дауысты Казбек-арғын, каракесек); 3) в Младшей - Айтике (алим, торт-кара, внук знаменитого
Джалантос-батыра Самаркандского); 4) у кыргызов-Кокым – бия Карашорина; 5) у
каракалпаков – Саск-бия; 6) у катаган, джайма и других мелких родов - имя бия неизвестно.
Далее отдельные роды, отделения, полколения управлялись своими биями. Ежегодно, осенью бии
на 1-2 месяца собирались у ставки Тауке, “Ханабад” на холму “Куль-тобе” на левом берегу реки
Ангрен в 40 верстах на юг от Ташкента. В памяти народной собрания эти сохранились в
выражении: “Куль-тобенің басында күнде кеңес”, т.е. “на Куль-тобе собрания происходят
ежедневно”. Эти собрания носили характер и законодательный и судебный. Законодательные
изречения, названные “Джеты-Джарга” были основаны на принципах правосознания,
вытекающего из условий общежития кочевых родов…Большая часть дел решались биями
единолично, но в важнейших случаях, не желая брать на себя ответственность за правильность
решения, бии представляли свои предложения на одобрение собрания на Куль-Тобе” (80, б. 162).
М.Тынышпаевтың келтірген мəліметтері мен пайымдаулары əлі де толықтыра түсуді, зерттеуді
қажет етеді. “Жеті жарғыға” кірген жарғыш билердің аты-жөні,
ата-тегі, олардың ішіндегі жол
тəртібі, жалпы “Жеті жарғы” жұмысын ұйымдастыру ісі, жоғары кеңеске ханның қатысы, оның
əсері т.б. мəселелер аса қызықты да, керекті деп есептейміз.
XVII ғасырдың 80-ші жылдары “Жеті жарғыны” қауырыт шаруа, қалың жаугершіліктің арсынан
көреміз.Алдымен Қазақ хандығы қалмақтың үстемелеген соққысының астында қалды. Галдан
Бошогту əскері 1681 жылы Сайрамды алғашқы рет қоршады. Бір жыл айналмай жатып 1683,
доңыз жылы,
Бошогту Сайрамды қайта шауып, қазақтың екі сұлтанын тұтқынға алып, үлкен
олжамен қайтты. Сол жылы күзде Орта Азияны (Əндіжан) тағы да шауып көп елді тоздырып
жіберді. “Зая-пандита өмірбаянында” бұл оқиғалардың жалғасы былай суреттелген: “В году мыши
(1684) он (Галдан Бошогту) разграбил (улус) Чукура, а также ходил походом на Андижиян. Когда
он возвращался, то в (местности) Кокурин Шили разразилась буря. …Летом (Цеван) Рабдан
(Галданның немере інісі – Ж.А.) выступив (в поход) разрушил Сайрам. Осенью года коровы (1685)
(Бошогту) хан, отправившись в
поход против Андижияна, возвратился, захватив в плен многих
беков” (64, б. 116).
Бұл жаугершілік 1684 жылғы Бертіс хан, Тайкелтір би, Қазыбек би
елшілігімен тиянақталған
уақытта Тəшкент маңындағы қытай-қыпшақтармен соғыс басталды. Əз Тəуке ханды осы кезде
қалың əскердің басында қытай-қыпшақтармен, жалпы өзбекпен жаугершілік ішінен көреміз.
Осыған байланысты 1687-1688 жылдары Бұқар ханы Субханқули ханмен келіссөз жүргізіліп,
Бұқар ханының сенімді адамы Хошеке –аталық Түркістанға келді. Бұл оқиғалардың бəрі де
мемлекет билігін күшейту қажеттілігін аса өзекті тақырыпқа айналдырды. Бейбіт уақытта өз
бетімен кететін көшпелі елдің басшыларының “Күл төбеде күнде кеңес жасап”, Əз Тəуке ханның
“Жеті жарғысында” билік айтып, ханның дəрегейіне бағынып тұруын осылай түсіндіреміз.
Осы кезеңдегі ірі мəслихаттардың бірі 1710 жылғы Қарақұм (Арал Қарақұмы) кеңесі. Қарақұм
Ұлытаудан батысқа қарай орналасқан қысқы қонысқа өте жайлы жер. Ол
кезде Қарақұмның
солтүстік бұйраттары Ақсақал Барбы көліне ұштасады, Су аяғы құрдым да осы жерде. Ырғыз,
Торғай, Өлкейек т.б. даланың сан жетпейтін ұсақ өзендері құятын осы аса үлкен көл ХҮІІІ
ғасырдың басында дариядай шалқып жататын еді.
Қазақ аңыздарында үш жүздің игі жақсылары қатысқан бұл ұлы кеңесте таңдамалы тоқсан би сөз
сөйледі делінеді. Олардың сөзінің арқауы мемлекеттің тағдыры, болашаққа тон пішу, зандарын
реттеу, əскерін дайындау, сыртқы елдермен бəтуаға келу, не жаугершілікті діттеу, жазғы жайлымы
мен
қысқы қонысын ақылға салу, елдің ымырасын бекіту. Евразия көшпелілері тарих
сахнасындағы үстем орынын отырықшыларға берген уақыт еді. Батыстан қаһарын төккен Ресей,
Шығыстан амалдап, айлалап жылжыған Қытай, олардың артында мұз темірге құрсанған, қару-
жарағын оқтаған басқа да елдер. Бұрынғы заманда “қыл құйрық” деп ұрандап Европаның төсіне
атпен шауып баратын,
Қытайды төменшіктетіп, тізе бүктіріп қоятын қайрат көшпелілерде
қалмаған. Сахарада көшпелілерден қалған екі ел қазақ пен қалмақтың қасқардай алысқан заманы
туды. Не өлім, не өмір, басқа сұрақ жоқ еді.