Жетписбаев батыр адамович


§. 5. “Есім ханның ескі жолы”



Pdf көрінісі
бет15/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
235556 (1)

§. 5. “Есім ханның ескі жолы”
 
XVII ғасырдың басында алғашқы ширегіндегі мемлекет жəне құқық туралы түсініктерідің дені
“Есім ханның ескі жолы” атты ережелермен байланысты. Қазақ шежіресі Есім ханның (1598-1630-
шы жж.) қызметіне жоғары баға береді. XVIII ғасырда өмір сүрген əйгілі Бұқар жырау Абылай
ханға “Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кешегі Еңсегей бойлы Ер Есімді де білемін. Сен оның 
бір түстігіне жарамайсың” деп айтуында да Есім ханға деген үлкен хошемет сезіледі. Ер Есім 
туралы, оның заманында жаңа жүйеге түскен заң ережелері туралы Қазанғап Байболұлы, М.-
Ж.Көпейұлы, Қ.Халид сияқты қазақ шежірешілері баяндайды (45; 78; 81). Құрбанғали Халид өз 
шежіресінде “Есім хан ұзын бойлы, денелі кісі болған соң “Еңсегей бойлы Ер Есім” деп 
дəріптеледі екен. Орыс ханның қызыл туы осының қолында қалған” деп жазады (81, б. 103). Қазақ 
хандарының бабасы Орыс хан Дəшті Қыпшақ, оның ішінде Ақ Орда дəулетіне билігі тұтас жүрген
ірі хан болған. Алтын Орданың астан-кестені шығып жатқан уақытта өмір сүрген Орыс хан Ақсақ
Темірді сахараға жолатпай, шекараны мығым ұстап отырғаны да, Алтын орданың туын 
құлатпаймын деп Сарай шаруасына да араласқаны белгілі. 
Орыс ханның қызыл туына Есім ағасы Тəуекел хан Бұқара қаласы түбінде өзбекпен соғыста
жараланып, Ташкентте қайтыс болғаннан кейін ие болды. Самарқанд ол кезде Есім билігінде еді. 
Есім ханның ерліктері жөнінде М.-Ж.Көпейұлы былай жазады: “Тəуекелден соң Еңсегей бойлы Ер 
Есім хан болды. Өзі Түркістанда тұрып, Тəшкентке Тұрсын ханды ие қылып қояды. Сол күнде 
Иманқұл деген өзбекке хан болып, Бұқараны билеп, Еңсегей бойлы Ер Есіммен үш рет соғысып, 
Түркістан, Тəшкентті ала алмай, жеңіліп қала берген” (45, б.9). 
Қазақ шежіресінде Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы бақталастық, Тұрсын ханның Есім хан 
жорыққа кеткен кезде Түркістанды алуы Есім ханның Тəшкентті шауып, Тұрсынды өлтіруі т.б. 
əңгімелер жақсы баяндалады. Оның негізгі себебі Қазақ хандығының этносаяси құрылымындағы
тарихи жарықшақ деп есептеуге болады. Қадырғали Жалаиридің шежіресіне қарағанда Орыс хан
заманында “алаш мыңы” атанған өзбек қауымы үш ұлыс алаш, екі ұлыс қатаған болып екіге 
бөлінген. Тоқсан екі рулы (баулы) өзбек қауымы ыдыраған уақытта үш ұлыс алаш елі қазақ
халқының негізін салды, олармен сыртқы одақтас қатаған ұлыстары Тəшкент маңында келте
хандық (бағынышты) құрды. Біздің пікірімізше Есім мен Тұрсын арасындағы жанжалдың басты
себептерінің бірі осы. 
Мемлекеттің ішкі мəселелері асқындап кетуі Есім ханды белгілі дəрежеде саяси өзгерістер
жасауға жетеледі. “Тұрсынмен соғысып, Қатағанды қырып, хан Тұрсынды өлтіріп” деген сияқты 
билікті орнықтыру үшін қатаң шараларға баруы да түсінікті. Билікті күшейтудің екінші жолы 
мемлекеттің құқықтық негізін бекіту екенін жақсы түсінген Есім хан əдет-ғұрып (Жарғы) 
заңдарына қатал ережелер енгізіп, бейтарап ережелерді азайтуға кіріскен болса керек. Осылай 
“Есім ханның ескі жолы” аталатын жаңа заңдар өмірге келді. Шəкəрім Құдайбердіұлы 
шежіресінде айтылатын: “Жоғарғы Тəуекел ханның орнына баласы (інісі – Ж.А.) Есім хан болды. 
Қазақтың “Еңсегей бойлы Ер Есім” дейтұғын ханы осы жəне жоғарыдағы Қасым ханнан қалған
қазақтың жолын түзеп “Есім ханның ескі жолы” атандырған осы еді…” (44, б.31). 
Біздің пікірімізше бір жағы сыртқы жаугершіліктің күшейуі (қалмақ тарапынан, өзбек жағынан, 
Сібір өлкесіне қол созған орыстан) оның үстіне ішкі талас-тартыс, сепаратизм Қасым 
заманындағы билік институттарын жаугершілікке бейімдеу арқылы мемлекет униталық нышандар
ала бастады. Бұл саясат ру басылары тарапынан қарсылыққа ұшырағанын, хан саясатына көңілі 
толмаған кейбір басы асау ел басыларының жүген-қурықты ала қашқанын аңғарамыз. Мəселен 
Жиембет Бортоғашұлының Есімге арналған наз толғауы осыны көрсетеді: 
Еңсегей бойлы Ер Есім, 
Есім, сені есірткен 
Есіл менің кеңесім.


Ес білгеннен Есім хан 
Қолына болдым сүйесін 
Қолтығыңа болдым демесін ! 
………………………………….. 
Қайратым қанша қайтса да, 
Мұныңа, ханым, шыдаман. 
Арқаға қарай көшермін, 
Алашыма ұран десермін 
Ат құйрығын кесермін, 
Ат сауырысын беремін. 
Алыста дəурен сүрермін, 
Қарамасаң, ханым, қарама, 
Сенсіз де күнімді көрермін (65, б. 93). 
Академик Ə.Марғұлан да өзінің “Еңсегей бойлы Ер Есімге” арналған мақаласында ол заманда 
жаугершіліктің көп болғанын, “Есім хан өз хандығының шығыс жəне солтүстік-шығыс 
шептерінде ойрат-қалмақ шапқыншылығына қарсы тойтарыс беру үшін, көбіне жорықтарда 
жүргенін” ескертеді. 
Жошы əулетінен шыққан хандар ішінде 40 жыл тұтас хандық құрған деп дəріптелетін Есім хан өз
заманында көптеген жол-жоба, кəде-қауымет заңдарын шығарған, бірақ олар “Қасым ханның 
қасқа жолы” сияқты қалыптасқан билік-құқық жүйесін өзгерту емес, қайта жаңғыртуға 
бағытталған істер болды. Мемлекет негізін нығайту, қоғамда төрелердің орны мен белсенділігін 
күшейту, ішкі сепаратизмді болғызбау, жалпы Шыңғыс хаңға баратын “Жасақ” пен “Жазаны” 
күшейту Есім мақсаты болды. Сол себептен оның заманында елге танымал тəртіп “Есім ханның 
ескі жолы” атанды. 
Қазақ ғалымдарының арасында XVI-XVII ғғ. “жолдардың” мемлекеттік тəртіпті күшейтуге 
негізделгені басым айтылады. З.Ж.Кенжалиевтің пікірінше “жолдар-көшпелі қоғамдағы орталық 
мемлекеттік биліктің жеке-дара дербестенуінің бір көрінісі, оның қалыптасқан құқықтық 
мəдениетті жаугершілік, əскери заманға сай бейімдеп пайдалануға талпыныс жасауының
нышаны” (38, б. 76). Біз жоғарыда осы мəселеге байланысты бірсыпыра түсінік бердік деп
есептейміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет