51
Өте ірі резервуарларды 10-15 тәулік бойы баяу, үзбей жақсы ашытылған
шырынға 10-12
0
С температураға дейін салқындатылған шырын қосылады,
ашу «төрттен жоғары» әдісімен жүреді.
Ақ құрғақ сорттық шараптар өндірісінде сыйымдылығы 1-2 мың дал
металл резервуарларда үш сатылы ашыту әдісі қолданылады. Алдымен бос
резервуарға 2-3% таза ашытқы культурасынан қоспасын және 25-30%
мөлдірленген шырында құяды. 3-4 тәуліктен кейін күшті ашу процесі
басталысымен және ашыған шырынның температурасы 24-25
0
С дейін
жоғарлағанда, тағы да 10-15
0
С температыралы 30% мөлдірленген шырын
қосылады. Нәтижесінде тепература 18-20
0
С дейін төмендейді. 2-3 тәуліктен
кейін ашыған шырынның температурасы қайтадан 26
0
С дейін көтерілгенде
үшінші рет салқындатылған шырын құйылады. Бұл кезең ашудың ең
карапайым әдісі. СО
2
қысымы арқылы ашу 1,2 МПа дейін күшті ішкі
қысымға шыдайтын көлденең немесе тік резервуарларда жүзеге асады. Олар
арнайы өлшеп бақылайтын, приборлар мен жабдықталған. Резервуарлар 80%
дейін шырынмен толтырылады, гермитизацияланып, ашыту 0,5 МПа СО
2
қысымында жүреді. СО
2
әсерінен ашу баяу жүреді және шырын темпера-
турасы 20-22
0
С-дан жоғары көтерілмейді. 0,5 МПа қысымға жеткеннен кейін
вентильді ашып, артық көміртегі диоксидін шығарады. Егер ашу өте баяу
жүретін болса, артық қысымды түгелдей шығарып, нәтижесінде резервуар
түбінде тұнған ашытқылар көтеріліп, ашуы активтенеді. 0,5 МПа қысымы-
мен ашыту арқылы жоғары сапалы құрғақ шараптар, жартылай тәтті және
жартылай құрғақ асханалық шараптарға арналған шарапматериалын алуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: