Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлғаның спорттық ойындарға белсенділігін
арттырудың тиімді жолдары
Спорттық ойындармен шұғылданушылардың алдарына әрқашан мақсат
қойылады – бұл ойынның әрбір аяқтайтын тапсырмасын жасау, яғни нәтижеге
жету, әр түрлі ауысатын жағдайларға байланысты өз мүмкіншіліктеріне қарай
жаңа шешімдер табуға, ойнаушылардың өзіне шешім қабылдауға мүмкіндік
береді. Ойын - өте эмоционалды әрекеттілік, сондықтан, бұл жастармен және
балалармен тәрбие жұмысында үлкен бағалы болып келеді. Балалар мен
жасөспірімдерде спорт түрлерінің арасында спорттық ойындар кең тараған.
Спорттық ойындардың мінездік ерекшелігі боп, ойын мазмұнында әрекеттердің
көрнекті рөлі болып табылады. Бұл әрекеттер ойын сюжетімен (желісімен)
негізделген. Бұлар ойын мақсатына жету жолында қойылған әр-түрлі
қиыншылықтарды, бөгеттерді өтуіне бағытталған. Халық педагогикасында ойын
әрекеттіліктің бір түрі ретінде ерекше маңызды, оқыту, тәрбиелеу мақсатында
қолданады. Спорттық ойындар жалпы білім беретін мектептердің,
62
колледждердің және жоғарғы оқу орындарының тәрбие құралы ретінде оқу-
тәрбиелеу үрдісіне сәтті еңгізілген.
Спорттық ойындар түрлері өте көп, оның ішінде кең тараған түрлері:
баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, теннис, хоккей, бадминтон
т.б. Оқу орындарының бағдарламасына енгізілген спорттық ойындар түрлері бұл
–
баскетбол, волейбол, гандбол, футбол ойындары. Ал мектептер арасында,
жоғарғы оқу орындар арасында, ауданда, қалада, облыста ұжымдар арасында
ұйымдастырылатын жарыстарда көбінесе спорттық ойындардың ішінде
баскетбол, волейбол, футбол, үстел теннисі түрлерінен жарыстар өтеді.
Командалық спорттық ойындардың мақсаты қарсылас команданы жеңу
үшін әрекет жасайды. Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі
жылдамдықпен орындай отырып, адам ағзасында, жүйесінде және ішкі
құрылыстарына оң әсер етеді. Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды
жүктеме және үлкен қуанышқа бөленіп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде
спорттық ойындардың маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды
иелене отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты
сақтауға, көңіл күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Жеке тұлғаның спорттық ойындарға белсенділігін арттырудың жолдары бұл
арнайы жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді дене шынықтыру және оқу
жаттығу сабақтарында орындау кезінде оларды жүйелі және мақсатты бағытта
қолдану жағдайында ғана жүзеге асырылады.
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізу оқыту мен тәрбиелеудің
жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене
тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы
заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа
алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналылық пен
белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке
даралық. Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы
тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше
қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы
сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле
түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті
болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы
олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын
талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып
келеді.
Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың мүмкіндіктері
мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта
түсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың
динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда
оқу – тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен
тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
63
Спорттық техника мен оны жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген
түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді
үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы
меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады.
Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы және жалпы болып екі топқа
бөлінеді. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: а) қатаң шектелген жаттығулар
әдістері; ә) ойын әдісі; б) жарыс әдісі. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: а) сөзді
қолдану әдістері; ә) көрнекілікті қолдану әдістері.
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың
элементтерін қолдану – ойын әдісі қолданылады. Ойын әдісінің мынандай өзіне
тән ерекшеліктері мен белгілері бар: белгілі бір жеңіске жету үшін ойынның
жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру; ойын әрекеттері
кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-
күйлерінің көтерілуі; ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-
әрекет жасауға шешім қабылдауы, яғни ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің,
лақтырудың жолын өзі таңдайды; қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың
ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы; ойын
барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары. Жоғарыда
айтылған ерекшеліктер ойыншының ойынға деген белсенділігін арттырады.
Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық,
ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және
оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық,
ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да
көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдісімен
жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бірқалыптылықтан
құтқарады.
Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі
дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі – біріншілікте қарсыласыңды,
команданы жеңу үшін бәсекелесу, күрес, күш сынасу жағдайында жоғарғы
көрсеткіштерге жету. Бұл әдіс әр түрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады.
Мысалы, адамгершілік, жігерлілік, дене қасиеттерін тәрбиелеу, күрделі
жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Жарыс әдісі адам
ағзасының мүмкіншіліктеріне жоғарғы талаптар қояды да, оның ары қарай тез
дамуына ықпал етеді. Бұл жарыс әдісінің міндетті түрде орындалуы үшін керекті
шарт: жарыс, бәсеке жаттығуларына оқушылар өте жақсы дайындықпен
келулері керек. Сонымен қатар бұл әдіс оқушылардан жаттығуды орындау
кезінде пайда болатын міндетке өз шешімін тез қабылдауын талап етеді.
Сондықтан спорттық ойындармен шұғылданушылардың белсенділігін
арттырудың тиімді жолдарының бірі жарыс әдісі болып табылады. Өйткені олар
жарысқа қатысу үшін, құрама командаға кіру үшін бар ынтасымен белсене,
қызығушылықпен өзі таңдаған спорттық ойын түрімен айналысады.
Спорттық ойындардан жарыстарға қатысушылардың шеберлігін жетілдіру
үшін, қимыл және имандылық-жігерлік сапаларын тәрбиелеу үшін, ойынды
насихаттау үшін маңызы өте зор. Бұл жаттықтырушының және барлық ұжымның
жаттықтыру, тәрбиелеу және ұйымдастыру жұмыстарының қорытындысы.
Жарыстарға қатыспаса оқу-жаттықтыру жұмысының нәтиже беруі мүмкін емес.
64
Жарыстар ойыншылардың барлық жағынан дамуына өте көп ықпалын тигізеді,
әсіресе бала жасында. Сондықтан жарыстарды жасын және дайындығын ескере
отырып жоспарлау қажет, әрқашан олардың ұйымдастыруын және өткізуін
ықтияр ойластыру керек. Жақсы ұйымдастырылған, салтанатты түрде өткізілген
жарыстар қатысушылардың тәрбиесіне оң әсерін тигізетіні белгілі.
Жаттығу кезінде көп қайталанатын жүктеме мен тынығуды алмастыра
орындайтын қимыл-әрекетте қатаң шектелген жаттығу әдістерін пайдалану
көптеген мүмкіншіліктерге қол жеткізеді: жүктеме көлемін қатаң мөлшерлеуге.
Бұл әдісті қолдану кезінде жүктемені ең төменгі шамаға дейін жоғарылатып,
басқаруға болады; әр түрлі дене қуатының қасиетін дамыту және жаттығу
арқылы жеке дене мүшелеріне әсер ету; дене тәрбиесі үрдісінде жеке үйретуді
пайдалану; кез келген күрделі жаттығуларға үйрету; дене тәрбиесі
жаттығуларын әр түрлі жастағы адамдар арасындағы сабақ, жаттықтыру
кездерінде пайдалану мүмкіншілігі. Біз осы әдістің көмегімен жаттығуларды
жас балалардан бастап егде жастағы адамдарға дейін қолдана аламыз.
Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге
болады. Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде
мынадай жағдайларда қолданылады: қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде;
дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен жүргізілетін
жаттығу сабақтарында; қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын,
бөлшектесе техника негізінің сапасы болмайтын жағдайда; бұрын үйренген
жаттығуларды жетілдіруде.
Жаттығуларды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп
жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды.
Жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді
ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі ол адамның дамуы өзін-өзі
дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-
өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше. Қабілеттіліктің дамуы үшін өз барысында
баланың бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет. Ал мұндай
көңіл-күйге түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен
сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Спортшы белгілі бір
спортпен міндет үшін емес, жарыста жеңу үшін емес, сол спортпен
айналысқысы келетін болғандықтан жетістікке ұмтылады, яғни ол балада
жағымды сезімдермен байланысты қажеттілік бар. Бұл – жеке тұлғаның мәдени
ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық,
жасампаздық ықпал-әсері. Спорттық ойындарға белсенділікті арттыру
жолдарының бірі бұл спортшының өзін-өзі дамыту күштері жеке тұлғаның
дамуының ең маңыздысы болып табылады [74, 80].
Достарыңызбен бөлісу: |