Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі



бет21/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96
treatise203 (2)

Президент жарлықтары. Президент жарлықтары өз кезегінде конституциялық заң күші бар, заң күші бар және жай жарлықтар болып үш түрге бөлінеді.
Мысалы: Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заң күші бар жарлығы, Жекешелендіру туралы заң күші бар жарлығы т.б.
Үкімет қаулылары. Мысалы: Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысы, Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда саттықты /конкурстарды, аукциондарды/ ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы №1140 қаулысы, Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне әкімшілік аумақтық бірліктер бойынша жеңілдетілген бағаның мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 918 қаулысы, т.б.
Конституциялық Кеңестің қаулылары. 2001 жылғы «Конституцияның 6-бабының 3 тармақшасын ресми талқылау (түсіндіру) туралы қаулы, т.б.
Жоғарғы соттың нормативтік күші бар қаулылары. Мысалы, 14 мамырда 1998 жылы қабылданған Сот тәжірибесінде жер заңдарын қолдану туралы қаулысы, т.б.
Орталық атқарушы органдардың нормативтік актілері. Ол ережелер, нұсқаулар, бұйрықтар, т.б.


Бақылау сұрақтары
1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсінігі және белгілері.
2. Жер құқығының қайнар көздері мен жер заңнамасының ара-қатынасы.
3. Жер заңнамасының мақсаты мен міндеттері.
4. Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі. (заң күші бойынша; әрекет етуі бойынша; құқықтық қатынастарды реттеу шеңбері бойынша; актіні қабылдаған орган бойынша).


Әдебиеттер

        1. Абдраимов Б.Ж. Земельное законодательства и судебная практика - Алматы, 2002

        2. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан.-Алматы «Жеті жарғы», 1995





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет