Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер учаскелері радиоактивтік ластануға ұшыраған жерді меншік иелерінен қайтарып алу



бет42/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96
treatise203 (2)

Жер учаскелері радиоактивтік ластануға ұшыраған жерді меншік иелерінен қайтарып алу. Жер кодексіне сәйкес, радиоактивті ластануға ұшыраған және соның салдарынынан заңдарда белгіленген санитарлық талаптар мен нормативтерге сәйкес келетін өнім өндіруді қамтамасыз етпейтін жерлер ауыл шаруашылығы айналымынан алынып тасталады. Мұндай жерлерде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және оны ұқсатуға тиым салынады. Радиоактивті ластану дегеніміз – бұл жерлердің радионуклидтермен, оның ішінде пайдалы қазбаларды өндіру және ұқсатулардың, ядролық жарылыстардың, ядролық қондырғыларды орнатудың, ионизациялық сәуле шығару көздерін пайдаланудің, радиоактивті заттарды сақтау мен көму орындарының, ядролық радиациялық авариялардың, сонымен қатар, радиоактивті заттармен байланысты өзге де қызметтердің нәтижесінде ластануы.Ондай жерде ауыл шаруашылық қызметіне жүзеге асыруға, адамдардың тұруына тыйым салынады. Мұндай жерлер консервациялауға жатады.
Консервациялау дегеніміз – жерді шаруашылық айналымнан алу болып танылады. Мұндай жерлердің иегелеріне басқа жер учаскесі берілуі тиіс. Радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскелерін алып қою мынадай сатылардан тұрады:

  1. Радиоактивті ластануға ұшыраған жерлерді анықтау және зерттеу;

  2. Жер учаскесін алып қою туралы шешім қабылдау;

  3. Алып қою туралы талапты сотта қарау (факультативті саты);

Радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесін алып қою рәсімін қозғау негіздері болып:

  1. жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының мәлімдемесі негіз болады;

  2. жергілікті атқарушы немесе өзге де құзіретті органдардың бастамасы;

  3. қоғам талабы танылады.

Радиоактивті ластануға ұшыраған жерлерді анықтау құзіретті органдардың жерді пайдалану мен қорғауға байланысты мемлекеттік бақылау процесінің негізінде жүзеге асырылады. Радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесін анықтағаннан кейін жердің ластану дәрежесін белгілеу, келтірілген шығынды анықтау, ластану салдарын жою мақсатында кешенді комиссиялық зерттеу жүргізіледі. Кешенді комиссиялық зерттеуді облыстық атқарушы орган құратын арнайы комиссия жүргізеді. Оның құрамына:

Зерттеу нәтижелері комиссия мүшелерінің барлығы қол қойған қорытындыда тұжырымдалады. Қорытындыда мыналар көрсетіледі:

    1. меншігінде немесе пайдалануында ластанған немесе бүлінген жер учаскесі бар тұлға;

    2. ластанған немесе бүлінген учаске;

    3. жердің ластануына негіз болған объект;

    4. егер анықталған болса, жерді ластаған немесе бүлдірген тұлға;

    5. ластанған жердің түрі мен көлемі;

    6. жерге келтірілген шығынның ақшалай мөлшері;

    7. ластанған жерлерді қалыпқа келтіруге, сонымен қатар келешекте шаруашылыққа пайдалануға байланысты ұсынылатын шаралар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет