Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


тарау. Төменгі температуралық (азоттық) қатыру



бет4/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

4 тарау. Төменгі температуралық (азоттық) қатыру
291. Азоттық қатыру алдында қатыру жүргізетін ұйым және жерасты қазба жұмыстарын жүргізуші мекемелер арасында бірігіп жұмыс жүргізу туралы хаттама рәсімделеді.

Азоттық қатыру жұмыстарын бастар алдында қатыру аймағына жататын қазбалардағы барлық жұмыстар тоқтатылады, ал жұмысшылар жоғарыға шығарылады.

Осы жұмыстарды жүргізу рұқсат – нарядтар арқылы жүргізіледі.

292. Азаттық қатыру технологиясы жұмыстары аттестацияланған ұйымның жасаған жобасына сай жүргізіледі.

Пайдаланылатын салқындатқыш агентіндегі сұйықтық азот құрамы бүкіл көлемнен 99 % кем болмайды.

293. Жылжымалы және тұрақты ыдыстарда, сонымен қоса басқа да азоттық қатыру жүйесіндегі барлық элементтердегі шектік жоғары жұмысшы қысым 0,25 МПа аспайды.

294. Сұйық азотпен жұмыс жасайтын тұлғалар үсіп кетуден сақтайтын қорғаныш құралдарымен жабдықталады: шұғадан тігілген киімдермен және қолқаппен, көзілдірікпен және сол сияқты.

295. Азоттық қатыру жүйесіні құрайтын элементтер және бөліктері акт рәсімдеу арқылы шыдамдылығына сыналады.

296. Сауыттарды, өткізгіш құбырларды және бекіту арматураларын пайдаланар алдында іштерінде мұнай өнімдерінің жоқтығына тексеріледі және бұдан былай мұнай өнімдерінің осыларға қайта түсуінен қорғалады.

297. Азоттық қатыру жүйесіндегі барлық бұрамалар технологиялық схемаға сәйкес ретіне қарай сандармен белгіленеді. Осы схема жуылып кетпейтін бояумен жүйені басқару аймағында орнатылған қалқандарға жазылады. Бұрамалардың ашылып – жабылуының жұмыс кезіндегі реттілігі ҰЖЖ көрсетіледі және сүйық азоттың схемасына қоса қалқанға жазылады.

Барлық бұрамалар жазылған реттік саны бар трафареттермен және апаттық жағдайлар кезінде маховикті айналдыру бағыты көрсетілетін жазулармен және бағыттағыштармен жабдықталады.

Жүйені апаттық ажыратуға арналған бұрамалар қызыл түске боялады.

Бағанада немесе көлденең қазбада азоттық қатыру жүргізілгенде, азоттық бөліну схемасы және бұрамалардың қосылу реттілігі қатыру тізбектері бетінде орналастырылған қалқанда жазылады.

298. Азоттық ағызудың басқару аумағы:

1) апаттық тоқтату белгісінен;

2) ауысымдағы жоғары санында жұмыс жасаушылардан 10 % көп мөлшердегі оқшаулағыш өзі құтқарғыштардан;

3) бригада мүшелерінің біреуі кенеттен есінен танып қалған жағдайда арналған портативті оттегі ингаляторларынан;

4) медициналық дәріқаптан;

5) электірлік жарықтан (50 лк аз емес) тұрады.

Сұйықтық азотты пайдаланатын жұмыстардағы жұмыскерлер нұсқама кезінде газанықтағыш, өзі құтқарғыш және ингаляторларды пайдалану ережелері жөнінде оқытылады және осы туралы нұсқаулық журналға жазылады.

299. Қатыру жүйесіне азотты құю уақытындағы жұмыс жүргізу аумағында оттегі құрамын бақылаудың экспрестік тәсілі қолданылады, және тәулігіне бір рет тауқұтқарғыш бөлімшелердегі зертханалық анализге ауа үлгісі алынады.

Экспресс тәсілмен ауаны бақылау орындары ҰЖЖ қаралады. Оттегі құрамының бүкіл ауа көлемінің 20 % кем болса азот қүю тоқтатылады және қазбаны газсыздандыру шаралары қабылданады және апаттық жағдайдың себебі анықталып, жойылады.

Ауа сапасын бақылауды, ауысымдағы жұмыстардың қауіпсіздігін бақылау жүктелген бақылау тұлғасы жүргізеді.

300. Жер асты қазбаларындағы қыртыстарды азоттық қатыру жұмыстары жүргізілгенде енгізу және шығару желдеткіштері қарастырылады.

301. Криогендік автокөліктік ыдыстарда «Сұйықтық азоттың бұрамасын жабу кезінде дренажды аш! Ескерту! Уақытқа қара, дренаж ашық!» деген белгілер жасалады. Азотты төгу кезінде криогендік ыдыста жұмыс жасайтын оператор, азотты тарату аймақтарына жұмылдырылған басқа тұлғалар көретін аймақта орналасады немесе екі жақты байланыспен жабдықталады.

302. Азоттық қатыру жұмыстарын, қазбалау және басқа да жұмыстармен біріктіріп жүргізуге болмайды. Сұйық азотты құю, азотты қатыру жұмыстары аймағындағы барлық тұлғаларды шығарған соң жүргізіледі. Азоттық қатыру процесстеріне жұмылдырылған тұлғалардан басқалар осы жұмыс орындарына 30 м жақын орналасуына болмайды.

Бақылау міндеттері бар тұлғалардың қатыру аймағындағы, жер асты қазбаларындағы азотты құю жұмыстарында, газ анықтағыштары және әрқайсысына жеке қорғаныш құралдары (оқшаулағыш өзіқұтқарғыштар, ингалятор) бар екіден кем емес болғанда қатысуына болады.

303. Азоттық қатыру технологиясы бойынша жұмыстар орындағанда болмайды:

1) бір тұйық айналым жүйесі шамасындағы екі бірдей бұраманы сұйық азот толық ұшып кетпей және осы учаскеде сақтандырғыш құралдар (сақтандырғыш клапан, жарылғыш мембрана) болмағанда, бір мезгілде жабуға;

2) азот айналып тұрғанда азоттық қатыру жүйесіне жөндеу жүргізуге және қатырылатын орындарды бекітуге;

3) азоттық қатыру процестерін бақылау аймағында, осы аймақта жөндеу жұмыстарын жүргізгенде темекі шегуге болмайды және осы туралы плакаттар ілінеді.

304. Сұйық азотпен тікелей байланысты қатыру жүйесінің элементтерін жинау үшін резбалық және фланецтік байланыс қолданылады. Сұйық азоты кептірілген өткізгіш құбырларда ғана дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге болады.

Майысқақ темірден жасалмаған өткізгіш құбыр элементтері үш циклдан артық пайдаланылмайды.

Азоттық қатыру жүйесінің майысқақ элементтеріне жылу оқшаулағыш ретінде қатты жылу оқшаулағыш материалдарды пайдалануға болмайды.

305. Жер бетіндегі криогендік ыдыстардың күндізгі орналасу орындары және транспорттық құралдардың жүру жолдарымен сұйық азоттарды тасымалдау ҰЖЖ анықталады.

Криогендік ыдыстардың орналасуы және тасымалдау жолдары жерасты қазбалары үшін ҰЖЖ анықталады.

306. Өткізгіш құбырларды және арматураларды олар қатып қалғанда жылыту, тек сыртынан ыстық су мен немесе бумен жүргізіледі.

307. Жаппай ғимараттарға жақын жерлердегі қыртыстарды қатырғанда, осы ғимараттарға кері әсері тиуі мүмкіндігіне құралдармен маркшейдерлік бақылау жүргізіледі.

308. Криогендік қондырғыларды (сұйық азотты тасымалдау ыдыстары, арматуралар, темір жеңдер, құбыршектер) және азот айналымы жүйесіндегі өткізгіш құбырларды майсыздандыру жұмыстарын жүргізуге технологиялық регламенттер жасалынады.

309. Құбырларда және резбалық жалғамаларда майлы қабықша болуына болмайды. Бұрандалы байланыстарды майлауға фторланған полиэфирлер негізіндегі сұйықтықтар пайдаланылады.

310. Ыдыстарда және азот айналымы жүйесінде артық қысым болғанда оларды қызмет етуші тұлғасыз қалдырып кетуге болады.

311. Резервуарларды азот айналымы жүйесінен ажыратып – қосқанда, резервуарды газ шығарғыштың немесе таратушылардың бұрамаларын қосқанда, резервуардағы сақтандырғыш клапаны қосылғанда, сақтандырғыш мембраналар үзілгенде, қабықшалар немесе құбыршектер шешілгенде, қондырғыларға қызмет етуші тұлғалардан басқа барлық адамдар 15 м жақын емес қашықтыққа алыстатылады.

312. Криогендік кондырғыларды және азот айналымы жүйесінде жұмыс жасағанда арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жұмысшылар қолына сақтандырғыш құралдармен және май ізі жоқ құралдар – жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

313. Сұйық азотты тасымалдауға арналған цистернаны және қосымша қондырғыларды пайдалануға және тасымалдау жұмыстарын орындауға, резервуарға қызмет етуге және сұйық азот айналымы жүйесіне технологиялық регламент жасалады.

314. Айналым жүйесімен сұйық азот қашу белгісі пайда болған бойда салқындатқыш агент беру тоқтатылады, газдың шығуын жоюшы және айналым жүйесі элементтерін жөндеу жұмыстарымен айналысушылардан басқа барлық тұлғалар қауіпті аймақтан шығарылады.

315. Резервуарды және азотты айналдыру жүйесінде азотты толық шығармай және қысымды атмосфералыққа теңестірілмей дәнекерлеу және жамау жұмыстары жүргізілмейді.

Сонымен қоса ауа (азот) температурасы 2 сағат бойына кірісте 60 – 80 0 С, шығыста 30 35 0 С – қа теңестіріледі.

316. Технологиялық жүйеден ажыратылмаған және шығу температурасы 15 – 20 0 С болатын жылы ауамен (азотпен) үрленіп тазаланбаған азот айналымы жүйесіндегі элементтерді дәнекерлеу жұмыстарына және де басқа ашық алаумен жүргізілетін жұмыстарға тыйым салынады.

Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгенде азот айналымы жүйесіндегі өткізгіш құбырлардың жылу оқшаулағыштары от әсерінен қорғалады.

317. Қатыру тізбегіне жаңадан орнатылған құбырдың орнатылу кезіндегі әрбір қосылған жері, оларды орнатып болған соң және азот айналымы жүйесі үрленген соің, құрғақ сығымдалған ауамен немесе газ тәрізді азотпен саңылаусыздығына сыналады. Сынау қысымы, азоттық ыдыстағы салқындату агентінің және айналу жүйесіндегі сұйық азоттың гидростатистикалық қысымның 1,5 есе қысымына тең болады, бірақ 0,25 МПа – дан кем болмайды. Қысыммен тексеру уақыты 10 минуттан тұрады.

Сынақ нәтижелері ұйым басшысымен бекітілетін актімен рәсімделеді.

318. Азот айналымы жүйесіндегі тарату құбыры жүйені сынағаннан кейін және жалғамалар тығыздығын тексерген соң жылу сақтағышпен оқшауланады.

319. Бақылау тұлғасымен:

1) сұйық азоты бар резервуарлар, салқындату агентін тарату магистралы және жүйе элементтері сұйық азотты сығымдау режімінде болған кезде ай сайын сырттай бақылау жүргізіледі;

2) сақтандырғыш клапандар жарамдылығына, цистернаның қажетті жабдықтары (тығыздамалары, темір жеңдері) және өрт сөндіру құралдары болуына тексеріледі;

3) ҰЖЖ сай азот айналымы жүйесіндегі салқындатқыш агенттің шамалары (температурасы, қысымы, шығыны) бақыланады;

4) ай сайын бағана забойындағы ауадағы оттегі құрамына бақыланады (ол жерлерде адамдар болғанда, және сұйық азотты айдағанда).

320. Салқындатқыш агентінің шамаларын галереяда немесе забой бағанасында бақылаулық өлшеуді, таратушының газ жібергіш бұрамасы ашық тұрғанда жүргізуге болмайды.

321. Сұйық азотпен жұмыс жасайтын операторлар жұмыс орындары, күйікке қарсы құралдармен жабдықталған медициналық дәріқаптармен қамтамасыз етіледі.

5 тарау. Қатырылған қыртыстарда бағана жасау
322. Қатырылған аумақта бағана жасау, мұзқыртыстық қоршаудың есептік қалыңдығына жеткен соң және тұтастығына тексерілгеннен кейін (ультрадыбыстық бақылау) жүргізіледі.

Қатырылған аумақта бағана жасау кезінде бағана жасау жобасына сәйкес мұзқыртысты қоршаудың көлденең жоспарлары жасалынады.

323. Егер бағана забойы жер асты суларының статистикалық деңгейінен төмен болса, бақылау – барлау ұңғыларын тұтастық сақтандырғышқа жатқызылған бетондық жастық арқылы бұрғылайды. Тұтастық және бетондық жастық мөлшері бағана жасау жобасымен анықталады.

324. Бетондық жастықты орналастыру және бағыттағыш (кондуктор) құбырларды бекіту осы Талаптың 287 , 288-тармақтары сақталып жүргізіледі.

325. Бақылау – барлау, қатыру және тампонаждық ұңғыларды бұрғылау теңестіру тізбектерін немесе бұрқаққа қарсы құрылғылар пайдаланып жүргізіледі.

326. Қатыру аймағындағы қыртыстарды қазуды бастауға, қатырудың жобалық уақыты аяқталған соң және гидробақылау ұңғыларынан суды шығарғаннан кейін болады.

327. Жарылыс жұмыстарын жүргізу құралдары және технологиялары мұзқыртысты қоршау және қатыру тізбектерінің тұтастығын қамтамасыз етуі керек.

328. Теспелер жүргізіліп жатқан бағана қабырғасынан 300 мм алыс қашықтыққа бұрғыланады. Бағана айналасында жарылмай қалған қыртыс бөліктері шойбалғамен бұзылады.

Қатырылған тұрақты емес қыртыстар аумағында жарылыс жұмыстары жүргізілмейді.

329. Жарылыс жұмыстарын аммиакты – селитралы негіздегі жарылғыш заттармен жүргізуге болады. Жарылыс жұмыстары паспорттары жасалғанда мұзқыртысты целиндр тұтастығы сақталады.

330. Бекітпенің су өткізбейтін қатыры аумағында бағана жасау кезінде және 3 м ара қашықтықтан 3 м жоғары және төменде оны жүргізгенде қазу – жару жұмыстары осы аймақтарда жарылыс жұмыстарын жүргізу паспортына сай жүргізіледі. Сонымен бірге бағана қабырғаларының қыртыстары сілемдері тұтастығы қамтамасыз етіледі.

331. Әлсіз, тұрақсыз және қатырылған қыртыстарды қазу кезінде бағаналарда су пайда болғанда, бағанадағы жөндеу жұмыстарынан басқа жұмыстар тоқтатылады. Осы жұмыстар қосымша қатырылғаннан кейін және қатыру нәтижесін тексерген соң қайта жалғастырылады. Жөндеу жұмыстары ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген жобамен жүргізіледі.

Осылай қатырылған қыртыстарда су ағызып қазу жұмыстарын жүргізуге болмайды.

332. Қатырылған қыртыстарды еріту бойынша сулардың бекітпе арқылы тесіп өтуін тюбинг (егер тюбингтік қатайту жүргізілген болса) жалғамаларын қатайту арқылы тоқтатылады немесе бетонды бекітпе кезінде бекітпе арты кеңістігін тампонаждау арқылы тоқтатылады.

333. Қатырылған қыртыстардың жылжуы мүмкін бағана учаскелерінде тереңдету азғантай қазу арқылы жүргізіледі. Олардың шамалары жобамен анықталады және забой соңынан тұрақты бекітпе тұрғызылады. Бағананы тюбингті бекітпемен бекіткенде, бекітпе арты кеңістіктері тампонаждық ерітіндімен толтырылады.

334. Қазылып жатқан бағана контурында қатырылмаған тұрақты емес қыртыстар болғанда, олардың жылжуын болдырмайтын шаралар жасалынады.

335. Қатыру тізбектеріне бағана забойын қазу кезінде зақым тигенде қазу жұмыстары тоқтатылмады, қатыру тізбектерін қауіпсіз қалыпқа келтіруге қатысатын адамдардан басқа адамдар забойдан шығарылады.

Аталған тізбектерден сұйық азоттар толықтай шығарылып болғанша, оларды жинауға болмайды.

336. Бағана забойынан тұрақты бекітпенің кешігіп жүруіне және жұмсақ, ісінуі мүмкін қыртыстардағы қаз мөлшерлері бағана қазуға арналған жобамен анықталады. Тұрақты бекітпенің забойдан қалып қоюы 1,0 - 1,5 м артық болмауы тиіс, ал ҰЖЖ қыртыстардың құлауын алдын алуға бағытталған қауіпсіздік шаралары қарастырылады.

Қатырылған тұрақсыз қыртыстарда, егер таулық және гидростатистикалық қысым 10 кг/см 2 артық болмаса, бұл қашықтық 25 м артық болмайды.

Қазылған бөлік тұрақты бекітпемен тездетіп қатайтылады.

Уақытша бекітпенің кергіші қатырылған қыртыс жағдайын анықтауға мүмкіндік беретіндей қылып жасалынады.

337. Уақытша бекітпенің құрылымы бағана қазу жобасымен анықталады.

338. Аса жоғары таулық қысым жағдайында, мұнайгаз пайда болғанда уақытша бекітпе пайдалануға тиым салынады. Бұндай жағдайда бағана қазу алдыңғы қатарлы бетондық бекітпе жасау арқылы жүргізіледі.

339. Қондырғыларды қазылған ұңғыларға және теспелерге қатайтуға немесе ілуге арналған анкерлік бұрамаларды қатырылған аймаққа, ұңғылардағы, теспелердегі бос кеңістіктерді цементтемей орнатуға болмайды.

340. Қатырылған қыртыстарды еріту технологиялары және бағана бекітпенің судан оқшалануы бағана қазу жобасымен анықталады.

Шахта бағанасын қазып болған соң, қатырылған қыртысты ерітіп және қатыру құбырлары шығарылған соң ұңғы цементтік – құмдық ерітіндімен толтырылады. Ұңғыларда қатыру құбырлары қалдырылғанда олар да тампондалады.

341. Жұмыстарға басшылық жасаушы бақылау тұлғаларымен:

1) тұздықтың тізбек арқылы қыртысқа енуін көрсетуші қара дақтарды анықтау үшін бағаның жалаңаш қабырғалары және забойларына ауысым сайын тексеріс жүргізеді. Тексеру нәтижелері «Бағана тексеру журналына» жазылады (4 – қосымша);

2) тұрақсыз қыртыстарда (құрамда, сазда және басқаларда) қазу кезінде ҰЖЖ қарастырылған бағана контурындағы қыртыс температурасы;

3) су шығын кетуі қауіпі болғанда немесе басқа қауіп туғанда апаттың алдын алу шараларын қабылдайды, адамдарды забойдан шығарады.

342. Желдету ағынын қыздыру керектігі, қыртысты қатыру аумағындағы бағана қазудағы жобамен анықталады.

Қатыру аймағында жұмыс жүргізушілер арнайы жылы киіммен қамтамасыз етіледі.

343. Бақылау тұлғасы тәулік сайын бағана жағдайын тексереді және бекітпені мұздан тазартуды қамтамасыз етеді.



7 бөлімше. Шахта бағаналарын алдын ала тау қыртыстарын

тампонаждау арқылы қазу
344. Тампонаждау жұмыстары технологиялары және тампонаждық қондырғылар орналасуы бағана қазу жобасымен анықталады.

345. Тампонаждық ерітінді дайындау бөлмелері бағана қазуға арналған жобаға сәйкес еріксіз желдеткіштермен жабдықталады.

346. Тампонаждық ұңғылардағы бағыттаушы құбырлар (кондукторлар) резиналық манжеттермен, цементтік ерітінділермен немесе ұңғымаға қысым арқылы ерітінді айдағандағы қысымға шыдайтын басқа тәсілдер арқылы қатайтылады.

347. Жалғағыш және бітемелі арматуралар, қысымдық құбыршектер шеттері, сорап жұмысы кезінде олардың жұлынып кетуін болдырмайтын тәсілдер арқылы қатайтылады.

348. Тампонаждық қондырғыларға бағана қазу жобасына сай реттелген сақтандырғыш клапан орнатылады.

Қазылған ұңғылардағы су көтерілуін басуға арналған тампонаждық ерітінді айдағандағы есептік қысымы, бекітпенің шыдамдылығына сәйкестеп алынады.

349. Қазу кезінде және пайдалану шахта бағаналарында қолданылатын барлық тампонаждау жұмыстары түріне ҰЖЖ жасалады және орнатылған тәртіппен бекітіледі.

350. Бағанада қолданылатын тампонаждық қондырғылар – сораптар, ерітінді, су және химиялық реагенттер ыдыстары – қазу сөрелерінде, люлкаларда немесе басқа қондырғыларда, соңғыларры қисайып кетуін болдырмайтындай қылып тегістеп жайғастырылады.

351. Тампонаждық ұңғыны қазу кезіндегі бағананы су күшімен тесіп шығуының алдын алу үшін сақтандырғыш тығыздама немесе басқа да осыған арналған қорғаныш құралдарын қолдану міндетті.

352. Рұқсат етілмейді:

1) құбыр өткізгіш крандарын жылдам жабуға, крандар жайлап жабылуы тиіс;

2) ісініп кеткен құбыршектер қолдануға.

353. Бағана су тесіп шығуын алдын алу үшін забойдың жобалық сақтандырғыш тұтастықтың жоғарғы нүктесіне жеткенде, алдын – ала сулы горизонт төбесінен 1 м тереңге екі – үш барлау ұңғылары қазылады.

Қазу кезінде ұңғы үсті тығыздамалармен жабдықталады.

Егер жобалық белгіде сулы горизонт кездеспесе, одан әрі қазу одан толықтай өтіп кеткенше алдын – алушы барлау ұңғылары арқылы және жобалық сақтандырғыш тұтастықты сақтап жүргізіледі.

Егер жоба бойынша тампонаждық төсеніш орнату көзделсе, су горизонты төбесімен оның су кедергісі қалыңдығы 1 м кем болмайды.

354. Ерітіндіні құю жұмыстары алдында, барлық тампонаждық қондырғылар құюдың жоғарғы қысымынан 1,5 есеге артық қысымға сыналады.

355. Ерітінді құюға қондырғылар жағдайы, бекітілмелі арматура орнатылуы дұрыстығы, бақылау - өлшеу приборлары тексерілген соң және құю жүйесін сумен сынаған соң, жұмыстарға жетекшілік етуші тұлғамен рұқсат етіледі. Тексеру және сынау нәтижелері журналға жазылады.

356. Ерітіндіні құю жұмыстары бақылау тұлғасының тікелей басшылығымен жүргізіледі.

357. Тампонаждық ерітіндіні құю кезінде құю жүйесі маңында, тампонаждық жұмыстарға байланысты емес адамдар болуына рұқсат етілмейді.

358. Тампонаждық қондырғылардың және өткізгіш құбыр жүйелерінің қысымдары толықтай түсірілгенге дейін оларды бұзуға және жөндеуге рұқсат етілмейді.

359. Тампондалған су құрамды қыртыстарда бағана қазу осы ережелерді сақтау арқылы қарапайым тәсілдермен жүргізіледі.

360. Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қыртыстарда жаңа су өткізгіш ойықтар пайда болуын болдырмау үшін майдатеспелік жару амалдары қолданылады.

361. Бір мезгілде жарылатын жарылғыш заттар көлемі 15 кг артық болмайды.

362. Қанағаттанарлықсыз тампонаждау жұмыстары жүргізген соң бағана қазу тоқтатылады, тұрақты бекітпе тұрғызылады және қыртыстар қайтара тампондалады.

8 бөлімше. Химиялық компоненттер негізіндегі ерітінділермен жұмыс жүргізу

1 тарау. Қыртысты инъекциялық бекіту
363. Қыртысты инъекциялық жұмыстар арқылы жасанды бекіту ҰЖЖ сәйкес жүргізіледі. ҰЖЖ қарастырылады: құюдың рұқсат етілетін қысымы, инъекциялық ерітінділер шығыны мөлшері, пайдаланылатын химиялық реагенттерді қолданғандағы қауіпсіздік ережелері, қоршаған ортаның жағдайын бақылау және басқа жұмыстармен біріктіріп жүргізілуі.

Химиялық реагенттерді пайдаланғандағы ҰЖЖ жергілікті санитарлық қадағалау органдарымен келісіледі.

364. Қабаттарды химиялық жолмен қатайтуға байланысты жұмыстар, осы жұмыстарды жүргізуге тәжірибесі және рұқсаты бар тұлғалар басшылығымен жүргізіледі.

365. Жұмыс басталар алдында инъекциялық қондырғылар және коммуникациялар ең жоғарғы құю қысымынан 1,5 есеге артық қысымға сыналады, бірақ 0,5 МПа кем болмауы керек, және жұмыс жүргізуші ұйымның техникалық жетекшісі жетекшілігімен комиссия арқылы, акт рәсімдеу арқылы қабылданады.

366. Инъекциялық ерітінділерге арналған өткізгіш құбырларға есептік қысымға реттелген, лақтырылуы жиналғыш құрылғысы бар сақтандырғыш клапандар орнатылады.

367. Инъекциялық жұмыстар жүргізгенде:

1) саңылауы бар сорушы және айдаушы инъекциялық жүйелерін, сораптарды, ыдыстар және дозаторларды пайдалануға болмайды;

2) шайыр, сұйық шыны, қышқылдар және басқа химиялық реагенттер тасымалдау және сақтау нығыз жабылатын қақпағы бар саңылаусыз темір ыдыстар арқылы жүргізіледі. Барлық қолданылатын ыдыстарға химиялық реагенттер атауы жазылған белгілер соғылады;

3) инъекциялық ерітінді дайындайтын тау қазбаларындағы орындарда бір реттік қыртысты химиялық бекітуге арналған химреагенттер мөлшерінен артық емес запасы сақталады;

4) инъекциялық ерітіндіні дайындауға пайдаланылатын агрегаттар тығыз жабылатын люкпен жабдықталады. Қақпағы ашық ыдыстарда ерітіндіні дайындауға болмайды;

5) ерітіндіні құюға арналған қондырғылар (сораптар, құбыршектер, инъекторлар) жұмыс кезінде және ол аяқталғанда жуылып тұрады. Жуылған өнімдер және гелдік ерітінді қалдықтары тығыз жабылатын ыдысқа жиналады және залалсыздандыру үшін жоғарыға шығарылады;

6) ерітінді дайындау орындарында (араластыру жүйесі) механизмдерді басқару реттілігі, қосылып – ажырауы көрсетілген плакаттар ілінеді.

368. Қыртысты инъекциялық бекіту жұмыстарын орындау кезіндегі жерасты қазбаларындағы басқа жұмыстар ҰЖЖ көрсетілгендей қауіпті аймақтан тыс жерлерде жүргізіледі.

369. Химиялық реагенттермен жұмыс жасау кезінде жұмыс орындарда улы заттар құрамының, нормалық құжаттармен орнатылған рұқсаттықшектік құрамынан артып кетуіне рұқсат етілмейді. Жұмыс орындарда таза су, 10 % ас тұзды ерітіндісі және ҰЖЖ сай жұмысшыларға қорғаныш құралдары, материалдарға жасаушы – зауыттар нұсқаулары болады.

370. Қыртыстар бекіту орындары және араластыру жүйесі өзара телефон байланысымен және екі жақты дабыл белгілермен (жарықтық және дыбыстық) қамтамасыз етіледі және пайдаланылатын дыбыстар мағынасы бекітіледі.

371. Сұйық шыныны дайындауға және химиялық ерітінділерді қайнатуға және қыздыруға арналған қондырғылар жиі тексеріледі және гидравликалық сынамаларға тартылады.

372. Жер бетінде жұмыс жүргізгендегі улы ерітінділердің сыртқа шығуы мүмкіндігінің алдын алу үшін жер бетінде 1 – 1,5 м қалыңдықта қыртыс қалдырады немесе инъектор салуға арналған диаметрі 5 см болатын тексіктері бар қалыңдығы 10 см кем емес бетон қабаты құйылады.

Инъекциялық жұмыстарды орындау үшін жасаушы – зауыт материалдары және қондырғыларына арналған және санитарлық нормалар талаптарын ескеретін технологиялық регламенттер жасалады.

373. Тампонаждық ерітінділерін дайындауға арналған химиялық реагенттерді бағана қазу жобасына сай пайдаланылады және химиялық реагент аты жазылған құлыпқа жабылатын жәшіктерде сақталады.

374. Химиялық компонеттер негізіндегі ерітінділірмен жұмысты керекті жеке қорғану құралдарын қолданатын екіден кем емес жұмысшылармен жүргізіледі. Су ағу кранына немесе суы бар ыдысқа жақын жерлердегі жұмыс орындарында ас тұзды және борлық қышқылдық (5 – 10 %) ерітінділер дайындалады, бинттер және дәрі дәрмек қораптары орналастырылады. Дәрі – дәрмектер пайдаланылған сайын және пайдалану мерзімі өтіп кеткен сайын ауыстырылып тұрады.

375. Тампонаждауға арналған шайырлар, қышқылдар және басқа химиялық материалдар жұмыс орындарына саңылаусыз жабық ыдыстармен жеткізіледі.

376. Ыдыста саңылаулар пайда болғанда химиялық материалдар зақымданбаған ыдысқа құйылады және нығыздап жабылады.

377. Химиялық тампонаждық ерітінді дайындалатын жұмыс бөлмелерінде немесе қазбаларда жұмысқа керекті химиялық материалдардың тәуліктік запасы ғана сақталады. Химиялық реагенттерді сақтайтын, тиелетін және түсіретін орындарда төгілген немесе шашылған химиялық реагенттерді залалсыздандыруға керекті заттардың қажетті мөлшері болуын ұсынады.

378. Шайырлар сақтау ыдыстарынан ерітінді араластырғыштарға сорап көмегімен құйылады. Шайырлар 200 – 250 л ыдыстармен әкелінгенде оларды сақтау ыдыстарына жүк көтергіш құралдар (шығыршықтар, талдік құралдар және басқа) көмегімен құйылады.

379. Концентрациялық қышқыл негізіндегі химиялық ерітінділер дайындау үшін дененің ашық орындарын қорғау шаралары қолданылады (арнайы киім және аяқ киім, қолды және демалу органдарын қорғаудың құралдары).

380. Жұмысшы концентрациялық тампонаждық ерітінді дайындау, араластыру кезінде ерітіндінің шашырауын болдырмайтын жабық түрлі ерітінді араластырғыштарда жүргізіледі.

381. Ерітінді қоспалары сақталатын немесе ерітінді дайындайтын орындарға жақын жерлерде ас қабылдауға тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет