Құрылысқа байланысты емес мақсатта жер учаскелерiн беру. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiнiң меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуiне мүдделi тұлғаның өтiнiшi негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып), сұралған жер учаскесiнiң жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттерiне сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылу мүмкiндiгiн анықтайды.
Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы шешiмiнiң жобасы дайындалады.
Оралмандарға жер учаскелерiн беру. Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Оралмандарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн олардың жеке меншiгiне өтедi. Сонымен қатар, оралмандар мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алуға қатыса алмайды.
Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу. Жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн жеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Жер учаскелерiн азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беру Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тегiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Жер кодесіне сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшiн берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi қызметтiң осы түрлерiне жер бөлiп берудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.
Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiкке мынадай мөлшерде тегiн берiледi:
1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;
2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар;
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.
Жер учаскелерінiң аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi.
Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға бұрын өзiне жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алуға ниет бiлдiрген жағдайда, осы тұлға облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына өтiнiш бередi.
Өтiнiшке:
жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжат немесе құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;
бюджеттiң алдында берешегi бар немесе жоқ екендiгi (жер салығы және (немесе) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы) туралы салық органының анықтамасы;
жер учаскесiмен мәмiле жасасуға кедергi келтiретiн ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы жылжымайтын мүлiк орталығынан анықтама;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiледi.
Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жер учаскесін кадастрлық құжаттама бойынша сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
Жер учаскесiн меншiкке беру туралы шешiм жер пайдаланушы жергiлiктi атқарушы органға жазбаша нысанда өтiнiш берген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылдануға тиiс.
Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы сатып алушымен жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасады және оған қол қояды.
Жер учаскесiн алған сатып алушы шартта белгiленген мерзiмде төлемақы жасау жөнiндегi мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, сатушы берiлген жер учаскесiнiң төлемақысын немесе сол жер учаскесiн қайтарып берудi талап етуге құқылы.
Сатып алушы берiлген жер учаскесiне төлемақы жасау жөнiндегi мiндеттемелердi шартта белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда әрi шартта өзгеше көзделмесе, учаскеге төлемақы жасалуға тиiстi күннен бастап сатып алушы төлемақыны жасаған күнге дейiнгi мерзiмi өткен сомаға тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс. Тұрақсыздық айыбының мөлшерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы негiзге алына отырып есептеледi.
Мемлекет меншiгiндегi жер учаскесiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде, сатып алушы сатып алу-сату шартында белгiленген мерзiмде төлем жасауға тиiс. Сатып алушы төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесi үшiн сатып алу-сату шартында белгiленген мерзiмде кезектi төлем жасамаған кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы шартты орындаудан бас тартуға және сатылған жер учаскесiн қайтарып алуды талап етуге құқылы, бұған сатып алушыдан алынған төлем сомасы жер учаскесiнiң сатып алу бағасының жартысынан асып түскен жағдай қосылмайды.
Төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiне қатысты оның сатып алу бағасы толық төленгенге дейiн мәмiле жасасуға тыйым салынады. Жер учаскесiн төлеу мерзiмiн ұзартып сатқан кезде, сатып алушыға сатып алу-сату шарты негiзiнде берiлетiн жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатқа, учаскенi кепiлге берудi қоспағанда, мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы тиiстi жазба жасалады. Төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiн кепiлге салуға оның сатып алу бағасының кемiнде елу процентi төленгеннен кейiн жол берiледi.
Төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiмен мәмiле жасасуға шектеулер жер учаскесiн сатып алу-сату шартында және жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатта көрсетiледi. Жер учаскесiн сатып алу бағасын төлеу туралы құжат сатып алу-сату шартындағы және жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттағы осы шектеудi алып тастауға негiз болады.
Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу. Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектiсi болуы мүмкiн.
Сауда-саттыќ дегеніміз – жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығын сатудың аукциондыќ, конкурстыќ нысаны. Сауда-саттықтың екі әдісі және екі нысаны қарастырылған. Әдістері: сауда-саттыќтың ағылшындыќ әдiсi – бастапќы баға алдын ала хабарланған ќадаммен неғұрлым жоғары баға ұсынған бiр ќатысушы ќалған сәтке дейiн көтерiлетiн сауда-саттыќ әдiсi және сауда-саттыќтың голландтыќ әдiсi – бастапќы баға хабарланған ќадаммен ќатысушылардың бiрi хабарланған баға бойынша объектiнi сатып алуға келiскен сәтке дейiн төмендейтiн сауда-саттыќ әдiсi. Нысандары: Конкурс және аукцион болып табылады. Конкурс дегеніміз – сатып алынатын жер учаскесiн пайдаланудың неғұрлым ќолайлы жағдайларын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығын бес жылға дейiн бөлiп төлеп сатуға бағытталған сауда-саттыќты өткiзу тәсiлi. Ал аукцион дегеніміз – сауда-саттыќќа ќатысушылардың арасындағы ашыќ бәсекелестiктi ќамтамасыз ететiн жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығын сатуға бағытталған сауда-саттыќты өткiзу тәсiлi.
Мемлекет сауда-саттыќта (конкурстарда, аукциондарда) сатќан кезде жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығының ең төменгi бағасы Ќазаќстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген олардың ќұзыретi шегiнде облыстың (республикалыќ маңызы бар ќаланың, астананың), ауданның (облыстыќ маңызы бар ќаланың) жер ќатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы белгілеген кадастрлыќ (бағалау) ќұнынан төмен болуы мүмкiн емес;
Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығын сату жөнiндегi сауда-саттыќты ұйымдастыруға және өткiзуге арналған шарт сатушы мен ұйымдастырушы арасында жасалады және:
1) сауда-саттыќќа ќойылатын объектiлердiң тiзiмiн;
2) сауда-саттыќты өткiзудiң шектi мерзiмiн;
3) әрбiр объектiнi сату кезiнде сауда-саттыќты өткiзу әдiсiн;
4) ұйымдастырушыға берiлетiн әрбiр oбъект бойынша ќұжаттардың тiзбесiн;
5) сауда-саттыќќа дайындыќ және оны өткiзу барысы туралы ұйымдастырушы есептiлiгiнiң кезеңділiгi мен нысанын;
6) тараптардың өзара мiндеттерi және мүлiктiк жауапкершiлігiн;
7) ұйымдастырушының сыйаќы алу мөлшерi мен шартын және сатушымен өзара есеп айырысу тәртiбiн;
8) шарттың ќолданылу мерзiмiн және оны бұзу шарттарын;
9) тараптардың шартты орындамағаны немесе тиесілі орындамағаны үшiн айыппұл санкцияларын ќамтуы тиiс.
Сатушы жеке меншiкке сатылатын немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығы сатылатын жер учаскесi бойынша ќажеттi ќұжаттаманы сауда-саттыќты ұйымдастырушыға ұсынады. Ұйымдастырушы сыйаќысының мөлшерi әрбiр сатылған объектiнiң сату бағасының 5 пайызынан аспайды және сатушы ќаражатының есебiнен төленедi. Ұйымдастырушы дегеніміз – меншiк иесi немесе ол мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ол белгiлеген, жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығын сату жөнiндегi сауда-саттыќты дайындауды және өткiзудi жүзеге асыратын ұйым.
Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоќ адамдар және шетелдiк заңды тұлғалар, егер сауда-саттыќќа шығарылатын жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау ќұќығы жер заңнамасына сәйкес көрсетiлген тұлғалардың жеке меншiк ќұќығында немесе жалдау ќұќығында бола алатын болса, сауда-саттыќќа ќатыса алады.
Мыналар:
1) мемлекеттiк заңды тұлғалар;
2) сауда-саттыќты ұйымдастырушы;
3) аукционшы;
4) алдыңғы сауда-саттыќта (конкурстарда, аукциондарда) жеңiп шыќќан, бiраќ жасалған шарттың ережелерiне сәйкес сатып алынған жер учаскесi (жер учаскесiн жалдау ќұќығы) үшiн есеп айырыспаған тұлғалар конкурсќа, аукционға ќатысушылар бола алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |