Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын,
туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және
қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын
және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың
гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және
емдік гимнастика. Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және
қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс
дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің
құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн
көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде
пайдалану өте тиімді. Оқушыларды тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жету үшін
оқушыларға тек оқыту процесі кезінде ғана тәрбие берумен шектелмей,
оқушылардың шығармашылық белсенділігін күшейтіп, өмірге деген
құштарлығын арттыратын сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды
ұйымдастыру арқылы тәрбие беру болып табылады.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар баланың денсаулығын
нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп
жетілуіне, дене шынықтырудың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге
көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға
әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу, сонымен бірге саламатты өмір
салтын қалыптастыру.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі
формалары: секциялар мен үйірмелердегі сабақтар, спорт жарыстары, серуендер,
туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының
бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына
дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік
гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соң
тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек
жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту
жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды
жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі,
оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой
қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды
тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға
тәрбиелейді.
Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан.
Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады. Оның
нұсқаулары:
-
өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суық суға шомыл. Ыстық суға
шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
66
-
шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң
аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей
өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
-
арақ ішпе, темекі тартпа;
-
аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
-
қоршаған ортаны сүй. Айналаңа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің
саулығың;
-
денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
-
бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
-
адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-
дүниеңмен көмектес. Ол сенің досыңа айналады, сонымен әлемдік іске ат
салысасыз;
-
жексенбі күні табиғатқа жалақаяқ шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
-
ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
-
ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
-
іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Бірақ ол үшін мақтанба да, өзіңді-
өзің өзгеден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, саламатты өмір сүруіне
тигізетін рөлі ерекше.
Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар:
1.
Бұлшық ет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлық тіршілік
әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік
тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін
арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Тыныс алу мүшелерінің
жұмысын жақсартып, жүрек бұлшық еттерін шынықтырады, зат алмасудың
қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру
жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
2.
Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін
маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам
өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына
әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу
қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады.
Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3.
Дұрыс тамақтана білу
. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту
мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу
үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды және т. б. Адамның ұзақ өмір
сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне
көкөніс
, жеміс-жидектерді
пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп
пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене
салмағының бірқалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда
болуына әсер етеді. «Артық салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны
аңғартады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп
отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту
екенін естен шығармауымыз керек. Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші
бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің
жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің
үйлесімді жұмыс аткаруы арқылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық
67
көңіл күйінің қалыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сақтау, зейін,
дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу.
Достарыңызбен бөлісу: