Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет20/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

5 тарау. Кабельдерді қосу
1418. Кабельдерді машиналармен және аппараттармен қосу тек арматуралар (муфт) арқылы ғана жүргізіледі. Муфталардағы кабельдік енгізулер сенімді тығыздалады. Пайдаланылмаған кабельдік енгізулердің бұқтырмалары болады.

1419. Кабель түтікшелерін трансформатор қысқыштарына қосуға, электродвигательдер мен аппараттарды ұштарды қолданбай пайдалануға, арнайы қанатты шайбаларды немесе кабель түтікшелерінің сымдарын тарамдаудың алдын алатын осы теңдес құрылғыларды қосуға жол берілмейді.

1420. Кабельдің бірнеше түтікшесін бір қысқышқа (іске қосушы, трансформатор және басқалар) қосуға болмайды, егер зажимнің конструкциясы бойынша осындай қарастырылмаған болса.

1421. Брондалған кабельдерді қосу немесе біріктіру Технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

1422. Иілгіш кабельдерді жөндеу, енгізу және электрқондырғыларға қосу Технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Жылжымалы механизмдерге арналған иілгіш резиналық кабельдерде тарқалу болуы мүмкін.

1423. Жұмыс процессінде ажыратуды талап ететін иілгіш кабельдерді өзара штепсельдік муфталармен қосуға болады.

Штепсельдік муфталардың кернеуліктегі кабелдерді қосу және ажыратуды болдырмайтын электр блокировкалары болады.

1424. Штепсельдік муфтаның контактілік саусақтары тізбектердің тарқалуы кезінде кернеуліксіз қалады, ол үшін олар кабельде ток қабылдаушы жағынан (электрдвигатель) орнатылады.

1425. Брондалған кабельді иілгіш кабельмен күштік тізбекте қосу аппараттың (іске қосушы, автомат) қысқышы қысқыш арқылы жүргізіледі. Заводта дайындалған шиналық қораптар немесе қосушы муфталар арқылы қосуға жол беріледі.

1426. Жарықтандырушы, сигналды және бақылау сымдар үшін таратушы жәшіктер, қосушы және үштік муфталарды қолдануға болады.

1427. Кабель заводта жасалған муфталармен ток алып жүруші бөлік ретінде емес, созушы күштер кабелдің сыртқы қабығына берілетіндей болып қосылуы тиіс.



3 бөлімше. Электр машиналары және аппараттар
1428. Жер асты өндірулерде аппараттар, электр машиналары, трансформаторлар мен кен орнында қолданылатын приборлар қолданылады.

Шахталардың негізгі құрғақ, газ және шаң бойынша қауіпсіз өндірулерінде кен орнында пайдаланылмайтын электрқондырғыларды (жабық, қорғалған) пайдалануға болады.

1429. Қолмен жұмыс істейтін электр машиналары мен құралдар (бұрғы, шой балға, дәнекерлеуші, электр ара және басқалар) үшін 220 Вольт артық емес кернеулік қолданылады.

1430. Бағандарды бұрғылау кезінде электр энергиясының стационарлық қабылдауыштарын, жылжымалы кіші станцияларын қоректендіру үшін

6000 Вольт артық емес кернеулік қолдануға болады.

Стационарлық жер асты кіші станциялар үшін өкілетті органның келісімі бойынша 10000 Вольтқа дейінгі кернеулікті қолдануға болады. Электр энергиясының жылжымалы қабылдауыштарын қоректендіру үшін (жылжымалы кіші станциядан басқа) 1140 Вольттан артық емес кернеулікті қодануға жол беріледі.

1431. Басқару тізбегін қоректендіру үшін: станционарлық мехаизмдер үшін 60 Вольтқа дейінгі кернеулік, егер аппараттардың заводта жасалған конструкциясы бойынша көрсетілген кернеулік көзделген болса; жылжымалы механизмдер үшін кабельдік төсеу кезінде 42 В – тан артық емес.

1432. Жер асты өндірулерде 1140 Вольт дейінгі кернеулікте май немесе басқа да жанатын сұйық құйылған коммутациялық және іске қосу аппараттарын қолдануға болмайды.

Бұл талап бақылаушыларға, реактивті энергия жинақтауға арналған трансформаторларға, конденсаторларға және жанбайтын камераларды орналасқан реостаттарға таратылмайды.

1433. Жер асты кен орнында айқас тұйықталу қуаттылығы орнатылған ажыратушы аппаратурасының сипатына және кабельдер қимасына сәйкес шектеледі және кез - келген ажыратушы аппараттардың шектік ажыратушы қабілетінің жартысынан артық болмайды.



4 бөлімше. Электр машиналары мен кішістанцияларына

арналған камералар
1434. Пайдалану мерзімі 5 және одан артық жылға арналған маймен толтырылған электрқондырғылар орнатылған электромашиналық камералар мен кіші станциялар камералары, жанбайтын материалдармен (бетон, кірпіш, набрызг - бетон және тағы басқалар.) бекітіледі.

Жаңадан салынып жатқан шахталарда қызмет көрсету мерзімі 1 жыл және одан артық жылға арналған электромашина камералары жанбайтын материалдармен бекітіледі.

Пайдалану мерзімі 5 және одан артық жылға арналған маймен толтырылған электрқондырғылар орнатылмаған электромашиналық камераларды жанбайтын тартпамен бекітуге, ал пайдалану мерзімі 5 және одан артық жылға арналғандар – металл торға қалыңдығы 10 мм болып салынған цемент қоспасының қабатымен қорғалған ағаш тіреуішпен бекітіледі.

Барлық желдеткіштің сбойкалары және камера кіру, сонымен қатар оған қоса тіркелген тау өндірулері камерадан екі жаққа бірдей 5 м – ден кем емес қашықтықта және сол камераның қарсысында камера бекітілген материалмен бекітіледі.

Егер өндіруге апаратын камералар (кіріс өндіріс) немесе камерадан шығатын желдеткіш сбойканың ұзындығы 5 м – ден артық болмаса, камерадан бастап 5 м кем ұзындықтағы өндірістің бөлігі көрсетілген материалдармен бекітіледі. Орталық жер асты кіші станциясы камерасы еденінің және бас су төккіш деңгейі су төккіш трубалар орналасқан бағанмен қиылысу орнында баған маңындағы аула рельстерінің бастарының белгісінен 0,5 м биік.

Жекелеген жағдайларда жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу мен орындау жағдайында тереңдетілген типтегі (баған маңындағы аула деңгейінен төмен) сутөккіш камерасын орнатуға болады.

Бас сутөккіштің насос станциясын қоректендіретін орталық жер асты кіші станция насос станциясынан шығатын және бағанға тіркелген ходкамен баған маңындағы жер деңгейінен 7 м – ден кем емес биіктікте қосылады, ал баған маңындағы аула ходкамен 0,1 МПа қысымына есептелген герметикалық есікпен қосылған.

1435. Электрқондырғылары орнатылған барлық камераларда, тұтас өр есіктерінен басқа ілмекпен құрылғысы бар тор есіктер орнатылады. Тұрақты қызмет көрсететін тұлғалар отырмайтын есіктер жабық болады. Камера кіреберісінде «Тыс адамдарға кіруге болмайды» белгісі ілінеді, ал көрінетін жердегі камераға тиісті ескерту белгілері бекітіледі.

Маймен толтырылмаған электр қондырғылары орнатылған камераларда, тұтас өрт есіктерін орнатпауға болады.

1436. Жаңадан жобаланатын орталық насос камералары және орталық жер асты кіші станциялар үшін электраппаратуралары ток жеткізетін бөліктеге су өтуге арналған қол жетімді аппараттардағы орындар баған маңындағы аула (баған жанында) рельстері бастарынан 1м – ден кем емес биіктікте болатындай етіп орнатылады.

Осы параграфтың талаптары автоматтандырылған су төккіші бар тереңдетілген камераларға таратылмайды.

1437. Ұзындығы 10 м – ден артық кіші станция камераларында камераның бір - бірінен барынша алыс орналасқан бөліктерінде 2 шығу орнатылады.

1438. Машиналар мен аппараттар арасында камераларда машиналар мен аппараттарды оларды жөндеу немесе ауыстыру кезінде тасымалдауға арналған, 0,8 м - ден кем емес өтетін жер қалдырылады. Камера қабырғалары жағынан ені 0,5 м – ден кем емес монтаждау өтетін жолы қалдырылады.

Егер машиналар мен аппараттарға қызмет көрсету, монтаждау және жөндеу кезінде оларға сырт жағынан келу қадеттілігі болмаса, оларды бір - біріне жақын және қабырғаға жақын орналастыруға болады.

1439. Камераларда өтетін жерлерді қандай да бір заттармен немесе қондырғылармен жабуға болмайды.

Жылжымалы трансформаторлы кіші станциялар, кешенді тарату құрылғылар қызмет көрсетуге жақсы бекітілген және ыңғайлы жерге орналастырылады, тамшылар мен механикалық зақымданулардан қорғалады, адамдар мен көліктердің жұмысына кедергі келтірмейді. Электрқондырғылардан қозғалмалы құрамға немесе конвейерге дейінгі арақашықтық 0,8 м – ден кем емес. Электр қондырғыларды кіретін жерге қойған жағдайда қозғалмалы құрамның ол орнатылған участокқа кіруіне кедергі болатын барьер пайда болады.

1440. Жер асты камераларында маймен толтырылған аппараттармен және трансформаторлармен жабдықталған арнайы май жинаушы шұңқырларды орнатуға жол берілмейді.

Камерадан шығу алдында камера едені деңгейі үстінен 100 мм – ден кем емес вал көлбеулігі пологийі жасалады.

1441. Машина және трансформатор камералараның қабырғалары мен төбесі ақталған. Камерада тамшылар болмайды.

1442. Камерадағы қондырғыларға аппараттар мен трансформаторлардың қызметін көрсететін нақты жазбалар жазылады.



5 бөлімше. Кабельдер, электродвигательдер және

трансформаторларды қорғау
1443. Кернеулігі 1140 Вольттан артық жер асты желілерінде желілер, трансформаторлар мен электродвигательдерді қысқа тұйықталу тоғынан және жерге (тұйықталу) таралудан қорғау іске асырылады.

Жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын шахталарда жерге тұйықталу мен кемуден қорғауды орнату ОЖС - дан қоректенетін желілерде көзделеді.

ОЖС және РЖС - 6 шығатын желілерде айқас тұйықталу токтарынан және тез әсер ететін (уақытта ұстамайтын) жерге кемуден (тұйықталу) қорғау.

ОЖС қоректенетін желілерде әсер ету зонасы ОЖС жиынтық шиналарын да қамтитын шектеулі тәуелді уақыты және тез әсер ету қимасы бар максимальды токты қорғауды, уақытты ұстау 0,7 с дейінгі жерге тұйықталдан қорғауды қолдануға болады.

Электрдвигательдер үшін токтардан артық жүктеме және нольдік қорғаныс көзделеді.

Желілер ажыратылуының барлық жағдайында бір жолғы әсер ету автоматты қайта қосылуды (АҚҚ) қолдануға, блокировкасы бар аппараттарды желіде кернеулік беруге қарсы қолдану және электрдвигательдерді жерге қатысты олардың оқшаулануының зақымдануы кезінде және айқас тұйықталу шартында резервтің автоматты қосылу (РАҚ) құрылғысын пайдалануға болады.

1444. 1140 Вольтқа дейінгі кернеулік кезінде қорғаныс іске асырылады:

1) трансформаторлар мен олардың әрқайсысынан шығатын қосылулар максимальды ток қорғанысы бар автоматты сөндіргішті - айқас тұйықталу тоғынан;

2) электродвигательдер мен олар қоректенетін кабельдер:

Айқас тұйықталу токтарынан – 0,2 с дейінгі шектегі тез немесе селективті;

шамадан артық жүктеме және қатты қызу токтарынан;

нольдік;


3) жерге қатысты оқшаулаудың төмендетілген кедергісі кезінде кернеулікті қосудан;

4) электр желілерін - қауіпті токтың жерге қарай кемуінен электрмен байланысқан желілердің (бір немесе параллель жұмыс істейтін трансформаторлар тобына қосылған) барлығына бірдей арналған бір қорғаныс аппарат кешенімен автоматты ажыратқышпен; ток кемуінен қорғау аппараты жұмыс істеген кезде жалпыжелілік автоматты ажыратқышпен қосатын ұзындығы 10 м артық емес кабель бөлігінен басқа көрсетілген трансформаторға қосылған барлық желі ажыратылады.

Бір немесе параллель жұмыс істейтін трансформаторларға кабельдерді жалпы ұзындығы жерге қатысты бір фазаға 1 мкф – қа артық емес сыйымдылықпен шектеледі.

Жер асты электрқабылдаушыларды ұңғымалар арқылы қоректендіру кезінде ток кемуінен қорғау аппараты бар автоматты ажыратуды құрылғысын ұңғыма астында одан 10 м – ден артық емес қашықтықта орнатуға болады. Бұл жағдайда егер жер үстінде қорғау аппаратының жұмысына кедергі жасамайтын желілерді оқшаулауды бақылау құрылғылары болса, ал электрқабылдаушылар (желдеткіштер, лебедкалар және тағы басқалар.) шахта жұмысына тікелей қатысты болып, кабелдер арқылы қосылатын болса, ток кемуінен қорғау аппараты өз бетінше іске қосылуы кезінде жер үстіндегі электр қабылдаушылар мен ұңғымадағы кабельдер ажыратыла алмайды.

Ток кемуінен қорғау кернеулігі 42 Вольтқа дейінгі тізбектер, дистанциялық бақылау және жиынтық таратушы құрылғылар (ЖТҚ) блокировкалау тізбегі, сонымен қатар қатты немесе иілгіш сыртқы қосылудың кіші станция корпусімен қосылуы, жарықтандыру тізбегіндегі ажыратқыштың болу және жарықтандырушыда (желіден ажыратып, ашу керек) жазуы шартында қоса салынған жарықтандырғыш транформаторлардан қоректенетін жылжымалы кіші станцияларды жергілікті жарықтандыру тізбектері үшін қолданылмауы мүмкін.

Ток кемуінен қорғау талаптары ұшқын қауіпсіз жүйелерге таратылмайды.

Қорғаныс ажыратылудың барлық жағдайында желіге кернеулік беруге қарсы блокировкалары бар аппараттарды қолдану шартында жерге қатысты оқшаулаудың төмендетілген кедергісі бар электрқұрылғыларында және максимальды токтан қорғанысы қосылғаннан кейін АҚҚ бір мәрте қолдануға жол беріледі.

1445. Автоматты ажыратқыштардың максимальды ток релесінің срабатываниесінің, магнитті іске қосушылар мен басқару станциясының ток уставкасының шамасы, балқыту қоспасы сақтандырғышының номинальды тогы «Айқас тұйықталу токтарын анықтау, таңдау және 1140 Вольттан дейінгі кернеуліктегі желілердегі максимальды токтан қорғаушы уставкаларды тексеру жөніндегі Нұсқаулыққа» сәйкес анықталады.

Сақтандырғыштарды патрондар мен калиберлі емес балқыту қоспаларды қолдануға болмайды.

6 бөлімше. Машиналар мен механизмдерді басқару
1446. Барлық забойдағы машиналар желіге магниттік іске қосушылар немесе арнайы магниттік станциялар (басқару станциялар) арқылы қосылады.

Іске қосушылармен және магниттік станцияларды басқару машиналарда немесе оларға жақын орналасқан пульттер арқылы дистанциялы түрде іске асырылады.

Жекелеген электродвигательдерді бас басқару үшін магнитті станциялар немесе қолмен ажыратушылар орнатылған көп двигательді көтермелер желіге дистанциялық басқаруы бар іске қосушылар арқылы қосылады.

1447. Забой машиналары мен механизмдерінің басқару сызбасы қамтамасыз етеді:

1) нольдік қорғаныс;

2) машина корпусын жерге қосуды үздіксіз бақылау;

3) басқарудың сыртқы тізбектерінде айқас тұйықталу кезіндегі аппараттың өз бетінше қосылуын қорғау;

Магниттік іске қосушыны басқаруға үшін бір батырмалы посттарды бұл посттар ажырату үшін қолданылатын жағдайдан басқа жағдайда қолдануға болмайды.

1448. Машиналарды немесе оларға кернеулікті бір мезетте екі және одан көп басқару пультынан кернеулік беретін сызбаларды қолдануға болмайды.

Бұл талап жергілікті желдететін желдеткіштерді (ЖЖЖ) басқару сызбасына таратылмайды.

1449. Машиналарды жылжымалы бөліктеріне жөндеу және қосалқы жұмыстар жүргізген кезде кернеулік алынып, машинаның кенеттен қосылуына мүмкіндік бермейтін шаралар қабылданады.

7 бөлімше. Электр желісінен қоректенетін шамдармен жарықтандыру
1450. Шахтаның өндірістік алаңында барлық жұмыс орындары, баған маңындағы қабылау аумағы, сатылар, адамдар жүретін жерлер, электромеханикалық қондырғылар, автокөліктер, теміржол және басқа жолдар жарықтандыруға жатады.

1451. Көтергіш машина, бас желжеткіш қондырғы, компрессорлық ғимараттар, бағандардың шахта үстіндегі ғимарттары, қазандықтар ғимарттарында, әкімшілік - тұрмыстық ғимараттарда тәуелсіз қоректену көзінен авариялық жарықтандыру көзделеді.

Көрсетілген барлық ғимараттарда, көтергіш машина ғимаратынан басқа авариялық жарықтандыру үшін жеке аккумуляторлық шырақтарды пайдалануға болады.

1452. Электр желісінен қоректендірілетін шырақтармен келесі жер асты өндірулері жарықтандырылады:

1) баған маңындағы өндірулер;

2) дайындау және тазарту забойлары;

3) электромашина, лебедка және диспечерлік камералар, орталық жер асты кіші станциялар, локомотивті гараждар, денсаулық пункттері, ВМ қоймалары, жер асты жөндеу шеберханалары;

4) баған маңындағы және өндірулердегі тасып шығаратын учаскелердегі еңкіш жерлер, қиылыспаулардың қабылдау алаңдары, түсіру мен артық жүк тиеу жүргізілетін өндіру учаскелері және пунктері, адамдарды көлік құралдарына отырғызу және оларға бару жолдары;

5) бағандардың забой маңындағы кеңістігі, бұрғылау кезіндегі сопряжение мен камералар, бұрғылау ілмелі полкілер;

6) тұрақты қызмет көрсететін электромашина қондырғылары, жылжымалы кіші станциялар мен камера сыртындағы тарату пунктері;

7) адам тасымалдауға арналған ленталық конверейермен жабдықталған өндірулер;

8) жүк тасымалдауға және адамдардың қозғалуына арналған көлденең өндірулер.

Жүк тасымалдауға ғана арналған көліктік өндірулерді жарықтандырмауға болады:

9) Адамдардың қозғалуына арналған сатылары бар көтерілу өндірулері. Тазарту забойлары кернеулігі 36 В - ке дейінгі кернеулікпен жарықтандырылады; камера биіктігі 4 м болатын шатырды қарау және камераны жарықтандыру үшін кернеулігі 127 В – тен артық емес прожекторлық жарықтандыру қолданылады.

Бұрғылау кешендері немесе комбайндарын қолдана отырып, жүргізілетін дайындау және тазартушы өндірулердің забой маңындағы кеңістігі кешенге немесе комбайнға орнатылған шырақтармен жарықтандырылады.

1453. Шахталарда кен орындарында жасалған шырақтар пайдаланылады. Жарықтандыру үшін өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген тау - геологиялық жағдайларына байланысты кернеулігі 24 В – тан жоғары емес, арматурасы 24 Вольттан артық лампаларды қолдануға болады.

1454. Жер асты жарықтандыру құрылғыларын қоректендіру үшін 127 В –тан артық емес желілік кернеулік қолданылады.

Стационарлық люминесценттік жарықтандыру үшін 220 Вольт желілік кернеулік қолданылады.

1455. Ескерту плакаттарын жарықтандыру үшін контактілік сымнан 275 Вольтқа дейінгі кернеулікті қолдануға болады.

Кабельді контактілік сымға арнайы қысқыштар, ал рельске – шайбасы бар болт арқылы қосу қажет. Кабель бір бөлігі релсьтен өндірудің бүйір жағына дейін жерге 300 мм тереңдікке салынады, бүйір жағынан бүйір жағындағы бағанға немесе трубаға бекітіледі.

1456. Электр желісінен қоректенетін лампалармен жарықтандырылатын өндірулер үшін 11 - кестеде көрсетілген жарықтандырудың ең төменгі нормасы белгіленеді.
11 - кесте


Жұмыс орны

Жарықтандыру нормаланатын жазықтық

Ең төменгі жарықтану,

лк


Дайындау өндіруінің забойы және тазарту өндіруінің

скреперлік жолы



Жердегі көлденең


15





Забойдағы тік жазықтық

10

Өндірудің негізі тасып шығарушысы

Жердегі көлденең


5

Басқа да негізгі өндірулер (желдеткіщ штректер, адам жүретін жолдар және тағы басқалар)

Жердегі көлденең


2

Адамдардың қозғалуына арналған сатылары бар көтерілуші өндірулер

Жердегі көлденең (сатылар, баспалдақтар)

3

Жер асты

Жердегі көлденең


75

Электро кіші станциялар, көлікті және машина камералары




150 ( аралас жарықтандыру кезінде)




Бақылау өлшеу приборларының тік щиттерінде




ВМ қоймалары

Жердегі көлденең


30

Жер асты медициналық пункт

Жерден 0,8 м биіктіктегі көлденең

100

Бағандарды қабылдау пункттері

Жердегі көлденең


15





Сигнал таблосындағы тік жазықтық

20

Баған маңындағы аумақты төгетін құралдар

Жерден 0,8 м деңгейдегі көлденең

15

Жарықтандыру қондырғыларын жобалау кезінде СНиП талаптарын ескере отырып, запас коэффициенті енгізіледі.

1457. Жер асты өндірулерде шырақтарды қоректендіру үшін қалыпты (рудниктік) орындалған трансформаторларды қолдануға болмайды.

1 тарау. Жеке қолдану аккумуляторлық шырақтармен

жарықтандыру
1458. Аккумуляторлық шырақтарсыз адамдардың шахтаға түсуіне, олардың өндіру бойынша қозғалуына, қосылмаған жеке шырақсыз жұмыс жасауға болмайды.

1459. Әрбір шахтадағы дұрыс жұмыс істейтін шырақтардың саны жер асты жұмыстарындағы тұлғалардың тізімдік санынан 10 % артық қамтамасыз етіледі.

Шахтадаға барлық шырақтар нөмірленіп, әрбір жұмыскерге бекітіледі.

Жұмыскерлерге берілетін аккумуляторлық шырақтар 10 сағаттан кем емес үздіксіз қалыпты жану ұзақтығын қамтамасыз етеді. Шырақтар таза және жұмыс істейтін қалыпта беріледі.

Бас механик немесе ол тағайындаған тұлға айына бір реттен кем емес шырақтар мен оларды зарядтау станцияларын тексереді.

Тексеріс нәтижесі актімен рәсімделіп, жұмыс істемейтін шырақтар пайдаланудан алынады.

1460. Әрбір шахада немесе кіші шахта топтарында жанбайтын материалдардан жасалған ғимаратта орналасатын лампалық бөлме болады. Лампалық бөлмелер әкімшілік - тұрмыстық комбинаттар ішінде ғимараттың басқа бөлігінен металл есік қоюға болатын жанбайтын материалдан жасалған қабырғамен бөлінеді. Барлық лампалық бөлмелер таза ұсталады және оларда жалпы және жергілікті желдеткіштер болады.

Шаң тастарды өндіру шахталарында аккумуляторлық шырақтарға арналған лампа бөлмесін жер асты өндірулерінде штол аузына жақын орналастыруға болады.

1461. Аккумуляторлық шырақтарға арналған лампа беруші тұлғалардың шырақтарды алатын және өткізетін жұмыскерлерге арналған ғимарттарынан басқа келесі ғимараттары болады:

1) шырақтарды қабылдау, бөлшектеу, тазарту, электролиттер дайындау және аккумуляторларды толтыруға арналған;

2) аккумуляторлық шырақтарды сақтау және беру;

3) аккумуляторларды зарядтау үшін;

4) түзету агрегаттары үшін:

5) қосымша ғимарттар (шеберханалар, қоймалар және сол сияқты). Лампа бөлмелері өзіне - өзі қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей болып жабдықталады.

Автоматты зарядтау столымен жабдықталған және өзіне - өзі қызмет көрсетуге көшірілген лампа бөлмелері шырақтарды өткізуші және алушы жұмысшыларға, аккумуляторлар мен түзетушілерді зарядтауға арналған біріккен ғимаратта болады.

Аккумуляторлық шырақтарға арналған зарядтау столы өлшеу приборларымен жабдықталады.

1462. Электролит қоспасын дайындау және оларды аккумуляторларға құю үшін электролиттерді құю кезінде шашырау және төгілуден сақтайтын құрылғылар қолданылады. Жұмыскерлер қорғаныс көзәйнектерімен, резина қолқаптармен және алжапқыштармен жабдықталады. Ғимаратта дененің электролитпен күйіп қалу жағдайына арналған нейтраль қоспалар немесе ұнтақтар болады.

1463. Аккумуляторлық шырақты алған жұмыскер оның дұрыс жұмыс істеуін жеке тексереді. Дұрыс істемеген жағдайда шырақ лампа бөлмесіне қайта өткізіледі және орнынына дұрысы беріледі.

1464. Лампа бөлмелерінде өзіндік құтқару құралдарын, ал силикоз қауіпті шахталарда респираторларды сақтау, тексеру және беру орындары көзделеді.

Лампа бөлмесінде жеке аккумуляторлық шырақтарды қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқаулық ілінеді.



8 бөлімше. Телефон байланысы және сигнализация
1465. Шахта телефон байланысымен жарақталады. Барлық пайдалану және дайындау учаскелері мен горизонттарда, тасып шығарудың және жүктерді тасымалдау негізгі пункттерінде, барлық электромашина камераларында, орталық кіші станцияларда, көлік құралдарына адамдарды отырғызу пункттерінде, баған маңында, ВМ қоймасында, медициналық пункте, ал диспечерлік телефондық байланыспен жабдықталған кезде аварияны жою жоспарында көзделген орындарда шахтаны диспечеризациялау жобасына сәйкес телефон аппараты орналастырылады.

Бас су төккіштің сорғыш камерасында, медициналық пункте жер асты және және жер асты орталық кіші станцияларда, желдеткіш ғимараттарында жер үстіндегі жалпы шахталық телефон станциясымен тікелей байланысы бар телефон орналастырылады.

Байланыстық аралас сызбасын (радио, радиотелефонды, қатты сөйлейтін) пайдалануға болады.

1466. Жалпы шахта коммутатор және диспечер пульті жағынан қосылатын телфон желісі мен транзиттік абоненттер желісі максимальді ток қорғанысымен жабдықталады.

Шахталардағы барлық жер асты телефон желілері екі сымды.

1467. Жер асты телефон байланысы және сигнализация аппараттарын

қоректендіру, көліктік байланыстан басқа, жарықтандыру желісінен, аккумуляторлық батареядан немесе түзету құрылғыларынан 127 Вольттан артық емес желілік кернеулік кезінде жүргізіледі.

Сигнализация аппартурасын қоректендіру үшін ток кемуінен қорғанысы болған жағдайда 220 Вольттан артық емес кернеулікті қолдануға болады.

Сигналдық құрылғылар көрсетілген кернеулікке есептелген, оларды контактілік сымға кабель немесе арнайы қосатын құрылғылармен жүргізілген және балқу сақтандырғыштарымен қорғау іске асырылған жағдайда көліктік сигналдық құрылғыларды 275 Вольттан артық емес кернеулікте контактілік желіден қоректендіруге болады.

Контактілік желіге байланыс аппараты желіні қорғау құрылғысының жұмыс істеуіне әсер етпесе, және оның учаскелері арасындағы оқшаулау арақашықтығын бұзбайтын жағдай да жоғары жиіліктегі байланыс үшін қолдануға болады.

Қатты сөйлейтін жер асты байланысы тізбегін ескерту сигнализациясын қоректендіру 60 Вольттан жоғары емес кернеулік көзінен іске асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет