Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жерге мемлекеттік меншік құқығы. Объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері



бет23/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96
treatise203 (2)

2. Жерге мемлекеттік меншік құқығы. Объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес, жерге меншік құқығы екі түрге бөлінеді: Жерге мемлекеттік меншік және жерге жеке меншік. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы жерге меншіктің екі нысаны танылып бірдей қорғалады деп бекіткен. Жерге мемлекеттік меншік құқық деп – мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы өзіне тиесілі жер учаскелерін заңда көрсетілген талаптар мен шарттар негізінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады.
Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Мемлекеттік меншіктегі жер учаселерін шартты түрде екі түрге бөліп қарастыруға болады: Айналымнан алынып тасталған жер учаскелері және айналымда шектеулі жер учаскелері. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 26-бабы жеке меншікте бола алмайтын жер учаскелерінің түрлерін нақты белгілей отырып, жеке меншік құқығының объектілерін шектеп отыр. Айналымнан алынып тасталған жер учаскелері жеке меншік құқығында бола алмайды, сәйкесінше олармен кез-келген азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға тиым салынған. Ал айналымда шектелген жер учаскелері жеке меншікке берілмейді, дегенмен заңда көзделген шектер мен тәртіпте жеке меншікте болуі мүмкін. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.
Мынадай жер учаскелерi:

  • қорғаныс және мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк меншiктегi қорғаныс өнеркәсiбi қажеттерiне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау және күзету үшiн тұрғызылған инженерлiк-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

  • орман қорының жерi;

  • су қорының жерi;

  • магистральдық темiр жол желiлерi мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;

  • жеке меншiк құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажеттi жер учаскелерiн қоспағанда, елдi мекендердегi ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелерi жеке меншiкте бола алмайды.

Азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне:

  • тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар;

  • ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар;

  • жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральды темiр жолдарды, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын және магистральды құбырларды кеңейте түсу үшiн белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ сәулет-қала құрылысының және (немесе) құрылыстың бекiтiлген құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар, ортақ пайдаланудағы жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа объектiлер) құрылысына арналған жер учаскелерi олардың жобалық игерiлуiне дейiн жер пайдаланушыларға басқа мақсаттар үшiн уақытша пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.
Жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі – яғни меншік иелері. Республикалық меншіктегі жерлерге билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Ал жергілікті меншіктегі жерлерге билікті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет