және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет85/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91
МОРФ КИТАПП

а) краниальды және айналмалы латеральды сан артериялары- ның жалпы баганы (тобық буынының жазғыш бүлшықеттеріне ар- налған). 4
ә) Сафена (анық) артериясы (сирақ пен аяқ басының терісіне);
б) каудальды сан артериясы мен санның плантарлық буліиықеттеріне арналган тармақтар;
в) проксимальды тобьщ артериясы (тобық буыны медиальды бетінің терісіне).
Айналмалы латеральды сан артериясы — а. сігсишЯеха Іетогіз Іаіегаііз — өз кезегіңде өрлеме, төмендеген, көлденең тармақтарга ажырап, санның екібасты, төртбасты, жалпақ шандырын кергіш бүлшықеттерін тамырландырады.
Сафена (анық) артериясы — а. зарһепа — ортан жіліктің ор- таңғы түсынан медиальды бағытта бөлінеді де, аттас жүйкемен бірге сирақ пен жіліншіктің плантарлық бетіне шығып, бақай артериялары- на тарамдалады.
Ерекшеліктері. Әр түрлі үй жануарларьшда сафена артериясының тармақталуының өзіндік ерекшеліктері бар. Жылқыда бүл артерия нашар жетілгендіктен, оның қызметін артқы асықты жілік артериясы атқарады.
Ірі қара және үсақ малдарда сафена артериясы тілерсектің план- тарлық бетінде латеральды және медиальды плантарлық артерия- ларга — а. ріапіагіз Іаіегаііз еі шесііаііз — ажырайды. Аталған артериялар тесуші тілерсек артериясымен қосылып, проксимальды плантарлық доға түзеді де, латеральды және медиальды жіліниіік артерияларына — а. шеіаіагзіае Іаіегаііз еі шесііаііз — бөлінеді. Өз кезегінде бүл артериялар жіліншіктің дистальды бөлігінде тесуші ♦.іліншік артериясымен бірігіп, дистальды плантарлық доғаны жасай- іы да, VI медиальды және III латеральды бақай артерияларына ажы-
райды.
Итте сафена артериясы дорсальды және плантарлық тармақтарға (юлінеді. Дорсальды тармақ жіліншік сүйегінде I—IV дорсальды жал- пы бақай артерияларына — аа. діеііаіея сіогзаіек соттипез — I—IV пжырайды. Бүл артериялардың әрқайсысы латеральды және медиаль- ды болып әрбір бақайдың арнайы дорсальды артерияларына тар- мақтарлады.
Плантарлық тармақ — г. ріапіагіз — тілерсек буынының план- іарлық бетінде латеральды және медиальдьі плантарлық артериялар болгеннен соң, жіліншік сүйегінің дистальды белігінде II, III, IV — ♦ алпы плантарлық бақай артерияларына ажырайды. Плантарлық ар- і ориялар тесуші жіліншік артериясымен қосылып, проксимальды илантарлық доғаны түзеді. Бүл доғадан жіліншіктің плантарлық арте- рпмлары ажырап, жалпы бақай артерияларына барып қосылады.
Шошқадағы сафена артериясының тармақталуы иттегі тар- мақталуға үқсас болады.
Каудальды сан артериясы — а. Гетогаіія саиёаііз — ортан жіліктің дистальды бөлігінен каудальды бағытта ажырап, балтыр, беткей бақай және жамбас буынының жазғыш бүлшықеттерінде та- рамдалады.
Проксимальды тобық артериясы — а. ^епиз сіесепсіепз — ортан +.іліктің дистальды бөлігінен шығып тобық буыны аумағының терісін і.анмен қоректендіреді.

    1. Тобықасты артериясы — а. рорШеа — тобық буынының план- тарлық бетіндегі сан артериясының жалғасы. Бүл артериядан балтыр жоне тобықасты бүлшықеттеріне тармақтар бөлінгеннен кейін. ол ал- дыңғы және артқы асықты жілік артерияларына ажырайды.

    2. Алдықғы асықты жілік артериясы — а. ІіЬіаІіз сгапіаііз — си- рақ сүйектерінің сүйекаралық кеңістігі арқылы асықты жіліктің до- рсальды бетіне шығып, оның дистальды бөлігіне дейін жетеді.

Тілерсек аумағында алдыңғы асықты жілік артериясы дорсальды ішқ басы артериясы — а. йогзаііх рейів — деп аталады.
Ерекшелһстері. Жылқыда аталған артерия тесуші тілерсек артери- ясын белгеннен кейін, III дорсальды жіліншік артериясы деп аталады. Жіліншіктің орта түсында III дорсальды жіліншік артериясы дисталь- ды тесуші тармақ ретінде сүйектің дорсальды бетінен плантарлық бетіне шығып, медиальды III бақай артериясы болып жалғасады.
Шошқада алдыңғы асықты жілік артериясы сирақтың краниальды бетіне краниальды асықты жіліктің қайтарма және сирақтың сүйека- ралық артерияларын бөледі. Сүйекаралық артерия сирақ сүйектерінің арасымен дистальды бағытта өтіп, алдыңғы асықты жілік артериясы- мен қосылатын тесуші тармақ, ал сирақтың дистальды бөлігінде артқы асықты жілік артериясымен бірігетін — қосымша тармақтар бөледі. Қосымша тармақтан өз кезегінде медиальды қайықша тар- мағы ажырайды. Аталған тармақтар бөлінгеннен соң, сүйекаралық ар- терия латеральды қайықша тармақ болып жалғасады.
Сирақтың дистальды бөлігінде алдыңғы асықты жілік артериясы дорсальды аяқ басы артериясы деп аталады. Ол проксимальды тесуші
тілерсеқ дистальды тесуші тілерсек және III дорсальды жіліншік ар- терияларына ажырайды.
Ірі қара және үсак малдарда алдыңғы асықты жілік артернясынык тармақталуы шошқадагы тармақталуға үқсас болады.
Итте алдыңгы асықты жілік артериясы краниальды қайтарма асықты жілік тармагы мен беткейлік тармақтар бөлгеннен кейін, до- рсальды аяқ басы артериясына айналады. Өз кезегінде бүл артерия латеральды және медиальды тілерсек және доға артерияларына ажы- райды. Дога артериясынан II—IV дорсальды жіліншік артериясы та- ралады. Жіліншіктің проксимальды бөлігінді II дорсальды жіліншік артериясынан II проксимальды тесуші тармақ бөлініп, терең плантар- лық догамен қосылады.
6. Артқы асықты жілік артериясы — а. ІіЬіаІіз саисіаііз — жылқыда жақсы жетілген. Одан бөлінген латеральды-каудальды қайықша артериясынан өкше тармақтары ажырап, өкшелік торды түзеді. Аталган тармақтар ажыраганнан кейін, артқы асықты жідік артериясы сафена артериясымен қосылып, плантарлық аяқ басы арте- рияларын қүрауга қатысады.
ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫ
Дене мен тканьдерден қан жүрекке вена тамырлары арқылы жеткізіледі. Көптеген веналар қатар жатқан артериялар және жүйке- лермен бірігіп, тамыр-жүйке будаларын түзеді. Сол себепті олардың атаулары да қатар орналасқан артерияларға сәйкес келеді. Дегенмен вена тамырларының тек өздеріне тән күрылым заңдылықтары мен тармақталу ерекшеліктерінің бар екендігін атап өткен жөн. Олар:

  1. Жануарлар организмдерінде артерияларға сәйкес келмей дара жататын веналар кездеседі. Оларға түлғадағы краниальды және кау- дальды қуысты веналарды, тақ веналарды, бауырдағы қақпақты вена- ны, бастығы терең бет және үрт веналарын жатқызуга болады.

  2. Денеде теріге жақын беткей орналасқан веналар да кездеседі. Оларға мойындагы сыртқы күретамыр (мойындырық венасы) қүрсақ қабырғасындагы қүрсақтың теріастылық веналары жатады.

  3. Кейбір тамыр-жүйке будаларындагы артериялармен қатар өтетін веналар саны бірнеше болуы мүмкін. Мысалы, сыртқы және ішкі күретамыр, орталық вена т. б.

  4. Веналар өзара қосылып көптеген анастомоздар, веналық торап- тар, доғалар және торлар түзеді.

  5. Вена қан тамырларының қабырғасы артерия қан тамырлары қабыргасына қараганда жүқа болып келеді. Веналардың ішкі қабыгы интима жүрек бағытында ашылатын қақпақшалармен жабдықталған.

Вена қан тамырларының дамуы
Онтогенездің бастапқы кезендерінде сүткоректілер үрығының қаны, оның бас аумагынан күретамырлар, ал түлғасынан кардиальды веналар арқылы ағып шығады. Бүл тамырлар өзара бірігіп веналық қойнауга қүйылатын жалпы кардиальды веналарды түзеді. Осы ке- ■енде үрық денесінде жетілген аралық бүйректен қанды бауыр вена- иирына жеткізетін қарапайым қуысты вена — ѵепа саѵа — пайда бо- /іады. Кардиальды веналар мен аталған осы қуысты вена иралықтарында анастомоздардың пайда болуы нәтижесінде кардиаль- ды веналар көкірек және қүрсақ бөлімдеріне бөлінеді. Оның қүрсақ (ч)лімінен қан қарапайым қуысты венаға қүйылады. Үрық (іштөлі) де- ііесінің артқы бөлігінен қанды алып келетен жалпы мықын веналары- ның арасында, олардың оң және сол кардиальды веналарға қүйылар түсында анастомоз пайда болады. Осының нәтижесінде қан тек оң > ардиальды венасы арқылы ғана ағады да, сол кардиальды вена ре- лукцияға шалдығады, яғни біртіндеп жогалып кетеді. Ал, оң карди- іілһды вена артқы қуысты венаның бел аумағындағы бөлігіне .ійналады. Сөйтіп, түрақты артқы қуысты вена оң кардиальды вена- дан, қарапайым қуысты венадан және бауыр венасынан түзіледі.
Тақ веналар (сол және оң) — ѵ. агуеоз зіпізіга еі дехіга — карди- ільды веналардың көкірек бөліктерінен дамиды. Олар қанды кекірек м-регесі қабырғасынан жинайды. Үй жануарларының ішінде жылқы мен итте тек оң тақ вена, ал сиыр, қой, ешкі мен шошқада тек сол тақ вена ғана жетіледі.
Бүғанаасты веналар үрықтық дамудың бастапқы кезінде кардиаль- ды веналарға ашылады. Қуысты веналар жетілгеннен кейін, бүганаасты веналар әуелі жалпы кардиальды веналарға, одан соң орын өзгертіп күретамырга қүйылады. Осындай өзгерістерДің іютижесінде күретамырлардың жүрекке жақын соңғы бөліктері ал- дыңғы қуысты веналар деп аталынады.
Іштөлі дамуының кейінгі кезегінде алдыңгы қуысты веналардың лрасында анастомоз пайда болып, вена қаны негізінен оң қуысты вена лрқылы агады. Нәтижесінде сол қуысты вена қүрылымдық редук- ңияга үшырап, ақырында жогалып кетеді.
Жануарлар дүниесіндегі вена қан тамырлары қызметтік байланы- і гагы төрт веналық жүйке қүрайды. Олар: 1) жүрек веналары; 2) кіші қан айналым шеңберінің веналары; 3) алдыңгы қуысты веналар жүйесін және 4) артқы қуысты веналар жүйесі.
Алдыңғы қуысты вена жүйесі
Алдыңғы қуысты вена — ѵ. саѵа сгапіаііз — вена қанын бастан, мойыннан, алдыңгы аяқтардан және көкірек керегесі қабырғасынан жинап, оң жүрекшеге қүяды. Оны көкірек қуысының кіреберісінде бір-біріне бірігетін иық-бас, оң және сол бүғанаасты веналары мен күретамырлар бағаны түзеді.
Алдыңғы қуысты венаға вена қаны төмендегідей веналары арқылы жиналады. Олар: 1) оң және сол цолтық веналары. — ѵ. ахіііагіз (іехіга еі зіпізіга — алдыңғы аяқтың тереңде орналасқан магистраль- ды веналар; 2) мойын веналары — ѵѵ. сегѵісаіез — бүғанаасты арте- рияоларынан тармақталатын артерия қан тамырларына сәйкес келеді; .5) жуп ііикі көкірек веналары — ѵѵ. іһогасіса ітегпа — көкірек қабырғасының веналары. Бүларға өз кезегінде қүрсақтың теріастылық неналары келіп қүяды; 4) жылқы мен итте оң тақ вена — ѵ. аху^оз
сіехіга күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада — сол тақ вена — ѵ. ахуеоз зіпізіга — қанды барлық қабырғааралық веналардан жинай- ды.
Ерекшеліктері. Жылқыда жүп күретамыр мен иықтыц теріастылық веналары жалпы баған түзеді. Ол ез кезегінде қолтық веналарымен бірігіп алдыңғы қуысты венаға бастау береді. АлдьЩш қуысты венаға жалпы қабырға-мойын, омыртқа, ішкі көкірек және он тақ веналар қүйылады.
Ірі қара және үсақ малдар мен шошқада күретамырлар мен иықтың теріастылық венасы жүп баған түзеді. Қолтық, қабырға-мой- ын, ішкі көкіреқ омыртқа веналары алдыңғы қуысты венаға өз бет- терімен дербес ашылады. Бүл жануарларда оң тақ венаның орнында сол тақ вена — ѵ. агузоз яіпізіга — болады.
Итте алдыңғы қуысты вена оң және сол күретамырлардын бірігуінен түзіледі. Мойын веналары жүп баған, ал ішкі көкірек вена- лары тақ баған қүрайды. Оң тақ вена алдыңғы қуысты венаға жүрек- ке жақын түста қүйылады.
Бас веналары
Қан бастан алдыңғы қуысты венаға сыртқы және ішкі күретамыр- лар арқылы қүйылады.
Сыртқы күретамыр (мойындырық) венасы — ѵ. іп§и1агІ5 ехіегші — мойында теріге жақын мойындырық сайында — зиісиз іпеиіагіз — орналасады. Ол шықшыт безінің артқы жағында тіл-бет және жоғарғы жақ веналарының қосылысынан басталады.
Тіл-бет венасы — ѵ. 1іп§ио^асіа1із — бет және тіл веналарынын бірігуі нәтижесінде түзіледі.

  1. Бет венасы — ѵ. ^асіаііз — қанды бастың бет бөлімінен жинай- ды. Оған өз кезегінде көз бүрышынық венасы — ѵ. апйиіагіз осиіі; буйірлік мурын венасы — ѵ. Іаіегаііз пазі; езу венасы — ѵ. апёиіагіх огіз — қүйылады. Бастың бет бөлімінің орта түсында бет венасына терең бет венасы — ѵ. Гасіеі ргоГипсІае — қосылады. Ол вена канын жоғарғы тістерден, қатты және. жүмсақ тандайдан және мүрын қуысынан жинайды.

  2. Тіл венасы — ѵ. 1іп£иа1із — терең тіл және тіласты веналары- ның бірігуінен түзеледі. Олар қанды тілден, ауыз қуысының түбінде орналасқан мүшелерден және жүтқыншақтан алып шығады.

  3. Жоғарғы жақ венасы — ѵ. шахіііагіз — жоғарғы жақ және сыртқы үйқы артерияларынан ажырайтын қан тамырларына сәйкес келеді. Ол вена қанын көз және қанатша тораптардан жинап, беткей самай, каудальды қүлақ, үлкен шайнау бүлшықет веналары арқылы алып шығады.

Ерекшеліктері. Жылқыда жоғарғы, жақ венасы жақсы жетілген. Ол үрт венасьгаан басталады. Оған аталған веналардан басқа беттің көлденең венасы қүяды.
Ірі қара және үсақ малдарда терең бет венасы болмайды. Жоғарғы жақ венасына вентральды ми және шықшыт веналары ашы- лады.
Шошқада жоғарғы жақ венасының тармақтары жылқынікіне ұқсас Аолады.
Итте бет венасына жұтқыншақ және кемекей веналары, ал жогарғы жақ венасына дорсальды ми венасы — ѵ. сегеЬгі сіогзаііз — ксліп қүяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет