Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


бөлімше. Геологиялық зерттеу және басқа ұңғымаларды бұрғылау



бет10/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

9 бөлімше. Геологиялық зерттеу және басқа ұңғымаларды бұрғылау
774. Геологиялық зерттеу, пайдалану және көмекші ұңғымаларды жер бетінен және кен қазбаларынан бұрғылау, газ лақтыруларының (фонтандардың) алдын алу бойынша, ашық от болдырмайтын және атмосфера құрамын бақылайтын шаралары қарастырылған жобаға сәйкес өткізіледі.

775. Геологиялық зерттеу және басқа ұңғымаларды бұрғылау алыстан басқарылып жүзеге асырылады. Бұрғыланып жатқан ұңғыма оқпанында адамдардың болуына жол берілмейді.

776. Ұңғыма қасында жанғыш және улы газдар құрамын өлшеу жұмыс ауысымының әрбір 2 сағатынан кем емес бұрғылау жұмысшысымен бұрғылау кезінде, бақылаушы адамымен – бұрғылаудың алдында нәтижесін журналға жазып жүзеге асырылады.

777. Ұңғымадан газ шыққан кезде бұрғылау тоқтатылады, электроэнергия сөндіріледі, қазбада бұрғылау станогының қасында газ құрамын өлшеу өткізіледі. Кейінгі шаралар қазбаларды газдан тазарту туралы шараларына сәйкес орындалады (737 – 740 тармақтар).

778. Бұрғылау біткеннен кейін геологиялық зерттеу және басқа ұңғымалар геологиялық картаға, тілігіне және кен жұмысының жоспарына енгізіледі және сапалы бітеледі. Газдың ауысуы бойынша қауіпті және қатерлі аймақтарда орналасқан ұңғымалардан кейін берілген талаптарға сәйкес бақылау ұйымдастырылады.

5 бөлім. Радиациялы қауіпті өндіріс қатарына енгізілген шахталар үшін талаптар
779. Радиациялы - қауіпті факторы бар екендігі анықталған шахталар радиациялы - қауіпті өндірістерге жатады. Шахталарды радиациялы - қауіпті өндіріске жатқызу ұйым әкімшілігімен уәкілетті ұйымның санитарлық қадағалауымен бірге кеніш атмосферасының радиоактивті ластануы жағдайын тексеру нәтижесі және аттестацияланған ұйым жүргізген радиациялық жағдайды бағалау негізінде жүзеге асырылады.

780. Радиациялы қауіпті өндіріс қатарына енгізілген шахталарда ұйымдастыру - техникалық әкімшілік пен санитарлық қадағалау ұйымымен жүретін радиациялық қауіпсіздік нормасының талабына сәйкес әзірленген және бекітілген шаралар жиыны, радиоактивті заттармен және басқа да ионданған сәулелермен жұмыстың санитарлық ережелері және осы Талап арқылы іске асырылады.

781. Шахтаның кеніш атмосферасының радиоактивті ластану дәрежесін табу мақсатында радиациялық жағдайды тексеру уәкілетті ұйыммен және санитарлы қадағалау ұйымымен келісіп үш жылда бір реттен кем емес уақытында өткізіледі.

782. Шахта әкімшілігі жыл сайын радиациялық қауіпсіздік бойынша шаралар құрады, олар мынаны қамтамасыз етеді:

1) персоналды сыртқы және ішкі сәулелеуден қорғайды;

2) негізгі радиациялы-қауіпті іштен сәулелену факторын араластыру үшін шахтаға керек мөлшердегі ауаны жіберу – кеніш атмосферасында (жасырын энергия бойынша) екінші кезектегі радон өнімдерін (ЕРӨ) әр жұмыс орнында;

3) желдететін қазбаларда және тегіс шахтада құрамында радон бар ауаның болу уақытын көпке қысқарту;

4) шахтаның жұмыс аймағында радонның желдету жағына шығуын қысқарту;

5) ауаның және жабдық үстінің, жұмыс орындарының дұрыс пайдалану кезінде ластануына жол бермеу және жөндеу жұмысын жүргізу.

783. Шахтаның жұмыс орындарында және адам болатын аймақтарында, санитарлық қадағалау ұйымымен келістіріліп, нәтиже журналында тіркелумен радиациялық қадағалау жүргізіледі. Радиациялық қадағалау орнатады:

1) жұмыс орындарында және жұмыс жүргізетін шектес аймақтарында радиациялық - қауіпті дәрежелерін;

2) радиациялық жағдайдың шектік шамаға сәйкестігі;

3) жоғары радиациялық қауіптіліктің негізгі көздерін табу және бағалау;

4) жер бетінде және жерастында жұмыс істейтін адамдарға радиациялық қауіпті фактор жиынының әсерінің дәрежесі;

5) қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластану дәрежесі және шахта орналасқан ауданда тұратын адамдарға радиациялық фактор әсерінің дәрежесін бағалау.

784. Радиациялық қауіпті өндіріске жататын шахтаға жұмысқа түсетін персонал бекітілген бағдарлама бойынша қосымша оқытылады және білімі тексеріледі.

785. Радиациялық қауіптілігі жоғары шахталарды құру және пайдалану бойынша жобалар, жұмыс жүргізу кезінде ауа ауыстырудың ең тиімділігін мынадай жолмен қарастырады:

1) кенорнын кен денелерін тазартып алуға аулалық дайындықпен пайдалануға ашу және дайындау әрекетінің оңтайлығы. Кен дайындығын пайдалану жобамен негізделеді;

2) шахта ауласын кері тәртіппен қазбалау – ауа шығаратын оқпаннан ауа беретінге қарай;

3) қазу жүйесін пайдаланудың артықшылығы, радонның және оның көмекші өнімдерінің кен атмосферасына ең төмен шығуын қамтамасыз етеді және кен қазбаларын желдетудің ең қолайлы жағдайлары.

786. Радиациялық қауіптілігі жоғары шахталарды желдету желдетудің айдама әдісімен жүргізіледі. Желдетудің құранды және сорма әдістері уәкілетті ұйымның келісуімен жүргізіледі. Шахталарда жұмыс орындарын (телімдерді, блоктарды, камераларды, забойларды тағы басқаларды) тізбектік желдетуге жол берілмейді.

787. Үнемі жұмыс орындарын шахтаның, деңгейжиектің, үңгілеу забойының, блоктың (камераның) ауасының шығу ағымына ұйымдастыруға жол берілмейді. Астамшылық жағдайда ғана ауаның шығу ағымына үнемі жұмыс орындары ұйымдастырылуы мүмкін, адамдардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қолданған жағдайда ғана.

788. Шахталарда деңгейжиектерді, телімдерді, блоктарды (камераларды) олардың қазбалануы бойынша оқшаулау жүргізіледі. Шахтадан шығатын ауа ағымы атмосфераға тек қана диффузор арқылы жоғарыға бағытталған ағыммен беріледі.

789. Радиациялық аясы жоғары шахталарда демалу мүшелерін шаңнан және радиоактивтік аэрозольден қорғау үшін барлық жерасты персоналы респираторлармен қамтамасыз етіледі, ал кен ауасының температурасының

26 ° С жоғары болған кезде және адамға ауыр жүктеме түскен кезде клапанды респираторымен қамтамасыз етіледі.

790. Жерасты қазбаларында шахта сулары кеніш сужиғыштарына жабық жыралары немеесе арнайы құбыршек бойынша жіберіледі және кенді қайта өңдеу бойынша технологиялық процесінде молынан пайдаланады.

Шахта суларын жер бетіне санитарлық қадағалау ұйымымен келіспей тастауға тыйым салынады.

791. Кен жабдықтары жөндеуге жіберілуден бұрын дозиметриялық бақылаудан өтеді және радиоактивті ластану табылған кезде оған дезактивация жүргізіледі. Жабдық темір - терсекке өткізілуден бұрын міндетті түрде дезактивациялауға жатады. Жөнедеуге жіберілетін және темір - терсекке өткізілетін жабдықтың үстіндегі гамма - сәулеленуінің экспозициялық дозасының қуаттылығы 50 сағ / мкР көп болмайды. Шахта жабдығының дезактивациясын арнайы қатты жабуы бар алаңда және суы арнайы ыдысқа ағатын жерде өткізу керек. Жуатын суды жер бетіне ағызуға тыйым салынады.

792. Шахтаның негізгі өндіріс алаңының айналасына санитарлық - қорғау алаңы орналасады, оның мөлшері жобамен анықталады.

793. Радиациялық қауіпті өндіріске жататын шахта персоналы денесінің тазалығы радиометриялық бақылаудан өтеді. Персоналдың арнайы киімдерін жуу жетісіне бір реттен кем емес өткізіледі.

794. Жердің радиоактивтік аясы жоғары шахтаны жою, өндірістік қызметі нәтижесі бұзылғанда рекультивацияға жатады. Санитарлық-гигиеналық рекультивация жобаға сәйкес өткізіледі, жобалау ұйымымен әзірленіп, санқадағалау, уәкілетті ұйымдарымен келістірілген.

795. Кен жыныс үйіндісін құрылысқа және шаруашылық мақсатқа пайдалану санитарлық қадағалау ұйымымен келістіріледі.



6 бөлім. Қазба тереңдігі 60 м дейінгі, өндірістік қуаттылығы жылына 30 мың тонна кен массаға дейін және пайдалану мерзімі 2 жылға дейінгі шахталар үшін қосымша ережелер
796. Қазба тереңдігі 60 м дейінгі, өндірістік қуаттылығы жылына

30 мың тонна кен массаға дейін және пайдалану мерзімі 2 жылға дейінгі шахталар үшін осы Талап таратылады, мыналардан басқа:

1) 62, 92, 93, 351, 817, 846, 852, 1047, 1090, 1091 (т. 2), 3) және 17), 1098 (т. 1), 1399 талаптары;

2) 823-тармақ талабы ауаны қазбалардан опырылым мен құлату арқылы шығару бөлігінде;

3) 838-тармақ талабы бас желдету қондырғысында қосалқы қозғалтқыштың бар болуы бөлігінде;

4) 859-тармақ талабы бас және көмекші желдеткіш қондырғысын шығын өлшеумен жабдықтау бөлігі;

5) 1460-тармақ талабы шамханаларды жанбайтын бөлмелерде орнату туралы, егерде шамхананың ағаш құрылымы сылақпен қапталып немесе отқорғау краскасымен жабылады.

797. 1536, 1538, 1567-тармақтар (жерасты қоймаларын ұйымдастыру бөлігі), 1571, 1572, 1573, 1583, 1594, 1595-тармақтар бөлімі, сонымен қатар өртке қарсы шараларды арнайы әзірлеп өткізген жағдайда (өрт өтпейтін жабу, өрт сөндірудің қосымша құралдары тағы басқалар) талаптарынан уәкілетті ұйымымен келісіп ұйым (мекеме) басшысының бекітуімен шетке шығуға жол беріледі.

798. 1685 және 1686-талаптарынан шетке шығуға жол беріледі, егерде әр шахтада немесе топтасқан шахтада кейбір телімдеде жұмыс және үй киімге арналған шешінетін жері бар өндірістік монша құру қарастырылған болса.
7 бөлім. Жерасты қазбаларын желдету

1 бөлімше. Кеніш ауасы
799. Шахталар газсыз және газды болып бөлінеді, оларда метан, сутегі, күкіртсутегі, жарылыс бойынша қауіпті сульфид шаңы шығады.

800. Адам бар немесе адам болатын қазбалардың ауасында оттектің құрамы 20 % кем емес (мөлшері бойынша). Кеніш ауасында жұмыс орындарында көмірқышқыл газдың құрамы 0,5 % көп болмауы керек; шахтаның шығу ағыны жалпы қазбаларда – 0,75 % және опырылым бойынша қазбаларды өткізу және жөнге келтіру кезінде – 1 %.

801. Жұмыс істейтін жерасты қазбаларында улы газ (бу) құрамы шектік рауалы шоғырланудан көп емес, 3 - кестеде көрсетілген.
3 - кесте


Улы газ (бу) атаулары

Формуласы

Шахталардың жұмыс істейтін қазбаларындағы газдың шектік рауалы шоғырлануы







мөлшері бойынша %

Мг / м ³

Көміртек тотығуы (көмір оксиді)

Азот тотығуы (азот оксиді) NO2 есептегенде

Күкіртті газ (күкірт диоксиді, күкірт ангидриді)

Күкіртсутегі

Акролеин

Формальдегид

Темір сынабы


СО
NO2

SO2

Н2S

C3H4O

СН4О

Нg


0,0017
0,00026

0,00038


0,00071

0,000009


0,00004

20
5

10

10



0,2

0,5


0,01

802. Улы жарылыс өнімдерінің сұйылуын тексерген кезде 1 л азот оксидін 6,5 л көміртек тотығуына тең саналады , 1 л күкірт газын – 4,5 л көміртек тотығуына және 1 л күкірт сутегін – 2,4 л көміртегіне.

803. Қазбаларды желдетуге керек ауа мөлшері, бір уақытта жерастында жұмыс істеп жатқан адам санының көптігімен есептеледі; көмірқышқыл газ, улы және жанғыш газдары, шаңдар, жарылыс жұмыстарын өндіргенде пайда болатын улы газдар бойынша, іштен жану қозғалтқышы бар жабдықтар пайдаланған кезде шығатын газдардың зиянды жиыны бойынша, ауа қозғалуының жылдамдығының аз болғаны бойынша, соған байланысты жоғарыда көсетілген шартты есептеген кезде пайда болатын ауаның көп мөлшері есепке алынады.

804. Ауа мөлшері адам санына байланысты есептеледі, бірақ ауысымда жұмыс істеп жатқан адам санының ең көп санын есептегенде бір адамға

6 мин / м ³ - тан кем емес.

805. Жарылыс жұмыстарын өндірген кезде телімдерге керек ауа мөлшері, сонымен қатар шахтаға керек ауа мөлшері жарылыстың улы өнімдерінің мөлшеріне байланысты анықталады, бір мезгілде жарылған жарылыс заттарының (ЖЗ) мөлшерімен анықталады, 1 кг жарылыс заттарын жарған кезде орташа мөлшермен 40 л көміртек тотығуы пайда болады, соның ішінде азот тотығуы.

Есеп үшін бір уақытта жарылатын ЖЗ ең көп мөлшері алынады:

1) ауысым аралық 2 сағаттық үзілісте және жарылыс жұмыстарын үзілістің басында 30 минут ішінде өткізгенде ауысым аралық үзілісте пайдаланатын ЖЗ барлық мөлшері. Ауысым бойы пайдаланатын ЖЗ мөлшері (екінші уату, бөлек қазбаларды үңгілеу тағы басқалар), берілген шығынға қосылмайды, егерде бұл мөлшер жоғарыда көрсетілген есеп үшін аз болса және бұл есеп бойынша осы параграфтың 2 тармақшасына сәйкес есеп жүргізілмесе;

2) ЖЗ ең көп мөлшері ауысым бойы екінші уату (жалпы уату қазбалау жүйесі) және қазбаны үңгілеу үшін жұмсалатын жағдайда, есеп үшін 6 - 7 сағаттық ауысымда ауысым бойы пайдаланатын ЖЗ 1 / 3 мөлшері, егерде ЖЗ бұл бөлшегі ауысым аралық үзілісте пайдаланатыннан көп болса.

806. Ауаның пайдалану мөлшерін қолданатын жарылғыш заттардың газдану шамасын есепке ала отырып анықтауға жол беріледі, оның кейбір забойларға және қазбаларға есептеу жолымен кейін оны қосып телімдерге, қанаттарға, деңгейжиектерге және шахтаға тағайындаумен ағып кетуін, дұрыс таратылмауын есепке ала отырып, егерде бұл жобамен қаралған болса. Берілген есептер жарылу жұмыстарын жүргізген кезде ауа - депрессиялық сурет нәтижесімен және ЖЗ газдануы бойынша түзетіледі.

807. Жарылыс жұмыстары жүргізілетін әрбір забойға берілетін ауа мөлшері былай қабылданады, берілген забойға жұмыскерлердің түсу кезінде жарылыстан пайда болған улы өнімдер (көміртек тотығуы, азот тотығуы тағы басқалары.) 0,008 % кем емес мөлшермен сұйылтылуы керек көміртек тотығуының мөлшерлеу есебіне келген кезде бұл сұйылту 30 минуттан көп емес уақытта жетеді; забойды улы газдан босатуға керек уақыт пен ауа мөлшері талдаумен тексеріледі. Жұмыскерлер түскеннен кейін 2 сағаттан кем емес уақытта ауа жарылыс орнына жіберіледі жарылыстан кейін жұмыскерлерді забойға жібермей тұрып жіберген мөлшерде.

808. Шахталарда тазартылым жұмыстары тәулігіне бір немесе екі ауысым бойынша жүргізілетін жағдайларда, тазартылым забойын жарылыс жұмыстарынан кейін желдету тәртібі және ұзақтығы улы газдардың құрамын санитарлық шамаға жеткізіп жобамен анықталады, желдетудің жалпы үлгісін және шахтада жұмыс ұйымдастыруды есепке ала отырып.

809. Кен қазбаларын жалпы жарылысқа дайындау және өткізгеннен кейін желдету жалпы жарылыс жобасына сәйкес жүзеге асырылады, жарылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік шараларын ескере отырып.

810. радиациялық қауіпті өндіріске жататын шахтаның кен қазбаларын желдетуге керек ауа мөлшері радиоактивтік заттардың жасырын энергиясын есепке ала отырып есептеледі.

811. Ауа келетін ағымы бар оқпан мен штольняларда калориферлі жабдық орнатылады, ауа температурасын калорифер каналының оқпанмен (штольнямен) тоғысуынан 5 м жерде + 2 º С кем емес қылып ұстап тұратын.

Шахтаға берілетін ауа температурасының жылуы жобамен анықталады. Шашылу кенорнын қазбалау кезінде және жынысты жасанды қатыру оқпанын өткізгенде ауаны жылыту керектігі және шамасы геологиялық және кентехнологиялық жағдайға байланысты орнатылады.

812. 20 º С-қа дейінгі температурадағы тазартылым забойындағы ауа жылжуының жылдамдығы 0,5 м / с, дайындау және тілім қазбаларында –

0,25 м/с – тан кем емес, оқпан жүргізу кезінде – 0,15 м / с – тан кем емес. Ауа жылжуының жылдамдығы келесі шамадан көп болуға жол берілмейді:

1) тазартылым және дайындау қазбаларында – 4 м / с;

2) квершлагтарда, желдету және бас тасымалдық қуақаздарында, күрделі еңістерде – 8 м / с;

3) басқа қазбаларда – 6 м / с;

4) ауа көпірлерінде (кроссингтерде) және бас желдеткіш қуақаздарда –

10 м / с;

5) адам және жүк түсіріп-көтеретін оқпандарда – 8 м / с;

6) тек қана жүк көтеріп түсіретін оқпандарда – 12 м / с;

7) апат жағдайларда адамдарды көтеруге арналған көтергіш жабдықтармен жабдықталған және оқпандарды тексеруге арналған оқпандарда, сонымен қатар желдеткіш каналдарда – 15 м / с;

8) желдеткіш ұңғымаларда және баспалдақтары жоқ өрлемелерде ауа ағымының жылдамдығы шектелмейді.

813. Дайындау, тазарту және басқа жұмыс істейтін қазбалардағы ауаның температурасы 26 ° С - тан көп емес. 26 ° С-тан көп температура кезінде оны төмендетуге арнайы шаралар қолданылады.

814. Оқпандарда жөндеу жұмыстарын жүргізу және адамдардың баспалдақ бөлімімен жүруге ауаның жылдамдығы 8 м / с көп емес болған жағдайда ғана жол беріледі.

815. Камералық-стобтық жүйемен қазбалау кезінде және ауа жылдамдығы 0,15 м / с кем емес болып қамтамасыз етілетін ені 5 м көп забойға ең төмен ауа жылдамдығы 0,5 м / с тазартылым забойына жатпайды.

816. 20 º С көп температурадаға ауа жылдамдығы жобамен анықталады.

2 бөлімше. Жалпы ережелері
817. Барлық шахталар тұрақты, сенімді желдеткішпен жабдықталады.

Жобалау кезінде кенорнын ең жаңа және рационалды үлгімен, кен қазбаларын, блоктарды, шоғырларды, панельдерді тиімді желдетуге жол беретін, қазбалау қаралады.

818. Қазбаларда жұмыс кезінде осы ережемен орнатылған улы газ табылған кезде немесе ауа спасының шамаға қарсы төмендеген кезінде, сонымен қатар желдету бұзылған кезде осы қазбалардағы адамдар таза ауаға шығарылады.

Желдетілмейтін қазбалар торлы қалқамен жабылады. Жабылған қазбалардағы жұмысты қайта бастауға ауаның құрамын орнатылған шамаға жеткізгеннен кейін ғана жол беріледі.

Жарылыс жұмыстарынан кейін желдетілетін қазбалар «Кіріс жабық, забой желдетіліп жатыр» деген жазуы бар алдын алу дабылымен қоршалады.

819. Тәуелсіз желдетілетін шақталарды бір желдету жүйесіне біріктіру аттестацияланған кәсіпорынның жобасы бойынша жүзеге асырылады. Бір желдету жүйесіне біріктірілген шақталарға біріктірілген шаң - желдету қызметінен (ШЖҚ) қызмет көрсетіледі және бір ғана апаттарды жою жоспары болады.

Тәуелсіз желдетілетін және бір желдету жүйесіне біріктірілмеген екі шақтаны біріктіретін қазбаларда жарылысқа төзімді отқа төзгіш далдалар орналастырылады. Қатпарлардың орналасу орны мен конструкциясы жобамен анықталады.

820. Аккумулятор батареясын зарядтау камералары мен жарылғыш заттар қоймалары таза ауаның бөлек ағынымен желдетіледі. Олардан шыққан ауа ағынын таза ауа ағыны бар қазбаларға жіберуге тыйым салынады.

Зарядтау камераларын бөлек желдетусіз тағайындау келесі шарттарда кәсіпорынның техникалық басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады:

1) ілектіру салмағы 5 т – ға дейінгі электровоздың үштен аспайтын аккумуляторлық батареяларын немесе қалыпты типтегі бір батареяны бір мезгілде зарядтау;

2) осындай камералардан басқа қазбаларға келетін ауа ағынында сутегінің мөлшері, батарея зарядынан сутегінің ең жоғары мөлшердегі шығуы кезінде 0,5 % аспайтын болғанда;

3) құрамында сутегінің болуын анықтау үшін ауаны жүйелі түрде сараптаудан өткізуде.

Барлық машиналық және трансформаторлық камералар таза ауа ағынымен желдетіледі; ұзындығы 6 м – ге дейінгі камераларды, олардың торлы есікпен жабдықталған кірісінің ені 1,5 м – ден кем емес болғанда диффузия есебінен желдетуге болады.

821. Тік немесе көлденең бір ғана шақта оқпанын бір мезгілде ауа ағынының шығысы мен кірісі үшін пайдалануға болмайды.

Рұқсат етілу жағдайлары тек оқпан мен қазбаны басқа оқпанмен немесе желдетудің біріктірілу жеріне дейін жүргізілуі үшін қарастырылады. Бұл жағдайларда оқпанда сәйкесінше диаметрлі желдету құбырлары орналастырылады.

822. Ауаның қозғалысы кезінде оның кездейсоқ ағысын болдырмау үшін келесі шаралар қолданылады:

1) желдету және басқа қазбаларды, тазарту және дайындау жұмыстарының жүргізілуінен кейінгі қажеттілігінің болмауына қарай ауа өткізбейтін қатпарлармен жабу;

2) пайдалы қазбаларды кентірек қалдырмай өндірген кезде тасылымдық қазбалардың үстінен ауа өткізбейтін, бос жыныс немесе кенмен жабылған тығыз төсеме орналастыру;

3) шығыс және кіріс ағысы бар қазбалар арасында саз, ізбес немесе цемент ерітіндісі бар чуракты немесе тас қатпарлар орналастыру;

4) қатпарларға аптасына бір реттен кем емес тексеріс жүргізу.

Осындай шаралар ескірген қазбаларда да ауаның кездейсоқ ағысын болдырмау үшін қолданылады.

823. Таза ауаны жұмыс барысындағы дайындау және тазарту забойларына жіберуге, олардан ауаны үйінділер мен опырылу арқылы шығаруға жол берілмейді.

Бұл талап апатты жою бойынша уақытша жұмыстар кезінде қарастырылмайды.

824. Шақтаның желдетілуі жеке блоктар мен камералар жалпышахталық депрессия есебінен бір - біріне тәуелсіз желдетіліп, қажетті жағдайда кейбір блоктар мен камералар жалпы схемадан басқа блоктар, камералар мен телімдер желдетілуін бұзбай ажыратылады.

Кейбір жеке жағдайларда екіден аспайтын тазарту камераларды (блоктарды, лаваларды) бірінен соң бірін желдетуге рұқсат етіледі, бұл кезде екінші камерада ауа құрамының сапалы болуы қамтамасыз етіледі (қосымша таза ауа ағысы, су себу, су тұманын жасау).

Кен өндіру жерлерін камералық, камера - столб жүйесі бойынша, қабатпен опырылу, тығыздалатын толтырым төменгі қабаттық қазып алумен өндірген кезде тазарту забойларды жергілікті желдету желдеткіштерімен желдетуге болады.

825. Газсыз шақталарда жұмыс барысындағы қазбалардың 10 м дейінгі түптерін диффузия есебінен желдетуге рұқсат етіледі.
3 бөлімше. Газ немесе шаң бойынша қауіпті шахталарды желдету
826. Атмосферасында жанатын газдар (метан + сутегі) 0,5 % және одан жоғары болатын, немесе улы газдардың мөлшері шекті рұқсат етілу шамасынан жоғары болатын қазбаларда барлық жұмыстар тоқтатылады, адамдар таза ауа ағысына шығарылып, электр энергиясы берілмейді, іштен жану двигательдері тоқтатылады және газдан босату шаралары жасалынады.

Мұндай қазбаларды желдету үшін қажетті ауа мөлшерін анықтау кезінде 1 м сутегі 2 м3 метанға эквивалентті етіп алынады.

827. Газ шығару және суфлярлар бөлу қауіптілігі бар пластылар мен телімдерді өндіретін шахталарға берілетін ауа мөлшері жалпы шығыстық ағындағы жанатын газдар (метан + сутегі) 0,5 % аспайтын, бірақ, тау - кен массасының орташа тәуліктік өндірісінің 1 м - не 2,1 м/ мин кем болмауы қамтамасыз етіледі.

828. Күкірт кеніштерінің шахталары газ (күкіртті сутегі) бен шаңның құрамына қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1) улы газдар мен шаң бойынша қауіпті емес, қалыпты жұмыс режиміндегі;

2) улы газдар бойынша қауіпті;

3) шаң жарылысы бойынша қауіпті.

Улы газдар мен шаң бойынша қауіпті емес күкіртті шахталарға, құрамында орташа шамамен 12 % дейін күкірттен тұратын кен өндіретін шахталар жатады.

Улы газдар бойынша қауіпті болатын күкіртті шахталар үшін келесі

қосымша талаптар міндетті түрде орындалады:

1) капитальді және дайындау қазбаларын жүргізу кезінде – алға кететін (5 - 10 м дейін) бұрғылауды қолдану;

2) шақталық суларды, оның құрамында күкіртті сутегі ерітіндісі болған кезде, жабық құбырлармен шығару;

3) шахтаға түсіру кезінде барлық адамдарды оқшауланған өздігінен қорғау құрылғысымен жабдықтандыру.

Шаң жарылысы бойынша қауіпті күкіртті шахталар кендегі күкірттің орташа құрамына байланысты екі топқа бөлінеді:

I топ – 12 - ден 18 % дейін;

II топ – 18 % жоғары.

Шаң жарылысы бойынша шахталар үшін келесі қосымша талаптар міндетті болады:

I топтағы шахталар үшін:

1) қазбалардың қабырғаларынан күкіртті шаңды шаю;

2) жарылыс жұмыстары алдында забойды сумен бүрку.

II топтағы шахталар үшін:

1) забойды сумен бүрку және қазба қабырғаларынан жүйелі түрде күкірт шаңын шаю;

2) жарылыс бойынша қауіпсіз болатын электр қондырғыларын пайдалану.

Күкірттік шаң бойынша қауіпті болатын шахталарда кеніш жолдары үшін инертті жыныс балласты ғана қолданылады.

Күкіртті шахтаның әрбір забойы үшін шахтаның техникалық басшысы шпурлардың орналасу схемасы мен жарылыс заттар зарядының шекті шамасын бекітеді.

Жарылғыш заттарды кездесетін бос кеңістіктер мен жарықтарға орналастыруға жол берілмейді.

829. Кенінің құрамындағы пирит 65 % болатын колчедан кеніштеріндегі тау-кен жұмыстары пиритқұрамды колчедан кенін өндіретін жерасты кеніштерде сульфид шаңы жарылысының алдын алу нұсқаулығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет