2 тарау. Төніп тұрған және бүйірлік қыртыстарды құлату арқылы тазалау жұмыстарын жүргізу
572. Бүйірлік қыртыстар және жабындыларды құлату арқылы жүргізілетін жұмыстар кезінде:
1) жабындылар құлатуы кешігуі паспортта орнатылған қадамнан артып кеткенде күштеп құлату қолданылады; бұл жағдайларда жабын құлатылуына дейін тазалау жұмыстарын жүргізуге болмайды;
2) күштеп құлату жұмыстары шахтаның техникалық жетекшісімен бекітілген шараларға сәйкес жүргізіледі;
3) құлату жұмыстарын жүргізу кезінде адамдардың аралас кірістерде орналасуына болмайды, ал жарылыс жұмыстары көмегімен отырғызғанда төмен орналасқан қабаттарда орналасуына болмайды;
4) шашылмалы кен орындарындағы тазалау кеңістігінде уақытша сақтандырғыш тіреуіштер орнатпай бекітпені кесуге болмайды; мықты қыртыстық жабындыда дыбыстық тіреуіштер орнатылады.
573. Құлату учаскесі шығыстары құлату жұмыстары басталар алдында материалдар және қондырғылардан босатылады, керек болған да қосымша қатайтылады.
574. Кенді және аралас қыртыстарды өндіру жүйесін, жатқан қыртыстарда жүргіштер, кептірілмеген құмдар, құмдақтар болғанда, сумен немесе газбен толтырылғанда қолдануға болмайды.
575. Жабындыны отырғызу, ҰЖЖ сай нақты қауіпсіздік шаралары орнатылып және учаске бастығы көмекшісімен кем емес қызметтегі бақылау тұлғасының тікелей басшылығымен жүргізіледі.
576. Құламалы қыртысты және жұмсақ төсенішті (матаны) қабықтық құлату жүйесін қолданып отырғызғанда:
1) кірістер және лаваларды сендіру кезіндегі бекітпені жару электродетонатор немесе детонациялық сым қолданылып жүргізіледі;
2) көтеруші қазба үстері мықтап жабылады;
3) оймадағы тазалау жұмыстарын, жұмсақ төсеніш құлатқанда ілініп немесе қыстырылып қалғанда, олар жойылғанша, сонымен қоса жабқыш қыртыстардың құлауы және қозғалуы мезгілінде жүргізуге болмайды;
4) өндіріліп жатқан кендердің бірінші қабатын ою кезінде жұмсақ төсеніш құратын күшейтілген төсеніштер төселеді, алты метрлік қыртыстық жастықты жасау үшін шаралар қабылданады. Қазба жабындысында қазылған ұңғыларда қуаттармен жару арқылы жасанды жолмен жасалады;
5) құлатылған кеңістік және пайдаланушы кірістермен лавалар арасында біреуден көп емес және үштен көп қазылған кірістер немесе мұқият қатырылатын тілмелер қалдырылады;
6) аралас қазбадағы жарылыс жұмыстарынан соң забойды бұзуға болмайды.
3 тарау. Тазалау оймасы кезіндегі тау сілемдерін құлату, қазу және қопару
577. Қабат астылық қуақаздармен өндіру жүйесінде ашық тылындағы тау сілемдерін қопару жұмыстары сақтандыру белдіктерін қолданылып жүргізіледі.
Жарылған және тұрақсыз сілемдерде ашық тылдан тау сілемдерін қопаруға болмайды.
578. Тау сілемдерін жинау арқылы өндіру жүйесінде:
1) магазин камерасында жұмысшылардың орналасуына тау сілемдерін шығару кезінде, бұрғылау жүргізу және тау сілемдерін жабынды және бүйір шетіне дейін майдалау;
2) жабынды және ойылған тау сілемдері арасындағы ара қашықтық 2,5 м көп болмайды;
3) тұрақсыз қыртыстармен жиналған камера бүйірлері және жабындылары учаскелері қатайту паспортына сай немесе шахта техникалық жетекшісі мен бекітілген жобаға сай бекітіледі;
4) тау сілемдерін магазин биіктігіне дейін ойғанда, магазинге кірістер жабылады;
5) тұтастық қалдырмай аралас блоктар өндіргенде бір жүйе сызығы екіншісінен озады, ал озу шамасы жобамен анықталады;
6) жұқа және аз қазбалы қыртыстарды өндіру кезінде төсеніш құралдарынсыз магазинде тазалау жұмыстарын жүргізуге болмайды. Төсеніштерді орнату тәртібі паспортпен анықталады.
579. Өздігінен жанғыш пайдалы қазбаларды игергенде, жер асты өрттерінің шығуын болдырмайтын шаралар жобамен қарастырылады.
580. Қабаттық құлату арқылы игеру жүйесінде:
1) әрбір келесі кіріс алдындағы кірістегі жабындыны толық отырғызған соң игеріледі;
2) қуақаз үстінде тұтастықтар болғанда бірмезгілде бірнеше кірістер пайдаланғанда.
581. Қабаттық құлату жүйесінде:
1) толықтай құлатуға дайындалған қазба блоктарында адамдар орналасуы болмайды;
2) блокты пайдалану кезінде контурлық қазбалармен байланысқан арнайы қазбалардан құлату процессін, қарау сбойкасын немесе терең бақылау ұңғылары арқылы бақылау;
3) тау сілемдері құлауы кешіккенде оны шығару тоқтатылады.
582. Тау сілемдерін терең ұңғылармен ою жүргізу:
1) қуаттар жару кезінде жарық пайда болғанда терең ұңғыларға адамдардың құлауының алдын – алатын қорғаушылар салынады;
2) бұрғылау қуақазын және терең ұңғыларды қазғанда құлау жүйесінен бір қуақаз алда болады.
583. Жарылған кенжардың жиегі маңының төменгі кемеріндегі теспелерді
немесе ұңғымаларды жоғарыдан төменге қарай бұрғылау алдында еңіс жиегінен кемінде 0,5 м орналасқан берік қоршау қойылады.
4 тарау. Қалау жұмыстары
584. Қалау жұмыстары керектігі және қажеттілігі, қалау амалдарын таңдау, қалау қоспасын және материалдарын тасымалдау технологиялары жобамен негізделеді.
585. Қалау материалдарын дайындауда, қалау кешендеріндегі қондырғыларды пайдалануға, сорттау, майдалау, пайдалы қазбаны байыту және кеніштер және концентраттарды түйірлеу жұмыстарында қауіпсіздік талаптары сақталады.
Қалау жұмыстары, қалау жұмыстарын жүргізуге арналған, ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген. Технологиялық регламентке сай жүргізіледі.
586. Қалау материалдары ретінде құрамында өзі жануы мүмкін, улы газ және заттар бөлінетін қоспаларды қолдануға болмайды.
587. Қалаулар шахтаның техникалық жетекшісімен бекітілген, қазылған кеңістіктерді толтыру қамтылған жобаларға (паспортқа) сәйкес жүргізіледі.
588. Толтырым жұмыстарының өндірісіне қазылынды кеңістікті шахтаның техникалық басшысының бекітуінсіз комиссияның оның толтырымға дайындығы туралы келісімінсіз қабылдауға жол берілмейді.
589. Магистральды құбырларды төсеу және оны жабдықтау жобаға сәйкес орындалады, ал телімдік – шахтаның техникалық басшысы бекіткен үлгі мен төлқұжаттарға сәйкес.
Магистральды құбырлар қысым бақылау құралымен, толтырым қоспалары мен суды апаттық жағдайда лақтыру құрылғысымен жабдықталады. Толтырымдағы магистральды құбырлар жолы толтырым комплексінің (қондырғының) операторымен және шахтаның диспетчерімен телефонды байланыспен жабдықталады.
590. Қазып алынған телімдерді негізін қаламай және бітпеген толтырыммен жобадағы уақыттан көп қалдыруға жол берілмейді.
Бос жерлерді өкілетті орындар бекіткен жоба бойынша басқа амалмен оқшаулауға жол беріледі.
Әр телім бойынша толтырым жұмыстарының бітуі шахтаның техникалық басшысы бекіткен келісім бойынша хатталады.
591. Қатып бара жатқан толтырымы бар көлденең қабаттар жүйесінде:
1) үдемелі қабаттап алу кезінде қатып бара жатқан толтырымның тазартылыс қазбасының табанында қалыптама беріктілігі оның үстінен пайдаланатын өздігінен жүретін жабдықтың қауіпсіз жүруіне жол береді;
2) құлдырамалы қабаттап алу кезінде толтырымның көтерем қабаты төменгі қабатты қазымдау басында, оның астында тазартылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қамтамасыз ететін қалыптама беріктілігі бар.
592. Толтырым массивінің тұрақтылығын бағалау қатып бара жатқан толтырымның қалыптама беріктілігінің сұрауларына сәйкес өтеді: тазартылыс қазбасының беткейі жалаңаштанған кезде – жалаңаштанған жердің биіктігіне байланысты, тазартылыс қазбасының төбесінің жалаңаштанған кезінде – қазба аралығының еніне байланысты.
5 тарау. Тазартылыс қазбасының бекітілуі
593. Нашар, тұрақсыз жанас жынысында кергі бекітпе бойынша кішкентай шоғырларда (қаттарда) қауіпсіз жұмыс қамтамасыз ету үшін тазартылыс забойының төбесіне тартпа жүргізіледі, ал құламалыда – төнбе және сұлама бүйірлерінде жобаға сәйкес.
594. Құламалы және қиғаш кен денелерін қазу кезінде кергі бекітпе жүйесімен алу кеңістігінің ені 3 м аспайды.
595. Қабаттың, аралық этаждың, қуақаз алуының (қияқаздың) енбелермен қиылысқан жерлері енбелердің алуының басына дейін мықтап бекітіледі (тұрақты толтырымдар астында тұрған қазбалардан басқасы).
6 тарау. Тазарту қазбаларында жұмысшылардың жүруі
596. Тазарту забойларымен хабарласу қазіргі Ережелерге сәйкес жауап беріп жабдықталған, кендерден тазартылған және пайдалануға лайықты жағдайдағы жүру бөлімдерімен өткізіледі.
597. Құламалы және қиғаш кен денелерін кергі бекітпемен қазу жүйесінде адамдар тазарту забойына бекітілген адам жүрістігімен кіреді және кертпештен кертпешке баспалдақ арқылы ғана қозғалады.
598. Аралық этаждық құлатып қазу жүйесінде құлатылып жатқан кеңістікке кіруге тыйым салынады.
599. Аралық этаждық қуақазбен қазу жүйесінде адамдардың ашық камерада тұруларына тыйым салынады.
600. Этаждық еріксіз құлатып қазу жүйесінде адамдардың қазбадан қуыстыққа, қималау және массивті құлату кезінде пайда болған, қималау қазбасының сыртына шығуға тыйым салынады.
601. Этажды және аралық этажды қазбалардың камераға шығатын жерлері қоршалады.
7 тарау. Тазарту жұмыстары
602. Камералы, камера - діңгекті қазу жүйесінде кентіректердің және өрлеме бойынша камераның теңдігі сақталады. Кентіректердің және камералардаң теңдігі сақтала алмайтын жағдайда олардың арасында ені жоба бойынша анықталатын таспалы кентірек қалдырылады.
603. Камералық - бағандық жүйемен қуаты 18 м дейінгі көлденең және
жайпақ жатқан кен сілемдерін өңдеу үшін кен сілемдерін қазу, алу екі кезеңде жүргізіледі:
бірінші кезең – камералық қорларды алу және екінші кезең (қайта өңдеу) кентіректерді алу.
Жұмыс басталғанға дейін технологиялық регламент әзірленіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
1) Қуаты 18 м астам сілемдерді өңдеу екі кесу – жабынды және қабат астындағы қалған орта бөліктегі шабындық қыртыс қазбасымен жүргізіледі.
2) Көлбеу және тік құлама кен сілемдері қазылған кеңістікті негізге ала отырып немесе толықтай бұзып, қазу жүйесімен жүргізіледі. Әрбір қазу жүйесінің қауіпсіз өңдеу шектері жобамен анықталады.
3) Камералық - бағандық жүйемен сілемдерді өңдеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тазаланған кеңістікте адамдар жүрген жағдайда, сондай - ақ кентіректерді қайтадан алған кезде қазылған кеңістіктің геомеханикалық жай-күйіне, тау - кен массивінің үздіксіз геомониторингі негізінде жыныстардың басып жатқан қалыңдығының сырғуына және бұзылуына тұрақты бақылау жүргізіледі.
4) Кентіректердің көпшілігі бұзылған, тау - кен жыныстарының басып жатқан қалыңдығы қираған аймақтарға қабысатынучаскелерді өңдеу және қирау процесінің одан әрі жайылыуын болдырмау, жабындарды және қазылған қабаттарды басқару үшін қирау шектерінде өлшемдері в/һ>1,0 (мұндағы в – кентіректің ені, һ – оның биіктігі) қатты бөлу сызықтарын қалдыра отырып, таспалы кентіректермен жүргізіледі.
5) Тау - кен жұмыстары жүргізілетін кен бөлу шегіндегі жер бетінің сырғу аймағында инженерлік желілер мен коммурникациялардың, ғимараттардың, құрылыстардың және тағы басқаларының болуына жол берілмейді, адамдар өткізілмеді, аумақ қоршалады.
604. Аралық этаждық қуақазбен қазу жүйесінде:
1) аралық этаждың енбесінің ені тұрақты кен болғанда 2 м кем болмайды, биіктігі – 2,5 м. Енбе табанасты көлденең. «Жабық» енбелердің биіктігі 3 м жол беріледі;
2) аралық этаждың кертпеш төбелі болып орналасуы тұрақты кендерді қазу кезінде рұқсат етіледі; кертпештердің шығуының барынша көлемі 6 м – ден артық болмайды;
3) аралық этаждардан (қуақаздардан, қияқаздардан) келген кендерді уату кезінде осы қазбалардан жарылыс ұңғымасының тарамын камераға алдын ала үштен кем емес ұңғыма тарамы бұрғыланбаған болса жаруға жол берілмейді;
4) кен уату жоғарыда жатқан аралық этаждың төменде жатқандағыға қарағанда жоба бойынша бекітілген арақашықтықпен озып уатумен жүргізіледі.
605. Қабаттап құлатып қазу жүйесінде:
1) енбе ені және қабат биіктігі 3 м артық болмайды;
2) блокты қазымдау бір уақытта бірнеше қабатта жүргізіле алады, егерде бір қабаттағы жұмыстың қалуы басқасынан иілгіш төсенішті және жынысты қалыпты отырғызуға жол беретін арақашықтықта болса ғана, бірақ 10 м – ден кем емес.
606. Бірнеше аралық этажды аралық этаждық құлату жүйесімен біруақытта қазымдау кезінде жоғарға аралақ этаж төменгіні жобамен бекітілген арақашықтыққа озады, бірақ ұзындығы бір аралық этаждың биіктігінен кем болмайды.
607. Блокты (этажды) құлатып қазу жүйесінде:
1) бақылау өрлемесі, құлату процесін бақылау үшін арналған, блоктың (камераның) контурының сыртынан бұзушылық болдырмайтын арақашықтықта жүргізіледі;
2) бұрғылау қазбасы тасымалдық деңгейжиекпен қосылады немесе екінші ұсатыс деңгейжиек (ысырмалау) өрлемесімен, желдеткіш қазбасымен түйіскен.
608. Суланған кен массасын кенқұдықтан шығару жұмысты ұйымдастыру тәртібіне сәйкес жүргізіледі егер кенқұдықтың тықпа қақпағы алыстан басқарылатын люкпен немесе ысырма шығырығымен жабдықталып қолданған болса, адамдарды кенқұдықтың астында болдырмау үшін басқа құралдармен және әрекетпен жабдықталады.
8 тарау. Кен массасын жерасты қазбаларында уату
609. Жерасты уату комплекстері және уату блоктары, сыннан өткен ұйымдармен және қалыптасқан тәртіп бойынша бекітілген жобаға сәйкес жабдықталады.
610. Ұсатқыштардан материал бөлшектерінің лақтырындысы-ның алдын алу мақсатындағы тиегіш тесіктері:
1) конусты ұсатқыш үшін – бітеу шешілетін қоршаумен жабылады;
2) жақты ұсатқыш үшін – биіктігі 1 м кем емес ұсатқыштың жұмыс аймағынан материалдар бөлшектерінің лақтырындысына жол бермеу үшін қабағы бар бітеу бүйірлі қоршаулармен қоршалады.
611. Камерадан желдеткіштер мен аспирациялық қондырғылармен кетірілетін ауа, бүкілшахталық шығатын ағыншаға немесе шаңның шоғырлануына дейін, берілген мөлшерден аспайтындай болып тазартылады.
612. Ұсатқыштың жұмыс кеңістігіне адамдар түскен кезде сақтандыру белдіктері мен ұсатқыштың тиегіш тесіктерінің үстінен төсеніш құрылғысымен пайдалану міндетті түрде. Сонымен қатар ұсатқышты өз бетімен жұмысқа қосуға тиым салынады. Ұсатқышқа түскен металлды кесу осы Ережелердің 1398 , 1566-тармақтарына сәйкес өтеді.
613. Ұсатқыштың апатты жағдай кезінде «опырылым» астында тоқтаған кезінде оны ашу және іске қосу технологиялық регламентке сәйкес өткізіледі.
614. Ұсақтаған кезде жарылысқауіпті шаң пайда болатын материалдарды ұсату, оның жарылуына жол бермейтін шараларды орындап өткізіледі.
615. Ұсатқышқа материалдарды жіберіп оның жұмысын бақылайтын оператордың жұмыс алаңы торкөз (торлы) көзінің көлемі 30 x 30 мм көп емес, алаңға ұсатқыштан кен массасы бөлшектерінің лақтырылуына жол бермеу үшін, металлдан жасалған қорғауы бар.
Жұмыс алаңының 1,5 м биіктікте орналасқан кезінде одан адамдар мен заттардың құлауына жол бермейтін қорғауы бар.
616. Ұсақтағыштың жұмыс кеңістігінде материалдардың үлкен бөлшектері тұрып қалған жағдайында олар ұсатқыштан жүккөтергіш құралдармен алынады. Тұрып қалған бөлшектерді қолмен алуға, сонымен қатар оларды жұмыс кеңістігінде қол саймандармен сындыруға тыйым салынады.
9 тарау. Кентіректі алу
617. Кентіректі алу ұйым мен жұмысты өндіру жобаларына сәйкес жүргізіледі, олар блокты бүтіндей қазымдау жобасының бір бөлшегі болуы мүмкін. Камерааралық, қуақазүстілік және төбелік кентіректерін алу кезінде:
1) төбелік және камерааралық кентіректерін құлату алдында деңгейжиектің тасылымдылық қазбасының бекітпесі тексеріледі және егерде оның сенімсіз жағдайында жақсылап бекіту жүргізіледі;
2) камерааралық кентіректерді шектес камераларының кенмен (жыныспен) салынбаған және толтырылмаған жағдайында кен қазбасын өткізілуін талап ететін жүйелерімен алуға тыйым салынады;
3) кентіректі алуға дайындау немесе олармен шектес камераларды алу үшін кентіректерде олардың орнықтылығын бұзатын және жобамен қаралмаған қазбаларды өтуге тыйым салынады;
4) төбелері, түбі және камерааралық кентіректер камера толмаған кезде толық құлатудың бір амалымен алынады;
5) төбелерді және камерааралық кентіректерді құлату бойынша барлық дайындық жұмыстары камералық алу біткенге дейін өткізіледі; қандай да болса жұмыс жүргізуге және салынбаған камера төбесінің қазбасында, миналық камера мен ұңғыманы оқтау жұмыстарынан басқа, адамдар болуға тыйым салынады;
6) қазбаланған және төгілген камера үстінен төбенің құлаған кезінде терең ұңғымамен оларды бұрғылау құлаған қазбаға қатысты қауіпсіз төбе контурының сыртында тұрған жерден өткізіледі;
7) қуақазүстілік кентіректі алу кезінде кентіректе шпур бұрғылау, кенді шығару қуақаз немесе қияқаз бекітпесінің астынан өткізіледі; жалпы бекіту кезінде бекітпенің кейбір рамаларын алып тастауға болады, арасын ашып бекіту кезінде – тартпаны шамалап алуға болады;
8) кентіректерді кен қазбаларын елеу деңгейжиегінің үстінен өткізуді талап ететін жүйемен алуға толтырымдаудан кейін немесе қазбаланған камера құлатылғаннан кейін жол беріледі;
9) кентіректерді салынбаған камераларда бір этаждан көп емес биіктікке және салынған камераларда екі этаждан көп емес биіктікке қалдыруға тыйым салынады;
10) кентіректердің жалпы құлатылуы кезінде ауа соққысының қауіпті салдарын болдырмайтын шаралар қолданады. Барлық жағдайда жаруға екі туліктен кем емес уақыт қалғанда АСЖ және территориялық уәкілетті орган бөлімшесіне хабарлап қояды;
11) жынысты отырғызу кідірген кезде, кентіректер құлату кезінде немесе оларды толық емес қылып құлату кезінде берілген телімде кептелуді жоюға немесе толық отырғызуға дейін басқа жұмыстар жүргізуге тыйым салынады.
10 тарау. Жерастылық ерітінділеу амалымен тазартып алу
618. Жерасты ұңғымалы сілтісіздендіру әдістерімен жобалау және өңдеу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 79 бұйрығымен бекітілген «Жерасты ұңғымалы және үйінді сілтісіздендіру әдістерімен кен орындарын қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін» басшылыққа алады.
619. Кенорындарды (телімдерді) жерасты ерітінділеу амалымен қазбалау жобаларында жұмыс және өнім ерітіндісінің көлік қазбасына және адамдар жүретін қазбаға бармауына жол беретін шаралар қаралады.
Ерітіндінің оларды ұстау аймағының сыртына ағып кететін жағдайларын бақылау жүргізу үшін бақылау ұңғыма жүйесін бұрғылау қаралады.
620. Тазартып алу аймағын ернітінділеуге дайындау кезінде оның нақты нұсқасын бақылау аймақтың айналасы бойынша бақылау ұңғымасымен өткізіледі. Табылған қуыстылық жарылумен жойылады.
Блокты ерітінділеуге дайындау кезінде ұйымның маркшейдерлік қызметімен жыныстардың жылжуы мен деформациясын бақылау жүйелі өткізіледі.
621. Ерітінділеу бойынша жұмыстардың басына дейін блокта барлық алдында бұрғыланған ұңғымалар тығындалады (геологиялық - бағдарлау, гидрогеологиялық тағы басқалар. ), бақылау ұңғымаларынан басқасы, даярлау және тілгі қазбалары жүргізіледі, өнім ерітіндісін ұстау және жинау үшін дренажды деңгейжиектің құрылысы бітеді.
Блокқа жұмыс ерітінділерін жіберудің алдында су жіберіліп кен массасының сүзгі сипаттамасы және ерітіндінің ағу мүмкіндігі тексеріледі.
622. Дренажды және сусепкіш деңгейжиектері шығыстары екіден кем емес, олардың бірі адамдарға жоғары жатқан деңгейжиекке шығуға жол береді.
623. Дренажды және сусепкіш деңгейжиектерді желдету шығу ағымының тікелей жоғарыға оқшау лақтырымы бар үдету сұлбасы бойынша жүргізіледі. Бүкілшахталық желдетудің кері бағытқа жіберілгенде ерітінділеу телімінде ауа ағыншасын өзгертуге жол берілмейді.
624. Қышқыл ерітінділерді беру және сорып алу үшін арналған құбыршектер қышқылтұрақтылық материалдардан (болаттың арнайы маркасынан, полиэтиленнен) жасалады. Қышқылшектердің фланец қосылымдары қорғаныш бүркенішімен, астары жарылған кезде ерітіндінің жан жаққа шашырауына жол бермейтін, жабылады.
625. Полиэтилен құбыршектерін пайдалану кезінде жобада қауіпсіздік шаралары қаралады, өрт қауіпсіздігі және статикалық электрден қорғау. Құбыршектерді кен қазбаларында салу күштік кабелінен 500 мм кем емес арақашықтығында жүргізіледі. Шахталарда полиэтилен құбыршектерін пйдалануға, газға немесе шаңға қауіпті, кеннің өздігінен жануына немесе жыныс сыйдыратын, сонымен қатар полиэтилен құбыршектерін жерасты кен қазбаларында сақтауға тыйым салынады.
626. Ыдыстар мен резервуарлар реагенттермен, қышқыл және өнім ерітінділерімен жоғарғы жиегінен 150 мм кем емес қашықтықта толтырылады және толу деңгейін автоматты бақылаумен және шамды дабылдатқышымен жабдықталады. Ерітінділері бар ыдыстар мен резервуарлардың люктері, 200 мм артық өлшемі бар, жабылады; оларды ашуға ерітінділерден толық босатылғанда ғана рұқсат етіледі. Ерітінділері бар ыдыстарды күту алаңында биіктігі 1,2 м кем емес қоршауы бар.
627. Құбыршектер мен жабдықтарды техникалық күту, жөндеу ерітінділердің құбыршек бойынша және жабдықтарға берілуі толық жоқ болған шаралар қолданбай жүргізуге тыйым салынады.
3 бөлім. Тау соққысына бейім және қауіпті шахталарда
кен жұмыстарын жүргізу
1 бөлімше. Жалпы ережелер
628. Кен қазбасы қауіпсіз, тау соққысына бейім және қауіпті болып бөлінеді.
629. Тау соққысына бейім және қауіпті кен қазбаларында құрылысқа, кеңеюге, қайта құруға, техникалық қайта жарақтандырылуға, қазбаларды жабуға және жоюға өндірістік қауіпсіздіктің жобалық құжаттамалары бойынша сараптау өткізіледі.
630. Тау соққысына бейім қазбалар қатарына, аймағында жыныстар мен жоғары серпімділік қасиеттері бар кендер, жүктеменің астында морттылық бұзылуға қабілетті, көрші жатқан шахтада сол кен денесінің маңайында соған ұқсас геологиялық жағдайларда жыныстың атылуы, іліктастардың қарқынды түрде пайда болуы, сілкініс немесе тау соққысы орын алған.
631. Қазбаларды тау соққысына бейім деген қорытындыны берілген объектте тау соққысы мәселесі бойынша жұмыс орындайтын аттестацияланған ғылыми - зерттеу ұйымы береді.
632. Жыныстың (кеннің) соққықауіптілігінің сыртқы белгісі пайда болған кезде, қорытынды негізінде мекеме басшысы уәкілетті ұйымның аймақтық бөлімімен келісе отырып қазбаларды тау соққысына бейім қатарына қосады.
633. Тау соққысына бейім немесе қауіпті әрбір шахтада аттестацияланған ұйымдармен тау соққысын болжау және болдырмау бойынша әдістерді жаңарту бойынша зерттеулер өткізіледі.
634. Тау соққысына бейім және қауіпті шахталарда тау соққысын болжау және болдырмау қызметі (ТСББҚ) ұйымдастырылады.
635. ТСББҚ қызметінің жұмысын бақылау шахтаның техникалық директорымен жүзеге асырылады.
636. Қазбалардың айналасындағы кен массивінің телімдері дәрежесі бойынша екі дәрежеге бөлінеді: «Қауіпті» және «Қауіпсіз».
637. «Қауіпті» дәрежесі қазбаның шет жағы бөлігіндегі массивтің тау соққысы болуы мүмкін қуатты жағдайына сәйкес келеді. Қазбаның мұндай телімі соққықауіпсіз жағдайға келтіріледі. Соққықауіпсіз жағдайға келтіру жоба бойынша жүзеге асырылады. Қазбаны соққықауіпсіз жағдайға келтіруге дейін кен жұмыстарын жүргізуге және адамдардың жылжуына, алдын алу шараларына байланыстысынан басқаға жол берілмейді.
638. «Қауіпсіз» дәрежесі соққықауіптілігі жоқ жағдайға сәйкес және соққыға қарсы шаралар жүргізуді талап етпейді. Сонымен қатар соққының қауіптілігіне болжаулар жүргізіледі.
639. Тау соққыларын болдырмау бойынша шараларды қолдану олардың тиімділігін жергілікті әдіспен бағалау арқылы қоса жүреді.
640. Тау соққылары бойынша қауіпті қазбалар, сонымен қатар олардың көрінетін жерлері кен жұмыстарының жоспарында «Маркшейдерлік жұмыстарда өндірісі бойынша техникалық нұсқаулық» талаптарына сәйкес көрсетіледі (7-қосымша).
641. Тау соққысына бейім және қауіпті әрбір объектте барлық болған оқиғаның кен соққы, микросоққы және толқындардың, атылуы, іліктас пайда болуының және түлеу қарқындылығына есеп жүргізіледі, қазбалардың соққықауіптілігінің дәрежесінің нәтижесін анықтау, тау соққыларын болдырмау шараларын олардың тиімділігін бағалау бойынша қолдану.
Есеп түрлері:
1) Тау соққыларының, микросоққылардың, толқындардың, атылулардың, іліктас пайда болуының және түлеу қарқындылығының есеп журналы (8-қосымша).
2) Алдын ала жазудың және кен жұмыстарын жүргізуге рұқсат ету журналы (9 қосымша).
3) Алдын алу шараларының тиімділігін болжау және бақылау журналы (10 қосымша).
642. Шахтаның бастығы әрбір тау соққысы және микросоққы оқиғасы туралы уәкілетті ұйымның аумақтық бөліміне дереу хабар береді.
643. Соққықауіптілігінің сырттай белгісі табылған жағдайда ол жайында диспетчерге немесе кен шеберіне хабар беріледі.
644. Соққықауіптілік қазбаларының забойлары телефон байланысымен қамтамасыз етіледі.
645. Тау соққылары апатқа жатады және талапқа сай тергеу жүргізіледі.
646. Микросоққылардың, толқындардың, атылулардың, іліктас пайда болуының және түлеу қарқындылығының ай сайын, ал олардың тәулік бойында бірінші пайда болуында шахтаның техникалық директоры инженерлік қызметімен және уәкілетті ұйымның мемлекеттік инспекторының қатысуымен себептерін табу және онымен күресу шараларын зерттеу мақсатында қарастырады.
647. Тау соққысының салдарын жою бойынша жұмыстары Комиссия төрағасымен, берілген оқиғаны тергеген, тау соққысының ықпалына түскен қазбалардағы соққы қауіптілігінің дәрежесін болжау нәтижесі негізінде беріледі.
648. Тау соққысының салдарын жою бойынша жұмыстар мен шаралар жобасы құрылады, мекеменің техникалық директорымен бекітілген.
649. Тау соққысы кезінде жыныстардың (кендердің) лақтырылуы нәтижесінде пайда болған қуыстар жанбайтын және уыттылықсыз материалдармен бекітіледі, бітемеленеді немесе тығындалады. Тау соққысы нәтижесінде пайда болған қуыстарды толтыруға, кен қазбаларын жүргізу процессінде жасырын жұмыстар орындау үшін кесім жасалады.
650. Тау - тектоникалық соққылардың, тау соққыларының және микросоққылардың барлық жағдайларына карточкалар жасалады (11-қосымша), аттестацияланған мекемеге, шахтада тау соққысы бойынша зерттеу жүргізетін және уәкілетті ұйымның аумақтық бөліміне жіберіледі.
651. Жылдық қорытынды бойынша, шахтада тау соққысы бойынша зерттеу жүргізетін мекеме уәкілетті ұйымға тау - тектоникалық соққылардың, тау соққыларының және микросоққылардың шолу (аналитикалық) мәліметін береді.
652. Шахта персоналы тау соққысының көріну белгісімен таныстырылады және қауіпсіздік шараларына нұсқау алады.
653. Жаңа деңгейжиекті жобалау және ашу, жұмыс істейтін шахталардың бар деңгейжиегін қалыпқа келтіру кезінде, оларды тау соққысы бойынша бейім немесе қауіпті қатарына кіргізу кезінде, жобалық және технологиялық құжаттамаға жалпы түсіндіру хаты қатарына тау соққысын болдырмау бөлімі кіргізіледі.
654. Жобада тау соққысын жобалауға және алдын алуға арналған аспаптар мен жабдықтар қаралады.
655. Құрылыс ұйымдастыру жобасында, тау соққысына бейім және қауіпті жыныс (кен) бойынша кен қазбаларын жүргізу кезінде, қазбаның қимасының түрін, уақытша және тұрақты бекітудің түрі мен құрылымы шахтада жүретін бекіту бойынша кепілдемеге сәйкес, сонымен қатар уақытша бекітуі бар қазба телімінің ұзындығына дәйектемелеу жүргізіледі.
656. Бекіту түрі, тұрақты бекітудің забойдан қалуы және бекітуді талап ететін қазба ұзындығы бекітілу бойынша ұсыныспен регламенттенеді.
Берілген шахтада зерттеу жүргізетін, ғылыми - зерттеу аттестацияланған ұйымының ұсынысы негізінде технологиялық регламент әзірленеді.
657. Шахтаны пайдалану және құрылыс кезінде тау соққысының алдын алу шараларының жиыны кен мен жыныстардың барлық түрлерінің физико - механикалық қасиеттерін есепке алып отырып анықталады.
658. Жобаның технологиялық бөлігі (қазымдау тәртібі, ашу, дайындау, кен қазбаларын және қазу жүйесін өткізу) оның тау соққысын болдырмау шараларына қатысты бөлімдері берілген шахтада тау соққыларының мәселесі туралы жұмыс орындайтын аттестацияланған ғылыми - зерттеу ұйымымен үйлестіріледі.
659. Жұмыс істеп тұрған шахталарда кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі жобалық шешімді өзгерту уәкілетті ұйымның аумақтық бөлімшесімен жобалық ұйыммен үйлестіріледі.
660. Қазымдау жүйесінің тәжірибелі - өнеркәсіптік сынақтары, қазбаны үңгілеу амалдары, тау соққыларын болжау және болдырмау бойынша кен-тәжірибелі жұмыстары жоба бойынша өтеді.
661. Шахталарда әр айға тау соққыларына бейім және қауіпті кен жұмыстарын жоспарлағанда, болжау карталары негізінде тау соққыларын болжау және болдырмау бойынша жұмыстар қаралады (12-қосымша).
«Қауіпті» дәрежелі кен массивті телімін жергілікті әдіспен тапқан кезде, кен жұмыстары тау соққыларын болдырмау бойынша алдын алу шаралар өткізгеннен кейін жүргізіледі.
662. Тау соққысына бейім шахталарда, соққы қауіптілігіне уақтылы жатқызу мақсатында ағымдық болжауы ең жүктемесі көп (ең қызу) телімдерде жобаға сәйкес өткізіледі.
663. Соққаға қарсы шаралардың параметрін өзгерту және соққықауіптілігінің жоба бойынша қаралған дәрежесінің ағымдық болжауын зерттеу, берілген шахтада зерттеулер жүргізіп жатқан аттестацияланған ғылыми-зерттеу ұйымның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
664. Қиын кен - геологиялық жағдайларда (қазбаның үлкен тектоникалық бұзушылығы және тереңдігі, қазіргі тектоникалық қозғалыс және аудандардың үлкен сейсмалық белсенділігі, жер бетінің таулы бедері және басқа да тау - тектоникалық соққылардың пайда болуы мүмкіндігінің алғы шарты) тау соққылары бойынша қауіпті аймақтарды үздіксіз табу үшін сесмостанциялар құру қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: |