Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Шайбалы хоккей. Ауылда болсын, қалада болсын қыс айларында шайба қуып 

аязда буы бұрқырап ойнап жүрген балаларды, жасөспірімдерді жиі көреміз. Бұл 

шайбалы немесе допты хоккей. Ойнның мақсаты қолындағы таяқшамен қарсы 

қақпаға шайба енгізіп жеңіске жету. Хоккейдің қай түрі болмасын  таза ауада өтеді, 

адамның  жан-жақты  шынығуына,  денсаулығының  мықты  болуына  игі  әсер 

тигізеді.  

Ғалымдар шайбалы хоккей Канадада пайда болды деп есептейді. Оны ойлап 

шығарған  ХІХ  ғасырдың  ортасында  тұрған  ағылшын  қарулы  күштерінің 

жауынгерлері көрінеді. Ұзаққа созылатын Канада қысы әскерлерге ермек іздеуге 

мәжбүр етті.  Бұл ойын  канадалықтарға қатты  ұнады. Жер  жерде  командалар 

құрылып қызықты ойын жергілікті халыққа тез-ақ тарап кетті. Сөйтіп Канадада жиі 

өтетін қысқы бағдарламалардың барлығына енді. Ойын Канада арқылы Еуропа 

елдеріне де тарады. 

Ресми  Әлем  чемпионаты  1920  жылы  өтті  деп  есептеледі.  Осы  жылы 

Антверткен қаласында кезекті жазғы олимпиялық ойындар өткен еді. Ойындардың 

бағдарламасына шайбалы хоккей де енді. Осы ойын әлем чемпионаты болып 

есептелді.  Осы  Антверткенде  Солтүстік  Америка  мен  Еуропа  алғаш  рет  күш 

сынасты. Канадалықтар бұл ойында күшті екендігін танытты. Осыдан кейін олар 

бұл атақтарын  6  рет  қорғап  қалды.  Ал  шайбалы  хоккей  1924  жылдан  қысқы 

Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп келеді. 

Команда  отыратын  орындардың  саны  19  болады.  Бұл  орындарға  тек 

ойыншылар, жаттықтырушылар, дәрігерлер, олардың көмекшілері отырады. 

Айып алаңы – 8 орын. Әр командаға төрт орыннан беріледі. Мұнда айыпталған 

ойыншылардан басқа уақыт өлшейтін төреші, айып уақытын өлшейтін төреші, 

ойынның хатшысы  және хабарлаушы отырады.  

Бір ойында 8 төреші қызмет көрсетеді. Олар: бас арбитр,  қапталдағы 2, ойын 

уақытын өлшейтін төреші, айып уақытын өлшейтін төреші, хатшы, хабарлаушы. 

58 



Ойынның алдында ережеге сәйкес толық жарақтаған 18 ойыншы болады. 

Олардың реттік сандары спорт киімінің арқасына жазылады. Бірақ алғашқыда 

айдынға әр командадан алты ойыншы ғана шығады.  

Ойын кезінде қақпаны бір қақпашы ғана қорғайды. Қарбалас шақта кез-кедген 

ойыншының  өз  қақпасын  қорғауы  мүмкін.  Бірақ  ол  қақпашыға    берілетін 

артықшылықтарға ие бола алмайды. 

Матч айдынның ортасында шайбаны тастаумен басталады. 

Ойын әрқайсысы 20 минуттан тұратын, әрқайсысының арасында 15 минуттық 

үзілісі бар үш кезеңнен тұрады.  

Хоккейшінің киімдері иық, тізе қаптамаларынан, қолғап, шлемнен тұрады. 

Қақпашының киімдері қақпаны емес қақпашыны қорғау үшін беріледі. Коньки мен 

таяқтан басқа ол кеудені қорғайтын құрсаудан, бетпердеден және ені 25 см аяқты 

қорғайтын қаптамадан тұрады.  

Хоккей жаттығуларының негізгі бөлігі мұз айдыны үстінде өтеді. Бірақ жан-

жақтылықты дайындалу   үшін  басқа спорт  түрлерімен айналысу  да  пайдалы. 

Солардың арасында ең маңыздысы таза ауада жеңіл атлетикалық кросстар болып 

табылады. 

Қазақстандағы  шайбалы  хоккей  Өскеменде  1955  жылы  басталды.  Осы 

қаладағы  қорғасын-мырыш  комбинатының  «Торпедо»  командасы  КСРО 

чемпионатында 1-ші топта ойнап, 1987-88 жылғы қысқы маусымда жоғарғы топта 

өнер  көрсетті.  Кейінірек  Қарағандының,  алматының,  «Автомобилист», 

Теміртаудың «Строитель» командалары да 1-ші топта ойнады. Республикадағы 

шайбалы  хоккейдің  негізін  осылар  қалап  көптеген  қала  командаларының 

қатысуымен  жыл  сайын  ұлттық  чемпионат  өткізіліп  тұрады.  Қыс  айларында 

балалар мен жасөспірімдер арасында «Алтын шайба» жүлдесі үшін бұқаралық 

жарыстар өтуде. Кей жылдары мұндай жарыстарға 100 мыңнан астам спортшылар 

қатысуда. Республикамыздың құрамасы ірі халықаралық жарыстарда көзге түсіп 

келеді. 1996 жылы Жапонияның Нагано қаласында  және 1998 жылы Оңтүстік 

Кореяның Когвон қаласында өткен  Азия ойындарында, 2002 жылы  Оңтүстік 

Кореяның Бусан қаласында өткен Азия чемпионатында чемпион атанды. 

Көгалдағы хоккей командалық спорт ойыны. Мәні ойын кезінде әр команда 

қарсыластарының қақпасына көп доп соғып, өз қақпаларына мейлінше аз доп 

жіберу  болып  табылады.  Бұл  ойынды  отаршылар  ХІХ  ғасырда  Англияға 

Үндістаннан  әкелген.    Ұлыбритания  хоккейшілер  одағы  1876  жылы  алғашқы 

чемпионатты өткізді. Шежіре бойынша көгалдағы хоккейді ертедегі Грекияда, 

Римде,  Персияда  ойнаған  көрінеді.  Қазір  ол  Еуропаның  көптеген  елдерінде, 

Оңтүстік  Азия  құрылығының  мемлекеттерінде  жақсы  дамыған.  Алаңға  әр 

командадан 11 ойыншы шығады. Ойын барысында әр команда 3 ойыншыны және 

қақпашыны алмастыра алады. Көгалдағы хоккей ұзындығы 91 м, ені - 50-55 м 

келетін шөбі қырқылған көбінесе қосымша сызықтары  бар футбол алаңында өтеді. 

Доптың диаметрі 71-74 мм, салмағы 156-163 грамм, жасыл алаңда көзге жақсы 

көріну  үшін  арасында  ақ  таңбалары  бар  каучук  араласқан  заттан  жасалып, 

былғарымен қапталады. Ойын таяғының салмағы 340-794 грамм, ұзындығы 1 м, ені 

5 см. Доп тек қана таяқтың сол жақтағы қапталымен соғылады. Ойын уақыты 

арасында 10 минуттық үзілісі  бар әрқайсысы 35  минуттан 2 таймнан  тұрады. 

59 



Ойыншының киімі бутцы немесе кеда, шорты және футболка. Ойыншылар допты 

бір біріне тек таяқшамен бере алады. Таяқ қысқа болғандықтан 70 минут бойы 

еңкейіп  тынымсыз  жүгіріп  отыру  спортшылардан  асқан  төзімділікті, 

шапшаңдықты, жан-жақты дайындықты талап етеді. Көп тараған ойын жүйесі 

1+2+3+5  және  1+1+4+5.  1925  жылы  Парижде  көгалдағы  хоккейшілердің 

халықаралық одағы құрылды. 1908 жылдан бастап (1912, 1924 жылдардан басқа) 

Олипиялық ойындардың бағдарламасына еніп келді. Әйелдер хоккейі 1980 жылдан 

бері Олимпиялық ойындарда күш сынасуда. Әлем чемпионаты ерлер арасында 

1971 жылы, әйелдер арасында 1976 жылдан, Еуропа чемпионаты 1970 жылдан 

бастап өтуде. 1969 жылдан бері Еуропа елдері чемпиондарының кубогі үшін жарыс 

сарапқа салынуда.  

Қазақстандағы көгалдағы хоккей ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап 

дамуда.  Алматының  «Динамо»  командасы  14  рет  (1972-73, 1975-79, 1981-87) 

КСРО-ның чемпионы атанды. Екі жыл қатарынан (1982-83) КСРО кубогін, екі рет 

Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. «»Динамо 

 

Ерлер және «Связист» әйелдер командасы КСРО чемпионатында жоғары 



топта, Алматы қаласының жастар командасы 1 топта ойнады. Команданың жеті 

ойыншысы  1980  жылы  Мәскеуде  өткен  ХХІІ  Олимпия  Ойындарында  қола 

медальға  ие  болды.  Әр  жылдарда  А.Гончаров,  Ф.Зигангиров,  С.Арпенян, 

М.Жексенбеков, М.Нечепуренко, С.Қаламбаев, С.Шаймерденов, А.Сарсекеев және 

т.б.  ойыншылар  КСРО  құрама  командасының  санында  халықаралық 

жарыстарында өнер көрсетті. 

 

 

60 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет