2 тарау. Локомотивті тасылым
888. Локомотивті тасылым жасалатын шахталарда, әрбір жұмыс горизонтында локомотивтер мен вагондарды қарап, жөндеуге арналған локомотивті және вагондық депо жабдықталады, ал локомотивтердің саны үштен асқан жағдайда оларға арналған гараж болады.
889. Контактілі электровоздармен тасылым жасауға келесі жағдайларда рұқсат етіледі:
1) газ бен шаң бойынша қауіпті емес шақтаның барлық горизонттарының барлық қазбаларында;
2) газ немесе шаң бойынша қауіпті шақталарда – ауаның таза ағынымен тазартылатын бас тасылым қазбалары бойынша, кәсіпорынның техникалық басшысының рұқсатымен. Бұл шақталардың барлық басқа қазбаларында газды шахталарда рұқсат етілетін аккумуляторлық электровоздар қолданылады.
890. Пайдалы қазбалардың, газдың және суфлярлық бөліністердің кенеттен шығып ету қаупі бар шоғырларды қазған кезде, аккумуляторлық электровоздар тек ауаның таза ағыны өтетін қазбаларда қолданылады, бұл жағдайда электровоз тазарту забойына 50 м аспайтын қашықтыққа жақындамауы шарт.
Шығыс ауа ағыншасындағы қазбаларда және дайындау қазбаларында РП ретінде жасалған аккумуляторлық электровоздарды пайдалануға жол берілмейді.
891. Локомотивті тасылым жүргізілетін көлденең қазбалардың барлық бойында оқпан жанындағы аулаға қарай немее штольня сағасына қарай 0,005 аспайтын еңіс болады. Адамдар қозғалысы болатын қазбалардағы еңістің шамасы жобамен анықталады. Қат тәрізді шоғырларды қазу кезінде көлденең кен қазбаларында, жобада қарастырылатын, учаскелік насос станциясына қарай еңіс болуына рұқсат етіледі.
892. Басым еңістегі составтың тежелу жолы жүк тасымалдау кезінде 40 м аспайтын, ал адамдарды тасымалдау кезінде 20 м аспайды.
Адамдардың жүруіне рұқсат етілмейтін ұстамды көлденең профильді тік бұрышты қазбаларда жүктерді тасымалдау кезінде тежелу жолын ұлғайтуға болады.
893. Газ бен шаң бойынша қауіпті шахталарда электр жабдықтарының ашылуымен байланысты болатын аккумуляторлық электровоздарды жөндеуді, кіріспелердің балқымаларын есепке алмағанда, тек қана электровоз депосында жүргізуге рұқсат етіледі.
894. Жолдың бір учаскесінде локомотивті тасылымды тасылымның басқа бір түрімен бірге жүргізуге болмайды, сондай-ақ, аккумуляторлық және контактілі электровоздармен бір мезгілде тасылым жасауға рұқсат етілмейді. Электровоздың эстакадаға (отвалға) кіруі тек составтың соңынан рұқсат етіледі.
895. Келесі жағдайларда ақауы бар локомотивтерді пайдалануға тыйым салынады:
1) буферлердің болмауы немесе олардың ақауы болған кезде;
2) ілініс құралдарының ақауы болған кезде;
3) тежегіштің істен шығуы немесе дұрыс реттелмеуі;
4) шырақтардың жанбауы немесе істен шығуы;
5) сигнал беретін құрылғылардың істен шығуы;
6) жабдықтардың жарылыс қауіпсіздігінің бұзылуы;
7) колодкалар енінің 2 / 3 астамы тозуы және құрсаудың 10 мм аса иленуі;
8) аккумулятор локомотивінің батареялық жәшігінің қақпағы ашық болуы немесе оның тежеуіш құрылғысының істен шығуы;
9) электр жабдықтарының, тежеуіш құрылғылардың және қорғаныс жабдықтарының істен шығуы;
Электровоздық тасылымды есептеу 0,005 - тен 0,05 - ке дейінгі еңістегі қазбаларда адамдар мен жүктерді қауіпсіз тасымалдаудың типтік шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
896. Тасылым кезінде локомотив составтық бас жағында орналасады. Составтың соңында орналасқан локомотивпен тасылым жасау тек 300 м аспайтын маневр кезінде, 0,005 аспайтын еңісте, қозғалыс жылдамдығы
4 км/сағ аспағанда ғана рұқсат етіледі. Бұл жағдайда сигналдық шамшырағы мен дыбыстағышы бар сигнал беруші анық көрінеді.
897. Жұмысшылар қозғалатын составтағы, локомотивпен белгілі бір бағытта қозғалатын, жүк тиелген немесе бос бірліктер туралы хабарландырылады.
898. Поезбен қоса жүретін адамның бағыттауыштарды ауыстыруына составтың тоқтаған кезінде рұқсат етіледі.
899. Рельстен шыққан вагоншалар мен локомотивтерді орнына қайта орнату үшін әрбір локомотивте немесе оқпан жанындағы аулада домкрат немесе самостав болады.
900. Локомотивте материалдар мен жабдықтарды тасымалдауға болмайды.
901. Рұқсат етілмейді:
1) жұмыс жүргізу орындарын жарықтандырылған сигналдармен қоршағанда дейін, контактілі желі мен оның жерлестіруін ажыратқанға дейін жөндеу жұмыстарын бастауға;
2) жолдардың жөнделу жұмыстары жүргізілетін жерлерінде жұмыстардың толықтай аяқталып, жолдардың тексерістен өтуіне дейін сигналдарды алып тастауға;
3) ілініспеген составтармен тасылым жасауға, жүк тиелген платформаларды, сондай-ақ, кузовтың жоғарғы өлшемдерінен шығып тұратын ағаш материалдары мен жабдықтары тиелген вагоншаларды тікелей локомотивке тіркестіруге. Ұзын өлшемді ағаш материалдарын және жабдықтарын тасымалдау кезінде составтарда тығыз іліністер және осыған арналған вагоншалар мен платформалар қолданылады;
4) составтың қозғалысы кезінде вагоншаларды ілінісі мен ажыратылуын қолмен жасауға;
5) тақтайша және басқа да заттар арқылы локомотивтермен составтарды итеруге;
6) ұзын өлшемді материалдары бар платформаны локомотивтің алдынан итеруге;
7) вагоншалардың ілінісі мен ажыратылуын төңкергіштерден, клеттен, желдету есіктерінен және басқа бөгеттерден 5 м дейінгі қашықтықта жасауға;
8) локомотивтердің маневрлік жұмыстарын электровоздың токтан ажыратушысының контактілі желіге тікелей түйісуінсіз жасаудан;
9) маневрлік жұмыстар кезінде электровоздың электр схемасына тікелей қосылатын контактілі желінің кабельдік ұзартқыштарын қолдануға. Ерекше жағдайларда (авариялық) электр техникалық бақылау жасайтын адамның қадағалауымен стандартты кабельдік ұзартқыштар пайдалануға болады;
10) адамдарды тасымалдау кезінде қазбалар ішінде үлкен өлшемді және үзын заттарды тасуға.
3 тарау. Вагоншалар
902. Рельсті көлікпен адамдарды тасымалдау үшін орындықтары бар, төбесі мен бүйіріндегі қабырғалары вагоншаның ұзындығымен бірдей металдан жасалған вагоншалар пайдаланылады. Адамдарды отырғызуға арналған аралықтарының ені 0,7 м кем болмайды және қорғаныс құрылғыларымен жабдықталады. Вагоншалар локомотив машинистіне сигнал беретін құрылғылармен жабдықталады. Контактілі электровоздармен адамдарды тасымалдау кезінде вагоншалардың төбелері рельске корпусы мен рамасы арқылы жерлестіріледі.
903. Автоматты ілініспен жабдықталмаған вагоншалар, платформалар мен орынжайлардың екі жағында да ұзындығы 150 мм аспайтын буферлері болады. Бұл талап рельспен жүретін басқа да технологиялық, тау – кен үңгілеу жабдықтарына таралады.
904. Составтармен тасылым кезінде вагоншалардың өздігінен жүрісіне жол бермейтін іліністер мен тіркеу құрылғылары қолданылады.
905. Вагоншалардың төңкергіш кузовы вагоншаның қозғалысы кезінде жабық болатын жабу құлыптарымен жабдықталады.
906. Келесі жағдайларда вагоншаларды пайдалануға рұқсат етілмейді:
1) май жағусыз, май жағуға арналған жері ашық және жартылай скаттары істен шыққан жағдайда (дөңгелектерінің босауы, осьтерінде жарықтың болуы, дөңгелектерінде терең жарықтар болуы және тағы сол сияқты);
2) іліністерінің, сырғаларының және басқа да трату бөлшектерінің істен шығуы;
3) буферлері мен тежегіштерінің істен шығуы;
4) арнайы вагоншалардағы запорлық механизмдердің түбі мен шарнирінің істен шығуы;
5) вагоншалар кузовтары қабырғаларының 50 мм аса сыртқа қарай шығуы.
907. Вагоншаларға кезеңмен жоспарлы түрде ревизия жасалып, май жағылады және жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл туралы мәліметтер вагоншаның нөмірі, күні мен жөндеу жүргізген адамның тегі көрсетіле отырып, шахтаның техникалық басшысы тағайындаған нысан бойынша кітапшаға жазылады.
Жүк вагоншаларына ревизия әр тоқсанда кеміне бір рет жүргізіледі.
908. Адамдарды тасымалдауға арналған составтың вагоншалары өзара екі еселенген ілініспен немесе бір ілініс және қорғаныс шынжырымен тіркестіріледі.
909. Іліністің центрлік стержені, адамдарды тасымалдауға арналған вагонша мен клеттің ілгіштері және қорғаныс шынжырларында, максимальді статикалық жүктемеге қарағанда, 13 еселенген беріктілік қоры болады және олар ілінгенінен 5 жылдан аспайтын мерзімде жаңасымен ауыстырылады.
4 тарау. Жол шаруашылығы
910. Сыйымдылығы 2,2 м3 дейінгі вагоншалар мен ілініс салмағы 7 т дейінгі электровоздар пайдаланылатын оқпан жанындағы аулада, негізгі тасылым қазбаларында, еңіс оқпандар мен еңістерде Р - 24 типті рельстерді қолдануға болады. Вагоншалардың сыйымдылығы одан артық болғанда Р - 33 және Р - 38 типті рельстері пайдаланылады.
Аралық және желдету қуақаздарында сыйымдылығы 1м дейінгі вагоншалар мен ілініс салмағы 4 т дейінгі электровоздарды пайдалану кезінде Р - 18 типті рельсті қолдануға болады.
911. Локомотивті тасылым кезінде шақталық рельсті жолдар (2 жылға дейін қызметте болатын және табаны қабарған қазбалардан басқа) бері жыныстардан тұратын щебень немесе гравий балластынан салынады. Шпалдың астындағы балласттың қалыңдығы 90 мм кем болмайды.
Жоба бойынша қарастырылған жағдайда рельстік жолды бетон төсемеге балластсыз төсеуге болады.
Рельстік жолды төсегенде және жөндеу жұмыстарын жүргізгенде рельсті жолды оның номинальді енінен 4 мм аспайтын етіп ұлайтуға және 2 мм аспайтын етіп кішірейтуге болады.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу орындары олардан 80 м кем болмайтын қашықтықта типтік белгілермен қоршалады.
912. Тасылым жолдарының бағыт ауыстырушыларының механикалық және қолмен реттегіштері адамдардың өту жолының бос жағынан, реттегіштен қозғалыс составының жиегіне дейін 0,7 м кем болмайтын қашықтықта орналастырылады.
Реттегіштен бекітпеге дейінгі қашықтық монтаждауға, қарауға және жөндеуге ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін болады.
Қазбаның ені жеткіліксіз болған жағдайда бағыт ауыстырушылардың реттегіштері оймаларда орналастырылады.
Оқпан жанындағы тасылым жолдарының және горизонттардағы жүк тасымалының негізгі бағыттарындағы бағыт ауыстырушыларда дистанциялы басқару мен жарықтық белгі беру болады.
913. Тасылым қазбаларында рельстер щебень және гравий балластында орналастырылады және өзара болттармен біріктіріледі. Рельстің бірігу жерлерін дәнекерлеуге болады. Шпалдардың осьтерінің ара қашықтығы 700 мм аспайды.
Рельстің бірігу жерлерінде 5 мм аспайтын бірігу саңылаулары қалдырылады. Біріктіру шпалының осінен рельстің бірігу жеріне дейінгі қашықтық 200 мм болады. Шпалдың астындағы балласттың қалыңдығы 90 мм кем болмайды.
914. Жолдың түзу сызықты бөліктерінде рельстердің бастары бір деңгейде салынады. Ауытқу 4 мм аспайтын шамада ғана рұқсат етіледі. Жолдың түзу сызықты емес бөліктерінде сыртқы рельс ішкісінен жобамен қарастырылған шамада жоғары орналасады, бірақ ол жолдың 900 мм ені үшін 15 мм және 600 мм ені үшін 10 мм аспайды.
915. Рельсті жолдың дөңгелену радиусының қозғалыс составының неғұрлым тығыз базасына қатынасы келесі түрде болады:
1) қозғалыс жылдамдығы 1,5 м/с дейін болғанда 7 кем емес,
2) қозғалыс жылдамдығы 1,5 м/с асатын жағдайда, сондай-ақ, қозғалыс жылдамдығына тәуелсіз, айналу бұрышы 90º болатын барлық қисық сызықтарда 10 кем емес.
916. Жолдың дөңгелену радиусы 20 м кем болмайтын қисық сызықты бөліктерінде екі рельс жолағының аралығында металл тартылыстар орнатылады. Тартылыстардың арасындағы қашықтық 3 м кем болмайды.
917. Р - 18 рельстері үшін рельстің басы вертикаль бойынша 8 мм аса тозған кезде, Р - 24 үшін 12 мм асқанда, Р - 33 үшін 16 мм асқанда және Р - 38 үшін 20 мм асқанда, 24 мм асқанда Р – 50 сондай - ақ, дөңгелек ребордасы болттың басына түйіскенде, рельстерде көлденең және бойымен түзілген жарықтар болғанда, рельстің бас жағы ұсақталғанда, рельстің табанының бөлігі түскенде және қозғалысқа қауіп төндіретін басқа да ақаулар болған кезде оларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
918. Бағыт ауыстырғыштарды мен крестовинаның элементтері қозғалыс составының берік базасына сәйкес болады.
919. Бағыт ауыстырғыштарды келесі жағдайларда пайдалануға рұқсат етілмейді:
1) көлденең және бойы бойынша ұрылған, ұсақталған және майысқан немесе бағыттағыш қанаттар рамалық рельс пен башмактарға тығыз байланыспайтын кезде;
2) бағыттағыштардың тартушылары ажыратылған кезде;
3) басылып қалған қанаттың өткір жиегі мен рамалық рельс аралығындағы 4 мм асатын саңылауда бағыттағыштардың тұйықталуы кезінде;
4) бағыт ауыстырғыштардың қалпын сақтап қалатын фиксаторлар мен басқа құрылғылардың болмауы кезінде;
5) бағыт ауыстырғыштардың арналарының ашық кезінде.
5 тарау. Контактілі тармақ
920. Контактілі электровоздармен тасылым жасау кезінде 600 Вольттен аспайтын тұрақты ток кернеуі пайдаланылады. Жерасты қазбаларындағы тұрақты токтың контактілі тармағы оң, ал рельстілері – теріс полярлы болады.
921. Мыс контактілі желінің қимасы 65 мм кем болмайды.
Қимасы 100 мм желі үшін 30 % аса тозған, қимасы 65 және 85 мм желі үшін 20 % аса тозған контактілі желілерді қолдануға рұқсат етілмейді.
Басқа материалдан жасалған контактілі желілерді қолдануға рұқсат етіледі. Желілердің қимасы нақты жағдайларда пайдалануға мүмкіндік беретін, стандартты қимадағы мыс желісінің (65, 85, 100 мм 2) кедергісіне эквивалент болатын электр кедергісін қамтамасыз етеді.
922. Контактілі желі рельстің басынан кемінде 1,8 м биіктікте ілінеді. Адамдарды отырғызу және түсіру орынжайларында, адамдар жүретін қазбалардың контактілі желілер орналасқан қазбалармен қиылысу жерлерінде, іліну биіктігі 2 м кем болмайды.
Контактілі желіден кен жиылысына немесе вагондағы жынысқа дейінгі қашықтық 200 мм кем болмайды.
Оқпан жанындағы аулада адамдардың вагонеткаға отырғызу жерлеріне дейін жүретін учаскелерінде контактілі желі 2,2 м кем болмайтын биіктікке ілінеді, ал оқпан жанындағы ауланың басқа қазбаларында – рельс басынан 2 м кем болмайтын биіктікте.
Жұмысшылар ауысымын көтеру және түсіру уақыттарында, оқпаннан оқпан жанындағы аулада орналасқан отырғызу пунктіне дейін контактілі желі ажыратылады.
923. Шахта немесе штольняның өнеркәсіптік орынжайында контактілі желіні рельс басынан 2,2 м аспайтын биіктікке ілуге рұқсат етіледі, бұл жағдайда тасылым жолдары адамдардың жүру жолымен қиылыспауы шарт. Жолдардың қиылысу жерлеріндегі желілердің іліну биіктігі жердегі электрленген теміржолдарды орналастыру ережелеріне сәйкес болады.
924. Жерасты қазбаларында контактілі желілер майысатын болып орнатылады. Контактілі желілердің орналасу нүктелерінің ара қашықтығы жолдың түзу сызықты бөлігінде 5 м аспайтын және қисық сызықты бөліктерінде 3 м - ден аспайтын болады.
Контактілі желінің ілінген жерлеріндегі оның бекітпенің жоғарғы жағына дейінгі қашықтығы 0,2 м кем болмайды. Электровоз ток қабылдағышы мен қазба бекітпесіне дейінгі қашықтық 0,2 м кем болмайды.
925. Іліну биіктігі сақталу қажет болған жағдайда контактілі желі тығыз бекітіледі.
926. Контактілі желінің екі жақ басы троллея ұстағышынан оқшауланады; бұл кезде әр оқшаулағыштың троллея ұстағышына дейінгі қашықтығы 0,3 м – ден кем болмайды.
Троллея ұстағышы оқшаулайтын болтпен бірге қолданылады.
927. Контактілі тармақ ажыратқыштармен секцияланады, олардың ара қашықтығы 500 м аспайды. Секциялы ажыратқыштар контактілі желінің барлық тармақшаларында орнатылады.
Екі және бірнеше жолақты бөліктердің контактілі тармақтарында контактілі желілерді ажыратқыштар арқылы параллель етіп қосуға болады.
Секциялық ажыратқыштар мен автоматты түрде сөндіргіштерді қолдануға рұқсат етіледі.
Контактілі тармақ бірнеше подстанциялардан қоректендірілетін кезде тармақтың әрқайсысы бірінен бірі оқшауланады.
928. Контакілі тармақ адамдарды электр тогынан жарақат алуынан қорғайтын құрылғылармен жабдықталады.
Контактілі электровоздар токты қабылдауыштарда жарқынның түзілуін төмендететін құрылғылармен жабдықталады. Токпен жарақат алу қауіпі бар жерлерде контактілі желі қоршауға алынады.
929. Материалдарды тиеу мен түсіру орындарында контактілі желі вагондармен, платформамен жабдықталып, түсіру (тиеу), сондай-ақ, тией сөресіне көтеру кезеңіне адамдардың оған таянуына жол бермейтіндей етіп жабдықталады.
Қазбаларда жөндеу жұмыстарын жүргізу жерлерінде немесе оның жанында басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде контактілі желі оған адамдардың таянуынан қоршалады немесе ажыратылады.
930. Механикалық төңкергіштерді пайдаланған кезде контаклілі тармаққа төңкергіш двигателінен тежеуіш орнатылады, ол контактілі желіде кернеу болған кезде вагоншаның төңкерілуіне жол бермеу үшін жасалады.
Контактілі тармақ төңкергіш составтың максимальді ұзындығына тең ұзындыққа әрбір айналымы кезінде ажыратылады.
931. Контактілі электровозбен тасылым жасау кезінде жұмыстың ауысымнан асатын мерзімге тоқтатылған кезеңдерінде, осы учаскелерегі контактілі желілер ажыратылады.
932. Контактілі тармақты жөндеу өкім бойынша, кернеуді ажыратып, тармақтың сол бөлігін жерлестіре отырып жүзеге асырылады.
6 тарау. Рельсті тармақ
933. Контактілі тасылым кезінде рельсті тармақтың кедергісін азайту үшін электр қосқыштары орнатылады:
1) біріктіруші – рельстердің әрбір бірігу жерлерінде;
2) айналып өту – стрелка, крестовина және тағы сол сияқты.;
3) рельсаралық – бір жолдағы рельс жолақтарының арасында 50 м жиі болмайтын етіліп, сондай-ақ рельсті жолдың соңында;
4) жоларалық – екі немесе одан көп көршілес линияялардың рельстері аралығында 100 м жиі болмайтындай етіліп, рельсті жолдың басы мен соңында.
Электрлік қосылулар кедергісі қимасы 50 мм2 кем болмайтын мыс желінің кедергісіне эквивалетті болатын желіден жасалынады.
Әрбір біріктірудің электр кедергісі бір рельстің құрылыстық ұзындығының кедергісінен кем болмайды.
934. Контактілі электровоздармен тасылым жасауға арналмаған рельстік жолдар, тогы бар рельстермен тоғысу жерлерінде, соңғысынан екі жерден электрден оқшауланады, олардың ара қашықтығы составтың максимальді мүмкін болатын ұзындығынан тең.
7 тарау. Аккумуляторларды зарядтау
935. Электролит ерітіндісін дайындап оны аккумуляторларға құю үшін электролиттің шашырауы мен төгілуінен қорғайтын арнайы құрылғылар қолданылады. Бұл кезде жұмысшылар қорғаныс көзілдіріктерін, резеңке қолғаптарды және алжашқыштарды пайдаланады. Зарядтау камерасында терінің кездейсоқ электролитпен күю жағдайы үшін бейтараптаушы ерітінді мен ұнтақ болады.
936. Зарядтау камералары электровоздардың батареялық жәшіктерін механикалық түрде түсіріп, көтеретін құрылғылармен жабдықталады.
Аккумулятор батареясын тікелей электровоздың үстінде зарядтауға рұқсат етілмейді.
Электровоздар саны екіден аспайтын жаңадан салынатын шақталарда, горизонттарда аккумуляторлық батареяларды тікелей электровоздың үстінде зарядтау камерасында зарядтауға болады.
937. Аккумуляторлық батареяларды зарядтау кезінде батареялық жәшіктің қақпағы шешіледі, аккумулятор аузының қақпақтары ашылады. Аккумулятор мен батареялық жәшікті жабуға тек қана аккумулятордан газ шығару тоқтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі, бірақ ол зарядтаудан кейін кемінде 1 сағат кейін жүзеге асырылады.
Зарядтаушыдан аккумулятор батареясын шығару алдында оның корпусының батарея жәшігінен оқшаулануы тексеріледі. Бір батареяның оқшаулану кедергісі кемінде 10000 Ом. Зарядтауға істен шыққан немесе ластанған аккумулятор батареясын қоюға болмайды. Батарея жәшігі зарядтау кезінде жерлестіріледі.
938. Аккумуляторлық батареяларды зарядтау кезінде зарядтау камерасында ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
939. Зарядтау орны жанбайтын материалдардан дайындалады. Зарядтау камерасында темекі тартуға тыйым салынады.
940. Зарядтау камерасындағы электр жабдықтары жарылыс бойынша қауіпсіз немесе беріктігі жоғары деңгейде болады.
Қалыпты жағдайда жасалған аккумулятор сынақтарын да қолдануға болады, бірақ олармен кернеуді өлшеу батарея жәшігінің қақпағын ашқаннан кейін кемінде 10 минут өткеннен кейін жүзеге асырылады.
8 тарау. Поездық сигнализация
941. Келе жатқан поездың бастапқы және соңғы бөліктерінде жарықтық сигналдар орналастырылады: на локомотивте - фаралар, ал соңғы вагоншада – қызыл түсті шамшырақ. Локомотив вагоншаларсыз қозғалған кезде қызыл түсі бар шамшырақ локомотивтің қозғалыс бойынша соңында орналастырылады.
942. Горизонтта бір мезгілде екі немесе одан да көп локомотив жұмыс істегенде екіжарықты сигнализация қолданылады.
Электровоздардың горизонтта қиылысусыз жұмысын ұйымдастырған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімімен екіжарықты сигнализацияны жабдықтамауға болады.
Жабдықтаудың схемасы мен екіжарықты сигнализацияның көлемі кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен жобамен анықталады.
Интенсивті электровоздық тасылым жасалатын магистральдік қазбаларда пайдалану горизонттарында СЦБ жүйесі қолданылады.
943. Контактілі желі ілінген қазбаларда, әрбір 200 м сайын және олардың басқа қазбалармен қиылысу жерлерінде «Желіден қорған» жарықтандырылған жазбалары орналастырылады. Мұндай жазбалар өртке қарсы қоймалар, инструменттік, электр подстанциялары және басқа да машиналық камералар аймағында ілінеді.
Қазбалардың дөңгелену жерлерінде «Локомотивтен қорған» жазбасы түрінде болатын локомотивтің автоматты түрде алдынан шығатын сигналдар орналастырылады.
Автоматты желдету есіктері орнатылған тасылым қазбаларында тежеліс жолының ұзындығына сәйкес келетін, есіктердің толықтай ашылуы кезінде іске қосылатын, локомотив машинистіне берілетін сигнал орналастырылады.
944. Адамдарды тасымалдауға арналған әрбір состав немесе вагонша составтың қозғалысы бойынша бірінші вагоншаға орналастырылатын жарық сигналымен жабдықталады.
Қолмен жасалатын тасылымда вагоншаның алдыңғы сырт жағындағы қабырғасында жарықтандыратын шамшырақ орналастырылады.
9 тарау. Өндірістік бақылау
945. Әрбір шахтада жыл сайын шахтаның техникалық басшысы бекітетін тасылым жолдарының, әрбір горизонт бойынша өздігінен жүретін (рельсті емес) жабдықтардың қозғалысының схемасы құрастырылады да, онда келесі мәліметтер көрсетіледі: оқпан жанындағы аула мен тиеу пункттерінің жанында маневрлеу тәртібі, көліктердің қозғалысының рұқсат етілетін жылдамдықтары, составтардың шамалары, сигнал беру құрылғыларының, белгілерінің орналасуы мен олардың мағыналары. Схемалар және жұмыстың ұйымдастырылуымен барлық персонал түгелдей таныстырылады.
946. Әрбір ауысым сайын жерасты көлігіне бақылау жасаушы немесе арнайы тағайындалған адам адамдарды тасымалдау алдында көліктерді тексереді, басты назар ілініс құрылғыларына, жартылау жүріске, тежегіш пен сигнал берушіге аударылады.
Локомотивтер оларды бақылау тексергеннен кейін ғана жолға жіберіледі.
Пайдаланылудағы әрбір локомотив келесі мерзімдерде тексеріледі:
1) әрбір ауысым сайын локомотивті қабылдаған кезде машинстпен;
2) әр тәулік сайын кезекші электр слесарі;
3) әр апта сайын телім механигімен;
4) әр тоқсан сайын шахталық көліктің телім бастығымен.
Тексерістің нәтижелері тексеру журналына жазылады. Оның нысанын шахтаның техникалық басшысы бекітеді.
Жыл сайын локомотивтер комиссиялы түрде тексеріледі. Тексеру нәтижелері кәсіпорынның техникалық басшысы бекітетін актімен ресімделеді.
947. Жол, жолдың құрылғылары, сутөкпе арналары, бағыт ауыстырғыштар, жол сигналдары, горизонталь тасылым қазбалары мен еңістердегі өту орындары, контактілі тармақты телім бастығы немесе оның орынбасары кемінде айына бір рет тексереді, жол шебері немесе бақылау үшін тағайындалған шахтаның бақылаушы тұлғасы айына кемінде екі рет тексереді.
948. Жылына кемінде бір рет рельстер мен контактілі желінің тозуы тексеріледі.
949. Барлық жұмыстағы қазбаларда жыл сайын тасылым жолдарын нивелирлеу жасалып, саңылаулардың осы Талаптқа сәйкестігі тексеріледі. Тексеріс нәтижелері «Бекітпе мен қазбалардың жағдайын қарау журналына» жазылады.
2 бөлімше. Адамдарды конвейерлік көлікпен тасымалдау
Достарыңызбен бөлісу: |