6 бөлімше. Жер асты өрттерін сөндіру
1607. Өрт немесе оның қандай да бір белгілерін байқаған бақылау тұлғалары, бригадирлер және жұмыскерлер, техникалық жетекшіге немесе шахта бастығына, шахта диспетчеріне ол туралы жедел хабарлайды және аварияны жою жоспарына сәйкес адамдарды қауіп төнген өндірулерден шығару және қолда бар барлық құралдармен өртті сөндіру жөніндегі шаралар қабылдайды.
1608. Шахтаның техникалық жетекшісі немесе оны ауыстыратын тұлға аварияны жою жөніндегі жоспарда көзделген шараларды қабылдайды.
1609. Тұрақты ұстатқыштар жасау орнату немесе уақытша ұстатқыштарды күшейту кезінде келесі шарттар сақталады:
1) ұстатқыштар жанбайтын материалдардан жасалады, ауа өткізілмеуін қамтамасыз етеді.
2) әрбір қойылған ұстатқышқа атқарушы эскиз жасалып, «Өрт сөндіру учаскелерін бақылау журналына» енгізіледі. Ұстатқыштар жүйелі түрде тексеріліп отырылады.
1610. Ауа, сынамасын алу, температурасын өлшеу және суды жіберу үшін ұстатқыштың төменгі, орта және жоғары жағынан диаметрі 35 - 100 мм газды резьбалы тығыны бар үш труба салынады.
Желдеткіш штрегіндегі ұстатқышта жерден 1,0 - 1,2 м биіктікте бір труба салынады. Ұстатқыштар, барлық учаскелерді оқшаулау жұмыстарынан кейін жабылатын лазамен жабдықталады. Лаза мөлшері 0,7 х 0,7 м – ден кем емес.
1611. Өрт сөндіру учаскесінен жүйелі түрде СО, СО, SO, О талдау үшін, жанатын көмір қышқылына ауа сынамасы және су сынамасы күкірт қышқылының болуын талдау үшін алынады. Ұстағыштардан ауа сынамасын жинау кезінде сырттан ауа соруға жол берілмейді. Жинау орнын АҚҚ келісімі бойынша шахтаның техникалық жетекшісі анықтайды.
Талдау мен басқа өлшеулер нәтижелері «Өрт сөндіру учаскелерін бақылау журналына» жазылады (осы Ереженің 27 қосымшасы).
1612. Таза ауа ағынында өрт сөндіру жұмыстарына шахта жұмыскерлері жіберіледі. Бұл жағдайда келесі қауіпсіздік шаралары қабылданады:
Өрт сөндіру жөніндегі жұмыстар, тек таза ауа ағыны жағынан жүргізіледі.
Барлық жұмыскерлердің оқшаулаушы өзін - өзі құтқару құралы болады.
Жұмыстар бақылау тұлғасының тікелей қадағалауы арқылы жүргізіледі.
Жұмыс істеу орнына жақын жерде алғашқы көмек көрсету құралдарымен ((ингаляторлар, дем беруші құралдар және тағы басқа.) жабдықталған және ауадағы көміртекқышқылының болуына жүйелі түрде сынама алуды жүргізуші тау - кен құтқарушылар бөлімшесі болады.
1613. Газдалған атмосферадағы жұмыстарды тек тау - кен құтқарушылары ғана атқарады.
1614. Өрт участогын өліп тұратын өрт ошақтары және ұстатқыштар, өңделген кеңістікті бөліп тұратын ұстатқыштардың реттік нөмірі болады және тау - кен жұмыстарының жоспарына енгізіледі.
Өрт участогын пайдалану өндірулерден бөліп тұратын ұстатқыштарды қарау - тәулік сайын, айрықша жағдайларда (газ құрамы тез өзгерген жағдайда) ауысым бір реттен кем емес жүргізіледі.
7 бөлімше. Өрт сөндірілген учаскелерді ашу
1615. Өрт сөндіру учаскелерінде қалпына келтіру немесе пайдалану жұмыстарына өрт сөндірілгеннен және оны шығынға жазғаннан кейін кірісуге болады.
Ұстатқыштармен оқшауланған сөндірілген (шығынға жазылған) өрт учаскелерін ашу үшін шахтаның техникалық жетекшісі:
1) оны ашуға дейінгі учаскені тексеру тәртібін;
2) участокты ашу тәсілін.
Ұстатқыштарды ашу кезіндегі қауіпсіздік шаралары, ұстатқыштарды қайта жабу жағдайына қажетті материалдар мен құрал - жабдықтардың қажетті қорын жасауды, ауа құрамын тексеру үшін газ анықтағыштардың болуын, алғашқы көмек көрсету құралдарының болуын, участокты желдетудің қажетті режимін қамтитын ұйымның жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Участокты ашу және оны алғаш рет желдетуді АҚҚ қызметкерлері жүргізеді.
1616. Ашылатын өрт сөндіру участогынан шығатын ағын шахтаның жалпы шығатын ағынынан тікелей бағытталады.
Шығыс ағында жану өнімдерін (СО и SO ) байқаған кезде участокты желдету тоқтатылып, ұстатқыштар жабылады.
1617. Үздіксіз 5 тәулік бойы бақылау кезінде теріс көрсеткіштер (СО, SO және тағы басқа болуы) болмаған жағдайда өрт сөндіру участоктарын қалыпты жұмыс жағдайына ауыстыруға болады.
Жұмыс өрт сөндіру учаскелерінде қалпына келітірілгеннен кейін
3 тәуліктен кем емес уақытта:
1) әрбір забойда әрбір 30 минут сайын газ анықтағыштармен ауаның құрамын тексеретін тау - кен құтқарушылар кезекшілік жасайды;
2) участоктағы барлық жұмыскерлердің оқшаулаушы өзін - өзі құтқару құралы болады;
3) ауысымда бір реттен кем емес забойдағы ауаның температурасы өлшенеді.
1618. Белсенді өртпен қамтылған учаскелер астынан кен барлау кенішінде барьерлік діңгектер қалдырылады және өңделген кеңістікті инертті жыныстармен мұқият толтыруды қолдана отырып, қазып алу жүргізіледі.
Тау - кен жұмыстарын жүргізу кезінде газ температуралық бақылау жүйелі жүргізіледі.
11 бөлім. Су және газ жарып өту қауіпсіздігінің алдын алу
1 бөлімше. Жалпы талаптар
1619. Су немесе басқа да су объектілері басып қалған шахталарда, сонымен қатар улы және жанатын газдар жиналып қалуы мүмкін өндірулерде су және газ жарып өтуі бойынша қауіпті аумақтардың шекаралары анықталады.
Су немесе сұйық саз анықталған лайланған өндірулерде су басып қалған өндірулерге теңестіріледі.
1620. Қауіпті аумақтарды уақытында анықтайтын, ескерілетін және маркшейдерлік құжаттамаға енгізілетін қауіпті аумақтың шекарасын белгілеу жобаларын шахтаның маркшейдерлік және геологиялық қызметтері жасайды.
1621. Ұйымның бас маркшейдері шахта маркшейдерінің маркшейдерлік құжаттамаға улы және жанғыш газдардың жиналуы мүмкін су басып қалған өндірулер (су айдындары) мен өнімділіктердің, қауіпті аумақтардың контурлары салынуының дұрыстығы мен толықтығын тексереді; барьерлік діңгектердің дұрыс салынуын, егер олар жобада болса, тексереді.
1622. Су басып қалған өнімділіктерден су жіберу үшін қауіпті аумақта тау - кен, бұрғылау және өнімділікті газсыздандыру жөніндегі жұмыстар ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жоба бойынша орындалады.
1623. Жобаларда өнімділікті су және газ басып қалу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік және олардан қорғау шаралары, тау - кен өнімділігін, дренажды және алдын - ала ұңғымаларын бұрғылау кезектілігі және олардың параметрлері, көзделеді; көзделген кен өнімділігінің, ұңғымалар мен ұстатқыштардың орналасу орны анықталады, тау - кен өнімділігіне газ түсу мүмкіндігі бар газ режимін сақтай отырып, су басып қалған өнімділіктерден су жіберуді және су төгу құралдарының ахуалына бақылау ұйымдастыру көзделеді.
1624. Өнімділікті су басып қалу, қорыстар мен газдарға қатысты қауіпті тау - кен учаскелеріндегі жұмыс кезінде алдын - ала барлау ұңғымаларын бұрғылау 10 м – ден кем емес тұрақты оза отырып, жүргізіледі.
Ұңғымаларды озық бұрғылау бақылау тұлғасының тікелей бақылауымен жүргізіледі.
1625. Өнімділікте суайдындарына (забойдың терлеуі, тамшылардың едәуір ұлғаюы және тағы басқа) жақындау белгілері анықталған жағдайда, өнімділікке қорыстар мен газ басып қалу, жер асты жыныстарының құлау қауіптілігі байқалған кезде жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар жүргізілгенге дейін жұмыстар тоқтатылады.
1626. Су асты тоннельдерін бұрғылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жобасында осындай ғимараттар құрылысының нақты ерекшеліктерін ескеретін қауіпсіздік шаралары әзірленеді.
Тоннельдің дайын бөлігін су басып қалу немесе грунтпен бітеліп қалуына қарсы авариялық құрылғылар, адамдарды авариялық забойдан жылдам шығару құрылғысы (құтқару мостары мен экрандар) тонельдерді өзен және су айдыны ернеуінде жүргізуге болады.
1627. Су және газ басып қалудың алдын - алуға қауіпті зонада тау - кен жұмыстарын жүргізу жөніндегі шаралармен бірге жобаларда келесі талаптар көзделеді:
Бақылау тұлғасы бекітілген жобамен барлығын қол қою арқылы таныстырады:
1) қауіпті аумақта жұмыс істейтін адамдардың барлығында өзін - өзі құтқару құралдары болады және «Нұсқаулық беру журналына» қол қою арқылы су және газ басып қалу кезіндегі қауіпсіздік шараларымен танысады;
2) су және газ басып қалу жағдайында адамдар жүретін орындар барлық ұзындығы бойынша жарықтандырылған, қолайлы және қауіпсіз, байланыс және сигнализация құралдарымен жабдықталған;
3) су басып қалу кезінде электрқондырғылары қоршалған немесе көтеріліп қойылған.
1628. Бекітілген жобада қарастырылған қауіпсіздік жұмыстары мен шараларын орындауды шахтаның техникалық жетекшісі қамтамасыз етеді.
1629. Су жіберу және улы және жанатын газдарды жою жөніндегі жұмыстар шахтаның техникалық жетекшісі тағайындаған жауапты басшының міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі.
Озық ұңғымаларды бұрғылау кезінде ұңғыманың орналасуын және бағытын, өнімділіктегі газ құрамын бақылап отыратын желдеткіш бақылау қызметкері тұрақты қатысады және «Озық бұрғылау өндірісі Журналын» жүргізеді.
1630. Су сақтағыш және су басып (қорқас, су әкелетін карстар және тағы басқалар) кеткен кен орындары белгіленген тәртіппен бекітілген жоба бойынша жүргізіледі.
1631. Су айдыны астында барьерлік немесе сақтандырушы діңгек шегінде тау - кен жұмыстары жер асты өнімділігіне тарап кетпеу үшін жер үстінде орналасқан кен орнынан тыс жерге су басып қалған өнімділіктен немесе су айдындарындағы суды жібергеннен кейін ғана жүргізіледі.
Аттестацияланған ұйымның қорытындысы болған жағдайда ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жоба бойынша су айдындарынан суды жіберместен барьерлік және сақтандырғыш діңгектерді белгілері бар жүйемен өңдеуге болады.
1632. Өнімділік забойында жанғыш және улы газдарды анықтаған кезде оларды газохиманализатор көмегімен ауысымда 3 реттен кем емес экспресс - әдіспен және АҚҚ қызметкерлерінің химиялық талдау үшін айына екі реттен кем емес сынама алуы арқылы өлшеу жүргізіледі.
1633. Бақылаушы бұрғылау ұңғымасынан басқа, барлық бұрғылау ұңғымалар және қиылысатын су сақтағыш горизонттар тампондалады.
Бұрғылау жұмыстарын жүргізетін ұйымдар барлық бұрғылау ұңғымаларының сағаларын, забойлар және өнімдіктер мен кендер қиылысының орналасуын топографиялық жоспарлар мен координаталар катологтарында геологиялық есеп жасайды. Геологиялық есептің бір данасы шахталарға оларға қатысты геологобарлау мәліметтерді хабарлауға міндетті ұйымда сақталады.
1634. Қолданыстағы тау - кен өнімділігін су, лай немесе пульпа басып қалу қауіптілігінде шахта құрылысы және оларды пайдалану кезінде баған маңындағы аулалар мен бас су құю құрылғылары судың, лай және пульпаның барынша жоғары қысымына есептелген ұстағыштармен қоршалады.
1635. Су өткізбейтін ұстағыштар салу кезінде келесі шарттар орындалады:
1) жұмыстар шахтаның техникалық жетекшісі бекіткен жоба бойынша жүргізіледі;
2) ұстағыштар орнатылатын өнімділік учаскелерінде орнату пунктінен екі жаққа қарай 15 м – ден кем емес ұзындықта жарылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды. Мықты жыныстарда жарылыс жұмыстарын жүргізуге болады;
3) ұстағыштарды қойғаннан кейін судың күтілетін барынша жоғары қысымынан 10 % - тен кем емес артық қысыммен контактілі аумақтың тампонажы жасалады;
4) ұстағыш су өткізбейтін және тот баспайтын материалдан жасалады.
Әрбір су өткізбейтін ұстағышта өнімділік қимасының жоғары жартысында орналасқан диаметрі 600 мм – ден кем емес лаз орнатылады.
1636. Бір кен орнында орналасқан бір шахта немесе шахталар тобы басқа шахталар үшін су басып қалу және газдануы мүмкін қаупін туғызса, шахталық өріс шекарасында мөлшері ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жобамен анықталатын барьерлік діңгектер қойылады.
1637. Тіке және еңкіш бағандар, шурфтар, штолендер ауыздары олар бойынша тау - кен орындарына жер үстіндегі сулар кірмейтіндей болып орнатылады. Қолданыстағы тау - кен орындарымен байланысы бар өшірілген тау - кен орындарының ауыздары жер үстіндегі сулармен басып қалу мүмкіндігі болғанда өшірілген кен орындары арқылы қолданыстағы кен орындарына су бару мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылданады.
1638. Тау - кен барлауларының әсерінен пайда болған бұзылулар, жер бетінің түсіп кетуі және жарықтар жауын - шашын сулары мен тасқын сулардың бармауын қамтамасыз ететін және олардың кен орындарына бармауының алдын алатын суды бұратын арналарымен қоршалады.
1639. Өзендер мен басқа да су айдындарын дайындау осы бассейн немесе кен орны бойынша кен орындарының зиянды әсерінен ғимараттарды қорғау жөніндегі ережелерге және нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.
1640. Су басып қалған тіке және еңкіш кен орындарынан суды шығару кезінде осы кен орындарындағы желдетілмейтін бөлігіндегі су айнасынан жоғары атмосфера ауалы тексеріледі. ВГСЧ қызметкерлері алған ауа сынамасы СО, СО , СН , H S, O и Н болуы тексеріледі.
1641. Жанатын және улы газдар жылдам шығатын шахталарда ұйымның техникалық жетекшісі тау - кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар әзірлейді және бекітеді.
Бұл шахталарда шахтаның техникалық жетекшісі бекіткен үлгі бойынша журнал жүргізіледі. Ол журналға жазылады:
1) газ бөлінуіне себеп болған белгілері көрсете отырып, газ бөлінудің барлық жағдайлары туралы толық техникалық мәліметтер;
2) пласттар мен кендердің (тастаулар, қозғалыстар, қысылып қалу және тағы басқалар) жату элементтерінің барлық бұзулары;
3) пайдалы қабалар мен жыныстардың құрылымы мен тіреуіштерінің жылдам бұзылуы.
Журналға жүйелі түрде толтырылып отыратын кен орындарының геологиялық разрезі мен жоспары және 1:2000 масштабта жасалған кен жұмыстарының жоспарлары қоса тіркеледі. Жоспарда барлық геологиялық бұзушылықтар, көршілес пластарды алу контуры, газ бөлінетін орындар, құрылымы бұзылған және тіреуіші әлсіз пласттар аумағы белгіленді.
2 бөлімше. Су төкпе
1642. Жер асты ғимараттарының әрбір объектісі үшін жобада су төккіш құралдар мен тәсілдер қарастырылады.
Жер асты кен орындарынан механикалық су шығару кезінде бас және учаскелік су төккіш құрылғылар көзделеді.
1643. Насос станцияларының агрегаттары тоннельдерде немесе мөлшері мен орналасуы жобамен анықталатын арнайы кен орындарында орнатылады. Насос камераларының едені су төккіш жолдардан 0,5 м – ден кем емес деңгейден жоғары орнатылады.
Насос құрылғысын 100 м 3 / сағ дейін берген кезде және камерада үш насос болғанда насостарды едендері су төккіш жолдар деңгейінде орната отырып, биіктігі 0,5 м – ден кем емес биік фундаменттерде орнатуға болады.
Жекелеген жағдайларда тереңдетілген (баған маңындағы аула деңгейінен төмен) типтегі су төккіш камералар құрылысын камераларды су басып қалуды болдырмайтын шараларды әзірлеген жағдайда жүргізуге болады.
Агрегаттар тоннельдерде орналасқан жағдайда су жинағыштар мен насостықтар қоршалады.
1644. Бас және учаскелік су төккіш құрылғыларда екі немесе одан артық кен орыны бар су жинағыштар болады.
Бас су төккіштің су жинағыштар сыйымдылығы 4 сағаттан кем емес қалыпты су ағынына, ал учаскелік 2 сағаттық су ағынына есептеледі.
Дренажды шахтаның су төккіш су жинағыш құрылғылары 2 сағаттық су ағынына есептеледі.
1645. Бас су төккіш насостық камерасы насос камерасының еденінен бағанға 7 м төмен емес биіктікке шығарылатын шахта бағанының ходоктарымен және герметикалық жабылатын баған маңындағы ауламен – ходокпен қосылады.
Су жинағыштар жиі - жиі тазартылып тұрады. Су жинағыштардың оның көлемінен 30 % артық ластануына жол берілмейді.
1646. Су ағыны 50 м/с артық болатын шахталардың бас су төккіш қондырғылары үштен кем емес агрегаттармен жабдықталады. Су ағыны бір насос агрегатының өнімділігінен артық болатын шахталар үшін резервті және жөндеу агрегаттарының саны 15 - кестеде берілген мәліметтерге сәйкес қабылданады.
15 – кесте
Насос агрегаттарының жалпы саны
|
Соның ішінде
|
|
Жұмыста
|
Резервте
|
Жөндеуде
|
4
|
2
|
1
|
1
|
5
|
3
|
1
|
1
|
7
|
4
|
2
|
1
|
8
|
5
|
2
|
1
|
9
|
6
|
2
|
1
|
11
|
7
|
3
|
1
|
1647. Жұмыс істейтін су төккіш қондырғылар өнімділігі 20 сағаттан артық тәуліктік қалыпты ағынды айдап шығаруды қамтамасыз етеді. Бағандарды бұрғылау кезінде насостар мен олардың өнімділігі жобада анықталады.
1648. Бас су төккіш қондырғылар екіден кем емес су төккіш қондырғылар труба құбырларымен, олардың біреуі резервте болатын жабдықталады.
Жұмыс істейтін трубақұбырлары насос құрылғысының толық өнімділігіне есептеледі.
1649. Насосты камерадағы айдамалы трубақұбырлар сақиналанады және насосты агрегаттарды кез - келген трубақұбырларға ауыстыруға мүмкіндік беретін бұрандалармен қамтамасыз етіледі.
1650. Су төккіш қондырғыларды тағайындалған тұлғалар тәулігіне бір реттен кем емес қарайды. Бас су төккіш қондырғыларды шахтаның немесе учаскенің бас механигі аптасына бір рет қарайды. Тексеру нәтижесі «Су төккіш қондырғылар қарау журналында» жазылады (28 қосымшасы).
1651. Әрбір шахтада 6 айдан кейін жүйелі түрде шахтаға су ағынының келу және оның толық химиялық талдауы жүргізіледі. Көрсетілегн өлшеулердің біреуі күшейтілген ағын кезінде алынады, ал екіншісі қалыпты ағын кезінде алынады.
1652. Кен жұмыстарын депрессиялық түтікшеден төмен жүргізуге болмайды. Жекелеген жағдайларда өкілетті органмен келісілген қауіпсіздік шараларында көзделген арнайы жобамен жүргізіледі.
1653. Кен орындары забойларындағы су қосымша насос қондырғыларының су жинағыштарына арналар, су ағызатын науалар немесе трубалар арқылы өткізіледі. Бұл су төккіш қондырғылар үшін бір ағынды трубақұбырлардың болуы жеткілікті.
1654. Насос станциясының ғимаратында бұрандалар мен электрмен қамтамасыз ету сызбасы көрсетілген трубақұбырлар сызбасы ілінеді.
1655. Су ағынына қарамастан бағандарды бұрғылау кезінде бағанға жақын жер бетінде резервті насостың міндетті түрде болу шартында бір ілмелі насосты пайдалануға болады. Бұл су төккіш қондырғылар үшін бір ағынды трубақұбырлардың болуы жеткілікті.
1656. Шахта бағандарының зумпфаларын тазарту немесе онда басқа да жұмыстар жасау кезінде баған бойынша көтеруші ыдыстардың қозғалысы толық тоқтатылады, ал зумпфадағы жұмыс істеушілер жоғарыдан заттардың түсуінен қорғалады.
Кен орнының табанын су басып қалуға болмайды.
12 бөлім. Өндірістік санитария
1 бөлімше. Жалпы талаптар
1657. Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлаудың, қолданыстағы шахталарды немесе горизонттарды реконструкциялау әрбір жобасы, адамдарға зиянды факторлардың әсер етуінің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін көздейтін тарауы болады.
Блоктарды, лаваларды және басқа да тазарту забойларын жобалау кезінде жобада сумен қамтамасыз ету сызбалары, шаңмен күресу қондырғыларын орналастыру, шаңды басу құралдарының міндетті тізімі және олардың жұмыс істеу режимі қарастырылады.
1658. Құрылысқа арналған учаскелерде жерді, жер асты сулары мен ауаны зиянды химиялық және биологиялық заттардың болуына, зерттеу жұмыстары жүргізіледі, иондалған және иондалмаған шағылыстар (электромагнитті өрістер) деңгейі анықталады.
1659. Құрылыс алаңдарындағы санитарлық - қорғаныс аумақтардың мөлшерлері санитарлық нормаларға сәйкес есептеледі және 100 кем емс болады. Бұл талаптарды орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының санэпидқадағалау органдарымен келісілген профилактикалық шаралар кешені әзірленеді.
1660. Құрылыс алаңдарында, оларға баратын жолдарда және жер асты кен орындарында қолданылатын қондырғылар мен механизмдер, егер олар санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеушілерге, селитебикалық аумаққа зиянды химиялық, физикалық және биологиялық әсер ету көзі болып табылса қолдануға жіберілмейді.
1661. Құрылыс материалдары сәйкестік сертификаты бойынша қолданылады.
1662. Құрылыс алаңдарындағы және жер асты кен орындарындағы жұмыс аумағындағы ауадағы зиянды заттардың шектік жіберілетін концентрациясы (әрі қарай - ШЖК) гигиеналық нормалардан аспайды.
1663. Зиянды факторлардан қорғау шаралар кешенімен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланатын шахталарды, горизонттарды, лавалар мен блоктарды (камералар) пайдалануға жіберуге болмайды.
1664. Барлық қолданыстағы және салынып жатқан шахталардың шаң желдеткіш қызметтері мен адамдарды денсаулыққа зиянды факторлардан қорғау жөніндегі шаралар жосрпары болады.
Қолданыстағы және салынып жатқан шахталарда шаң жиналу орындарында шаңның болуы шектік жіберілетін концентрациядан жоғары болмайды.
1665. Шахта бағаны мен баған маңындағы аулады кен орындарына берілетін ауаға шаң түсу мүмкіндігі болмайды. Шахтаға және жұмыс орындарына санитарлық нормамен белгіленген 30 % - дан артық шаңы бары ауаны беруге болмайды. Шахтаға және жұмыс орнынан берілетін ауадағы шаңның шектік мөлшері көп болған жағдайда ол алдын - ала тазартылады.
Жаңадан жобаланатын кен орындарында скипті көтерумен, аударылмалы клеттермен және конвейерлері бар еңкіш бағандармен жабдықталған бағандар бойынша ауа беруді қарастыруға болмайды.
1666. Тазарту кен орындарына руданы жіберу және руда жіберу түтікшелері бойынша ауа беруге болмайды.
1667. Жұмыс барысында шаң шығаратын, шу және вибрация шығаратын тау - кен машиналары мен механизмдерін санитарлық нормалармен белгіленген шектік жіберілетін концентрация мен деңгейге дейін шаңдану, шу және вибрацияның төмендеуін қамтамасыз ететін шараларды іске асырғанға дейін пайдалануға жіберуге болмайды.
1668. Әрбір шахтада шаңмен күресуге арналған сумен қамтамасыз етуші су трубақұбырлары салынады. Санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша шахта суларын алдын - ала механикалық қоспалардан тазарту, бактериологиялық ластануды жою және нейтралдау үшін хлорлау шартында шаңмен күресу үшін пайдалануға болады.
Негізгі тасып шығарушы кен орындарының қабырғалары мен төбелерін мерзімді ақтап отырылады.
1669. Шпурлар мен ұңғымаларды жумай немесе шектік жіберілетін концентрацияға дейінгі ауаның шаңдануын төмендеуін қамтамасз ететін шаңды басу және аулауға арналған сенімді құралдарды қолданбай бұрғылау жүргізуге болмайды.
2 бөлімше. Кәсіптік аурулардың алдын алу
1670. Шаң пайда болатын жұмыстарда шаңмен күресудің басқа құраладары болмаған жағдайда өкілетті органмен санитарлық қадағалау органының келісімі бойынша шаңға қарсы респираторларды қолдануға болады.
Шаңға қарсы респираторлар қолданылатын шахталарда респираторларды сақтау, тексеру және жөндеуге арналған ғимарттармен жабдықталады. Респираторларды тексеру күн сайын, ай сайын жүргізіледі. Олардың дұрыстығы шаң желдету қызметінің бастығы тексереді, тексеріс нәтижесі актімен рәсімделеді.
1671. Жұмыс өндірісі кезінде шаң шығару орындарында шаңдануын тексеруге арналған ауа сынамасы келесі мерзімдерде алынады: силикоқауіпті забойларда – тоқсанына екі реттен жиі емес, басқа забойлар мен шаңдану орындарында тоқсанына бір рет.
Барлық шахталарды «Ауаның шаңдану сынамасы талдауының нәтижелерін тіркеу арнайы журналы жүргізіледі.
Силикозқауіпті тазарту забойларында шаңдануды талдау үшін ана сынамасы айына бір рет алынады.
Шаңдану талдауына ауа сынамасын алу орындарды шаң желдету қызметіні бастығы белгілейлі және шахтаның техникалық жетекшісі бекітеді. Сынама алуды КСРО Мемтаутехқадағалау бекіткен 13.11.79 «Тау - кен кәсіпорындары мен рудасыз кәсіпорындарда шаңның болуын бақылау жөнінлегі Нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
1672. Ашық ауада, қатып қалған топырақта және жылытылмайтын ғимараттарда жұмыс істейтіндер үшін жарылыс жұмыстары кезінде қауіпті аумақтан тыс жұмыс учаскесінен 75 м – ден артық емес орналасқан, ауа температурасы 22 – 24 ° С, ауа – райының қолайсыздығынан жылыну және тығылу арналған жасақталған демалыс пунктері жабдықталады.
Ғимарттардағы жұмыс орындарында қолданыстағы санитарлық ережелер талаптарына сәйкес микроклимат параметрлері қамтамасыз етіледі.
1673. Әрбір құрылыс алаңдарында қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес жабдықталған жұмыс орнынан 100 м қашық емес ерлер мен әйелдерге бөлек арналған жылы жарықтандырылған әжетхана бөлмелері көзделеді.
1674. Барлық өндірістік және тұрмыстық ағындар (орталықтандырылған кәріздер болмаған жағдайда) тазартылады және зарарсыздандырылады. Жер асты кен орындарының су ағызу жүйелері қалалық нөсерлік кәріздерге тасталатын суларды шығарар алдында уақытша тазарту ғимарттарымен жабдықталады. Тасталатын суларды тазарту деңгейін санитарлық нормалар талаптарына сәйкес келеді.
1675. Жер мен топырақтардағы зиянды химиялық заттардың, микроорганизмдер мен гельминттердің болуы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ШЖК және болжамды жіберілетін саннан (әрі - қарай БЖС) артық болуына жол берілмейді.
1676. Радиациялық қауіпсіздік қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес радиациялық – экологиялық жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
1677. Иондалған шағылысу мен радонның жіберілетін деңгейі 17 - кестеде берілген.
17 – кесте
Физикалық шамасы
|
Өлшем бірлігі
|
Орны және объектілер
|
Жіберілетін деңгейін, артық емес
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Сыртқы гамма-шағылысудың эквивалентті қуаттылығы
|
мк З в / с
|
Жер бетінен 0,1 м деңгейде және жақын ғимарттан 30 м кем емес орында участоктың ашылуы
Өндірістік және тұрмыстық ғимараттар ішінде
|
Ғимарттың орналасу аумағында 0,3 қуаттылықтан артық емес
|
Меншікті тиімді белсенділік (Аэф)
|
бк / кг
|
Құрылыс салу учаскесінің топырағы, ғимарат фундаментінің төменгі деңгейінен қазандық, тоннель түбі деңгейінен 6м кем емес тереңдікте жер
|
370
|
|
|
Жер асты ғимараттарына арналған құрылс материалдары
|
370
|
|
|
Сыртқы жұмыстарға арналған құрылыс материалдары
|
740
|
Эквивалентті тепе - теңдіктегі радон мен торонның көлемді белсенділігі, орташа жылдық (A_Rn.экв)
|
бк / м 3
|
Өндірістік және тұрмыстық ғимараттар ішінде
|
100
|
Ауданына байланысты орташа өлшенген радон ағынының тығыздығы (Q)
|
МБк / (м 2 c)
|
Жер, топырақ беті
|
80
|
1678. Барлық техникалық құрылғылар мен техникалық жүйелер оларды орнату алдында радиологиялық бақылаудан өтеді.
Техникалық құрылғының кез - келген қол жетімді жерінен 0,1 м қашықтықта 1,0 мк Зв / с артық сыртқы гамма - шағылысудың эквивалентті қуаттылығы кезінде немесе 5 кэВ артық максимальды шағылысу кезінде қолданыстағы санитарлық талаптарға сәйкес оларды пайдалану мүмкіндігі туралы мәселе қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: |