Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер учаскесін алып (сатып алу) қою, түрлері және тәртібі



бет38/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96
treatise203 (2)

3. Жер учаскесін алып (сатып алу) қою, түрлері және тәртібі.
Жер учаскесін алып қою мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Оның келесі түрлері бар :
1. Жеке меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi мемлекеттiк ќажеттiктер үшiн сатып алуды ќоса алғанда, алып ќойылған болса;
2. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану ќұќығынан өндiрiп алу жүргiзiлген болса;
3. Маќсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Ќазаќстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып ќойылған болса;
4. Радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскесiн, ќұны тең жер учаскесi берiле отырып, меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып ќойған болса;
5. Тәркіленген жағдайда.
Жалпы жер құқығы теориясында жерді алып қою әртүрлі негізде түсіндіріледі.

  1. жер құқығының институты ретінде,

  2. жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқының тоқтатылуының негізі ретінде,

  3. жер қорын басқару функциясы ретінде,

  4. жауапкершілік шарасы ретінде.

Жер құқығының институты ретінде – жерді алып қоюмен және оның салдарын туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын құрайды.
Жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылу негізі ретінде – бұл заттық құқықтардың күштеп тоқтатылуы. Бұл ретте алып қоюдың барлығы аталмыш құқықтардың тоқтатылуына негіз болмайды.
Жер қорын басқару фукциясы ретінде – мемлекеттік органдардың меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын оны қайта бөлу мақсатында тоқтатуға негізделген заңи маңызы бар әрекеттерінің жиынтығы.
Жауапкершілік шарасы ретінде, жер учаскесін алып қою жер-құқықтық жауапкершілік жүйесінде ерекше жағдайларда қолданылады. Жер құқықтық жауапкершідік жер заңдарының талаптарын жүйелі түрде бұзған жағдайларда қолданылады.
Жер учаскесін алып қоюмен байланысты құқықтық қатынастар өзінің мазмұны бойынша өте күрделі қатынастар және өзіне тән ерекшеліктері де бар.
Біріншіден, жер учаскесін алып қоюдың міндетті субъектісі мемлекеттік орган болып табылады (жергілікті атқарушы органдар немесе сот органдары). Бұл ретте егер жер учаскесін алып қоюдың міндетті субъектісі болып атқарушы биліктің мемлекеттік органдары танылса, онда қандай құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтық қатынастар болып табылады.
Екіншіден, жер учаскесін алып қою кешенді құқықтық қатынастарды тудырады. Олар, жер құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, тұрғын үй қатынастары және әлеуметтік қатынастар.
Үшіншіден, жер учаскесін алып қою көп жағдайда аты айтып тұрғандай еріксіз, мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылады. Яғни жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының еркінен тыс алынып қойылады және күштеу сипатына ие болады.
Жер учаскесін алып қоюмен байланысты құқықтық қатынастардың қатысушылары болып заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттерді иеленуші құқық субъектілері ғана бола алады. Бұл орайда мұндай құқықтық қатынас субъектілерінің барлығын жер учаскесін алып қоюдың субъектілері ретінде қарауға болмайды. Мысалы жер учаскесін алып қою кезінде делдалдық қызмет атқару негізінде (техникалық немесе өзге де көмек көрсетушілер) құқықтық қатынастарға қатынасушылар субъект ретінде танылмайды. Жер учаскесін мемлекет қажеттіктері үшін алып қою кезінде алып қою процесі белгілі бір атқарушы органның қатысуымен жүргізіледі.
Кез келген құқықтық қатынастарға кемінде екі субъект қатысуы тиіс. Жер учаскесін алып қоюды жүзеге асыратын субъектілерді былайша ажыратуға болады:
- әкімшілік тәртіп арқылы жер учаскесін алып қою – ол атқарушы биліктің әртүрлі деңгейіндегі мемлекеттік органдармен, яғни солардың шешімімен және қатысуымен жүзеге асырылатын алып қою. Мұнда меншік иесі мен жер пайдаланушыдан жер учаскесін мемлекет қажеттіктері үшін алып қою және радиоактивті ластануға үшыраған жерлерді алып қою жатады;
- жер учаскесін сот тәртібімен алып қою – жер учаскесін алып қою тек сот тәртібімен ғана жүзеге асырылатындығын білдіреді. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер учаскесін мақсатына сәйкес пайдаланбаса немесе заңдарды бұза отырып пайдаланса, сонымен қатар, жер учаскесі тәрікеленген жағдайда жер сот тәртібімен алынады. Жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою кезінде меншік иесі ұсынылған шарттармен келіспесе, алып қою процесі сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, жер учаскесін алып қою қатынастырының субъектілік құрамы жер учаскелерін алып қою негіздеріне де тікелей байланысты болады. Әкімшілік тәртіп арқылы жер учаскесін алып қою көптеген мемлекеттік органдардың қатысуын қажет етеді. Мысалы, жер учаскесін мемлекет қажеттіктері үшін алып қою кезінде міндетті субъектілер болып: құзіретті орган; жер учаскесін алып қоюға мүдделі субъектілер (министрліктер, ведомствалар, заңды және жеке тұлғалар); алынып қойылатын жер учаскесінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар; жер ресурстарын басқаруға байланысты аумақтық комитеттер; жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары; аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы; санитарлық эпидемиологиялық органдары; өрт қауіпсіздігі органдары, т.б.
Жер учаскесін алып қоюды әртүрлі негіздер бойынша жіктеп қарастыруға болады:
Қайтарымдылық сипатына қарай жер учаскесін алып қоюды екі санатқа бөліп қарастыруға болады:

  • жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушы келтірілген шығындардың барлығын өтеу арқылы. Бұған жер учаскесін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мемлекет қажеттіктері үшін алып қою, мақсатына сәйкес пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін алып қою, тең келетін жер учаскесін бере отырып радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесін алып қою;

  • жер учаскесін ақысыз, яғни қайтарымсыз алып қою. Ол меншік иесі мен жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер пайдалану құқығынан өндіріп алу немесе тәрікелеу.

Жер учаскесін алып қоюдың мақсатына қарай мынадай топтарға жіктеуге болады:

  • жер учаскесін алып қоюдың жауапкершілік шарасы ретінде жүзеге асырылуы. Жер учаскесін меншік иесі мен жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша алып қоюда жерді алып қою міндеттемені орындамағаны үшін азаматтық құқықтық санкция ретінде қолданылады. Меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесін заңда көрсетілген белгілі бір мерзім ішінде пайдаланбағаны немесе заңдарды бұза отырып пайдаланғаны үшін алып қою жер құқықтық жауапкершілік болып табылады. Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесін тәрікелеу қылмыстық құқықтық жауапкершілік шарасы ретінде жүзеге асырылады.

  • меншік иесі мен жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою ешқандай да жауапкершілік шараларын көздемейді, ол тек қана мемлекеттің қажеттіктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады. Бұл жер учаскесін мемлекет қажеттіктер үшін алып қою немесе төтенше жағдайлар кезінде жер учаскелерін меншік иесі мен жер пайдаланушылардын уақытша алып қою.

Жер учаскесін алып қоюдың келесі жіктелуі оның субъектілеріне байланысты болады.

  • жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қоюды сот тәртібі арқылы жүзеге асырылуы; Меншік иесі мен жер пайдаланушыдан жер учаскесі сот тәртібі арқылы тек жер учаскесін тәркілеген жағдайда және жер учаскесін мақсатына сәйкес пайдаланбағанда немесе заңдарды бұза отырып пайдаланғанда ғана міндетті түрде жүзеге асырылады. Жер кодексінің 95-бабында заң актілерінде көзделген жағдайларда, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесі сот тәртібімен санкция түрінде өтеусіз алынып қойылуы мүмкіндігі қарастырылған.

  • жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қоюды әкімшілік тәртібі арқылы жүзеге асырылуы; Жер учаскесін мақсатына сәйкес пайдаланбаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланған меншік иесі мен жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою әкімшілік сипаттағы сот тәртібімен жүзеге асырылады. Меншік иелерінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбағаны немесе заңдарды бұза отырып пайдаланғаны үшін алып қою жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның талап арызы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет