Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Волейбол командалық спорт ойыны, спортшылар допты қолымен соғып, 

алаңның  ортасына  керілген  тордан  асырып  қарсыласының  алаңына  түсіруге 

тырысатын командалық спорт ойыны. Ертедегі Мысырда волейболға ұқсас ойын 

болған көрінеді. Ауданы 18х9 метр алаңда әрқайсысы 6 адамнан екі команда болып 

ойналады. Волейбол добы шеңберінің ұзындығы 65-68 сантиметр, салмағы 250-300 

грамм. Алаң 9х9 метр болып екі шаршыға бөлінеді, ортасынан ені 1 метр болатын 

тор 2,10-2,45 метр биіктікке керіледі. Ұтқан әр  сәт үшін ұпай жазылады. Партия 25 

ұпай алғанша созыла береді. Егер есеп 24:24 болған жағдайда бір команда 2 ұпай 

озғанша  ойын  созыла  береді.  Үш  партияда  ұтқан  команда  жеңіске  жетті  деп 

есептелінеді. 3:0 немесе 5:2 уақытқа шек қойылмайды. Волейбол алғаш рет 1885 

жылы АҚШ-тың Хомсоке қаласында (Массачусетс штаты) ойналды. ХХ ғасырдың 

басында көптеген елдерде белгілі болды. 

Қазақстанда волейбол ойнау 1929 жылдан белгілі. Бірақ ол кезде бұл ойын 

қазіргі волейболға тіптен де ұқсамайтын, әйтеуір допты бір-біріне қақпақыл тастап, 

қарсы жаққа жеткізсе жеткілікті еді. 1929 жылы қыркүйек айында республика дене 

47 



тәрбиесі кеңесінің  ұйғарымы  бойынша  спорт ойындарынан  жарыс  өтті.  Осы 

ойындардың бағдарламасында волейбол болатын. 

1969  жылы  Алматының  «Буревестник»  командасы  еліміздің 

кәсіподақтарының біріншілігінде жеңімпаз атанды. Алтын медаль О.Антропов, 

Г.Гончаров, А.Кормановский, В.Кравченко, А.Портной, Н.Рагозин, Ж.Саурамбаев, 

А.Сұлтанов,  В.Устиненко,  Вячеслав  және  Виталий  Шапрандарға  және 

Л.Щербаковқа табысталды. 1970,1971 жылы «Буревестник» командасы Еуропа 

чемпиондарының кубогін жеңіп алды. 

1984 жылы олар КСРО-ның чемпионы атанды. Мұндай атаққа Е.Чебукина, 

И.Ризен,  Л.Носенко,  И.Юрова,  Л.Перевертова,  С.Лихолетова,  И.Федейкина, 

О.Кривошеева, И.Коновалова, Г.Рахымбекова, Т.Миллер және С.Котовалар ие 

болды. Сол жылы команданың ойыншылары Е.Чебукина, О.Кривошеева, И.Ризен, 

Л.Перевертова,  С.Лихолетова,  Л.Носенко  еліміздің    құрама  командасына 

қабылданды. Ал екі дүркін Олимпия ойындарының чемпионы Н.Смолеева мен 

Л.Берген  құрама  команданың  сапында  бұрыннан  бар  болатын.  1985  жылы 

Алматының волейболшы қыздары Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. 

Сөйтіп,  1988  жылы  алматылық  ойыншылар  О.Кривошеева,  Е.Чебукина, 

Т.Меншова Сеулдегі Олимпия ойындарының чемпионы атанды. 

Жағажай волейболы, кәдімгі волейбол алаңында бірақ судың  жағасында, 

жағажайда ойналатын ойын. Мұнда әр команда 2 ойыншыдан болады. Олардың 

біреуі шабуылшы екіншісі қорғаушы болып табылады. Ойыншы өте шапшаң тез 

және  соққысы  мықты  болуға  тиісті.  Есеп  12  ұпайға  дейін  жүргізіледі.  Кейде 

команда аралас жұптан, яғни 1 әйелден және 1 еркектен тұрады. Ер адамдар үшін 

тордың биіктігі 2,36; 2,39 метр әйелдер үшін тор аласа болады. Допты ойынға қосу 

қарсы жақтағы сызықтың кез келген жерінен жүргізіледі. Ойын 40 минутқа дейін, 

кейде 60-70 минутқа созылады. Жағажай волейболы үшін спортшы өте шыдамды 

болуы керек, бұл ойын адамдарды таза ауада, судың жағасында жақсы демалуға 

мүмкіншілік  туғызады.  Жағажай  волейболы1996  жылы  АҚШ-та  Атланта 

қаласында  Олимпия  ойындарының  бағдарламасына  енді,  оның  өз  алдына 

Бүкіләлемдік бірлестігі бар. 

Жағажай  волейболы  Қазақстанда  1996  жылы  Алматыда  «Winston» 

фирмасының демеушілігімен алғашқы жарыс өткізілді, осы жарыстан соң жағажай 

волейболымен айналысушылар көптеп табылды. Келесі 1997 жылы тағы да тамыз 

айында Алматы облысының Қапшағай қаласындағы «Аквапарк» жағажайында ҚР-

ның  бірінші  чемпионаты  өтті.  Бұл  чемпионатқа  Ресей  мен  Өзбекстаннан 

командалар шақырылған еді. Бірінші орынға Ресейдің «Лицей-Саховат», екінші 

орынға АДК командасы шықты. Содан кейін Теміртау, Қарағанды қалаларында 

жолдастық  кездесулер  ұйымдастырылды.  Ерлер  арасында  А.Яншин  мен 

Б.Байтөреевтің жұбы жақсы өнер көрсетті. 1998 жылы мамыр айында Қапшағай 

қаласының әкімі жүлдесіне халықаралық жарыс өткізілді. Жағажай волейболы 

республикамызда кең тараған спорт ойындарының бірі болып табылады. Жағажай 

волейболынан Республиканың құрама командасы 2010 жылы Азияның чемпионы, 

әлем чемпионатының жүлдегері атанды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет