Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері



бет70/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96
treatise203 (2)

4. Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының Байланыс туралы заң, Халықтың радиоциялық қауіпсіздігі туралы заң, Атом энергиясы туралы заңмен реттеледі. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, аќпарат ќажеттерiне арналған жерлер дегеніміз – тиiстi инфраќұрылымдардың объектiлерiн орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желiлерi, соның iшiнде жер астындағы желiлер үшiн бөлiнiп берiлген жерлер. Аталған жерлерде күзет аймаќтары белгіленеді.
Энергетика жерлері сәйкес энергетикалық объектілерді орналастыру үшін аумақтық кеңістік ретінде танылады. Энергетика жерлері екі түрге бөлінеді:

    1. гидроэлектростанцияларды, атом станцияларын, ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды сақтайтын қоймалады, жылу бекеттерін орналастыру үшін арналған жерлер;

    2. электр таратудың әуе желiлерiн, электр таратудың кабель желiлерiнiң жер бетiндегi ќұрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пункттерiн, энергетиканың басќа да ќұрылыстары мен объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер учаскелерi

Тұрғын халыќтың ќауiпсiздiгiн ќамтамасыз ету және энергетика мен байланыс объектiлерiн пайдалануға жағдай жасау үшiн, белгiленген тәртiппен бекiтiлген ќұрылыс нормалары мен ережелерi, электр желiлерi мен байланыс желiлерiн ќорғау ережелерi және басќа да нормативтiк ќұжаттардың негiзiнде электр желiлерi мен байланыс желiлерiн күзету аймаќтары белгiленуi мүмкiн


5. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары және ол жерлердің құқықтық жағдайы.
Тұрғын халыќтың ќауiпсiздiгiн ќамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк объектiлерi мен өзге де объектiлердi пайдалану үшiн ќажеттi жағдайлар жасау маќсатында аймаќтар белгiленедi, аймаќтарды белгiлеу маќсаттарына сай келмейтiн ќызмет түрлерiне олардың шегiнде шек ќойылады немесе тыйым салынады.
Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймаќтарына:
1) өнеркәсiп орындарының санитарлыќ-ќорғау аймаќтары;
2) темiр жол мен автомобиль жолдарына бөлiнiп берiлген белдеуге iргелес жатќан, сел-көшкiн ќаупi бар және орманды ќорғау аймаќтары;
3) бас саға ќұрылыстарын ќорғау аймаќтары;
4) әуеайлаќ маңындағы белдеулер;
5) магистральды ќұбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желiлерiнiң күзет аймаќтары;
6) су күзету аймаќтары мен белдеулерi;
7) әскери полигондардың аумағы жатады.
Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймаќтарға енгiзiлген жер сол жерлерде арнаулы белгiлермен көрсетiледi. Бас саға ќұрылыстарын күзету аймағының бiрiншi белдеуiн ќоспағанда, аталған жерлер жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алынып ќойылмайды.
Аталған аймаќтардың шекарасы мен олардағы жердi пайдалану режимiн нормаларға және жобалау-техникалыќ ќұжаттамаға сәйкес меншiкке немесе жер пайдалануға жердi беру туралы шешiм ќабылдаған орган айќындайды.
Әдебиеттер

Бақылау сұрақтары


1. Өндіріс жерлерінің түсінігі, құрамы. Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері.
2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы.
3. Қорғаныс жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері.

  1. Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері.

  2. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары және ол жерлердің құқықтық жағдайы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет