16 бөлімше. Бетондық және темірбетонды бекітпе тұрғызу.
Бекітпе сыртына ерітінді құю. Жоғарыны тазалау
501. Бетондық (опалубтық, арматуралық) жұмыстар жүргізу аймағындағы адамдар және транспорт құралдары қозғалысын да транспорт және адамдар өтуі үшін еркін өтпелер қамтамасыз етіледі. Өту жолдары үстінде жұмыстар аймағына 40 м қашықтықта жарықтандылыған «Назар аударыңыз! Жай жүру!» белгілері ілінеді.
502. Орнатылған арматуралық какастар, опалубкалар мықтап қатайтылады. Опалубканың дұрыс орнатылуы және мықтылығы бақылау тұлғасымен тексеріледі.
503. Экскаватор, кран және басқа көтеру – тасымалдау механизмдер жебелері арматуралық каркас және құрастырмалы опалубка ілуге және орнатуға арналған арнайы қондырғылары жоқ жебелермен жұмыс жасауға болмайды.
504. Опалубкаларды жылжытуға қозғалыс жайлылығын және болат арқан керілуі теңдігін қамтамасыз ететін шығыршықтар қолданылады. Жылжымалы опалубкаларды қатты жетек арқылы трактормен, бульдозермен және автокөлікпен жылжытуға болады. Жылжымалы опалубкалардың барлық түрлеріне айдап кетуге қарсы құрылғылар орнатылады. Опалубканы жылжыту кезінде оларда, үстінде және қозғалу аймағында адамдар орналасуына болмайды.
505. Жылжымалы опалубканы монтаждау және бұзу жұмыстары ҰЖЖ сәйкес жүргізіледі.
506. Опалубка сыртындағы кеңістік көлемі 0,45 м кем болса, екі жақты жинау және кеңістіктерді толтыру адамсыз тәсілдермен жүргізіледі.
Адамдардың опалубка сыртындағы кеңістікте опалубка орнату және бетонда опалубка шетінен 10 м алыс емес ара қашықтыққа орналасуын болады.
507. Жылжымалы көпірлер арқылы уақытша бекітпе орнатылғанда олар тоқтаған орындарында тежегіштер және арнайы құрылғылар арқылы бекітіледі.
Транспорттық құралдарының алаңдарына бекіту элементтері мықтап бекітіліп тасылады, көтерілетін жүк салмағы орнатылған мөлшерден артпауы керек. 1 м жоғары көтерілген жүкті тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Адамдарды транспорттық құралдардың жүк тасымалдау алаңдарында тасымалдауға, көтеріліп жатқан жүкке отыруға болмайды.
508. Бетондық құрамдарды құяр алдында опалубка бекітпесін, тіреуіш ағаштарын және жұмысшы төсеніштердің сенімділігі тексеріледі.
509. 1,5 м жоғары биіктікте бетон құрамын құйып жатқанда жұмысшы төсеніштері немесе бетоншылардың жұмыс орындары таянышпен қоршаланады.
510. Бұзылған опалубканың қалқандары, тақтайлары және басқа да материалдарды көпірге жинауға рұқсат етілмейді.
511. Бетондық құрамдарды бетон сорабымен немесе пневмобетон жатқызғышпен берген кезде:
1) бетон бергішті монтаждаған сайын жұмыс алдында олар жұмысшы қысымнан 1,5 есеге артық қысымға сыналады;
2) бетондық құрамдарды жатқызуды жұмыстарын жүргізу орындарын екі жақты дабыл белгілерімен қамтамасыз етіледі;
3) бетон жібергіштің кіре берісіне жылдамдық тежегіш орнатылады;
4) бетон ағызғыш бөліктері бетон сорабы немесе пневмобетон жатқызғыш тоқтатылған соң және қысымы шығарылған соң шешіледі;
5) бетон ағызғышты сығымдалған ауамен тазартқан кезде оның кіріс тесігіне жылдамдық шектегіштен басқа бетон ағызғышқа аздап еңкейтілген ағаш қалқан қойылады;
6) бетон ағызғышты тазалаған кезде барлық адамдар оның кіріс тесігінен 10 м кем емес қашықтыққа алыстатылады;
7) Бетон ағызғыштық қабылдау бункері үстіндегі сақтандырғыш темір тор құлыпқа құлыптанады, оны бетон ағызғыштың жұмысы кезінде шешуге болмайды.
512. Бетон – ине – машинасы жұмысы кезінде сақтандырғыш клапан шыдамды қысымға реттеледі. Бетон – ине – машиналарды, материалдық өткізгіш – құбырларды, жарамсыздықтарды жөндеу жұмыстары, қысымдық ауа ажыратылғаннан соң және қысымы шыққаннан кейін жүргізіледі. Бетон ағызғыштағы жұмысшы қорғаныш көзілдірікпен жұмыс жасайды. Бұл жұмысшы және бетон – ине – машинасы машинисті арасында тікелей көру мүмкіндігі болмаса, олар дабыл белгілерімен қамтамасыз етіледі.
513. Бекітпе сыртына ерітінді құю арнайы конструкциялық ерітінді құйғыш арқылы жүргізіледі. Ауа қысымы арқылы жұмыс жасайтын ерітінді құйғыштардың барлық жүйелері, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың құрылымы және қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес сыналады және паспорты болуы керек.
Ерітіндіні құйғыштың қақпақтары астына қойылатын резиналық тығыздамалары кесілмеген, тесілмеген, тұтас резинадан жасалады.
514. Ерітіндіні құйғыштармен жұмыс жасайтын жұмысшылар сынбайтын шынылы сақтандырғыш көзілдірікпен, резиналық қолқаппен және қажетті арнайы киіммен қамтамасыз етіледі. Сақтандырғыш көзілдіріксіз және қолқапсыз жұмыс істеуге болмайды.
515. Ерітінді құйғыш аузы бекітпеге мықтап бекітіледі.
516. Ерітінді құйғыш жұмысы кезінде және ерітіндіні құбыршек арқылы құйған кезде құбыршектердің тік және өткір бұрышпен майысуына болмайды. Құбыршек ұзына бойына мықты конструкцияларға үштен кем емес жерден қатайтылады.
517. Ерітінді құйғыштар қысым өлшеуге арналған приборлармен (монометрмен) жабдықталады. Ерітінді құйғыштағы қысым паспортта көрсетілген қысымнан артпауы керек.
518. Бұранданы түрлі ерітінді құйғыштар тазаланар алдында қозғалтқыштар ажыратылып, қалақшалары толық тоқтатылады. Ерітінді құйғыштың қосу құрылғылары аппаратқа жақын жерлерге орнатылады.
519. Ерітіндіні тоннелді бекітпенің сыртына немесе шахта бағанасына құю аяқталған соң тюбинг және бекітпе тесіктері арнайы тығыздамалармен мықтап жабылады.
520. Ерітіндіні бекітпе сыртына құю кезіндегі биіктікте жүргізілетін барлық жұмыстар ілінбелі немесе жылжымалы көпірлер арқылы жүргізіледі.
Сатыларды қолдануға болмайды.
521. Егегіш шеңберлер машинаға орнатар алдында арнайы стендте, жұмыс жылдамдығынан 1,5 есе артық жылдамдықта сыналады.
522. Машинаға орнатылған егеу шеңберлері сақтандырғыш қаптамамен қапталады. Егеу шеңберінің айналым жылдамдығы паспорттағы жылдамдықтан көп болмайды.
523. Бетон үстін тазарту жұмыстары кезінде жұмысшы беті қорғалуы тиіс. Тазалау жұмыстары «люлька» арқылы жүргізілсе жұмысшылар сақтандырғыш белдікпен жұмыс жасайды. Жұмыс кезінде «люлька» астында орналасуға болмайды.
524. Бетонды тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде шаң және шаң басу жұмыстары қоса жүргізіледі.
525. Бекітпені бетон шашқышпен тұрғызғанда:
1) жұмыс жүргізуге қатысты жоқ адамдардың жұмыс орнына 5 м жақын жерлерде болмауы;
2) бұрғыштың және бетон – ине – машинасы машинисті өзара көру мүмкіндіктері болмаса жұмыс орындары дыбыстық немесе жарықтық белгілермен қамтамасыз етіледі;
3) бетон – ине – машинасын тексеру және жөндеу олардағы артық қысым шыққаннан кейін және ауа беру құбыршегі крандары жабылған соң жүргізіледі;
4) бетоншашқышқа улық қасиеттері бар қатыруды тездеткіш қосылса, улық құрамның көзге, теріге тиуін болдырмайтын шаралар қабылданады. Улы қоспаларды пайдалану санитарлық қадағалау органдары рұқсатымен пайдаланылады;
5) ерітінді құю құбыршегі жұмыс басталар алдында бұрғыштың 5 м артық емес жерінен көпірлерге қатайтылады;
6) бетоншашқыш қабығында жыралар және қабықтары ашылу анықталса осы учаскеде бекітпені күшейту шаралары қабылданады.
17 бөлімше. Тазалау қазбаларын пайдалану және жөндеу
526. Барлық жұмыс істеп тұрған қазбалар, бекітпе, құрылғылар және қазба қондырғыларының жағдайын бақылаушы тұлға бақылауына бекітіледі. Жүру жолдары жағдайы, жаңа жолдар төсемесі және жөндеу сапасы, пайдаланушы қазбалардың желдету жүйелері бақылау тұлғасымен жүйелі түрде тексеріледі. Тексеру тәртібі және уақыты «Өндірістік бақылау талабына» сәйкес және ұйымның техникалық жетекшісімен анықталады.
Бекітпе, құрылғы және тау қазбалары қондырғылары жағдайын тексеру нәтижесі «Бекітпе және қазба жағдайын тексеру журналына» (6 – қосымша).
527. Адамдарды және жүктерді көтеріп түсіруге арналған шахталардың қиғаш және тік бағаналарының бекітпесі және арматуралануы бекітілген тұлғалар арқылы күнделікті тексеріледі.
Жүйелі түрде, бірақ айына бір реттен кем емес уақытта бағана бекітпесі және арматуралануы шахта бастықтарымен немесе техникалық жетекшілермен немесе олардың орынбасарларымен тексеріледі.
Қыртыс түйірлерінің құлауы қауіпін болдырмайтын уақытша күшейтілген бекітпе, жөнделетін учаскелерге де қойылады.
Көтерілу ыдысы шатырынан тік бағананы қараған адамдар қорғаныш шатыр және сақтандырғыш белдіктер қолданады.
Көтерудің қалыпты жұмысы бұзылғанда (көтерменің бағана қыстырылуы, көтергіштің қозғалысы бұзылуы), бағана бекітпесін және арматуралануын тексеруді шахта бастығы, техникалық жетекші немесе олардың орынбасарлары жүргізеді.
Бекітпенің немесе арматураланудың бұзылуының қауіпті екені анықталса бұл бағаналармен көтерілу тоқтатылады, ал бекітпе және арматура қауіпсіз жағдайға келтіріледі. Қарау нәтижелері «Бағана қарау журналына» (4 – қосыша) жазылады.
Кейль – кранец, тюбингтік бұрандалық жалғама және пикотаждық тігістер орналасу арақашықтықтарын сырттай тексеру тоқсанда бір реттен сирек жүргізілмейді.
Тюбингтік бекітпе және тюбинг сыртындағы кеңістік жағдайын тексеру екі жылда бір реттен кем емес уақытта шахтаның техникалық жетекшісімен бекітілген комиссия арқылы жүргізіледі. Қарау нәтижелері «бағана қарау Журналына» жазылады.
528. Желдетуге ғана пайдаланылатын бағаналар жылына бір реттен сирек емес уақытта жүргізіледі, осыған байланысты қажетті құрылғылармен (көтерме, қауға және басқа) жабдықталады.
529. Үймеден қыртысты тазалау және бекітпе жасау шахтаның техникалық жетекшісі бекіткен жобамен жүргізіледі. Аталған жұмыстарды орындаған кезде бақылау тұлғасының қатысады.
530. Тау қазбаларының сынған және бүлінген бекітпелері тез ауыстырылады.
531. Қазбалардағы бекітпе жөндеу кезінде қатарынан біреуден артық рама немесе доғаны алып тастауға болмайды. Алды немесе арты алынып тасталатын рамалар және доғалар тіреуіштер және кергіштер арқылы уақытша күшейтіледі.
532. Шығарылатын қиғаш қазбаларды жөндеу шексіз арқанмен шығару жүргізілгенде, вагоншалардан босаған темір арқанмен жүргізіледі; қыртыс тасуға қолданылатын қапсырмамен бекітіледі немесе темір арқаннан ажыратылмай тіреуіштермен тіреледі.
533. Қиғаш қазбаларда жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, жөндеуге жұмылдырылған тұлғалардан басқалардың қазбамен көтерілуіне және қозғалуына болмайды. Бұрышы 18 0 көп болатын қиғаш қазбалар ұзына бойына екі немесе одан да көп пункттерде бір мезгілде жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды.
Жөндеу жұмыстарын жүргізетін жерлер жоғарыға немесе жақын параллель орналасқан басқа қазбаларға шығып кететін сенімді шығыстармен қамтамасыз етіледі.
534. Қиғаш қазбаларды қайта бекіту жұмыстары бөлек үзбелермен жүргізіледі, ал осы қазбалардың жөнделетін учаскелерінен жоғары және төмен орналасқан тұрақты бекітпелер алдын ала уақытша бекітпемен күшейтіледі.
Бекітпені күшейту тәсілдері, жұмыс бағыттары ҰЖЖ қаралады.
Жыныс кесектерінің құлау қауіптілігін болдырмайтын уақытша
бекітілген тіреуіш жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеге де қойылады.
535. Күрделі таулы техникалық жағдайларда (тұрақсыз қыртыстарда) шахта бағанасын, қиғаш және басқа қазбаларды күрделі жөндеу жұмыстары, сонымен қоса бағаналарды қайта бекіту, қазбалардағы құлауларды жою және жөндеу, өрттер және басқа апаттар ұйымның техникалық жетекшілерімен бекітілген жобалар бойынша жүргізіледі.
536. Шахта бағанасын қайта бекіту жұмыстары қозғалмайтын ілінбелі қатайған сөрелерден жүргізіледі. Осы сөрелерден өтпелі горизонттарға немесе сатылы бөлімнің сөрелеріне дейін ілінбелі саты қойылады.
Жөндеу жұмыстарынан төмендегі бағана, оған қыртыс түйірлері, бекітпе элементтері және құрал – жабдықтар құлап кету қауіпін жоятын мықты сақтандыру сөрелерімен жабылады.
Бағана жөндеуге жұмылдырылған жұмысшылар сақтандырғыш белдік және баскиіммен жабдықталады. Үстінен көлденең заттар құлауынан жұмысшыларды қорғау үшін жұмыс орнынан 5 м жоғары емес жер жабқышпен жабылады.
Қиғаштығы 12 0 көп бағана ұзындығы бойынша, екі және одан да көп пункттерде, жөндеу жұмыстарын қатар жүргізуге болмайды.
Бағаналарда, қиғаштықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, осы жұмыстарға жұмылдырылған тұлғалардан басқа тұлғалардың көтерілуіне және қозғалуына тиым салынады.
537. Бағаналарды және қиғаштықтарды жөндеуге арналған жүктерді көтеріп – түсіргенде, жүк қабылдағыш пен бағанашы арасы белгілермен қамтамасыз етіледі. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан орыннан жақын орналасқан жұмысшы горизонтқа, жоғарыға немесе параллель қазбаға шығатын сенімді шығу жолдарымен қамтамасыз етіледі.
538. Көне шахталар бағанасын, шурфтарды, көтерілуші қазбаларды қалпына келтіру кезінде адамдардың түсуіне, осы қазбаларды желдеткеннен кейін және ауа құрамының талаптарға сай келуіне тексерілгеннен кейін рұқсат етіледі.
539. Шахта бағанасын қайта қатайту кезінде тік вандруттарды шешу бекітпенің мықтылығын қамтамасыз етіп бір бөлік шамасында жүргізіледі.
540. Шахтаға бағананың бекітпесін немесе арматуралануын жөндеу жұмыстары аяқталған соң олар шахта жетекшілері бекіткен тұлғамен мұқият қаралады, көтеру ыдысын алғашқы қосып – ажырату жүргізіледі, осы нәтижелер «Бағананы қарау журналына» жазылады.
541. Барлық қазбалар таза және жарамды күйде ұсталады, ал көлденең қимасы паспортқа сай ұсталады.
Тексеру нәтижелері «Бекітпе және қазба жағдайын қарау журналына» жазылады.
18 бөлімше. Тау қазбаларын жою және консервациялау
542. Шахта консервациясы (толық немесе бөлшектеп) – таулық және осымен байланысты басқа жұмыстардың уақытша тоқтатылуы, міндетті түрде негізгі тау қазбаларын және құрылғыларын сақтау мүмкіндігі болуы, пайдалануға немесе басқа да қажеттіліктерге қолдануға жарамды болуы.
Құрғақ консервация деп, егер қолданылған су ағызғыш құралдар жұмысын жалғастыра берсе,тау қазбаларының жағдайын пайдалануға жарамды қылып сақталса.
Ылғалды консервация деп, егер су ағызғыштар жұмысы тоқтатылса және қазбалар суға батырылса.
Ылғалды консервация туралы сұрақты шешу кезінде тау қазбаларын жоғалтпай сақтаудың мерзімі, бекітпе жөндеуі, көтерілу жұмысының жалғастырылуы, желдеткіштер қарастырылады.
Шахталардың консервацияда болатын мерзім ұзақтығы жобамен орнатылады.
543. Құрғақ консервация кезіндегі барлық негізгі қазбалар – шахта бағанасы, квершлагтар, негізгі тасымалдау қазбалары және сақтандырғыш қабырғадан қазылған қазбалар консервациялауға арналған жобаға сай уақыттарда, бірақ жылына бір реттен кем емес мезгілде қаралады және керек болғанда қайта бекітіледі; қазбаларды қарау және жөндеу желдеткіштердің және қазба бойынша қозғалыс (тасымалдау) қалыпты жағдайда болғанда жүргізіледі.
Ылғалды консервация кезінде немесе шахта жойылғанда механизмдер, қондырғылар, құбырлар, рельстер, күштік және жарықтық кабельдер және басқа дүниелер жоғарыға шығарылады.
544. Газды қауіпті шахталарды консервациялауға немесе жөндеуге арналған жобаларда газ бөлінуін бақылауды қамтамасыз ететін ғимаратқа, құрылыстарға және жер бетіндегі тұрғы үйлерге газ кіруінен қорғайтын шаралар қарастырылады.
545. Газы қауіпті шахталады құрғақтай консервацияланғанда тау қазбаларын желдету бүкіл шахталық депрессия есебінен жүргізіледі және қазбалардағы газ құрамын бақылау орнатылады.
546. Өзі тұтанғыш пайдалы қазбалар өндіруші шахталардың тау қазбаларын консервациялау өртке қарсы шараларды сақтау арқылы жүргізіледі.
547. Ылғалды консервацияда орналасқан тау қазбаларын пайдаланғанда немесе пайдалы қазбалар өндіру жұмыстары қайта жанданғанда суды шығарған соң қалған судың тау қазбаларына тесіп шығуын алдын алушы, қыртыс құлауы және бөлінуінің алдын алу шаралары қабылданады.
548. Консервацияланатын немесе жойылатын шахталармен аралас шахталарда тау жұмыстары қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, пайдаланушы тау қазбаларына су, газ тесіп өтуінің немесе жер асты өрттері таралуын алдын алушы оқшаулағыш тосқауыл орнату шаралары қолданылады.
549. Жоғарыға шығыс есігі бар (шахтаның тік бағаналары, шурфтар, диаметрі 200 мм жоғары ұңғылар) жойылатын тау қазбалары көлемді, сосын темірбетонды сөрелермен жабылады. Тік бағаналарды және шурфтарды (ұстамды және суланбаған қыртыстарда жасалған), аттестацияланған ұйымның қорытындысы болғанда темірбетонды сөрелермен жабуға рұқсат етіледі. Бірінші сөре бағана, шурф аузынан 10 м кем емес төмендікте негізгі қыртыстарға орнатылады, екінші сөре үсті толықтай жабады. Аталған қазбаларды жою кезінде, олардың ауыздары қоршаланады.
Тік бағаналар, шурфтар, үлкен диаметрлі ұңғылар жойылуы және олардың пайдаланушы қазбалардан оқшаулануы ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген және өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген жобаларға сай жүргізіледі.
Жер бетіне шығысы бар, жойылған қиғаш және көлденең қазбалар ауыздары кірпіштік, тастық немесе бетондық жабындылармен жабылады. Қиғаш және көлденең қазбалар ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген және өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген жобалармен жойылады.
Жойылған қазбалар ауыздары су ағызу жыраларымен қоршаланады және жұмыс жасаушы басқа қазбаларды су басып кетуін болдырмайтын қосымша шаралар қолданылады.
Жойылған тау қазбалары тау жұмыстары жоспарында көрсетіледі.
Жоғарыға шығыс жолдары бар жойылған қазбалар ауыздары жылына бір реттен кем емес уақытта шахтаның техникалық жетекшісімен бекітілген комиссиямен қаралады.
Жер асты қазбалары үстіндегі, тау қыртыстары құлауы есебінен пайда болған, жер бетіндегі ойықтар қоршалынады немесе қыртыстармен толтырылады, ойылуы мүмкін болатын орындар қоршалынады; ойық жерлерге жақын жерлерге су ағызу жыралары орнатылады.
550. Шахта бағаналары, қиғаш және көлденең қазбалар жойылған кезде олардан бекітпелерді шығаруға болмайды, арнайы жағдайлардан басқа жағдайларда оларға ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген арнайы жобалар құрастырылады.
19 бөлімше. Тау қазбаларына адамдардың және басқа заттардың құлауының алдын алу
551. Көтеру құралдарымен жабдықталған, пайдаланылатын және қазылып жатқан қиғаш және көлденең қазбалар (бағаналар, шурфтар және басқалар) ауыздары жұмысшы емес жағынан қабырғалар немесе биіктігі 2,5 м кем емес тор сымдармен қоршалады. Аталған тік және қиғаш қазбалар ауыздары жұмыс жағынан, сонымен қоса барлық негізгі және аралас горизонттарда, көтеру ыдыстарының қабылдау алаңдарына келуіне дейін ашылу мүмкіндігін болдырмайтын ажыратқыштармен жабдықталған және ашық есіктер және торларда машинист маңындағы «Тоқта» белгісі қосылатын сақтандырғыш торлары немесе есіктері болады.
Бағана маңындағы алаңдардағы көтермелердің рельстік жолдары және жер үстіндегіәрбір көтерме бөлімдерінің қабылдау алаңдарында қалыпты жабылған кедергілік стопорлар орнатылады.
Учаскелік және басқа майда шурфтар ауыздары шеген арқылы жер бетінен 0,5 м – ден кем емес биіктікке қатайтылады және қауғалармен немесе торлармен жабылады.
Бағана зумпфтарында оларға абайсызда көтерме немесе қауға түсіп кетуінің алдын алушы құрылғылар (отырғызылған діңгектер, ағаштар) болады. Шахта бағанасын көлденең қазба кесіп өткенде адамдардың бағананың бір жағынан екінші жағына кесіп өтуіне айналма қазбалар жасалынады.
Бағананың сатылық бөлімшелері астынан өту құрылғыларын жасауға болады.
552. Бағана ауыздары алдында, төменгі және жоғарғы қабылдау алаңдарына қауғалар көтерілетін болса қауғашыларға мықты қабырғалар орнатылады. Қауғаны ашуға арналған механикалық қозғағыштар болмағанда қауғашылар осы жұмыстарды сақтандырғыш белдік қолданып орындайды.
553. Адамдарды және жүктерді көтеріп – түсіруге қызмет ететін шахта бағаналары тазалықта ұсталады, қыста жүйелі түрде мұздан тазартылады. Шахта бағанасындағы сатылы бөлімшесі, оған бағана маңы аулысынан кіру мүмкіндігі қиындатылматындай қылып орнатылады. Шахта бағанасы және шурфтарының сатылы бөлімшелері басқа бөлімшелерден ағаш немесе темір қабырғалармен қазба ұзындығы бойынша оқшауланады.
554. Желдеткіш шахта бағаналары, шурфтар және ұңғылар ауыздары биіктігі 2,5 м кем емес тұтас қабырғамен қоршаланады.
Шахта бағанасы және шурф ауыздарының есіктері құлыпқа жабылатын болуы керек. Көлденең қазбалардың желдеткіш шахтасымен және шурфымен қиылысатын бағана маңы аулаларына орнатылатын тор есіктер де құлыпқа жабылады.
Егер шахтаның желдеткіш бағанасы және шурфы қосымша шығыс қызметін атқарса көлденең қазбалардың қиылысында орнатылатын тор есіктер құлыпсыз жабылады, ал шахта бағанасы немесе шурфтар ауыздарындағы бағанасы немесе шурфтар ауыздарындағы есіктер ішінен кілтсіз ашылатын болады.
Тор есіктер адамдар өткен соң автоматты түрде жабылады.
20 бөлімше. Тазалау оймалары
1 тарау. Жалпы талаптары
555. Тазалау оймалары тау жұмыстарын дамыту жоспары және жобасына сай жүргізіледі. Өндіру жүйесінің өзгеру (негізгі элементтері), кен орындары немесе шахта алаңына арналған, қолданыстағы игеру жүйесін жаңарту және жаңа тәжірибелік өндірістік тексеріс жүргізу мекеме басшысымен бекітілген және бас жобашы және өкілетті органмен келісілген жобаға сай жүргізіледі.
Бөлек блокқа қатысы бар пайдалану жүйесін немесе оның элементтерін өзгерту, өкілетті органның аумақтық бөлімшесі рұқсатымен жүргізіледі.
556. Жобамен қаралған дайындау және кезу қазбаларын желдету шараларын, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүргізбей тұрып тазалау оймасын қазуды бастауға болмайды.
557. Тазалау забойы параметрлері, тұтастықтар мөлшері және қалпы және төбе көлемдері тұтастық және төбе мықтылығын қамтамасыз ету және олардың пайдалану жағдайына сәйкес есептеледі.
558. Тұтастықтар және төбелерде, олардың мықтылығын төмендететін кемшіліктер анықталғанда, төбелер және тұтастықтар ұстамдылығын қамтамасыз ететін шаралар қабылданбайынша, тазалау жұмыстары тоқтатылады.
559. Тазалау забойын уақытша тоқтатқан жағдайда (тәуліктен жоғары) забойлық кеңістікте төбе құлауын, забой газдалуын және басқа, болуының алдын алу шаралары қабылданады.
Тазалау забойларындағы жұмыстары забой қауіпсіз жағдайға келтірілген соң, бақылаушы тұлғаның рұқсатымен қайта жалғастырылады.
Тазалау забойындағы апаттар салдарын жойғаннан кейінгі жұмыстарды жалғастыру шахта техникалық жетекшісі рұқсатымен жүргізіледі.
560. Бір бірінің үстінде екі аралас қабаттарда орналастырылған блоктарды қатар пайдалануға болмайды.
Аралас қабаттарда бір мезгілде тазалау жұмыстарын жүргізуге болады егер жоғарғы қабаттың тазалау забойы төменгі қабат тазалау забойынан жобада көрсетілген және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қашықтыққа озып кетсе.
561. Қиғаш және тік қазбалардың жүру алаңдары торлармен жабылады, ал көтерілгіш желдеткіш кеніш түсіргіштер – темір торлармен немесе қазба адамдар құлауынан сақтайтын басқа амалдармен жабылады.
562. Тербелістік немесе қырғыштық қазбалар горизонтына шығатын дучектер орналасуы жобамен анықталады.
Қырғыш қуақаздардағы дучкаларда тау сілемдері ілініп қалғаны анықталғанда, сонымен қоса тау сілемдерімен толтырылмаған дучкалардағы шығыс тесіктері дұрыстап жабылмағанда қыру және басқа да жұмыстарды жүргізуге болмайды.
Шығару дучкаларын немесе люктарын қазба төбесіне сонымен қоса тау сілемдерін төмен жатқан горизонттарға жіберуге қызмет ететін қарама – қарсы қазбаларға орналастыруға болмайды.
Бұзылған тау сілемдерінің құақаздарға түсу кезінде және тау сілемдерінің үстін қырғанда қазба биіктігінің 2/3 кем емес биіктігі сақталады.
563. Тазалау кеңістігі шамалары (ені, биіктігі) блок пайдалану (панель) жобасымен анықталады.
564. Камераларда, қырғыш қуақаздарда, тербеліс камераларында және шығару горизонты үстінде орналасқан басқа қазбаларда бағана аузынан
3 м артық емес шығару қазбасынан шығатын шығыс қазбалары таусілемдеріне толтырар алдында жару жұмыстарын жүргізуге болмайды.
565. Беткейлерде жұмыс жүргізу кезінде және көтеру қазбасын үстінен төменге қарай кеңейткенде жұмысшылар сақтандырғыш белдіктер қолданады.
Беткей биіктігі 4 м көп болғанда қиғаш беті бұрышы горизонтқа 800 көп болмайды.
Беткейлер арасындағы байланыс үшін бұрышы 700 жоғары емес, екі жақты таянышы бар мықты сатылар орнатылады.
566. Жоғары жатқан камера түбінің тазалау камераларында төбе ретінде қалдыруға, егер дучектер орнатылса (кеніш түсіргіштер) және төбе мықтылығын қамтамасыз етілген жағдайда болады.
567. Пайдаланғыш тазалау камерасына кіруге болмайды. Бұл камераларға келу қазбалары жабылады. Бұл камераларда арнайы жұмыстар жүргізу үшін кіруге болады. Бұл жағдайларда кіру тәртібі және қауіпсіздік шаралары шахтаның техникалық жетекшісімен орнатылады.
568. Ауысым басталарда және жұмыс процесстерінде забой төбесін және жұмыс процесстерінде забой төбесін және қазба қабырғаларын мықтылығына қарау және соққылау арқылы тексеріледі. Қыртыс қабаттары ашылуы белгілері анықталған кезде олар бекітіледі, ал керек болған жағдайда қосымша бекітпе орнатылады.
Өзіқұлау белгілері анықталса тазалау забойындағы жұмыстар тоқтатылады, адамдар қауіпсіз орындарға шығарылады.
Жұмысты қайта жалғастыру шахтаның техникалық жетекшісі рұқсатымен жүргізіледі.
569. Қырғыш жұмысы кезінде жұмысшылар қыру жолдарынан және қыру болат арқаны қозғалысы аймағынан тыс жерлерде орналасады.
Қырғыш шығыршықтар, бір жағынан ені 0,7 м кем емес шығыршық қызмет қылуға арналған өтпе қалдырылып, екінші жағында монтаждық жұмыстар жүргізуге арналған ені 0,6 м кем емес кеңістік қалдырып орналастырылады.
570. Тербегіштер мықтап орнатылады және адамдар жүретін жағынан қоршалады.
Тербегіштер мықты темір конструкциялық торлармен қоршалады.
Тербеліс камерасы биіктігі төменнен алғанда 2 м кем емес, ал тербегіштен еркін өту кеңістігі 0,5 м кем болмайды.
571. Дучкаларда, кеніш жібергіштерде және люктерде тау сілемдері қыстырып қалғанда жұмысшылар ұзартылған құралдарды қолданады.
Шабынған тау сілемдерінен пайда болған ілініп, қыстырып қалуларды жою детонациялық сым арқылы қауіпсіз жерден жару арқылы немесе басқа да қауіпсіз тәсілдермен жүргізіледі.
Осы жұмыстарды орындау алдында жақын жатқан қазбалар мен дучкалардан, кен жібергіштер және люктерден шығу жолдары көлденең заттардан және тау сілемдері үймелерінен тазартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |