Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері



бет8/15
Дата19.02.2024
өлшемі369.5 Kb.
#492438
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Халық ауыз диплом

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгере отырып,оның мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Топта жұмыс істей 
білу, өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау.
2.Дамытушылық:Ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, ертегіні өз сөздерімен әңгімелеуге, өз ойын ірікпей айтып, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
3. Тәрбиелік :Жауыздықтан жирендіру , әлсіздерге , жәбір көрушілерге арашашы болуға,жақсылық пен жамандықты айыра білуге, әрқашанда әділ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.Түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік,топпен 
жұмыс, кубизм әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Ертегінің мазмұнды суреті, Қожанасыр суреті,
орталықтар жазылған тіреуіштер, фишкалар, аппликация, ермексаз, қоржын, асық.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: а)Балаларды түгелдеу.

ә)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Таңертеңгілік жиын:

-Балалар шеңбер жасап тұрады.Оқушылар дөңгеленіп тұрып сәлемдеседі, барлығымыз дөңгелене отырып, бір-бірімізге жылы лебіз білдіріп, жақсы тілек айтып шығайық.

-Әрине, біз бір-бірімізге жақсы тілектер айтуға дайынбыз.

-Ендеше бір-бірімізге күлімдеп қарап, жүрек жарды лебізімзді жеткізейік.

Осылайша барлығы бір-біріне өз тілектерін айтып шығады.

Балаларды орындарына отырғызамыз.

ІІ.Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.

Кіріспе сөз:

-Балалар,жаңа сабағымызды бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін табыңдар. Балаларға жұмбақ жасырамын.


Бұдыр-бұдыр балшықты.

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа.

Үй салады жабыққа.


Балалар, бұл жұмбақтың шешуі қарлығаш деп жауап береді.

Дұрыс айтасыңдар балалар

“Ой қозғау стратегиясы”

  • Балалар сендер қарлығаштың қандай құс екенін білесіндер ме ?




Балалар білеміз деп жауап береді .


  • Олар жылдың қай мезгілде ұшып келеді ?




Көктем мезгілінде .


  • Қазір жылдың қай мезгілі ?




Көктем мезгілі .


  • Балалар , қарлығаш ұясын үйлердің іргесіне немен салады деп ойлайсындар?




Шөп- шалаңмен қалап балшықпен салады деп жауап берді балалар .


  • Ия , дұрыс айтасындар балалар .




Қарлығаш үйлердің іргесіне туқұйрық араласқан лаймен лайлап , қабырғасына шөп – шалаң қалап оның ішіне мамық төсейді . Ондай ұя әрі ыдамды, әрі жылы болады деп балаларға түсіндіріп өтемін .

Балалар мен сендерге “Қарлығаш әулие ” деп аталатын әнгімемен таныстырып өтемін. Міне балалар Төле би осылай “Қарлығаш әулие” деп атаныпты . 

Ертегі – халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі , ауыз әдебиеті . Ертегінің өзі үш түрге бөлінеді : Қиял – ғажайып ертегілер , тұрмыс – салт ертегілер , хайуанаттар туралы ертегілер . 


  • Балалар біз көптеген ертегілермен таныс болдық .




Кубизм” стратегиясы : 

Кубиктің әр қырларына мына суреттерді жабыстырып сабаққа қолдандым 

“Мақта қыз бен мысық” ертегісі , “Бауырсақ” ертегісі , “Кім неден күшті” ертегісі , “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” . 

Бүгін өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы : “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” ертегімен оқып танысамыз . Ертегіні тақтаға ілінген мазмұнды суреттер бойынша балаларға түсіндіремін .


  • Балалар , біздің бүгінгі сабағымызға Қожанасыр қонаққа келіпті . Қоржынын толтырып сендерге көптеген тапсырмалар әкеліпті . Біз осы тапсырмаларды орындау үшін : 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет