Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет26/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
29.05.2023 dis

1.4 Жаһандану 
жағдайында болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі 
Біздің зерттеу жұмысымызда алға қойылған міндеттердің бірі – 
жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін 
дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу болатын, және біз зерттеу 
жүргізу барысында педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми зерттеулерді 
зерделеу негізінде «модель» ұғымының мәнін сипаттаудан бастауды жөн 
көрдік.
Этимологиялық тұрғыдан алғанда, «модель» термині итальяндық 
«modello» сөзінен шыққан, оның негізі «modellus» (латынша) сөзі, «өлшеу, 
шектеу, шекара» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, «модель» сөзі француз 
тілінен енген (франц. «modele»), мұндағы сөзбе-сөз аударғандағы мағынасы 
«үлгі, мысал». 
В.А. Штоффтың пікіріне сүйенсек, бұл термин құбылыстардың белгілі бір 
аймағын басқа, жақсы зерттелген, оңай түсінілетін, таныс құбылыстардың 
көмегімен суреттеу үшін қолданылады [183]. 
А. Дахин болса, ғылымның көптеген (мүмкін барлық) салаларында 
қолданылатын «модель» ұғымына келесідей анықтама береді: «Модель – 
зерттелетін объектіге (немесе құбылысқа) ұқсас бола отырып, құрылымын, 
қасиеттерін қарапайым және күрделі түрде көрсететін және қайта шығаратын 
схема, физикалық құрылымдар, иконикалық формалар немесе формулалар 
түріндегі жасанды түрде жасалған үлгі, осы объектінің элементтері арасындағы 
байланыстар мен қатынастар» [184]. 
Өзінің «Педагогикалық модельдеу» атты еңбегінде автор, педагогикада 
білім беру мазмұны да, оқу әрекеті де моделденеді (үлгіленеді) деп есептейді. 
Тар пәндік утилитарлық мағынада ғылыми моделдер нақты оқу пәндерін 
оқытуға арналған аппарат ретінде құрастырылады. Моделдеу әдістемесін 
меңгеру қажеттілігі ғылыми танымның жалпы әдісімен және психологиялық-
педагогикалық 
пайымдаулармен 
байланысты. 
Білімгерлер 
зерттелетін 
субъектілердің әртүрлі моделдерін құрастырған кезде моделдеу оқу 
материалын жалпылаудың, сонымен қатар оны жүйеленген түрде берудің әрі 
оқу құралы, әрі тәсілі ретінде қызмет етеді [184, с. 11-19]. 
Отандық зерттеуші Ш. Таубаева өзінің «Педагогикалық зерттеулердің 
әдістемесі мен әдістері» атты еңбегінде моделдеу ұғымына «Моделдеу-модель 
деп аталатын кейбір объектінің сипаттамаларын көбейту» деген анықтама 
береді. Автордың зерттеуіне сүйенсек, модель мен түпнұсқаның арасында 
шектеулі ұқсастық бар, оның формасы айқын көрінеді: ғылыми таным үрдісінде 


70 
модель түпнұсқаны алмастырады; моделді зерттеу түпнұсқа туралы ақпарат 
береді деген қорытындыға келеміз [34, с. 3-80]. 
Қазіргі педагогикада моделдеу әдісі теориялық және практикалық 
мәселелерді шешу үшін кеңінен қолданылады. Мысалы, Е.А. Лодатко білім 
беру жүйесінің моделін, яғни осы жүйені құру тұжырымдамасын ұсына 
отырып, оған сәйкес басқару позицияларына сүйеніп, оқу орындарының 
тиімділігі мен құндылықтары туралы түсінік қалыптасатынын алға 
тартады [185]. 
Соңғы жылдардағы диссертациялық жұмыстар мен ғылыми еңбектердің
талдауы ғылымдағы педагог-психологтардың құзыреттілігіне қарасты түрлі 
моделдердің ұсынылғанын көрсетеді. Олардың ішінді біздің зерттеуімізге 
жақын келетіндері: А.К. Аманованың болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыру моделі; Т.М. Есимгалиеваның көптілді білім беру 
жағдайында 
болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі; П.Т. Абдуллаеваның 
университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың 
диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі. Шетелдік ғалымдардың 
жұмыстарының арасында, біз, аса зер салған Е.В. Барышникованың болашақ 
педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың моделі.
Педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған 
осы моделдерінің ерекшеліктеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.
А.К. Аманова құрастырған болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыруға арналған моделі ғылымилық, белсенділік, 
бірізділік пен жүйелік және ізгілендіру принциптеріне негізделген. Ғалым 
кәсіби 
құзыреттілікті 
қалыптастырудың 
мазмұндық, 
іс-әрекеттік, 
коммуникативтік және мотивациялық-құндылықтық компоненттерін көрсеткен. 
Ал болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың 
педагогикалық шарттары ретінде кәсіби іс-әрекетті орындауға қажетті білім, 
іскерлік; инновациялық-педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану; 
оқытудың репродуктивтік және белсенді әдістерін қолдану; мамандығына деген 
мотивациялық- құндылықтық қатынасты қалыптастыруды ұсынған [61, с. 3-38].
Өзге отандық ғалым Т.М. Есимгалиева көптілді білім беру жағдайында 
болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық моделін ұсына отырып, моделінде танымдық-
мазмұндық, мотивациялық және іс-әрекеттік көрсеткіштерді негізге алады, ал 
көптілді 
білім 
беру 
жағдайында 
оқу-тәрбие 
жүйесінің
қамтамасыздандырылуын оқытуды ұйымдастыру формалары, оқытудың 
әдістері, тәрбие әдістері мен ресурстық қамтамасыз етумен ұйымдастырады [62, 
с. 3-59].
Университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың 
диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат ететін зерттеуші 
П.Т. Абдуллаеваға тиесілі модель мақсаттан, тұғырлардан, принциптерден, 
кезеңдерден, компоненттерден, өлшемдерден, деңгейлер мен шарттардан 
тұрады [60, р. 303-308].


71 
Сондай-ақ ресейлік ғалым Е.В. Барышникованың болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға арналған моделі 
мақсаттық, 
әдіснамалық, 
мазмұндық, 
ұйымдастырушылық 
және 
диагностикалық компоненттерден тұрады және де бұл модель өзге келтірілген 
модельдерден білімгер мен педагог арасындағы өзара байланысты көрсетуімен 
ерекшеленеді [64, с. 3-49].
Жоғарыда 
келтірілген 
педагогикалық 
модель 
ұғымының 
анықтамаларында моделдеудің жалпыланған пәндері аталған, яғни моделді 
бейнелеуге болатын нәрсе көрсетілген: 
– объектінің қасиеттері, белгілері, сипаттамалары; 
– объектіні ішкі ұйымдастыру принциптері; 
– объектінің жұмыс істеу принциптері. 
Объектінің қасиеттері, белгілері, сипаттамалары және басқа атрибуттары 
оның мазмұнын құрайды, ішкі ұйымның принциптері құрылымды анықтайды, 
ал жұмыс істеу принциптері оның функционалдығын сипаттайды, оны 
зерттелетін 
объектінің 
белгілі 
бір 
функцияларды 
жүзеге 
асыруға 
бағдарлануымен байланыстырған жөн, мысалы, коммуникативті, когнитивті, 
тәрбиелік, білім беру, құзыреттілік, басқару және т. б. 
Осылайша, педагогикалық моделдердің бастапқы типологиясының 
мазмұны, құрылымы, функционалдығы бар жалпыланған моделдеу пәндеріне 
негізделуі керек. Осы пәндерге сәйкес педагогикалық моделдердің негізгі 
түрлерін қолдануға кеңес беріледі: 
– мазмұндық; 
– құрылымдық; 
– функционалдық. 
Педагогикалық моделдердің негізгі түрлері моделдердің туынды түрлерін 
қалыптастыруға негіз болады, олардың негізі моделдеудің екі пәні арқылы 
қалыптасады: құрылымы мен мазмұны, құрылымы мен функционалдығы 
немесе зерттелетін объектінің мазмұны мен функционалдығы. Осылайша 
моделдеу пәнін кеңейту ғылыми айналымға сәйкес «квазитиптердің» 
педагогикалық моделдерінің тұжырымдамаларын енгізуге мүмкіндік береді: 
– құрылымдық-мазмұндық; 
– құрылымдық-функционалдық; 
– функционалдық-мазмұндық. 
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы аталған моделдердің туынды түрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет