Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет29/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70
29.05.2023 dis

біліктілік кезеңдерінен тұрады. Аталған кезеңдердің мазмұны диссертациялық 
жұмыстың 2.3 параграфында мазмұндалған. 
Моделдің үшінші нәтижелік блогы жаһандану жағдайында болашақ 
педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың көрсеткіштері, 
оларды бағалаудың диагностикалық әдістері мен деңгейлерінен тұрады.
Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың көрсеткіштері мен деңгейлерінің мазмұны 
диссертациялық жұмыстың 1.3-параграфында жан-жақты сипатталған. 
Сонымен, біз ұсынып отырған моделдің барлық құрамдас блоктары 
жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін 
дамытуға бағытталған кешенді көп қырлы процес.
Ұсынылған моделдің тиімділігін анықтау үшін тәжірибелік-эксперимент
тік жұмыс жүргізілді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының ұйымдастырылу 
барысы мен мазмұны келесі тарауда баяндалады.
 


84 

ЖАҺАНДАНУ 
ЖАҒДАЙЫНДА 
БОЛАШАҚ 
ПЕДАГОГ-
ПСИХОЛОГТАРДЫҢ 
КӘСІБИ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ДАМЫТУ 
БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ 
 
2.1 Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысын 
ұйымдастыру 
Зерттеу жұмысымыздың жетекші идеясына сәйкес, болашақ педагог-
психологтарды жаһандық білім беру талаптарына сәйкес кәсіби даярлау 
жоғары білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеруге және орта білім беру 
сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, міндеттерінің бірі 
ретінде жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың әдістемесін әзірлеп, тәжірибелік-эксперимент 
жұмысында оның тиімділігін тексеру қарастырылғандықтан, біздің алдымызда 
теориялық бөлімдегі ізденістерден туындаған тұжырымдар негізінде 
дайындалған материалдарды эксперименттен өткізу қажеттілігі тұрды. 
Тәжірибелік эксперимент үш кезеңде жүзеге асырылды:
– дайындық кезеңі (2019-2020);
– негізгі кезең (2020-2021);
– қорытынды кезең (2021-2023). 
Дайындық кезеңінде зерттеу мәселесі анықталып, оның мақсаты мен 
міндеттері айқындалды, зерттеудің ғылыми аппараты дайындалды. Отандық, 
шетелдік іргелі ғылыми зерттеулерге талдау жасау барысында қарастырылып 
отырған мәселенің теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды. Тақырып 
бойынша материалдар сұрыпталып, жинақталды. Тәжірибелік алаңдар 
анықталып, эксперименттік жұмыстың жоспары, таңдау курсының оқу 
бағдарламасы дайындалды.
Негізгі кезең барысында жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша материалдар 
сұрыпталды, «жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігі» ұғымына мәндік сипаттама беріліп, құрылымы айқындалды. 
Жаһандану 
жағдайында 
болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігін дамытуды жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық 
шарттары, көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды және құрылымдық-
мазмұндық моделі мен оның мазмұны жасалды. Жаһандану жағдайында 
болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың деңгейін 
анықтайтын диагностикалық әдістемесі іріктелді. Жаһандану жағдайында 
болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың әдістемесі 
жасалды. Элективті курс, тренинг, аудиториядан тыс жұмыс бағдарламасы 
әзірленіп, оқу процесіне ендірілді. Анықтау эксперименті жүзеге асырылды.
Қорытынды кезеңде жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту моделі негізінде қалыптастыру 
эксперименті жалғасын тапты, алынған нәтижелер сұрыпталып, өңделіп,
құрылымы бойынша жүйеленді. Эксперимент мәліметтерін қорытынды өңдеу
қорытынды жасау, зерттеудің нәтижелерінің қолданылуы мен оны рәсімдеу 


85 
жұмысы жасалды. Тәжірибелік-эксперимент жұмыс жоспарын жүйелі түрде 8-
кестеде беруді жөн көрдік.
Кесте 8 – Тәжірибелік-эксперимент жұмыс жоспары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет