Жетписбаев батыр адамович


§. 6. Əз-Тəукенің “Жеті жарғысы”



Pdf көрінісі
бет16/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
235556 (1)

§. 6. Əз-Тəукенің “Жеті жарғысы”
 
Есім ханнан кейін Қазақ хандығы тағы да ұзақ дағдарысқа түскені тарихи деректерден белгілі. 
1630-шы жылдардан бастап қазақ жерінің солтүстік-шығыс алқабы тұтас ойрат тайпаларының 
қолына көшті. Дүрбен-ойрат аталатын қалмақтың төрт руы (торғауыт, хошоуыт, дурбет, чорос) 
1640 жылы Тарбағатайдың Улан Бұрға деген жерінде бүкіл моңғолдық жəне ойраттық ұлы кеңес
ашып “Их цааз” (Цааджин бічік) заң ережелерін қабылдады. Осыған байланысты қалмақ ішіндегі 
ішкі мəселелер, жаугершілік бірсыпыра уақытқа байыз тауып, сыртқы мəселелерге түйген 
жұмырдықтай болып кірісті. Осы кезеңде ойрат одағына нығайтуға арқау болған тетік будда діні
еді. Зая-пандита сияқты ойраттың кеменгер ұлдары əліпби жасап, бұтханаларды қаптатып салып, 
ойрат шонжарлары арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынастарда билік айтып, мəмлеге келтіріп, 
мемлекеттік туын биік желбіретуге өз үлестерін қосты. 
Қазақ рулары ойрат соққыларының астында XVII ғасырдың ортасында оңтүстікке ығысып, 
Арқадағы жайлы өлкеге жаз жайлап барудың өзіне қауіптенді. Қазақ ақындарының “Ата қоныс 
Арқадан, басында қазақ ауғанда” дейтін “бастапқы ақтабан шұбырынды” XVII ғасырдың 
ортасында басталады. 1652 жылы қалың қалмақпен соғыста хошоуыт тайпасының жас тайшысы, 
он жеті жасар Галдаманың қолынан Есім хан баласы Салқам Жəңгір хан қайтыс болды. Қазақ 
халқы ондаған жылдарға созылған жүдеушілікке ұшырады.
1680-ші жылдары ойраттар Галдан Бошогту хан бастап Түркістан өңірін шауып Сайрам қаласын
қиратты. Қазақ елінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармайынша өзге елдің жемі болып
кететіні анық болған уақытта қазақ билігіне əділдігімен, ақылдылығымен “Əз” атанған Тəуке хан 
келді.
Қазақ шежіресінде “Салқам Жəңгірден кейін Əз Тəуке хан болды. Мұның өзі ақылды, табанды кісі 
болды. “Байсалды айғырдың үйірін ат жақтайды” дегендей халықты жақсы басқарды. “Күлтөбеде 
күнде кеңес” осы Əз Тəуке тұсында айтылған сөз” – деп Əз Тəуке билігіне жақсы бағасы беріледі. 
Қалмақ дəуірлеп күшейген уақытта жаңа саясат жүргізу керек еді. Оның нақты амалы Əз Тəуке 
ойынша əр жүздің орда биін сайлау, оларға ішкі саясаттың тізгінін беру. Евразия көшпелілерінің
үштіқ жүйесінің тамыры өте ерте замандарға бастайды, үштік қашанда нығыз, мығым, орнықты 
жүйе. Ал үш жүзді ұлыс есебінде əкімшілік жүйеге келтіру жəне оның ішкі мəселелерін орда
билеріне тапсыру ру басыларының жауаптылығын күшейткені хақ. Осы кезеңнің тарихын
сипаттай келе Н.И.Гродеков “все три орды ежегодно собирались для совещания (маслагат) на 
холме Мартубе (в горах около Сайрама)” - деп жазады. Бұл жиындарда қазақ елінің басты 
мəселелері-қай жерде қыстау, қай жерді жайлау, елдің тыныштығын қалай ұстау, қалай соғысу т.б. 
бүкіл ел болып ақылдасатын мəселелер талқыға түсті. 
Əз Тəуке заманында билік құрылымы бірнеше сатыға жүйеленгенге ұқсайды. Көшпелілердің əуел 
бастан бар демократиялық тəртіптері де қайта жанданып, жалпы халықтық мəслихат, жиындар 
жыл сайын өткізіліп отырылатын болды. Бұл жиындарға тек қарулы ер азаматтар ғана қатысуға
құқықты еді. Оның тəртібі “Жеті жарғыда” нақты бекітілді. Оның ең биік сатысы орда билерінен, 
Түркістан мен Ташкент маңындағы отырықшы халықтың өкілдерінен, қазаққа одақтас қырғыз, 
қарақалпақ сияқты халықтың басшыларынан құралған “Жеті жарғы”. Зерттеушілердің көпшілігі 
“Жеті жарғы” құрамындағы қазақтың үш биін ерекше атайды. Н.И.Гродековтың жазбасы 
бойынша “В числе их было три знатных бия, по каждому из каждой орды: из Великой – Туле, из 
Средней – каз дауысты Казыбек, т.е. Казыбек с голосом гуся, (звучным), из Малой – Айтеке” (22, 
б.25). 
М.Тынышпаев жоғарыда келтірілген деректерді толықтыра түседі. Оның пікірі бойынша Тəуке 
ханның басты еңбегі қазақ елінің қоғамдық өмірін белгілі бір тəртіпке келтіргендігі: “Тауке…
более замечателен своею административною и законодательною деятельностью. Слабые 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет