«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет82/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

Кристалды  лайлану.  50  мл  шарапқа  шарап  тасының  2-3  майда 
кристалын  қосады.  Шарапты  (-3)-(-5)
0
С  температураға  дейін  (шарап  түріне 
байланысты)  суытады  және  осы  температурада  1  тәулік  ұстайды. 
Температура жоғарылауынан кейін да ерімеген кристалды тұнба пайда болса, 
шарап кристалды лайлануға қарсы тұрақты емес. 
Оксидазды  касс.  50мл  шарапты  ауамен  үрлеу  арқылы  немесе  ашық 
колбаны қуатты шайқау арқылы оттегімен қанықтырады және қараңғы жерде 
1 тәулікке қалдырып, одан кейін нефелометрлейді. Зерттеудегі шараптардың 
лайы көбейсе және шарап бетіне құбылмалы пленка пайда болса және оның 
күрең  тартып  тұсінің  өзгеруі  (побурение),  шараптың  оксидазды  кассқа 
тұрақсыздығын көрсетеді. 
Темірлі  касс.  Екі  колбаға  50мл-ден  шарап  құяды  да  оларға  2-3  тамшы 
сутегі  пероксидінің  3%-ды  ерітіндісін  қосады.  Бірінші  колбаға  50мг  лимон 
қышқылын  қосады.  Бір  тәуліктен  кейін  шарапты  нефелометрлейді. 
Зерттеудегі  шараптардың  лайы  көбейсе,  шараптың  темірлі  кассқа 
тұрақсыздығын  көрсетеді.  Лимон  қышқылын  қосқан  колбада  шарап 
лайланбаса,  бұл  шарапта  темірлі  касс  пайда  болуын  шараптың 
қышқылдығын  арттыру  арқылы  жібермеуге  болатынды5ын  көрсетеді.  Бұл 
жағдайда шарапты сары қанды тұзымен өңдемеуге болады.  
Мысты  касс.  Цилиндрге  50  мл  шарап  құяды.  Көмірқышқыл  газымен 
немесе азотпен үрлеу арқылы шарапқа еріген оттегін ығыстырып шығарады 
да,  цилиндрді  тығыз  тығындап,  жарыққа  қояды.  3-4  сағат  өткеннен    кейін 
шарапты нефелометрлейді. Лайы көбейсе, шарапқа бірнеше тамшы сутегінің 


94 
 
пероксидін  қосады.  Сутегінің  пероксидін  қосқанда  лай  жойылса,  шараптың 
мысты кассқа бейімділігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет