Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Сауда-саттыќтың аукциондыќ нысаны және аукцион өткiзуге дайындыќ



бет36/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   96
treatise203 (2)

Сауда-саттыќтың аукциондыќ нысаны және аукцион өткiзуге дайындыќ
Аукционды өткiзуге дайындыќ мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) жергiлiктi өкiлдi орган бекiткен тiзбеге сәйкес аукционға шығарылатын жер учаскелерiнiң және жер учаскесiн жалдау ќұќығының тiзiмi аныќталады. Сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерiнiң немесе жер учаскелерiн жалдау құқықтарының тiзбесiн жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi және жергiлiктi өкiлдi органның тиiстi шешiмiмен бекiтiледi;
2) әрбiр жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығын сату әдiсi аныќталады;
3) әрбiр жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығының бастапќы және ең төменгi бағасы аныќталады. Ең төменгi баға сауда-саттыќ әдiстерiне ќарай аныќталады: сауда-саттыќтың ағылшындыќ әдiсi кезiнде бастапќы баға ең төменгi бағаға тең болады және сауда-саттыќтың голландтыќ әдiсi кезiнде бастапќы баға ең төменгiден кемiнде жүз рет асып түсуi тиiс;
4) кепiлдiк жарнаның мөлшерi және оны енгiзу тәртiбi аныќталады. Аукционға ќатысуға арналған кепiлдiк жарна аукционға шығарылатын барлыќ объектiлер үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мынадай әдiстемелердiң бiрi бойынша есептеледi: әрбiр объект бойынша объектiнiң бастапќы бағасының 5 пайызы аныќталады, сауда-саттыќтың ағылшындыќ әдiсi бойынша аукционға шығарылған объектiлердiң iшiнен объектiнiң ең аз бастапќы бағасы немесе сауда-саттыќтың голландтыќ әдiсi бойынша, аукционға шығарылған әрбiр объектiнiң бастапќы бағасының 30 пайызына тең өлшемнiң ең азы аныќталады;
5) аукцион өткiзiлетiн күн белгiленедi;
6) аукцион өткiзу туралы хабарлама жарияланады. Бұл хабарлама аукцион өткiзілетiн күндi, уаќытты, орынды және оның шарттарын; учаскенiң мекен-жайы мен орналасќан жерiн, оның алаңын және жер учаскесiн сату шарттарын; иелiктен алынатын ќұќыќтың (меншiк ќұќығының немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығының) түрiн; жер учаскесiне түсетiн барлыќ ќиындыќтар (шектеулер) тiзбесiн; жер салығының немесе жалдау аќысының мөлшерiн; сауда-саттыќќа ќатысуға арналған өтiнiмге ќоса берiлетiн сатып алушы ұсынатын ќұжаттардың тiзбесiн; өтiнiмдердi ќабылдаудың соңғы мерзiмiн; төлемнiң бастапќы бағасын, нысаны мен шарттарын ќамтуға тиiс.
Аукционға ќатысушыларды тiркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және аукцион басталғанға дейiн бiр сағат бұрын аяќталады.
Сатуға арналған жер учаскесi:
белгiлi бiр жерде жер учаскесiнiң шекарасы айқындалғаннан және белгiленгеннен;
жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан;
құрылыс объектiлерiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз ету желiлерiне қосудың техникалық шарттары анықталғаннан;
сауда-саттық (конкурстар, аукциондар)өткiзу қабылданғаннан;
сауда-саттық (конкурстар, аукциондар)өткiзу туралы шешiм туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн сауда-саттыққа шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет