Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Alimbekova Zheke tulga

Үшіншіден  -  жеке  тұлғаның  қоғамдағы  өз  орнын  білуімен,  жауапкершілігін 

сезінумен  айқындалады.  Бұл  адамдардың  бірімен-бірінің  қарым-қатынасы 

арқылы білінеді. 

Саламатты  өмір  сүру  дағдысы  –  бұл  оқушылардың  күнделікті  өмірдегі 

әрекетінің  саналы  түрде  жүзеге  асырылуы,  олардың  қимыл-қозғалыс 

белсенділігінде, денсаулығының шыңдалуында, күн ережесін сақтауда,  дұрыс 

тамақтануда, денсаулықты  бұзатын жат  әдеттерден бас  тартушылықта,  мінез-

құлық пен қарым-қатынас мәдениетінде көрінеді.  

Жеке басылық дене тәрбиесі- бұл адамның өз басының, дене тәрбиесі және 

спорт  жаттығуларын,  оның  керектігін,  мәнін,  мағынасын  түсініп,  өзіне, 

маңайындағы адамдарға үйрете бастауы, оның осы салада білім, хабар көздерін 

іздеп, ол білімді өзінің, айналасындағы адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, 

спорт түрлерінің қозғалыстарын үйретуге,  өмірге қажет қимыл шеберлігі  мен 

дағдысын қалыптастыруға қолдануы. 

Қорыта  айтсақ,  бүгінгі  таңда  өз  тәуелсіздігін  алған  егеменді  еліміз  осы 

бағытта Қазақстан оқу орындарында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, 

саламатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты  талап 

етіп  қойылған.  Бала  денін  сауықтыру  үшін  дәрігерлер,  педагог,  психолог, 

валеолог, әлеуметтік педагогтар мен басқа да мамандар бірігіп қызмет атқаруы 

тиіс.  Өскелең  ұрпақтың  денсаулығы  бұл  –  тек  әлеуметтік  мәселе  ғана  емес, 

сонымен қатар адамгершілік тәрбие болып табылады. 

 

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір сүруде дене белсенділігінің 



маңызы 

Қазіргі  кезде  адамға  жиі  өз  мүмкіндіктерінің  шегінде  өмір  сүруге  тура 

келеді. Әлеуметтік және экономикалық тұрақсыздық жағдай осы тенденцияны 

ұлғайтады.  Мамандардың  бағалауы  бойынша  халықтың  арасында  көптеген 

адамдар психоэмоционалдық  және  әлеуметтік  күйзелу  қалпында  жүр,  бұл  өз 

кезегінде  денсаулықты  сақтауға  көмектесетін  ағзаның  бейімделу  механизмін 

әлсіретеді. 

Мұндай жағдайда медицина әлсіз болады, өйткені осының бәрінің бірінші 

себебі қоғамда денсаулыққа деген көңіл бөлудің тапшылығы болып табылады. 

Адамның денсаулығын сақтауда  және нығайтуда шешуші ролді оның өмір сүру 

стилі алады. 

Осыған  қатысты  адам  денсаулығын  қалыптастыру  мәселесі  медицина 

ғылымы мен  практикасы  шеңберінен  шығып,  білім  беру  кеңістігіне  ауысады. 

Педагогикалық жұртшылық дені сау, өмір сүруге қабілетті, жан-жақты дамыған 

тұлғаны қалыптастыру үшін өзіне жауапкершілік алып, көптеген жылдар бойы 

ізденіс жағдайда жүр. 

Өмір сүру стилінің құрылымдық моделі, бұлар: 

1.Құрылымдық-мазмұндық  –  мінез-құлық  стилі,  қарым-қатынас  стилі, 

қызметінің (негізгі) стилі, белсенділік түрі, негізгі тіршілік  қарекетінің саласы. 

2.Құндылық-мағыналылық – өмір сүру мақсаты, принциптері, ұстанымы, 

қарым-қатынасы  (адамдарға,  қызметіне,  өз  тұлғасына),  мәдениет  түріне 

бейімделуі, қажеттілік  жүйесі. 

68 



3.Әлеуметтік-ролдік  –  әлеуметтік  ролі,  әлеуметтік  мәртебесі,  ролдік-

жасынан күтетіні (қалып кетуі немесе озып кетуі), топтағы беделі, қадірі. 

4. Әлеуметтік-уақыттық – жас кезеңдері, биоритмдері, әлеуметтік ритмдері 

(әртүрлі  көзқараста  әрекеттерінің  қайталануы,  әр  салада  әрекеттерінің 

қайталануы), жылдық, мерзімдік, апталық циклдері, қарқындылығы, қарқыны. 

Көрсетілген  қабілеттердің  кең  шоғырын  адамның  үш:  дене,  психикалық, 

адамгершілік  қабілеттеріне  топтастыруға  болады.  Соңғы  екеуі  денсаулықтың 

рухани компонентін құрайды, олар басым маңызына ие. Дені сау деп тек дене 

және рухани жағынан бірдей аман-сау адамды айтуға болады. 

Француз  философы  мен  ағартушысы  М.Монтень  денсаулықтың 

құндылығын нақты анықтап берді: «Денсаулық дегеніміз – бағалы да құнды зат, 

ол жалғыз ғана болғандықтан, ол үшін уақытты да, күшті де, еңбек пен барлық 

жақсылық атаулыны  аямау  қажет,  тіпті  ол  үшін  өз  өміріңнің  бір  бөлшегін  де 

құрбан етуге болады, себебі онсыз өмір төзімсіздік пен қорлыққа толы». 

Салауатты өмір сүру салтының көрсеткіштерінде, өмір сүру мақсаты- өзін 

саналы түрде мәдениет, адамгершілік, тарихи үрдісте және өз өмірінде  субъекті 

ретінде жүзеге асыру. Өмір сүру ұстанымы – интегралды, өз өміріндегі барлық 

оқиғаларға жауапкершілікті өзіне алады. Өз бетінше және белсенді өмір сүреді. 

Өз  денсаулығына қарым-қатынасы – маңызды құндылық ретінде,  ауырмай өмір 

сүруге талаптанады.  

Ал  салауатсыз  өмір  сүру  салтында  өмір  сүру  мақсаты  –  нақты 

айқындалмаған,  адамның  шынайы  жаратылуын  жүзеге  асырумен 

байланыспаған. Салауатсыз өмір сүру салтында тағдырға сеніп, сырттан көмек 

күтіп,  кездескен  кедергілер  үшін  қоршағандарды  кінәлаумен  өмір  сүреді. 

Денсаулыққа немқұрайды,  тек арнайы медициналық араласудың көмегімен ғана 

түзеуге жататындай қарайды, осыдан өз денсаулығына деген немқұрайдылық, ал 

табиғаттан берілген денсаулық жасы келе жоғалады. 

Дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты түрде шұғылдану деген сөз - 

салауатты  өмір  сүрудің  негізгі  көзі.  Дене  шынықтыру  жаттығуларымен 

шұғылданудың өзіне  тән мақсатты жүйесі болады. 

Жүйелі  дене  белсенділігі  көптеген  аурулардың  алдын  алудың  тиімді  әрі 

арзан  әдісі  болып  табылады.  Ол  денсаулықтың  күйін  әр  түрлі  қалыпта 

жақсартады: жүрек бұлшық етінің қызметін төмендетеді; жүрек-қан тамырлары 

ауруларының  қауіп-қатерін  төмендетеді;  сүйектің  салмағын  арттырады; 

боркеміктіктен қорғайды. 

Дене белсенділігінің жағымды  әсері психологиялық  өзгерісте де  сезіледі. 

Дене белсенділігі қорқу сезімін төмендетеді, күйзеліспен күресуге көмектеседі, 

ұйқыны  жақсартады  және  көңіл-күйдің  субъективті  бағасын  да  көтереді. 

Сонымен  қатар,  басқалармен  бірге  орындалатын  дене  белсенділігі  үлкен 

ықпалдасу  ролін  атқарады.  Дене  белсенділігі  күнделікті  қиыншылықтарды 

ұмытудың әдісі болып табылады, күнделікті күйзеліс туралы ұмытуға мүмкіндік 

туғызады,  өйткені  Сіз  өзіңізді  жаттығуға  толығымен  бағыштайсыз.  Дене 

жүктемесінің  арқасында  көңіл-күй  жақсарады,  бұл,  әрине,  хал-жағдайға 

жағымды әсер етеді. 

Дене  белсенділігі  калориялардың  жағылуын  күшейтеді,  бұл  дене 

салмағының төмендеуіне және қалаған салмақты ұстауға мүмкіндік туғызады. 

Тұрақты  дене  белсенділігі  негізгі  зат  алмасуға  пайдалы  әсер  етеді,  тәбетті 

69 



төмендетеді  және  дененің  майлы  салмағын  азайтуға  көмектеседі.  Дене 

жаттығуларының арқасында біз тек ажарлы көрінбейміз, сонымен қатар, өзімізді 

жақсы сезінеміз және де семіздікпен байланысты көптеген қиыншылықтардан 

аулақ боламыз. 

Ой  еңбегі  және  дене  шынықтыру.  Шаңғымен  сейілдеп,  жеңіл  қол 

жұмысымен  шұғылданғанда  ой  қызметі  үйлесімді  болады.  Ой  еңбегімен 

айналысатын орта жастағы  дені сау адам  аптасына ең кем  дегенде 8-10  сағат 

уақытты дене шынықтыру жаттығуларына бөлуі қажет. Шамамен, денеге түсетін 

күшті мынандай етіп бөлген тиімді: демалыс күні – 2-3 сағат (шаңғымен немесе 

жаяу туристік жорық жасау), аптаның орта шенінде – 1-2 сағат (коньки, ескек 

есу, велосипед тебу), күнделікті 10-15 минут таңертеңгі гимнастика және 30-40 

минут жүру (жұмысқа барғанда және жұмыстан қайтқанда) керек. Денеге түсетін 

салмақты  осылай  етіп  бөлуді  еңбек,  демалыс,  тамақтану  режимімен  сәйкес 

жүргізгенде адамның көңіл күйі жақсарады, ой еңбегі барынша жемісті болады. 

Деннің  саулығын,  пішімін  және  жастықты  ұзаққа  сақтау  үшін  спортпен 

тұрақты  шұғылданыңыз.  Жаттығулардың  таңдалған  түрімен  танысқан  және 

өзіңіз үшін сәйкес түрін таңдаған жөн. 

Аэробика  -  бұл  ағзаның  оттекке  деген  қажеттілігін  арттыратын  бұлшық 

еттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар. 

Аква  аэробика  спортпен  тұрақты  шұғылданбайтын  тұлғаларға,  сонымен 

қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды. 

Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың 

түрі. 

Пилатес  дене  мен  сезімді  ширататын  қайталанбалы  қозғалыстардың 



сериясынан  тұрады,  дене  үйлесімділігіне  мүмкіндік  туғызады  және  әр  түрлі 

жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді. 

Фитнесс  –  бұл  аэробиканың  жаттығуларымен  және  батпандармен  бірге 

жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу. 

Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің 

әдісі ретінде шұғылдануға болар еді. 

Тай  Чи  –  бұл  негізгі  екпінді  белсенді  медитацияға  аударатын,  дәстүрлі 

қытай әдістеріне негізделген дене жаттығуларының түрі. 

Фитбол  –  бұл,  әсіресе,  қарттарға,  жүкті  және  босанған  әйелдерге 

ұсынылатын, керемет ойынмен біріктірілген қауіпсіз жаттығу. 

Степ  –  бұл  аэробиканың  түрі,  артық  калорияларды  жандыруға,  майдан 

айырылуға  және  жүрек-қан  тамырлары  жүйесінің  жұмысын  жақсартуға 

көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі. 

Стретчинг  бұлшық  еттердің  ауруға  деген  сезімталдылығын  төмендетеді, 

жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге 

көмектеседі. 

Джогинг  –  бұл  аз  ғана  жылдамдықтағы  жүгіру.  Арнайы  орынды  да, 

құрылғыларды да, қиын жаттығу жинақтарын да талап етпейтін, өте әйгілі спорт 

түрі. 

Ішпен билеу – бұлшық еттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді 



Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар: 

1. 


Бұлшық  ет  қимылдарының  белсенділігі.  Адамның  барлық  тіршілік 

әрекеті түрлі қимыл-қозғалыстар  жиынтығынан тұрады.  «Қозғалыс -  тіршілік 

70 



тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін 

арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.Тыныс алу мүшелерінің 

жұмысын  жақсартып,  жүрек  бұлшық  еттерін  шынықтырады,  зат  алмасудың 

қалыпты  жүруін  қамтамасыз  етеді.  Әсіресе  спорт  пен  дене  шынықтыру 

жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады. 

2. 


Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін 

маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам 

өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына 

әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу 

қажет.  Бұл  адам  ағзасындағы  барлық  мүшелердің  жұмысын  жақсартады. 

Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді. 

3. 

Дұрыс  тамақтана  білу.  Дұрыс  тамақтанудың  нәтижесінде  асқорыту 



мүшелерінің  жұмысы  жақсарады.  Адамның  дұрыс  өсіп  дамуына,  зат  алмасу 

үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды және т. б. Адамның ұзақ өмір 

сүруінде дұрыс тамақтана білудің ролі зор. Көбіне көкөніс,  жеміс-жидектерді 

пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп 

пайдалануды  естен  шығармау  қажет.  Дұрыс  тамақтану  адамның  дене 

салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда 

болуына  әсер  етеді.  «Артық  салмақ  -  аурудың  белгісі»  деген  ұғым  соны 

аңғартады.  Адам  денсаулығына  халықтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-

дәстүрлері  де  жағымды  әсер  етеді.  Әрбір  адам  өз  денсаулығына  қамқорлық 

жасап,  үнемі  көңіл  бөліп  отыруы  тиіс.  Ұзақ  өмір  сүрудің  негізгі  шарты  - 

денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек. 

Адам денсаулығының  басты  үш көрсеткіші  бар.  Олар: біріншіден  -  адам 

ағзасының  орта  жағдайларына  бейімделуінің  жоғары  дәрежеде  болуы.  Ол 

ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс  атқаруы 

арқылы  байқалады.  Екіншіден  -  адамның  психикалық  көңіл  күйінің  қалыпты 

дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сақтау, зейін, дарындылық және т. б. 

қабілеттіліктерді қоғамның  қажетіне  жұмсай  білу. Үшіншіден  -  жеке  тұлғаның 

қоғамдағы  өз  орнын  білуімен,  жауапкершілігін  сезінумен  айқындалады.  Бұл 

адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы арқылы білінеді. 

Спорттық  ойындар  барлық  жастағы  адамдар  үшін  –  мектепке  дейінгі 

жастағы  балалардан  бастап  зейнеткерлерге  дейін  дене  тәрбиесі  жүйесінің 

әмбебап  құралы  болып  табылады.  Спорттық  ойындардың  көмегімен  жеке 

тұлғаның  дене  дәне  рухани  мәдениетінің  негізін  қалыптастыру,  денсаулығын 

нығайту,  салауатты  өмір  сүру  салтын  қалыптастыруға  жетуге  болады.  Жан-

жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  тәрбиелеуде  спорттық  ойындардың  тиімділігі: 

біріншіден, спорттық ойындардың ерекшелігімен; екіншіден, шұғылданушының 

ағзасына  жан-жақты  әсер  етуімен,  дене  қуаты  қасиеттернің  дамуымен  және 

өмірге қажетті қимыл дағдыларын игеруімен; үшіншіден, әр түрлі жастағы және 

дене дайындығы әр түрлі адамдар үшін қол жетімділігі (сауықтыру бағытындағы 

аз дене жүктемесі бар сабақтардан жоғарғы дәрежедегі спорт деңгейіне дейін); 

төртіншіден, эмоциялы жігерлендіруші, бұл жерде осы белгі бойынша барлығы 

тең – «үлкен де кіші де»; бесіншіден, спорттық ойындар бірегей ойын-сауық, осы 

белгісімен спорттың басқа түрлері спорттық ойындармен теңесе алмайды. 

 

 



71 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет