Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет27/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
29.05.2023 dis

құрылымдық-мазмұндық моделді негізге алдық. Себебі, моделдің бұл түрі бізге 
жаһандану 
жағдайында 
болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігінің құрылымдық және мазмұндық сипаттамаларын жобаланған 
әдіс-тәсілдер мен құралдар арқылы ЖОО-дағы білім беру үрдісне енгізуге 
мүмкіндік береді.
Құрылымдық-мазмұндық моделді құруда оның бірнеше кезеңдерін бөліп 
көрсетеміз: 
– зерттеу мәселесінің қоғамдық, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі; 
– зерттеу мақсатының айқындығы; 


72 
– құрылымды моделдеуге арналған нақты әдіснамалық негіздердің 
таңдалуы; 
– моделдің негізгі мақсатына сәйкес міндеттердің анықталуы; 
– моделдің мазмұны мен жүзеге асуын қамтамасыз ететін құрамдас 
бөліктерін айқындау, моделді құрастыру; 
– 
құрастырылған 
моделдің 
тиімділігін 
тәжірибелік-эксперимент 
барысында тексеру.
Осы айтылғандарға сәйкес, жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту моделінің құрылымдық 
элементтері тұрғысынан келесі сипаттамаларға ие: мақсаты, әдіснамалық 
тұғырлары,әдіснамалық қағидалары, психологиялық-педагогикалық шарттары
жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін 
дамытудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары, оның дамуын қамтамасыз 
ететін әдістер мен құралдар, бағалау кешені тұрғысынан көрсеткіштер мен 
диагностикалық 
әдістер, 
жаһандану 
жағдайында 
болашақ 
педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігі дамыған деңгейі тұрғысынан нәтиженің 
болуы (6-сурет).
Сонымен, біз ұсынып отырған құрылымдық-мазмұндық моделге сәйкес, 
жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін 
дамытудың моделі тұжырымдамалықмазмұндық және нәтижелік блоктардан 
тұрады. Берілген модель жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту процесіндегі жоғарыда 
көрсетілген барлық элементтердің өзара байланысы мен бірлестігін қамтиды.
Біріншіден, тұжырымдамалық блогка сәйкес, педагог- психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін жаһандық талаптарға сәйкестендіру бойынша әлеуметтік 
сұраныс туындайды. Осыған сәйкес, қазіргі жоғары білім беруді жаңартудың 
заманауи талаптарына сәйкес, жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатын қарастырамыз. 
Аталған мақсаттың өзектілігі Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді 
және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен, 
педагог-психологтардың кәсіби қызметі мен еңбек функциялары оның кәсіби 
стандартында бекітілген талаптарымен және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» 
ұлттық жобасының міндеттерімен нақтыланып отыр.
Осы тұжырымдамалық блогта жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың құрылымы (инновациялық, 
теолеранттылық және дүниетанымдық құзыреттер жиынтығы) ұсынылады. 
Аталған құрылымның құрамдас бөліктері диссертациялық жұмыстың 1.2, 1.3-
параграфтарында жан-жақты мазмұндалған.
Зерттеу жұмысымызда зерттеу нысаны ретінде қарастырылып отырған 
мәселені тиімді шешу үшін оның зерттеу тұғырларын анықтап алу қажет. 
Себебі, әдіснамалық тұғырлардың дұрыс анықталуы зерттеу мәселесінің ішкі 
бірлігі мен сәйкестігін, өзара байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осыған орай, ғылымда бар теориялық-әдіснамалық тұғырларды зерттей 
келе, біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда жүйелік, құзыреттілік және іс-
әрекеттік тұғырларды негізге алдық.


73 
Сурет – 6 Жаһандану жағдайында болашақ педагог- психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі 


74 
Дәл осы тұғырларды таңдау зерттеліп отырған мәселенің ерекшелігіне, 
сондай-ақ күрделілігіне негізделген, себебі бұндай бағыттағы зерттеу тек бір 
көзқараспен 
зерттелмей, 
әртүрлі 
сипаттамаларды 
зерделеуді 
қамтамасыздандыратын әдіснамалық тұғырлар кешенін талап етеді.
Ендігі кезекте біз жоғарыда берілген әдіснамалық тұғырлардың мәні мен 
мазмұнына толығырақ тоқталуды қажет деп санаймыз. Біз қарастырып отырған 
зерттеу мәселесінің ерекшелігі – болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту процесі жаһандану жағдайында қарастырылғандығы. Ал 
жаһандану дәуірі білім берудің жаңа жағдайларымен байланысты.
Жүйелік тұғыр объектілерді жүйе ретінде қарастыруға негізделген 
ғылыми таным мен әлеуметтік практика әдіснамасының бағытын білдіреді. Бұл 
тәсілдің әдістемесі В.П. Беспалько, Ю.А. Конаржевский, В.А. Сластенин, 
Э.Г. Юдин және т.б. зерттеулерінде мазмұндалады. Жүйелік тәсіл зерттеу 
тақырыбын жан-жақты зерттеуді қамтамасыз етеді, қарастырылып отырған 
процесті белгілі бір мақсатқа бағытталған біртұтас жүйе ретінде қарастыруға 
мүмкіндік береді. 
Біздің зерттеуіміздің шеңберінде жүйелік тұғыр жаһандану жағдайында 
болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту үрдісін оның 
ішкі және сыртқы жүйелік қасиеттері мен байланыстары тұрғысынан күрделі 
педагогикалық жүйе ретінде тұтас зерттеуді көздейді, болашақ педагог-
психологтарда кәсіби құзыреттілікті дамыту моделінің жүйелік құрылымын 
анықтауға және зерттелетін феноменнің сипаттамаларын мазмұндауға 
бағытталған. 
Біздің зерттеуіміз үшін үлкен маңыздылыққа ие келесі тұғыр – 
құзыреттілік тұғыр. Ғалымдар құзыреттілік тұғырды білім беру мазмұнын 
жаңартудың маңызды тұжырымдамалық ережелерінің бірі ретінде қарастырады 
[34, с. 3-80]. Бұл ғылыми тұғыр алынған білім емес, қойылған міндеттерді өз 
бетінше шешу қабілеті қарастырылатын білім берудің нәтижесіне назар 
аударады. Құзыреттілік тұғыр білім алудың нәтижелері ретінде білім, білік пен 
дағдыларды қалыптастырудан білім беру құзыреттеріне көшуді қамтиды.
Осы тәсіл шеңберінде білім беру процесінің субъектілері білім беру 
бағдарламасын аяқтағаннан кейін көрсете алатын білім, білік, дағдылар, 
қабілеттер мен жеке қасиеттердің жиынтығы болып табылатын құзыреттілік 
білім алудың нәтижелері болып табылады. Бұл ретте құзыреттілік білім, білік 
дағды компоненттерінен басқа, мінез-құлық аспектісін, яғни әлеуметтік, 
адамгершілік және кәсіби бағдарлар жүйесін қамтиды.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін аса маңызды болып табылатын келесі 
тұғыр − іс-әрекеттік тұғыр. Теориялы-әдіснамалық тұғырларды зерттеу 
нысанына алған көптеген ғылыми еңбектерді талдау нәтижесінде біз іс-
әрекеттік тұғыр қызмет санаты тұрғысынан ғылыми тұрғыдан қарастыруды 
қажет ететін әртүрлі пәндерді сипаттауды, түсіндіруді және жобалауды 
қамтитын зерттеудің әдіснамалық бағыты деген тұжырымдамаға келдік.
Іс-әрекеттік тұғыр білім беру процесінің субъектілерін «іс-әрекетте» 
зерттеуге мүмкіндік береді: 


75 
1) болашақ мамандардың қызметінің негізгі компоненттерін бірыңғай 
әдіснамалық тұрғыдан қарастыруға және сол арқылы олардың өзара іс-
әрекетінің сипатын ашуға мүмкіндік береді; 
2) педагогикалық салаға қызмет теориясының жалпы тұжырымдамалық 
ережелерін жобалау арқылы педагогикалық процестің барлық қатысушылары 
қызметінің ерекшеліктерін зерделеуге мүмкіндік береді; 
3) тұлғаның дамытудың аса маңызды факторы ретінде арнайы іріктелген 
қызметті тануға міндеттейді; 
4) білім беру процесін әртүрлі қызмет түрлерінің үздіксіз ауысуы ретінде 
айқындайды; 
5) адамдың кәсіби қызметінің компоненттеріне сәйкес педагогикалық 
процесті құрайды [24, с. 49]. 
Бұл ретте іс-әрекеттік тұғыр жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту процесінің құрылымдық 
компоненттерін қарастыруға, болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту процесінің мазмұнын оның барлық компоненттерін 
тұтас қарастыруға мүмкіндік берді (сұраныс– мақсат – құрылым – мазмұн – 
шарттар– әдістер – құралдар –формалар – нәтиже). 
Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту процесі әдіснамалық тұғырлар ерекшеліктерін 
көрсететін жалпы дидактикалық және кәсіби білім беретін қағидаларға 
негізделеді.
Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту процесі жаһандық білім беру принциптеріне 
негізделеді.Олардың ішінде: көпмәдениетті білім беру, жаһандық азаматтық 
және әлеуметтік жауапкершілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет