Ќұбыр тасымалы көлiгiнiң ќажеттерiне арналған жерге су ќұбырын, газ ќұбырын, мұнай ќұбырын және жер бетi мен жер асты үйлерiн, ќұрылыстарын, ғимараттарын, ќұрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, ќайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн ќажеттi объектiлердi және ќұбыр жүргiзу көлiгiнiң басќа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады.
Аталған жерге шекарасы белгiленген тәртiппен бекiтiлген ќұрылыс нормалары мен ережелерiнiң, магистральды ќұбырларды күзету ережелерiнiң және басќа нормативтiк ќұжаттардың негiзiнде аныќталатын, жер учаскелерiн пайдаланудың ерекше шарттары бap магистральды ќұбырларды күзету аймаќтары да жатады.
3. Қорғаныс жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері.
Қорғаныс жерлері дегеніміз - Қазақстан Республикасы Үкіметі қорғаныс пен қауіпсіздік саласында міндеттер атқаратын Қарулы күштер ұйымының әскери бөлімдерін, әскери полигондарын, әскери-оқу орындары мен басқа да ұйымдарын және басқа әскерлерді, олардың объектілері мен құрылыстарын орналастырып, тұрақты жұмыс істеуі үшін берілген жерлер. Қорғаныс мақсатындағы жерлер жеке меншікке берілмейді, тек мемлекеттің меншігінде болады.
Ќорғаныс ќажеттерiне байланысты жаттығулар мен басќа да iс-шаралар жүргiзу үшiн жердi уаќытша пайдалану ќажет болған жағдайда жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен және жердi пайдаланушылардан жер учаскелерi алып ќойылмайды.
Қорғаныс мақсатындағы жерлерді iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн пайдалануы мүмкін, бұл жағдайда рұќсатты облыстыќ атќарушы орган бередi.
Ќазаќстан Республикасыныѕ Мемлекеттiк шекарасын ќорғауды және күзетудi ќамтамасыз ету маќсатында инженерлiк-техникалыќ ќұрылыстар мен ќоршауларды, шекара белгiлерiн, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Ќазаќстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арќылы өту пункттерiн жайғастыру мен күтiп-ұстау үшiн жер учаскелерi берiледi.
Сонымен қатар, аудандыќ атќарушы органдар әскери бөлiмдермен келiсiм бойынша, ќорғаныс ќажеттерiне берiлген жерден ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғаларға жекелеген жер учаскелерiн уаќытша жер пайдалануға бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |