдес халықтардың құты мен бақытына, ырысы мен адамшылық қасиеттеріне айналған құдіретті білім арнасы. Сонымен бірге “Құтты білік’’ атты кемеңгер кітаптың құдіреті де оның біте қайнасқан халықтығында жатыр. Кітаптың өң бойында айтылатын парасаттың бәрі де халық даналықтарымен астасып кеткен. Енді әділет жайында айтылған баппен танысайық.
Сонымен, адамзат баласы өзінің ұзақ ғұмырында екі рет Құдайдың қаһарына ұшырапты. Әрине, біз аңыз ретінде жазылғандарын ғана айтып отырмыз, әйтпесе, оның бойындағы кемшіліктері сан жетпестей көп екендігіне күмәніміз жоқ. Бірақ, адам баласы үнемі өзін-өзі тәрбиелеп, бойындағы кемшіліктерден айырылумен келеді. Саналы тіршіліктермен жеткен жетістіктері аз емес.
Біздердің қазіргі “Халық педагогикасы’’ деп жүргеніміз, сол ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жиып - терген тәсілдері мен тәрбиелерінің жиынтығы. Олай болса, бұл күллі адамзат мәдениетінің тарихының анасы тәріздес, аса үлкен құбылыс. Сөйтіп дүние жүзіндегі халықтардың тәлімі мен тәрбиесінің бастауын сонау топан су заманынан бастау керек. Сонан бері адамзат баласы басынан талай қилы замандарды кешті. Бертін келе толып жатқан халықтар пайдасы болып, әрқайсысы өзінің тарихы мен мәдениетін жасады. Сол рухани қазыналарға жататын фольклордың ішінде, бүкіл халықтық педагогиканың негіздері айтылады.Ендеше, қазақ халқының жүзден аса батырлар жырында, қаншама ғашықтық дастандарында, небір ғажайып ертегілер мен аңыздарында, тіпті мақал-мәтелдерінде тұнып тұрған адамшылыққа жеткізер тәлім екені анық. Тек мұны жүйелі түрге келтіріп, пәрменді әдістермен ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз керек. 
Қазіргі тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып қойған емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе болмақ. Осыған орай, бүгінгі мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мақсатында “Атамекен” бағдарламасы қабылданған “Бағдарламада”, “Салт”, “Асыл мұра”, “Бабалар өсиеті”, “Қыз бен жігіт”, “Заманай”, “Достық”, “Ата-ана”, “Қайырымдылық”, “Сөнбес жұлдыздар” атты тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Олардың қайсысы болмасын бала бойында асыл да, ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз. Егер біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, көп болып жұмыла осы бағдарламаның өз дәрежесін іске асырсақ тамшыдай үлесімізді қосар болсақ, ұлтымыздың жұлдызының жоғары болуына, еліміздің еңселі де іргелі, өркениетті ел қатарына сатылуына мол үлес қосқан болар едік. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет