1. Өндіріс жерлерінің түсінігі, құрамы. Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен тиiстi нысаналы маќсат үшiн азаматтар мен заңды тұлғаларға берiлген жер өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және ауыл шаруашылығынан өзге маќсатќа арналған жер деп танылады.
Қарастырып отырған санаттағы жерлер өз алдына өнеркәсіп, энергетика, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері болып бөлінеді.
Өнеркәсiп жерi дегеніміз - өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалану үшiн берiлген жерлер. Өнеркәсіп объектілерін орналастыру үшін ең алдымен, ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жерлерден, егер ондай жерлер болмаса, сапасы нашар ауылшаруашылық алқаптары берілуі мүмкін. Өнеркәсіп объектілері орналасқан жерлерді тұрғылықты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл аймақтарда, қорғаныш, санитарлыќ-ќорғау және өзге де аймаќтар белгіленеді. Аталған маќсаттарға берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормаларға немесе жобалау-техникалыќ ќұжаттамаларға сәйкес айќындалады, ал жер учаскелерiн бөлiп беру оларды игеру кезектiлiгi ескерiле отырып жүргiзiледi.
2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы.
Көлік жерлерінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының 24 қыркүйек 1994 жылы қабылданған Көлік туралы және 08 желтоқсан 2001 жылы қабылданған Темір жол көлігі туралы заңмен, автомобиль көлігі туралы заңмен, ішкі сулар көлігі туралы заңмен сонымен қатар Жер кодексімен реттеледі. Көлік жері дегеніміз - автомобиль, теңiз, iшкi су, темiр жол, әуе және өзге де көлiк түрі объектiлерiнiң ќызметiн ќамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшiн берiлген жерлер.
Қазақстан Республикасының Көлік туралы заңына сәйкес, көлік түрлері келесдей болып бөлінеді: Автомобиль, теңiз, iшкi су, темiр жол, әуе, құбыр магистралі және метрополитен.
Темiр жол көлiгi ќажеттерiне арналған жерге:
1) магистраль жолдарына және солармен технологиялыќ байланыстағы ќұрылыстар мен ғимараттарға (темiр жол белдеуi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдыќ жабдыќтар, ќызметтiк-техникалыќ үйлер);
2) кiрме жолдарға;
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылыќтары, сумен жабдыќтау және канализация ќұрылыстары, ќорғау және бекiту екпелерi, ќызметтiк және темiр жол көлiгiне ќызмет көрсететiн арнаулы маќсаттағы өзге де объектiлерi бар темiр жол станцияларына (вокзалдарға);
4) темiр жолдарға берiлген белдеулер мен күзет аймаќтарына бөлiп берiлген жер жатады.
Темiр жол көлiгiнiң ќажеттерiне арналңан жер учаскелері темiр жолдар мен темiр жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалыќ ќұжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн нормативтер бойынша берiледi.
Тұрғын халыќтың ќауiпсiздiгiн ќамтамасыз ету, сондай-аќ темiр жол көлiгi ќажеттерiне арналып бөлiнген белдеуге iргелес жер учаскелерiндегi объектiлердi ќауiпсiз пайдалану маќсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймаќтары белгiленедi, олардың шегiнде аймаќтарды белгiлеу маќсаттарына сай келмейтiн ќызмет түрлерi шектеледi немесе оларға тыйым салынады.
Темiр жол көлiгiнiң күзет аймаќтарына: орманды ќорғау белдеулерi, көлiк ќұрылыстарының, ќұрылғылары мен басќа да объектiлерiнiң саќталуын, төзiмдiлiгi мен орныќтылығын ќамтамасыз ету үшiн ќажеттi жер учаскелерi, сондай-аќ темiр жол көлiгiне бөлiнетiн белдеуге iргелес орналасќан, сел ќаупi, көшкiн ќаупi бар аймаќтардағы және басќа да ќауiптi әсерлер төнетiн жерлердегi жер учаскелерi кiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |