7) жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу. Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 заңына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) және онымен жасалатын мәмілелердің туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. Жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) меншік құқығы;
2) шаруашылық жүргізу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;
5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.
Өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.
Сонымен қатар, жер учаскелерін беру берілетін мақсатына сәйкес және берілетін субъектілеріне сәйкес келесі түрлерге бөлуге болады. берілетін мақсатына (объетісіне) сәйкес:
1. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру;
2. Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырлары объектiлерiнiң құрылысы үшiн беру;
3. Құрылысқа байланысты емес мақсатта жер учаскелерiн беру болып бөлінеді.
Ал жер учаскелерін беру берілетін субъектілеріне сәйкес:
Жер учаскелерін оралмандарға беру;
Жер учаскелерін заңды тұлғаларға беру;
Жер учаскелерін жеке тұлғаларға беру болып бөлінеді.
Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру. Объектiлер құрылысы үшiн жер учаскесi сұралған кезде, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының тапсырмасы бойынша жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттерiне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарымен жер учаскесiн таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
Жер учаскесiн таңдау нәтижелерi құрылыс салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитарлық-қорғау аймағын белгiлеу үшiн жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресiмделедi. Осы актiге әрбiр жер учаскесiн таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса берiледi.
Аса маңызды объектiлер бойынша өздерінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (олардың қарауы бойынша) осы объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн таңдау жөнiндегi арнаулы комиссиялар құрады.
Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi. Жерге орналастыру жобасының құрамында: берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.
Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер учаскелері орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жерге тиiстi құқық табыстау туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын дайындайды.
Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырлары объектiлерiнiң құрылысы үшiн беру. Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiнгi сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне тиеуге байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау aктici және жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен де келiсiледi. Өтiнушi немесе оның сенiм бiлдiрген тұлғасы жер учаскесiн бөлiп беруге талап етiлетiн келiсiмдердi жеке-дара қамтамасыз етедi.
Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта, бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда, тапсырыс берушi шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiкке меншiк иелерiнiң әрқайсысымен жасалған шартты қосымша ұсынады.
Шартта сол кездегi бар құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды, жасыл екпелердi басқа жерге ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс жүргiзушiнiң жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi көрсетiледi.
Жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы шешiмiнiң жобасында:
жерге құқық табысталатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты;
жер учаскесiнiң көлемi;
жерге құқықтар түрi, ауыртпалықтар, сервитуттар;
учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмi мен шарттары;
алып қойылатын учаскелердiң өлшемдерi көрсетiле отырып, жердi алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою жүргiзiлетiн заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
өзге де шарттар болуға тиiс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, құрылысқа арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты қызмет түрлеріне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретінде белгіленеді.
Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру кезiнде өтiнiмге:
азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшiн құқықтар табысталған жер учаскесiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтама (облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жетi күн мерзiмде бередi);
азаматта жеке тұрғын үйдiң бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтама (жылжымайтын мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын орган жетi күн мерзiмде бередi) қоса тiркеледi.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiм арнаулы есепке алынады және бөлiп беруге арналған алаңдардың дайындалуына қарай қанағаттандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |