42
тарда мезганы қат-қабат «өзіне» тезірек көтеру жоғары өнімді насоспен
жүзеге асады, мезганы ұсақтау, суслода алдын ала бояғыш және фенол
заттары, полисахаридтердің жиналуына себепші болады. Араластыруды,
әдетте суслоның мезгада ашуымен байланыстырады.
Езіндіні ашыту қабықшаларында, тұқымдарында және ұнтақталған
жүзімдердің сағақтарында болатын заттардың тезірек экстрагирленуіне
себепші болады. Мезгада ашытылған қызыл сортты жүзімдерден асханалық
және шымырлайтын шараптар үшін қызыл шарап материадарын алады, ақ
сортты жүзімдерден арнайы (мадера, портвейн) шараптарын алады.
Мезгада суслоның ашуын әртүрлі құралды резервуарларда және ашы-
тылатын суслоның рециркуляциялану жүйесімен жабдықталған винифи-
катор-аппараттарында жүргізеді. Мезганы әдеттегі ашыту резервуарларына
қарағанда винификаторларда экстрагирлеу процессі 3-4 рет тезірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: