Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет13/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

1 тарау. Жалпы ережелер
950. Шахтада адамдарды горизонталь және аз еңісті қазбаларда (7º дейін) 500 м асатын қашықтыққа, ал еңісті қазбалармен 200 м асатын қашықтыққа тоқтаусыз жеткізу мүмкін болатын жағдайда адамдарды ленталық конвейермен тасымалдауға болады.

951. Адамдарды тасымалдау осы мақсатта арнайы конструкцияланған, адамдарды екі жаққа да тасымалдауға мүмкіншілік беретін, адамдық және жүктік - адамдық конвейерлермен жүзеге асырылады.

Адамдардың екі жақтылық тасымалын қамтамасыз ету үшін реверсивті конвейерлер мен екі тіреуіш тармағы бар конвейер қолданылады.

Конвейерлердің ең тиімдісі ретінде адамдарды екі жаққа да бір мезгілде тасымалдауға мүмкіндігі болатын конструкциялысы болады. Бұл жағдайда лентаның тармақтары параллель түрде, сондай-ақ, бірінің үстіне бірі орналаса алады.

952. Конвейерлерде адамдар тасымалы кезінде жүктерді адамдар отырғызылған тармаққа берілуінен сақтайтын тежегіш болады.

953. Ленталық конвейерлер лентаның басқа жаққа ауытқуын болдырмайтын центрлеуші құрылғылары бар секциялармен, лентаның бүйірге қарай ауытқуын көрсететін, лентаның горизонталь бойынша оның енінен 10 % асатын шамаға ауытқуы кезінде конвейерді кернеуден ажырататын датчиктермен, лента мен барабанды тазалау құрылғыларымен жабдықталады. Конвейерлерді қарап, роликтердің жұмысын тексеру ауысымда бір рет жүзеге асырылады.

954. Еңістік бұрышы 7º асатын қазбаларда жұмыс істеуге арналған конвейерлер берік автоматты ұстағыштар немесе лентаның жағдайын бақылау құрылғыларымен жабдықталады.

Ұстағыштардың құрылғысы қозғалыста болатын лентадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және лентаның пайдалы қимасын азайтпайды. Ұстағыштардың жұмысқа қосылуы кезінде лента жиектеріндегі жабындының ені лентаның әрбір жағынан енінің 10 % аспайды.

955. Тармақтары бірінің үстіне бірі орналастырылған конвейердің барық ұзындығында қатпарланған листілер орнатылады.

956. Орынжайлар мен соңындағы барабандардан 8-10 м қашықтықта, сондай-ақ, әрбір 50 - 100 м сайын конвейердің ортаңғы бөлігінде, лентаның осьтен басқа жаққа қарай оның енінің 10 % асатын шамаға ауытқуы кезінде немесе конвейердің қозғалмайтын элементтеріне (ұстағыштар, кронштейндер, орынжайлар және тағы сол сияқты.) тиіп кету кезінде автоматты тоқтауын қамтамасыз ететін бақылау құрылғылары орнатылады.

957. Адамдарды тасымалдауға арналған конвейердің максимальді еңістік бұрышы 18º аспайды. Конвейерлер қолданылатын қазбалар жарықтандырылады.

958. Адамдарды түсіру мен тиеуге арналған орынжайлары қозғалмайтын конвейерлермен тасымалдау кезінде лентаның қозғалыс жылдамдығы 1,6 м / с аспайды.

959. Автоматты және дистанциялы басқарылатын конвейерлер мен конвейер жолақтарын пайдаланған кезде келесі жағдайдар қамтамасыз етіледі:

1) конвейерлік жолақтың барлық ұзындығы бойынша анық естілетін, жолақтағы соңғы конвейердің жіберілуіне дейін істейтін автоматты түрде берілетін сигналдың болуы. Бұл жағдайда жіберіліп болған конвейере сигналды тоқтатуға болады. Сигналдың берілуі бірінші конвейердің жіберілуіне 5 сек қалғанда басталады;

2) автоматтандырылған конвейерлерді линиядағы соңғы конвейерден бастап жіберу (тиеуден бастап санағанда); ажыратылуы – кері бағытта. Линиядағы әрбір келесі конвейердің қосылуы оған дейінгі конвейердің тарту органы жұмыстық жылдамдыққа жеткеннен кейін жүзеге асырылады;

3) тоқтап тұрған конвейерге жүк беретін барлық конвейерлердің бір мезгілде автоматты түрде тоқтап тұруы (конвейерлердің біреуі тоқтағанда);

4) конвейер қосқышының келесі жағдайларда автоматты түрде апаттық ажыратылуы:

электр двигателінің істен шығуы (сәйкесінше электр қорғаныстарының әсерінен); конвейердің механикалық бөлігінің істен шығуы (біршынжырлы немесе екішынжырлы ысырушы конвейердің бір шынжырының үзілуі, лентаның үзілуі немесе тоқтауы); конвейерді жіберудің ұзаққа созылуы; басқарудың жоқтығына әкеліп соқтыратын, басқару шынжырының істен шығуы; жерлестіргіш желінің үзілуі, ол басқару шынжырында қолданылған кезде; қайта тиегіш құрылғының опырылымы кезінде (стационар және жартылай стационар конвейер линиялары үшін); лента жылдамдығының қалыпты күйіндегіден 75 % дейін төмендеуі (тежелуі);

5) қорғаныстың іске қосылуы кезінде істен шыққан конвейерді дистанциялы түрде қайта қосуға мүмкіндіктің болмауы;

6) тиеу және түсіру пункттері аралығында, конвейердің қосқыш құрылғысы мен басқару пульті операторының арасында екі жақты телефондық және дыбыстық байланыстың болуы;

7) белгілі бір конвейердің басқару пультінен қосылуын болдырмайтын жергілікті тежегіштің болуы;

8) лентаның жүктік тармағын оның үзілуі кезінде ұстап қалу немесе еңістік бұрышы 10 ° асатын қазбаларда арқандардың тұтастығына бақылаудың болуы;

9) қайта тиеу жерлерінде шаңды басу, егер ол жерлердегі ауаның шаңдануы рұқсат етілетін шоғырлану шамасынан асатын болса.

960. Еңістік бұрышы 6° асатын қазбаларда барлық конвейерлер қосқышында тежегіштермен жабдықталады. Тежегіштің реттеуіші арқылы лентаның қозғалыс жылдамдығы 0,2 - 0,3 м / с дейін төмендетілгеннен кейін тежелу күшейтіледі.

Еңістік бұрышы 10 °- тан асатын қазбаларда ленталық конвейерлер лентаның үзілуі кезінде оларды ұстап қалатын, ал пластиналық конвейерлер – конвейердің ұзындығы бойынша орналасатын, шынжырдың үзілуі кезінде оны ұстап қалатын арнайы ұстағыштармен жабдықталады.

Тарту және жүктасушы функциялары бөлінетін конвейерлік қондырғылар, тарту органының үзілуі кезінде двигательді тоқтататын құрылғылармен жабдықталады.

961. Ленталық конвейердің қосқыш, тарту және соңғы станцияларында, сондай-ақ, тиеу және түсіру құрылғыларында, конвейердің жұмысы кезінде барабан жанында төгілген материалдарды қолмен жинақтауға жол бермейтін қоршаулары болады. Қоршаулар конвейер қосқышымен біріктіріледі.

Конвейерлердің жүктік тарту құрылғылары, тарту арбасының шекті жағдайға етуі кезінде конвейер қосқышын ажырататын шеттік ажыратқыштармен жабдықталады.



2 тарау. Лентасының қозғалыс жылдамдығы 1,6 м/с дейін болатын конвейерлерді тоқтатуға арналған орынжайлар
962. Конвейерлерде адамдарды түсіруге және отырғызуға арналған орынжайлар болады.

Орынжайлар тіреуіш каркастан, настилден, периладан тұрады және адамдардың қазбаның табанына түсетін сатымен (траптармен) жабдықталады.

963. Орынжай каркасы қазбаның табанында орналасады немесе қазбаның төбесіне ілінеді (арқандардың шынжырымен және тағы басқалармен) және конвейер ставына бекітіледі.

964. Биіктігі 1,0 - 1,2 м болатын перилалар қазбаның адамдар өтетін жерлерінде орналастырылады.

965. Орынжай настилінің беті саңылаусыз және шығып тұраған артық жерлерсіз болады.

Орынжай настилінің жарықталынуы 1 лк кем болмайды. Шамшырақтардың ілінуі олардың көз тұндырарлық әсерін болдырмайды.

966. Түсу орынжайының настилі төменде, ал отырғызу орынжайының настилі лентадан жоғарырақ немесе бір деңгейде орналасады. Орынжайлардың жоғарылауы немесе төмендеуі 50 мм аспайды.

967. Орынжайлардың орналасу орындары конвейер роликтері адамдардың оларға тиіп кетуінен сақтандыру үшін қоршауға алынады. Орынжай настилі мен конвейерлік лента арасындағы саңылау жабылады.

968. Орынжайдың конструкциясы конвейерді жөндеуге (роликтерді ауыстыру, май жағу және тағы басқалар) ыңғайлы, орынжайдың орналасу орнында қазбаны төгілген тау-кен массасынан тазалауға мүмкіндік беретіндей болады.

969. Барабандардың қосқыш немесе ажыратқыш құрылғыларынан отырғызу орынжайлары 5 м дейінгі қашықтықта, ал түсіру орындары – 15 м асатын қашықтықта орналасады.

970. Орынжайлардың жанында конвейерлік линия операторымен немесе конвейерлік линияны басқаратын адаммен тікелей байланысты (немесе шахта коммутаторы арқылы) қамтамасыз ететін телефондар орналастырылады.

971. Түсіру және отырғызу орынжайларының ені 0,7 м болады. Орынжай мен қазбаның бекітпесі аралығында немесе қазбада орналасқан жабдықтарың алға шығып тұрған бөліктері аралығында, ені 0,7 м кем емес, биіктігі 1,8 м болатын бос өтетін жер болады.

972. Отырғызу және түсіру орынжайларының ұзындықтары сәйкесінше 1,5 және 8,0 м болады.


3 тарау. Адамдардың түсу орындарынан өтіп кетуі жағдайларында

конвейер қосқышын ажырату құрылғылары
973. Түсу орынжайларынан 2 м аспайтын қашықтықта адамдардың түсу орындарынан өтіп кетуі жағдайларында конвейер қосқышын ажырататын автоматты құрылғылар орналастырылады.

974. Екі тірек тармағы бар конвейерлерде, ажырату барабандарынан 6 - 8 м қашықтықта, адамдардың барабанға өтіп кетуіне жол бермейтін қосалқы құрылғылар орналастырылады.

975. Лента жолағынан датчиктің төменгі жиегіне дейінгі саңылау 0,3 м аспайды. Датчик лентаның үстінен, адамдар конвейер тоқтамай тұрып оның астымен өте алмайтындай етіп орналастырылады.

4 тарау. Конвейердің кез келген жерінен қосқышты

жедел түрде тоқтату құрылғылары
976. Конвейерді оның кез келген нүктесінен жедел түрде тоқтату үшін, қазбаның жүруге арналмаған жағынан конвейердің лентадан тоқтатылуына арналған құрылғы қарастырылады.

977. Лентасынды екі тармақты тірегі болатын конвейерлерді қолданған кезде құрылғы кез келген тармақтан оңай қол жетерліктей болып, лента жолағынан 200 - 400 мм биіктікте орналасады.

978. Ажырату құрылғысы орындау органына 5 кгс аспайтын күшпен әсер еткенде іске қосылады.

5 тарау. Адамдардың түсу орынжайларына таянғандығы

туралы белгі беретін құрылғылар
979. Адамдарды тасымалдауға арналған барлық ленталық конвейерлер, іргетабанды арқандардан, жолақ түрінде жасалған конвейер лентасынан немесе басқа материалдан жасалатын, түсу уақыты туралы белгі беретін құрылғылармен жабдықталады.

980. Адамдардың түсу орнына таянуы туралы белгі беретін құрылғылар конвейер ставына бекітілетін арнайы рамаға немесе түсу орнына дейінгі 8 - 10 м қашықтықтағы қазбаның төбесіне ілінеді, бұл кезде құрылғының төменгі жиегінен лента жолағына дейінгі саңылау 300 мм аспайды.

981. Адамдардың түсу орнында түсу орнының басынан 15 м қашықтықта сары түсті сигнал және түсу орнының үстінен қызыл түсті сигнал орналасады.

6 тарау. Автоматтандыру құрылғылары
982. Адамдарды тасымалдауға арналған ленталық конвейерлерді автоматтандыру құрылғылары «Көмір және тақтатас шахталарындағы қауіпсіздік ережелерінің» талаптарына сәйкес болады және қосымша келесі құрылғылары болады:

1) адамдардың түсу орындарынан өтіп кетуіне жол бермейтін құрылғылар;

2) конвейерді оның ұзындығы бойымен кез келген жерінен жедел тоқтату құрылғылары;

3) лентаның бүйірлік ауытқу датчиктері;

4) лентаның жылдамдығы 8 % асқанда конвейерді тоқтататын құрылғылар.

Бұл құрылғылар конвейер қосқышының ажыратылуына тікелей әсер етеді және олардың бастапқы қалыпқа оралуы кезінде конвейердің өздігінен тоқтауын болдырмайды.

983. Конвейер линияларын автоматтандыру аппаратураларында басқару блоктары конвейердің екі режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді – «жүк көлігі» және «адамдар тасымалы».

7 тарау. Конвейер ленталары
984. Адамдарды тасымалдауға арналған конвейерлерде ені 800 мм аспайтын ленталар қолданылады.

985. Конвейерге лента таңдау, жүктерді тасымалдмау мен адамдарды тасу шарттарынан анықталатын ең үлкен жүктеме бойынша жүзеге асырылады. Бұл кезде адам салмағы 100 кг, ал лентадағы адамдардың ара қашықтығы 5 м етіп алынады.

986. Резеңкетросты ленталардың шеттерін біріктіру тек қана ыстық вулканизациялау арқылы жасалынады. Резеңкетканьді ленталарды ыстық және суық вулканизация арқылы, немесе, лентаның тұтас жеріндегі беріктіктің 70 % кем болмайтындай үзілуге беріктікті қамтамасыз ететін басқа берік және қауіпсіз әдістермен біріктіруге болады.

8 тарау. Адамдарды тасымалдау
987. Адамдарды тасымалдауға арналған конвейерлерді қолдануға жіберуге кәсіпорынның техникалық басшысы тағайындайтын комиссия оны қабылдап алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

988. Конвейерлердің техникалық жағдайының дұрыс болуын шақтаның бас механигі қамтамасыз етеді. Конвейердің қорғаныс құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін және лентаның жағдайын айына кемінде бір рет шақтаның бас механигі немесе оның орынбасары тексереді.

Тексеріс нәтижелері «Конвейердің жағдайы туралы жазбалар журналына» кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нысан бойынша жазылады. Кітапта міндетті түрде тексеріліп, қаралатын объектілер көрсетіледі.

989. Бақылаушы адам тәулігіне кемінде бір рет қазбаның бекітпесін, адамдар өтуге арналған жерлердің болуын және жүктік - адамдық конвейердің қауіпсіздік құралдарымен жабдықталуын тексереді.

990. Адамдарды тасымалдау кестесінің және қауіпсіздік шараларының орындалуын бақылаушы адам (осы конвейер линиясын бақылайтын), ал ауысым уақытында – адамдарды тасу алдында конвейер құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын тексеретін тау - кен шебері қамтамасыз етеді.

991. Әрбір отырғызу пункттерінде тасымалдау тәртібі, адамдардың өздерін ұстау ережелері ілініп, онда сигналдардың мағынасы көрсетіледі.

Жарықтық және дыбыстық сигнализация:

1) төрт сигнал – конвейер «адамдар тасымалы» режиміне ауысады;

2) екі сигнал - конвейердің іске қосылуы;

3) бір сигнал – конвейердің тоқтауы.

992. Конвейер маңында жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде бұл учаскеде ленталық конвейермен адам тасымалдауға рұқсат етілмейді. Бұл конвейердің отырғызу орнында алдын ала белгі беру сигналы ілінеді.

993. Ленталық конвейерге бір адамнан отырғызылып, олардың араларында 5 м кем болмайтын интервал болады.

994. Ленталық конвейерде адамдарды тасу кезінде олар «білекте жату» жағдайында болады.

995. Конвейерде келе жатқан адамдар олардың арнайы киімі мен инструменттері қозғалыстағы лента өлшемдерінен шықпауын қадағалайды.

996. Түсу орынжайына таянған кезде алдын ала дайындалып, конвейерлік лентадан түсіп, келесі жұмысшыға орын босатылады.

997. Өзімен бірге алып жүретін инструменттің қорғаныс қабы болып, салмағы 20 кг аспайды. Инструменттері бар адамдарды тасымалдаған кезде олардың ара қашықтығы 10 м кем болмайды. Конвейер лентасының бойымен сырғанап, төменірек орналасқан жұмысшыға жарақаттандыратындай инструменттер мен жабдықтары тасымалдауға жол берілмейді.

998. Лентаның қалыпты емес қозғалысы кезінде (оның басқа жаққа қарай ауытқуы, «тебіренуі» және тағы басқалары) конвейерді апаттық тоқтату құрылғыларымен тоқтатып, одан түседі. Лента үзілген кезде барлық жұмысшылар конвейерден түсіріледі.

Конвейерді жаңадан іске қосу конвейер линиясындағы қателіктерді жойғаннан кейін жүзеге асырылады.

999. Рұқсат етілмейді:

1) арнайы орындардан басқа жерлерде немесе олар істен шығып тұрған кезде түсу және отыру;

2) жүкке толтырылған конвейер лентасында жол жүруге;

3) жеке шамшырақтарды сөндіріп жол жүруге;

4) өздерімен бірге жарылыс материалдарын алып келе жатқан тау - кен жұмысшыларын тасымалдауға;

5) 15º асатын еңістерде лентасы дымқыл конвейерлермен адамдарды тасымалдауға.

1000. Магистральді конвейерлер мен конвейерлік линиялар отқа төзімді етіп жасалған лентамен, автоматты өрт сөндіру құрылғыларымен және сигнализациямен жабдықталады. Қосқыш, тарту бастарында, тарату құрылғыларында және әрбір 100 м сайын конвейердің ұзындығы бойымен екі қолмен өрт сөндіру құралы және құм немесе сиымдылығы 0,2 м инертті шаң салынған жәшік орнатылады. Қазбалар жанбайтын материалдармен бекітіледі.

Конвейерден өту үшін қазбалардың қиылысу жерлерінде, тиеу мен түсіру құрылғыларында, әрбір 200 м сайын конвейердің ұзындығы бойымен өту көпіршелері орналастырылады.

Ленталық конвейерлер орнатылған қазбалар ауысым сайын төгілген кен мен жыныстардан тазартылады.

1001. Конвейерді оның қозғалыста болатын бөлшектерінің жұмысы кезінде тазартуға және май жағуға, лентасында адамдарды, материалдар мен жабдықтарды тасуға жол берілмейді.



3 бөлімше. Өздігінен жүру көліктері

1 тарау. Жалпы талаптар
1002. Іштен жану двигательдері бар машиналарды пайдалану мен оларға қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде гараждарды, жанар - жағармай қоймаларын, шеберханаларды, бөлшектерді қыздырылған сұйықпен жуу пункттерін, машиналарға жанармай құю пункттері мен олардың уақытша тұрақтарын орналастыру жобаларда анықталады.

Бензинді двигательдерді қолдануға рұқсат етілмейді.

1003. Өздігінен жүретін машиналар қозғалатын қазбаларда оларды үлкен жылдамдықпен басып өтуге тыйым салынады.

Тоқтап тұрған көлік пен жабдықтарды айналып өту кезінде жүргізуші маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізіледі.

Айналып өтуді талап ететін стационар жабдықтар «Назар аудар» сигналымен қоршалады.

1004. Көліктік тоннельдердің қиылысу жерлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қарастырылады (светофорлар, реттегіштер және тағы басқалар).

1005. Көлік өтетін жерлердің габариті шамасында жүргізілетін жұмыс орындары, көліктің таянуы кезінде 50 м кем емес қашықтықта көрінетін жарықтық сигналдармен қоршалады. Егер мұндай қашықтықтан қоршаудың сигналын көрінетіндей етіп орнатуға мүмкіндік болмаса, жұмыс орнынан 50 м қашықтықта қосымша белгі беруші сигнал қойылады («Назар аудару!» белгісі).

1006. Жолдың бойында орналасқан, бекітпе, ағаш, әртүрлі конструкциядағы және қолданыстағы көпірастылары, бетонмен жұмыс жасау учаскелеріндегі опалубкалардың элементтері, жүктерді вертикаль бағытта тасымалдаған кезде автомобильдер немесе басқа да өздігінен жүретін және тоқтап тұратын жабдықтардың өтуі кезінде кездейсоқ ұрынуынан қоршалуы тиіс. Көлік өтуінің қауіпсіз жері дөңгелекті бруспен қоршалады.

1007. Ені көліктердің айналуына бөгет жасайтындай болатын тоннельдерде, олардың айналуын қамтамасыз ету үшін бір - бірінен 200 м аспайтын қашықтықта болатын айналым камералары немесе машиналардың айналуы үшін жабдықталған арнайы құрылғылар орнатылады.

Көліктің артқы жүрісі кезінде автоматты түрде дыбыстық белгі беру сигналы беріледі.

1008. Автомобильдерді, өздігінен жүретін вагондарды бункерден тиеуге немесе экскаватордан тиеуге берген кезде, жүргізушінің кабинасы бункер немесе экскаватор шөмішінің астынан өтуіне тыйым салынады.

1009. Жыныстарды экскаватормен тиегенде немесе басқа жүктерді кранмен тиегенде, жүргізуші мен басқа адамдарға арнайы қорғаныс күнқағармен жабдықталмаған кабинаға кіруіне болмайды. Жүргізушінің бұл уақытта болатын жері плакатпен көрсетіледі.

1010. Қазба ішінде екі жақты көлік жүрісі тағайындалған кезде машинистті алда келе жатқан көліктің фара жарығымен көзталдыруға (жақын жарықты, габариттік шамдарды қосу арқылы) болмайды.

1011. Өздігінен жүретін машиналар пайдаланылатын қазбаларды жарықтандыру қажеттілігін кәсіпорынның техникалық басшысы уәкілетті органның келісуімен, жергілікті шарттарды ескере отырып анықтайды.

1012. Жерасты қазбаларында жұмыс істейтін барлық машиналарда нөмір болып, олар белгілі бір адамдардың қарауына бекітіледі.

1013. Машиналарда машинистті төбеден түсетін тау-кен жыныстарынан қорғайтын, бірақ қажетті көрініс бере алатын кабиналар мен күнқағарлар орнатылады.

Тау - кен жыныстарын тиеу - түсіру жабдықтарын төбесі бекітілген немесе төбесі берік жыныстардан тұратын қазбаларда пайдаланған кезде кабина немесе күнқағар орнату міндетті емес. Бұл жағдайда машинисттің отыратын орнынан төбенің ең шығыңқы бөлігіне дейінгі қашықтық 1,3 м кем болмайды.

1014. Істен шыққан машиналарды жерасты қазбаларында буксирлеу тек қана ұзындығы 1 м аспайтын қатқыл ілестіру арқылы жасалады.

Өздігінен жүретін машиналарды олардың өздігінен жүріп кетуінен сақтайтын шаралар қарастырмай қойып кетуге болмайды. Өздігінен жүретін машиналардың жол бойындағы барлық уақытша тоқтау жағдайларында фараларын сөндіруге болмайды.

1015. Гараждар кеніштік электр жарығымен жарықтандырылады.

1016. Гараждағы машиналар, олардың арасынан адамдардың өтуі үшін бос орын қалатындай және қазбаның қабырғасына дейін 1 м қашықтықта орналасады. Көрсетілген өту орындары әрқашан бос.

1017. Әрбір машина стационар автономды өрт сөндіру құрылғысымен жабдықталады.

1018. Әр машина үшін машинаны қарау, жұмсалған бейтараптандырудың пайдаланылуын тексеру журналы жүргізіледі. Журналдың нысаны мен оны толтыру тәртібін шахтаның техникалық басшысы тағайындайды.

1019. Іштен жану двигателі орнатылған машинаны пайдалану кезінде оның техникалық жағдайына келесі бақылау жасалады:

1) ауысым сайын жұмыс алдында машина машинисті машинаның техникалық жағдайын тексереді.

Тексеру нәтижесі журналға жазылады. Егер жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қандай да бір құрылғылар істен шықса, машинаны пайдалануға жол берілмейді;

2) аптасына кемінде бір рет телім механигі немесе оның тапсыруы бойынша жеткілікті біліктілігі бар басқа адам телімде жұмыс істейтін әрбір машинаның техникалық жағдайын тексереді. Машиналарды жөндеуді және техникалық жай - күйін бақылауды сервистік қызмет көрсету үшін мамандандырылған мердігер ұйымның күшімен жүргізуге болады.

Апта сайынғы профилактикалық қараудан өтпеген машинаны пайдалануға жол берілмейді.



2 тарау. Іштен жану двигателі орнатылған машиналарды пайдалану
1020. Шахтада ІЖД орнатылған машинаның әрбір типін (маркасын) қолдану уәкілетті органның тағайындалған тәртіп бойынша беретін рұқсатыменн жүзеге асырылады.

1021. Өздігінен жүру машинасында келесі жабдықтар болады:

1) машинистің көру аясында болатын және машинаның қозғалыс жылдамдығын көрсететін аспап;

2) дыбыстық сигнализация;

3) мотосағат немесе жүріп өткен километр есебін көрсету есепшісі;

4) жарықтандыру приборлары: фарлар, ені бойынша габариттік сигналдар, тоқтаған кезде қосылатын, жұмыстың қалыпты орындалуы мен ол кездегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін артқы тоқтату сигналы. Қажетті жағдайларда машинада артқы жарықтандыру фарасы орнатылады.

Әрбір бастамада тұрақты жылдамдықпен қозғалатын тау - кен тиеу - түсіру, тасымалдау машиналары мен тракторларында, бұрғылау кареткалары мен басқа да баяу қозғалатын машиналарда жылдамдық көрсеткіші мен тоқтау сигналын орнату міндетті емес.

1022. Жерасты жағдайларында жабық тиглдегі от алу температурасы 50° С кем болмайтын және құрамындағы күкірт салмағының 0,2 % құрайтын дизельдік жанармайды қолдануға болады.

1023. Жерасты жағдайларында, жұмыстан кейінгі газдарында барлық рұқсат етілген режимде зиянды компоненттерінің шоғырлануы 8 - кестедегі шамалардан аспайтын двигательдерді пайдалануға болады.
8 - кесте


Атауы

Көлем бойынша құрамы, %




Газдан тазалауға дейін

Газдан тазалаудан кейін

Көміртегі қышқылы


0,2

0,08

есептегенде азот қышқылы


0,08

0,08

Акролеинге есептегенде альдегидтер


-

0,001

Пайдалану процесі кезінде газдан тазалауға дейінгі шамалар тексерілмейді және тек дайындаушы - зауыттар үшін келтірілген.

Түтінділік МСТ 21293 - 75 әдістемесі бойынша анықталады және еркін үдеме режимі кезінде «К» коэффициенті 40 % аспайды.

Көміртегі қышқылы каталитикалық бейтараптандырғыштан кейін жұмыстан кейінгі газдардың температурасы 250° С кем болмаған жағдайда анықталады.

1024. Дизельдік ІЖД орнатылған барлық машиналар екі сатылы газдан тазалау жүйесімен жабдықталады (каталитикалық және сұйықтық).

Кейбір жеке жағдайларда қуаттылығы 25 ат күшіне дейінгі двигателі бар машиналарда газдан тазалаудың бір ғана сатысын орнатуға болады.

Төменгі температуралар жағдайында пайдаланылатын машиналарда тек қана каталитикалық бейтараптандырғыштар орнатылады.

Бензинді двигательмен жұмыс істейтін машиналарда каталитикалық бейтараптандырғыштар орнатылады.

1025. Пайдалану кезінде, әрбір дизельдік двигательдің жұмыстан шыққан араластырылмаған газдарының құрамы газдан тазалаудан кейін, бос жүріс кезінде, құрамында көміртегі қышқылы мен азот қышқылының болуына, айына кемінде бір рет тексеріледі.

Шығу газдарының құрамындағы зиянды газдар мөлшері шекті рұқсат етілген шоғырланудан асатын машиналарды пайдалануға болмайды.

Шыққан газдарға талдау жасау двигательді жерасты жағдайында пайдалануға дейін, әрбір жөндеуден өткен сайын, двигательді реттегеннен кейін немесе ұзақ уақыт (екі аптадан асатын) жұмысы тоқтағанда және жаңа маркасын жанармаймен толтырғанда жасалады.

1026. ІЖД бар машиналары пайдаланылатын негізгі жұмыс орындарында кеніштік атмосфера құрамы айына кемінде бір рет машинист кабинасы жанынан көміртегі қышқылы мен азот қышқылының болуына анықталады.

1027. Гараждар, жерасты жанар - жағармай (ЖЖМ) қоймалары, ІЖД сынақтау мен реттеу орынжайларында жұмыстан шыққан ауаны шығыс ағыншаға беретін оқшауланған желдетіс болады.

1028. Газ бойынша қауіпті шахталарда, іштен жану двигателі орнатылған жабдықтар тұйықталған қазбаларға кірусіз пайдаланылады.

1029. Қолданыстағы машиналардың двигателін реттеу қазбалардың бұл үшін арнайы тағайындалған орындарында жүзеге асырылады. Реттеу кезінде, пайдаланылған газдар тікелей шығыс ағыншасына беріледі.

1030. Отындық аппаратураны реттеу құрылғыларында, циклдық отын берудің тағайындалған максимальді шамасын сақтайтын пломбалар орнатылады. Пломбаны машинаны қолданысқа беретін адам орнатады.

Двигательдің жоспарлық жөндеуі мен тексерілуі аяқталғаннан кейін, отындық аппаратураның пломбасы мен маркировкасы орнына келтіріледі.

1031. Өздігінен жүретін дизельдік жабдықтарды қолданған кезде «Түсті металлургия карьерлері мен жерасты кеніштерінде тау - кен машиналарының дизельдік двигательдері мен пайдаланылған газдардан тазалау жүйелеріне бақылау жүргізу бойынша уақытша әдістемелік нұсқаулар» талаптары орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет