Жошы хан алдыңғы əскермен Сұлтан Мұхаммед əскеріне қарсы шабуыл жасап, тушыға дейін
жетіп, Сұлтан Мұхаммедтің қалқанын үш рет шапты. Шах əскері шегінуге жақын еді…” (62).
Хорезм шахтың жүрегіне мəңгі жазылмас үрей Салып кеткен соғыс осылай көзсіз ерліктің
арқасында болған еді. Тəуелсіздікті аңсаған елге мемлекет құру үшін де
ел намысы деп басын
өлімге қиятын ерлер қажет болады. Евразия тарихына “Жошы ұлысы”, немесе Алтын Орда деген
атақпен енген ұлыс та ерлік жолын түтынған азаматтардың қажыр-қайратымен құрылды. Қазақ
сахарасында өмірге келген бұл ірі мемлекеттік құрылым осы кезеңде дейін қордаланған əдет-
ғұрып заңдарына, одан қалды соның құнарлы бөлігі жинақталған “Жасаққа” сүйенді.
Алтын Орда хандарының жанынан қара сүйек ішінен шыққан ірі жыраулар мен билерді көреміз.
Олардың ішінде Əз Жəнібек ханның ақылшысы Асан қайғы, Тоқтамыспен ренжісетін Едіге би т.б.
бар. Шығыс тұқымының билігі əлсіреген тұста қара сүйектен шыққан ел билеушілерінің
күшейгенін Қият Мамай, Теңіз Бұқа, Исатай, Жыр Құтлы т.б. мысалынан көреміз. Осылардың
ішінде қазақ əдет-ғұрып заңдарының одан əрі даму процесіне тікелей ықпал еткен Едіге би (Ел
қамын жеген Едіге) бар.
Едіге тек Ноғай Ордасының
негізін салған ел басшысы емес, ол көшпелілердің құқықтық
көзқарасын əрі қарай дамытқан заңгері. Қазақ аңыздары Едіге жас күнінде-ақ билік айта бастапты
– мыс дейді. Сол биліктердің бір мысалы: “Күндердің күнінде екі кісі келе жатыр еді. Қой бағып
жүрген балаларды көрді. Едіге балаларға айтты: “Өздеріңіз сəлем бермеңіз, егер сəлем берсе
алыңыз. Сəлем бермейсіндер деп сөксе жауабын мен берейін” – дейді. Екі кісі келді. Балалар
сəлем бермеді. Балалар неге сəлем бермедіңдер” деді.
Едіге “бастан өздерің неге сəлем бермейсіңдер?” деді. Екі кісі айтты: “Біз үлкен бе, жоқ сендер
үлкен бе?”. Едіге айтты: “Біз үлкен”. Екі кісі: “Сендер қалай үлкен боласыңдар ?” -деді. “Егер мен
тоқсан баланың жасын санап салсам сонда біз үлкен болмаймыз ба ?” - деді Едіге. Екі кісі сөзден
жығылды да “бағанағы дауымызды осыған салайық” деді.
-“Ей бала, даулы болып Тоқтамыс ханға бара жатыр едік, енді дауымызды саған салғалы тұрмыз.
Бітіресің бе ?”-деді. “Егер құдай аузыма салса бітіремін” деді.
-Олай болса мынау – Алшын атасы Көкжалды мерген. Мен Кеңестің үлы Кенжанбаймын. Еділ
мен Жайық менікі еді. Онан қашқан қоян да менікі еді. Жайықтың жағасында, Ақкөлдің сағасында
жатқан ақ қоянды көрдім де, атайын деп мылтығыма кеттім. Мен мылтығымды алып келгенше
Көкжалды атып алыпты. Осының төресін беріңіз” деді. “Сен қай жерден аттың?” деп
Көкжалдыдан сұрады. Ол қанша жерден атқан мөлшерін көрсетті. “Егер бір төре берсем, екеуіңіз
де көнесіздер бе?” деді. Екеуі де “көнеміз” деді. Баланың төресі қоянды алып бір балаға
құшақтатты да Кеңестің Кенжанбайына айтты:
- Балаға тигізбестен атқан жерден ат, егер балаға тигізсең – құнын бер, оқ далаға кетсе – қояннан
бейдамақ бол, тигізсең – қоян сенікі болады” деді. “Бұл төреге көнбеймін. Тоқтамыс ханға
барамын” деп Кенжанбай ашуланды. Қайтып келді. “Ұстат балаңа, атамын” деді. Балаға
дарытпастан қоянның қалаған жерінен тигізді. Едіге: “Ендеше бұрын көрген қоян сенікі” деді.
Көкжалды: “бұл төреңе көнбеймін” – деп ашуланады. Екеуі Тоқтамыс ханға барысты. Хан
алдында Кенжанбай: “бір төре болып еді” деді. Тоқтамыс хан “қандай төре” деп сұрады.
Кенжанбай баланың берген төресін айтты. Сонда Тоқтамыс хан: “Сол баланың төресі – төре, біз
ондай төре алмаспыз да” – деді (24, б.751-753). Едіге бидің мемлекет қайраткері ретінде қызметі
осы билігінен кейін басталады. Қазақ заманында Едіге айтқан билік шешімдер үлгі (прецедент)
ретінде қолданылғаны қазақтың ауыз əдебиетінен белгілі.